ҚАЙТЫМДЫ сын. Тез қайтатын; басылуы оңай. Балалар тез қайтымды келеді
және олардың арасындағы достық оңай қалпына келіп отырады (Семья тәрбиесі).
337.
ҚАЙЫРЫМДЫ сын. Қайырымы мол, мейірімді; қамқоршыл. Қайырымды
қалың елі бар, Сарыарқа сары белі бар, өрісті шалқар көлі бар, Сағындым мен қырымды
(С.Сейфуллин, Шығ.). Дәл сол баяғысындай үйірсек, дәл сол баяғысындай қайырымды
Ержановты енді, міне, Сәрсенов бүгін, неге екені белгісіз бір түрлі аяп келеді
(Ә.Кекілбаев, Құс қанаты). Біз әжемнің зілсіз айғайын, мейірбан тілегін, қатал мінезін,
қайырымды жүрегін, адалдығы мен ақ батасын әбден аңсадық (Б.Момышұлы, Шығ.).
338.
ҚАЙЫРЫМШЫЛ сын. Жанашыр, қамқоршыл. Ерекең – көңілшек,
қайырымшыл адам (Б.Майлин, Шығ.). Сестра қайырымшыл қарлығаштай тағы да
қайрылып кеп «ұйықтаңыз, дядя Махмут! Шам сөндірем!» – дейді (Д.Әбілев, Баянауыл
баурайында).
339.
ҚАЙЫСПАС сын. Қайтпас, қайсар. Арқада Әлім барды деп Қайыспас қара
нарды деп оған да барып жеткен ер (М.Өтемісов, өлеңд.). өмір бойы қуғын-сүргін
көрген күйшінің қайыспас қайсарлығы жайында әркімнен тиіп-қашып естіген
аңыздарын қиялмен қиыстырып, қызықты әңгіме етіп шертіп еді (Т.Әлімқұлов,
Сейтек.). Тек бұл руларды ойраттың қисық қылышынан қазақтың қара сойылы мен
қайыспас ерлігі... ғана құтқарып жүрді (I. Есенберлин, Алмас.).
340.
ҚАҚ-СОҚПЕН ІСІ [ЖҰМЫСЫ] ЖОҚ Қулық-сұмдықты, алдауды білмейтін.
Қақ-соқпен ісі жоқ, әдеп-өркенді, салмақты боп өсіп еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Сол
баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып аузын ашып, мұрны
қоңқиып отырғаны (Ж.Аймауытов, Қартқожа). Бәзіл Боштайдың бір әке, бір шешеден
туған ағасы, қақ-соқпен жұмысы жоқ, ел билейтін атқамінерлер мен ақсақалдардың
сөзіне араласпайтын, мал баққан ешкімді нахақтан жылатқысы келмейтін момын адам
(З.Ақышев, Жаяу Мұса).
341.
Достарыңызбен бөлісу: |