Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


СУАЯҚ сын. жерг. Алаяқ, қу. Ылғи осындай қуды-кетті дау-дамайда куәлікке жүретін  су аяқ көсесаулай жөнелді (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты)



Pdf көрінісі
бет329/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   348
18.08.2023 dis

СУАЯҚ сын. жерг. Алаяқ, қу. Ылғи осындай қуды-кетті дау-дамайда куәлікке жүретін 
су аяқ көсесаулай жөнелді (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты). 
888. 
СУЖҰҚПАС сын. Барып тұрған алаяқ, жылпос, суайт, мүттәйім. Жалпы бұлардың 
тұ- қымы, сужұқпас, баянсыз, ысқаяқ ретінде екі болыс елге түгел мәлім-ді («Қаз. әдеб.»). 
Қымс етсе шабатын, Қарсақтың ізін табатын, Қадыр, Шуыт, Жайнағы Сужұқпас қу 
қайдағы (Манас). 
889. 
СУЖҰҚТЫРМАС сын. Алаяқ, суайт. Нағыз сужұқтырмас жігіт екен (Ауызекі). 
890. 
СУЖҰҚТЫРМАС ШЕШЕН Ділмар, сөзден мүдірмейтін. Сұм жалған келді кезі 
кеселденген, Естіні туды заман есер жеңген. Барады кей қаламгер желе жортып, Қу 
жылпос, су жұқтырмас шешендермен (К.Салықов, Жезкиік). 
891. 
СУЖҮРЕК сын. Батыл емес, қорқақ. Құбыжық бар десе, қорыққан баладай, Сужүрек 
боп сорлы қазақ бұғулы (М.Дулатов, Шығ.) Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын 
шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. 
Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскенбала өмір бойы сужүрек, қорқақ 
болады (М.Жұмабаев, Шығ.). 
892. 
СУҚИТ сын. сөйл. Суайт. Ел емес пе ішінде, Суайт небір суқит бар. Көрмесе де 
түсінде, Өсекпен сырттан сылқитар (А.Тоқмағамбетов, Өмір.). – Айтқанды орындамайтын 
бізді бір суқит деп ойлайсыз ба? (Б.Қыдырбекұлы, Шойын-құлақ). 
893. 
СҰМ сын. 1. Залым, қу, жексұрын. Бұл аса сұм бала, қулығы біздің әр жағымызда (Ж. 
Аймауытов, Шығ.). Шынында, Құнанбай бірыңғай жар соғар озбыр да емес, жылмақай қу 
да емес, пасық сұм да емес (М. Қаратаев, Далада.). Алдауыш, ел бүлдіргіш құрыса сұмдар. 
Қараңғы ел арамзадан тыным табар (С. Торайғыров, Таңд. шығ.). 2. Қан ішер, қатыгез, 
жауыз. Сондықтан бір тексеру болмай қоймас, Мұнымды әділетпен ойла да шеш! Егер 
құдай барлығы анық болса, Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес. (Ш.Құдайбердиев, 
Шығ.). Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба? Тән арып,тамырда қан қалмадың ба? Жалған 
үшін жан қиып, жапа шектім, Еңбегім, екі болып, жанбадың ба? (М.Жұмабаев, Шығ.).  
894. 
СҰМҚАЙ сын. Жексұрын, сұм; жаман. Кейбір кесір жандар әркезек әр түрлі сұмқай 
мінездер көрсетіп қап жүрді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Ісі уақтық, іші тарлық сияқты 
жағымсыз қылықты адамдар, көбіне жәдігөй де сұмқай келеді (3. Қабдолов, Өмір). 
895. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет