Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
денсаулық жағдайының скринингіне;
әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінезқұлыққа;
өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;
қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |