АЛҒЫРЛЫҚ немесе пысықтық ұғымы табиғаты сабырлы, момын
халыққа үйлеспейді дегенмен, сан жағынан алдыңғы орында болды (60): алғыр,
алымды, аттыға [аяқтыға] жол, ауыздыға сөз бермеген, аузының [қолының]
ебі бар, әбжіл, әрекетшіл, бастамашыл, ебдейлі, ебдейсек, ебедейлі, ебсекті,
епті, епшіл, есіктен шықса тесіктен, тесіктен шықса есіктен келетін, еті тірі,
жалын атқан, жанып тұрған от, жүзіктің көзінен өтетін, жытқыр, зерек,
икемшіл, иненің көзінен өткендей, қимылы ширақ, қолды-аяққа тұрмайтын,
қуды мініп, құланды құрықтайтын, қунақы, қыранкерей, майлығы мен сулығына
бірдей, майлық пен сулыққа бірдей, мақсатқа талпынған, мақсатшыл,
мұратшыл, ниетті, өзін-өзі сынай алатын, пайдакүнем, пайдашы, пайдашыл,
пысық, саққұлақ, сеп-сергек, сепшіл, сергек, табыскер, талағында [талағының]
биті бар, тапқыр, тапқыш, тасбақаның аузынан шөп алған, тасқайнат, тез
қабылдағыш, тоқтамға келе алатын, тұтымды, ұғымпаз, ұғымтал, ұғынғыш,
ұшқыр, шалғыр, шалымды, ширақ, шөгел, шып-ширақ.
Бұл топта жағымды да жағымсыз да мінез сипат ретінде аталып кететін
бірліктер бар. Мысалы, Жазушы қанша сегіз қырлы, бір сырлы болғанымен оның
бір қыры ерекше өткір, ерекше жытқыр болуға тиіс («Соц. Қаз.»). Бұл кемпір
ұрғашыдан туған зерек, Кісі екен оқымысты жөні бөлек. Екеуін бір емшектен
емізбеске Алланың бір хикметі болса керек (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Батырды
қырық сегіз мың алды таңдап, Қисапсыз қару, қапшық азық қамдап. Қалмастан
шаһизадаға ерді бәрі, Өнерпаз, қыран керей, өңкей саңлақ (Бабалар сөзі). Оқушы
шынайы лирик ақынды ойы терең, сезімі нәзік, интуициясы ш алғыр философ
деп таниды. Сондықтан одан жаңа ойлар қабылдағысы келеді («Қаз. әдеб.»). Ол
дауға да, жауға да алдырмайтын әбжіл, шешен екен (К.Әзірбаев, Аңыз.).
Достарыңызбен бөлісу: |