67
Жағымды мінездердің келесі тобы
әдептілік деген концепт арнасына
тоғысады. Бірақ бұл ұғым негізінен әйел адамдарға қатысты бағаланады. Әдеп
сақтау, үлкен-кішінің, отбасы мүшелерінің
әрқайсысы өз орнын біліп, қарым-
қатынас жасай алу өнерімен байланысатынын,
әдеппен сөйлеу, әдеппен
қимылдау, әдепті бұзбау қазақ әйеліне қойылатын мінез талаптары екенін, «көп
сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай ақын әдеппен (қысқа-нұсқа)
сөйлеудің өзі әдептілік
екенін тіктеп айтқанын, әдеппен сөйлеу, артық сөз
айтпау,
дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі
екенін айтады Ә.Табылды. Және қазақ қоғамда тұрақталып қалыптасқан әдеп
ережелерi мен нормаларын берiк ұстанатын, әдеп сақтайтын әйел баласын әдепті
деп бағалайтынын айтады [74, б. 13-18].
Қазақ даласында болған Владимир фон-Герн «Әдеп (арабское слово,
означает вежливость, скромность, учтивость) в смысле этой пословицы, означает
не только учтивость и вежливость, но также – порядочность, вообще порядок в
хозяйстве и
даже практичность в жизни, хотя последние два понятия и
несоставляют перевода слова әдеп» деп, әдептілік адамның бар болмысын
қамтитынын, бүкіл мінез сипатын көрсететінін байқайды [55, б. 5-21].
Осыған
байланысты бұл концептіні беретін сөздер де қазақ тілінде біршама.
Достарыңызбен бөлісу: