43
қарабауыр, қарабет, қаражүзді, қаражүрек, қараниет, қарапейіл сөздерімен
байланысты
.
Бұл тараушада осы кезге дейін зерттелген лингвомәдениетанымдық
еңбектердегі қазақ халқының ұлттық мінез сипатына
қатысты концептілер
түгенделеді. Жоғарыда көрсетілгендей, лингвомәдениеттанымдық аспектіде
зерттеу үшін тіл мен мәдениеттегі концептілерді анықтау қажеттігі бар.
Маслова белгілі орыс мәдениеттанушысы В.Н.Сагатовскийдің орыс
ұлтының мінезіне ең алдымен құбылмалылықты (ең басты қасиеті ретінде),
руханилықты (діндарлық, жоғары мәнді іздеуге деген ұмтылыс), шынайылықты
жатқызғанын айтады. Және күштің шоғырлануы көбінесе босаңсуға, ойлануға,
темекі шегуге, ішіндегісін шығаруға айналатынын айтады, соңында
обломовшылдық тудыратын максимализмге апарып соқтыратынын айтады.
Орыс мінезіндегі қарама-қайшы қасиеттердің жиынтығы бәріне байқалады дейді
Маслова. Ғалым А.К.Толстойдың орыс жан-дүниесін былай бейнелегенін
келтіреді: егер сүйсе, есі кеткенше, егер ашуланса, ойнамайды, егер өтінсе, бар
жанымен, ал егер тойласа, тоңқалаң асқанша тойлайды [44, б. 19].
Ғалым әр мәдениеттің
өзіндік кілт сөздері бар, орыс мәдениеті үшін
олардың толық тізімі әлі анықталған жоқ, дегенмен мұндай сөздердің тұтас
сериясы – жан-дүние, ерік, тағдыр, сағыныш, зиялылық және т.б. сөздерден
тұрады деп көрсетеді. Және бұл сөздер мәдениеттің негізгі сөзі болып саналу
үшін сөз жиі қолданылу керектігін, әрі фразеологиялық
бірліктер мен мақал-
мәтелдердің бір бөлігі болуы керектігін айтқан [44, б. 55].
Қазақ мәдениетінің кілт сөздерін табу үшін қазақ даласына келген шетел
саяхатшыларының назарына іліккен мінез сипаттары қаралды. Мысалы,
Владимир Карл фон-Герн (1884 жылдан бастап Орталық Қазақстанмен,
Сарыарқа қазақтарымен тығыз байланыста болған ғалым. Семей және Ақмола
облыстарында қызмет жасаған) қазақ халқының ең бірінші мінез сипаты ретінде
–
кеңдік, қонақжайлықты атайды: «Кочевые степняки, составляющие главную
массу населения Степного края, называют себя не киргизами, как мы их
называем, а казахами. Названием же "киргиз" они отличают отдельную отрасль
своих
горных родовичей, носящих официальное и принятое у нас название
“каракиргизов”. Как казахи, так и кыргызы вообще и до сих пор отличаются
приветливостью, добродушием и гостеприимством, которое возведено у них
даже в культ. Оставшийся без угощения путник, по обычаю, имеет право заявить
об этом бию (казахскому народному судье),
как о несоблюдении и даже
оскорблении священного обычая
гостеприимства (қонақасы). [55, б. 5].
Одан кейін
әділдігі мен момындығын және шынайылығын айтқан:
Саяхатшы қазақтар адал және тыныштық сүйгіш халық екенін, қонақты ренжіту
немесе алдау олар үшін үлкен айып болып саналатынын, танысын, белгілі
адамды, туысын қазақ ешқашан алдамайтынын және қорламайтынын айтқан.
Үшінші аз сөзділігі мен үндемейтіндіктерін атаған: қазақтар сөзге шебер, бірақ
мылжыңдықты даттайтын халық, керісінше үнсіздік пен тыныш қалып олар үшін
маңызды екенін, ол ақыл мен өмірлік әдеп белгісі болып саналатынын айтқан
[55, б. 6].
44
Бірақ
өсек сөзге құмарлығын, біреулерді
әңгіме қылуды ұнататындарын
жандары табиғатпен жақын байланыста болғанынан іздейді: «Но вместес тем,
эти дети природы любят сплетни, в особенности такие, которые имеют хотя бы
какое-нибудь отношение к их жизненному обиходу или народному управлению.
Не говорю уже о том, что проезд или выезд в степь кого-либо из уездной
администрации, а в особенности Уездного начальника, их действия,
распоряжения, даже произнесенныеслова с
разными прикрасами, но также и
деиствия ближайших к народу лиц туземной администрации или пользующихся
влиянием и уважением родовичей – очень быстро разносятся среди казахского
населения» [55, б. 6-7].
Және
аңқаулығын, сенгіштігін атайды: Саяхатшы қазақтарды табиғат
баласы ретінде өте ырымшыл болатынын, әр нәрсеге деген сенімдері мен
ырымдары сансыздығын атап айтады.
Достарыңызбен бөлісу: