Байланыс жүйелерінің негіздері



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
электрмен корек (1)

Болашақ байланыс желілеріне қойылатын талаптар. 
Болашақ байланыс желілеріне қойылатын талаптарға: 
— «мультисервистілік», мұнымен қызметтер көрсету технологиясы 
тасымал технологиясына байланысты емес екендігі түсіндіріледі; 
— «кеңалаңдылық», мұнымен пайдаланушының күнделікті қажеттілігіне 
қарай кең диапазонда ақпарат беру жылдамдығын ыңғайлы және динамиалық 
өзгерту мүмкіндігі түсіндіріледі; 
— «мультимедиалылық», мұнымен желінің көпкомпонентті ақпаратты 
(сөз, бейне, - аудиодеректер) осы компоненттерді нақты уақытта және 
қосылыстардың 
күрделі 
конфигурациясын 
пайдалана 
отырып 
синхронизациялаумен беру мүмкіндігі түсіндіріледі; 
— «интеллектуалдылық», мұнымен пайдаланушы тарапынан немесе 
қызмет көрсетуші тарапынан шызмет көрсетуді, шақыруды және қосылуды 
басқару мүмкіндігі түсіндіріледі; 
— «қызмет көрсетуге қосылудың инварианттылығы», мұнымен 
падаланатын техникаға қатысты емес қызмет көрсетулерге қосылудың 
мүмкіндігі түсіндіріледі; 
— «көпоператорлылық», мұнымен қызмет көрсету барысында бірнеше 
оператордың қатысу және қызмет саласына байланысты олардың 
жауапкершілігін бөлу мүмкіндігі түсіндіріледі. 
Сонымен, келешектің байланыс желісі (NGN) - басқару, дербестеу және 
желілік шешімдерді унификациялау есебінен жаңа қызметтер құру жөніндегі 
ыңғайлы шексіз қызмет түрлерін көрсетуді қамтамасыз ететін, таратылған 
коммуникациямен желі тасымалын іске асыруды көздейтін байланыс 
желілерін құру тұжырымдамасы. 



2 дәріс. Терминдер мен анықтамалар 
 
Дәріс мақсаты: байланыс желісі мен коммутация жүйесін түсіну үшін 
алдымен телекоммуникация жүйелерінің құрылымы мен мақсаты туралы 
түсінікті оқып білу. 
«Ақпарат» (от лат. informatio – түсіндіру, мазмұндау) және «хабар» 
түсінігі қазіргі уақытта өзара байланысты. Ақпарат - ол, беру, тарату, 
түрлендіру, сақтау несеме тікелей қолданылатын мәлімет. Хабар ақпаратты 
ұсынатын түрі болып табылады. Адам ақпараттың 80...90% көру органдары 
арқылы және 10...20% есту органдары арқылы қабылдайды. Басқа сезу 
органдары ақпараттың 1...2 % береді.
Ақпаратты хабар түрінде таратады. Хабар - ақпаратты қашықтыққа 
тарату үшін ыңғайлы түрі. Хабарға мысалы: телеграмма текстері, сөз, әуен, 
телевизиялық бейне, компьютер шығысындағы мәліметтер, объектілерді 
автоматты басқару жүйесіндегі бұйрықтар және т.б. жатады. Хабарды 
ақпаратты тасымалдаушы ретінде табылатын, сигналдар көмегімен таратады. 
Сигналдардың негізгі түрі болып электрлік сигналдар табылады. Соңғы кезде 
оптикалық сигналдар кең қолданылуда, мысалы, талшықты-оптикалық 
ақпаратты тарату линияларында.
Сигнал – таратылатын хабарды бейнелейтін физикалық процесс. 
Хабарды бейнелеуді қамтамасыз үшін, қандай-да бір физикалық шаманы 
өзгерту қажет. Сигнал хабарды уақытпен таратады (жаяды), яғни оның 
функциясы уақыт. Таратылатын хабарға сәйкес физикалық тасымалдаушының 
бір немесе басқа параметрлерін өзгерте отырып сигналды қалыптыстырады. 
Ол шама сигналдың ақпараттық парамтері болып табылады. Хабардың 
ақпараттық параметрі - ақпараттық өзгертіліп "енгізілген" параметрі. 
Дыбыстық хабарлар үшін ақпараттық параметр болып дыбыстық қысымның 
лездік мәні, жылжымайтын бейне үшін - шағылысу коэффициенті, 
жылжымалы үшін - экранның жарықты шашырату бөлігі. Бұл жерде 
ақпаратты тарату сапасы мен жылдамдығы деген түсінік өте маңызды. 
Ақпаратты тарату сапасы жоғары болса, қабылдау жағында ақпаратта 
бұрмаланулар аз болады. Ақпаратты тарату жылдамдығы артқан сайын, 
ақпараттың жоғалуына және сапасының төмендеуіне төтеп беретін арнайы 
шаралар қолдану керек.
Хабарды қашықтыққа тарату қандай-да бір заттық тасымалдаушы 
көмегімен жүзеге асады, мысалы, қағаз немесе магниттік лента немесе 
физикалық процесс (дыбыстық немесе электромагниттік толқындар, токтар 
және т.б.). Ақпаратты тарату және сақтау, оларды қандай-да бір түрде ұсынуға 
мүмкіндік беретін, әр түрлі таңбалар (символдар) көмегімен жүзеге асады.
Хабар уақыт функциясы болуы мүмкін, мысалы телефондық сөйлесу 
кезіндегі сөз, телеметриялық мәліметтерді тарату кезіндегі температура 
немесе қысым, телевидения арқылы тарату кезіндегі спектакль және т.с.с.
Басқа жағдайларды уақыт хабар функциясы болып табылмайды (мысалы, 



телеграмма мәтіні, қимылдамайтын бейнелер және т.с.с.). Сигнал хабарды 
уақытпен таратады. Сондықтан, сигнал әрқашанда уақыт функциясы болып 
табылады, тіпті хабар ондай (қимылдамайтын бейне) болмасада. Сигналдың 
төрт түрі бар: үздіксіз уақыттағы үздіксіз сигнал, дискретті уақыттағы 
үздіксіз, дискретті үздіксіз сигнал және дискреттік уақыт бойынша дискретті 
(2.1 а, б, в және г суретін қара). 
Үздіксіз уақыттағы үздіксіз сигнал (а), дискреттік уақыттағы үздіксіз сигнал (б), үздіксіз 
уақыттағы дискретті сигнал (в), дискретті уақыттағы дискреттік сигнал (г) 
2.1 сурет – Сигналдар 
Үздіксіз уақыттағы үздіксіз сигнал деп қысқаша үздіксіз (аналогты) 
сигналды айтады. Олар, үздіксіз мүмкін мәндер арасынан кез-келген мәнді ала 
отырып, үздіксіз уақыт мезетінде өзгере алады (синусоида).
Дискретті уақыттағы үздіксіз сигналдар кез-келген мәнді қабылдайды, 
бірақ тек алдын-ала анықталған (дискретті) уақыт t
1
, t
2
, t
3,
, мезеттерінде 
өзгереді.
Үздіксіз уақыттағы дискретті сигналдар кез-келген уақыт мезетінде 
өзгереді, бірақта олар тек рұқсат етілген (дискреттік) мәндерді қабылдайды. 
Дискреттік уақыттағы дискретті сигналдар (қысқаша дискретті) дискреттік 
уақыт мезетінде рұқсат етілген (дискретті) мәндерді қабылдайды.
Ақпараттық параметрлердің характерінің өзгеруі бойынша үздіксіз және 
дискреттік хабарлар болып бөлінеді.


10 
Электрлік байланыс (телекоммуникация) – таңбаларды, сигналдарды, 
дыбыстық ақпаратты, жазба текстерін, бейнелерді дыбыстарды сыммен, 
радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер көмегімен тарату 
және қабылдау [4]. 
Электрбайланысы (Telecommunication) – бұл кез-келген шашырау 
(излучение), электрлік сигналдарды тарату және/немесе қабылдау таңбалар
дыбыстық ақпараттар, жазба текстері, бейнелер, дыбыстар немесе хабарларды
радио жүйесі, сымды, оптикалық және электромагниттік жүйелер көмегімен 
тарату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет