Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


АШУҚОР сын. Ашуланшақ, ызақор. Халфе жеңілтек, адымы қысқа, ашуқор сияқты  көрінді Тоқашқа (3.Шашкин, Тоқаш Бокин)



Pdf көрінісі
бет210/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   348
18.08.2023 dis

АШУҚОР сын. Ашуланшақ, ызақор. Халфе жеңілтек, адымы қысқа, ашуқор сияқты 
көрінді Тоқашқа (3.Шашкин, Тоқаш Бокин). 
125. 
АШУЛАНҒЫШ сын. Тез ашуланатын (адам). Өзі аң үстінде ызақор, ашуланғыш та 
(М.Әуезов, Шығ.). Күнделікті өмірде тез ашуланғыш, не болса соған көңіл аударатын 
күйгелек адамдарды кездестіріп жүреміз (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Олжабай көбіне 
тұнжырап жүреді. Оның үстіне ашуланғыш (Ә.Әбішев, Ат тұяғы.). 
126. 
АШУЛАНШАҚ сын. Тез ашуланғыш, ызақор. Мұндай жағдайда балалар ашуланшақ 
болады, ауырсынып ыңқылдайды, тыным таппай тынышы кетеді, дөңбекшиді, тамақтан, 
тіпті су ішуден де бас тартады (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.). Жасында жетімдік өмірдің 
тауқыметін көп тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады 
(Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Адамзат төрт нәрседен болған екен, Адамды төрт нәрседен 
қылған екен. Адамға от нәсілі көп қосылса, Ашуланшақ болуы сонан екен (Шал ақын, 
Өлеңд.). 
127. 
АШУШАҢ сын. Ашуланшақ, шырт етпе. Оның үстіне намысшыл, ызақор, ашушаң 
шал ел ішінде қайдағы бағы өрлеп, болып-толып тұрған кісілермен ұстасатын 
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Сапура есесіне бұрынғыдан да ашушаң, тұйық боп алды 
(Д.Исабеков, Қара шаңырақ). Өмірде талай бастықты көріп келеміз. Біреу орынды-
орынсыз ашушаң келеді, біреу тар, қытымыр келеді (Б.Тоқтаров, Тауда.). Ашушаң аспаз 
апайдан, Сұрап па ең қайта үстеме? Тыңдап па ең әңгіме атайдан, Кештеме, яки түсте ме? 
(М.Мақатаев, Шығ.) 
128. 
АШУЫ ҚАТТЫ Адуынды, тез ашуланатын (кісі). Бәрінен де қорықпаған болар едім, 
біздің шешей ашуланса, көпке шейін басылмайтын ашуы қатты кісі (Б.Тұрсынбаев, 
Ауылдан келген.). Біздің үйде ең ашуы қатты адам көкем еді. Оның қабағы қара бұлтша 
түнеретін (М.Тиесов, Дала.). Бұл аяздай шақылдаған, ашуы қатты, бір жуан сары еді. 
Жігіттергезіркілдеп, көрмегенді көрсетті (І.Жансүгіров, Шығ. жин.). 
129. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет