Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет130/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   348
18.08.2023 dis

ЗЕРЕК ТУҒАН Айрықша ақылды, көкірегі ашық, білімді, көп оқыған, сауатты 
(адам). Бұл кемпір ұрғышыдан туған зерек, Кісі екен оқымысты жөні бөлек. Екеуін бір 
емшектен емізбеске Алланың бір хикметі болса керек (Ш.Құдайбердиев. Шығ.).
257. 
ИБАДАТТЫ сын. сөйл. Инабатты. Жар Науат, жаны жібек ибадатты, Алау бар 
ақ жүзінде иман атты, Именіп қайнағадан, иығына Шалғайын орамалдың жинап апты 
(X.Ерғалиев, Көбік шашқан). Ақкөңіл, таза пейіл, уыз жүрек, Сырты қандай болса, іші 
сондай, Кішіпейіл, білімді, ойы зерек, Ибадатты боп келсін, арсызданбай 
(Қ.Аманжолов, Шығ.). 
258. 
ИБАЛЫ сын. Әдепті, ізетті, сыпайы. Айсұлу әжеге тақап келіп, үстелдің 
екінші жағына тізесінен жүгініп отырып, ибалы жүзбен сәлем бергендей боп: – «Есенсіз 
бе, әже?» – деді (М.Әуезов, Өскен өркен), Жасамыс әйел жап-жаңа ақ халатты әкеп 
кигізді де Асқарға «рұқсат етіңіз, бастауға!» дегендей, ибалы қылықпен иілді де, топты 
бастап, емхананы аралады (З.Шашкин, Теміртау). Мұны көргенде манадан бері екі 
босағада иіліп-бүгіліп тағзым етіп тұрған қызметші қыздардың ибалы жүзіне еріксіз 
күлкі жүгірді (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.). Алдыңыздан батырлар жырындағы ержүрек 
тұлғалар, ертегілердегі кейіпкерлер, салт-дәстүріміздегі, әдеп-ғұрпымыздағы ибалы 
иірімдер жолығып, тағдырыңызды мәңгі сол жерге байлағыңыз келеді («Егеменді 
Қазақстан»). 
259. 
ИЛАНҒЫШ сын. Бір нәрсеге, біреудің айтқанына сенгіш, нанғыш, көнгіш. Бұл 
сөзінің жаны бар. Әнуар да, Айсұлу да момын әрнеге иланғыш, әлі ширап піспеген 
жастар деп таниды Естай (А.Баттанаев, Асан). Бала қиялы ұшқыр. Бала жаны мейлінше 
нәзік. Бала көңілі таза, тез иланғыш. Бала арманшыл («Қаз. әдеб.»). Шайқас үстінде 
жаужүрек, қайтпас қайсар Қаһарман болғанымен тыныштық кезінде аңқылдаған 
ақкөңіл, Иланғыш ұяң келуші еді (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). 
260. 
ИМАН ЖҮЗДІ Ар-ұяты, ұжданы бар, кішіпейіл, жылы жүзді. – Шырағым, 
иман жүзді адам көрінесің, Түсі игіден түңілме деп, саған бастан-аяқ айтайын, – деп 
сөзін бастады (I.Жансүгіров, Шығ.). Осындай иман жүзді адамдар да дүниеде көп екен 


177
ғой! (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Ер едің иман жүзді жылы деген, Жігітке тәуір ат па 
ұры деген? Ақсақал батасын ал, бұлай етпе, Берекет таба алмассың мұныменен 
(Кердері Әбубәкір, Қазағым.). 
261. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет