Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері



бет1/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
19 5


ӘОЖ 811. 512. 122' 374 Қолжазба құқығында


БАЙНИЯЗОВА ЖАНАР Төлеубайқызы
ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ:
БІРТІЛДІ ОҚУ СӨЗДІГІН түзудің ғылыми негіздері

10.02.02 – қазақ тілі


Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның


авторефераты

Қазақстан Республикасы


Алматы, 2008

Жұмыс А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды




Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы
М.Малбақов


Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор С.Бизақов

филология ғылымдарының кандидаты


Р.Түсіпқалиева


Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Диссертация 2008 жылы «19» желтоқсанда сағат 16-00-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06-түркі тілдері және 10.02.02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

Автореферат 2008 жылы «18» қарашада таратылды.


Диссертациялық кеңестің


ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева


Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет