Байланыс жүйелерінің негіздері



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
электрмен корек (1)



БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 
мамандығының студенттеріне арналған
дәрістер жинағы 
Алматы 2014 
Автоматты
электрбайланыс 
кафедрасы
Коммерциялық емес
акционерлік
қоғамы 
АЛМАТЫ 
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ 
БАЙЛАНЫС 
УНИВЕРСИТЕТІ 



ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Мирзакулова Ш.А., Калиева С.А. Байланыс 
жүйелерінің негіздері: 5В071900 – Радиотехника, электроника және 
телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер 
жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2014.- 69 б. 
«Байланыс жүйелерінің негізі» пәні бойынша дәрістер жинағында 
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтарының 
студенттері үшін дәрістер келтірілген. Дәрістер жинағында қазіргі пакеттер 
коммутациясының технологияларын меңгеру үшін ұсынылған пәннің негізгі 
теориялық қысқаша мақсаты келтірілген.
Без. 22 , кесте. 3 , библиогр.-11 атауы. 
Пікір беруші: физ.-мат.ғыл.канд., Аманбаев А.А. 
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық 
емес акционерлік қоғамының 2014 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж. 



Кіріспе 
Пәннің негізгі мақсаты әр түрлі мақсаттағы байланыс жүйелері мен 
желілерінің функционалдау негізі мен құру қағидаларын оқып үйрену.
XX ғасырдың басында телефон қызметін ұсыну үшін байланыс желісі 
пайда болды және кейінгі уақытта, сыйымдылығы, тарату жылдамдығы, 
қолданылатын технологиялар мен коммутация тораптарының функциялары 
өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезде жалпы мақсатқа қолданылатын телефон 
желісінің дамуын негізгі үш этапқа бөліп қабылдауға болады.
Бірінші ұрпақ желілері - бұл дәстүрлі телефон желісі, немесе POTS 
(Plain Old Telephone Service), интегралдық қызметі бар цифрлық желі 
(Integrated Service Digital Network – ISDN) концепциясы пайда болғанға дейін 
қолданылатын 
технологиялық 
және 
желілік-құрылымдық 
шешімдер 
жиынтығын қосады. POTS желісіне аналогты тарату жүйелері және ондық-
қадамды, координатты, жартылай электронды және цифрлық коммутация 
жүйесінің алғашқы нұсқалары жатады. 1980-ші жылдардың ордасында 
цифрлық тарату жүйелерінің пайда болуымен ISDN-нің желілік концепциясы 
дами бастады. Дегенмен де, негізгі ұсынатын қызмет телефония болып қалды. 
90-шы жылдардың аяғында Ғаламтордың пайда болуымен оның негізгі 
тұтынушылары, желі сыйымдылығының артуына әсер етті Нәтижесінде
жалпы мақсаттағы телефон желісі мен желілік құрылымдардың артуына 
қажеттілік туындады. Бірақ-та екі параллелді желі құрылымын қолдану 
экономикалық және эксплуатациялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз. Әр 
түрлі ақпараттар түрлерін бір желілік құрылымға біріктіруді қамтамасыз 
ететін, үшінші ұрпақ желісі - NGN (Next Generation Network) желісінің 
дүниеге келуіне әкеп соқты.
Оқу жоспары бойынша пәнге 5 кредит беріледі, барлығы - 225 сағат,
оның ішінде аудиториялық сабақ – 90, өз бетіндік жұмыс – 150 сағат.
Курс Семестр Аудит. 
сабақтар 
Дәріс 
ЕГЖ 
Курстық. 
жұмыс 
Емтихан 


90 
45 
7,7 
30 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет