Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет231/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   348
18.08.2023 dis

БІРМОЙЫН сын. Өз дегенінен басқаға көнбейтін қасарыспа, қырсық. Істің оң мен 
терісін айтып жатсаң да мәмілеге келе қоюды білмейтін бірмойын адамның қылығына не 
істер айлаң бар («Лен. жас»). Оған тағы ақша береміз дағы… Ал Әбділ ше? Бір беткей, 
бірмойын адам Әбділ ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қараменде Еспембеттей нойыс, бірмойын 
кесір соққандай қырсық та, бір бүйрегімен жұрт қамын қоса ойлар, әділдікке бой ұрған би 
(Р.Нұрғалиев, Трагедия табиғаты). 
247. 
БІТЕУБАС ауыс. Ештеңені түсінгісі келмейтін, топас. Көзілдірік астынан қараған 
кішілеу өткір, тұңғиық қара көздері прокурордың бітеубас, асқақ, тұрпайы, тәкаппар 
қалпын түгел таныды (М.Әуезов, Өскен өркен  
248. 
ҒАЙБАТШЫЛ сын. Біреуді сырттан даттап сөз еткіш, өтірік-жала жабуға жаны 
құмар. Отырғанда шайқақтап, Бойында үлкен толғаныс Кіріп келді жолбарыс. Ғайбатшыл 
жазған мысық Орнынан тұрды да ұшып (Ш.Смаханұлы, Шимайбек.). “Ұят” деген сөз бар, 
Ғайбатшыл үмбет емес Мұхаметке, Үлкеннің үлгі-үмітін ұстамасаң. Жел сөздің пайдасы 
не тіршілікте? (Құлназар). Ғайбатшыл неменің басын пәлеге душар қылған сасық тілін 
кесіңдер де, зынданға апарып қамаңдар, сонда шіріп өлсін! – деп әмір етті (Ә.Кекілбаев, 
Аңыз.). 
249. 
ДАБЫРАШЫЛ сын. Дабыра құмар, думанды шуға әуесшіл. Дүбір дала дыбысшыл, 
дабырашыл, Ат қосқандай бәйгеге ауыл да асыр. Күн күркіреп, жалт ойнап жетті түзге 
Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес). 
250. 
ДАЛБАҚАЙ сын. Далбаңдаған, дарақы. Ноғайбайдың өлімі айғайға дүрлігіп, 
мақсатсыз ілесе шабатындарға дауырықпа, далбақай кеудесоқтарға әп сәттесалатын атақ, 
қол созсақоржын қампитатын олжа дәметушілерге ойда жоқта оқыс қорқыныш әкелді 
(С.Әбілқасымұлы, Оспан батыр). 
251. 
ДАЛДЫҢ-ДҰЛДЫҢ сын. 1. Парықсыз, шолжаң. Ескертіп қоймаса бұның өзі кейде 
аузына келгенін сөйлейтін далдың-дұлдың (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Көрмеген 
өмірінде ұстаз алдын, Бетімен қазақша өскен далдың-дұлдың. «Қыз оқыса, хат жазса 
бұзылады», Дейтін әдет шіп-шикі надандардың (С.Торайғыров, Таңд. шығ.). 2. жерг. Қалай 
болса солай, арсың-гүрсің. Ол ешнәрсені елемей, далдың-дүлдің жүре береді (Қаз. тілі. 
аймақ. сөздігі). 


246
252. 
ДАҢҒАЗАЛАУ сын. Ақылсыздау, парықсыздау. Бір күндері батагөй қария 
қартайыпты. Даңғазалау жалғыз ұлы бар екен: басындағы бақ, алдындағы дәулет аздық 
еткендей әкесіне алакөзденіпті (Д.Досжанов, Жусан). 
253. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет