Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу . мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиет, математика
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын сұрау, жазған жұмыстарын оқыту, 3 топқа бөлу: тапқырлар,ойшылдар, алғырлар.
-
Ертегі айту
Ертеде жыл ақсақалы болыпты. Оның екі ұлы, екі қызы болыпты.
Олардың аттары Көктем, Жаз деген қыздары мен Күз, Қыс деген ұлдары болыпты.
Сол ертегідегі ақсақалдың «Күз» деген ұлы бізге қонаққа келіпті.
Ендеше күз туралы қандай өлең білеміз?
Күздің бірінші айы Қыркүйектің сендерге тапсырмасы бар екен соны орындайық.
IV. Қыркүйектің тапсырмасы
Мәндес сөздер дегеніміз не? Жалаң сөйлем дегеніміз не? Қаратпа сөз дегеніміз не? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не?
V.Сергіту сәті Ойға толып санамыз «5»-тік болсын бағамыз Баласындай бір үйдің Тату-тәтті тұрамыз
VІ.Қазанның тапсырмасы Тар - кең
Жас -
Қалың -....
Кіру - ....
Мағыналары бір -біріне қарама -қарсы сөздер болады, ондай сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздер деп атаймыз.
Жазу жұмысы
1- жаттығу
«Тапқырлар»тобы «Алғырлар» тобы
Жарық-қараңғы Жеңу-жеңілу
Алыс -жақын Жасару-қартаю
Қисық-түзу Ояну - ұйықтау
«Ойшылдар» тобы Мәндес сөздерге 3
сөйлем құрап жазу
VІІ. Мақалды жалғастыр
-
Үлкенге құрмет,-....
-
Көз қорқақ, -....
-
Дос жылатып айтар,-
-
Бүлдіру оңай, -...
-
Дос сыртыңнан мақтар, -...
-
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,-...
-
Ақылды іс тындырады, -...
3-жаттығу Ауызша
Қарамен жазылған сөздерді қарама -қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жаз: кішісі, үстінде, зиянды, жаман.
«Сөздік дамино» ойыны
І-топ II- топ III- топ
тас ► сағат парта ►ара сызғыш ►шар —►
4-жаттығу
Ребус шешу
Ийе” кеме’ ’’’ бүлдірген ”” - о лақ
Икемді -олақ деген сөз шығады.
Енді бізге ақсақалдың «Қыс» деген ұлы қонаққа келеді.
Кім қыс туралы тақпақ біледі?
УІІІ. Желтоқсанның тапсырмасы.
Бәйге сұрақтары
Ойшылдар тобы
-
Көбейтудің компоненттері (көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді)
-
А.Құнанбаев кім? Ақын, композитор, аудармашы)
-
Жанғыш пайдалы қазбалар (газ, көмір, мұнай)
-
1-желтоқсан қандай күн (президент күні)
Алғырлар тобы
-
5x9 көбейтіндісі (45)
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
-
Ит арқасы қиянда (алыста)
-
Баяндауыштың сұрақтары (не істеді? Не қылды? Қайтті?
Тапқырлар тобы
-
Орман дәрігері қандай құс (тоқылдақ)
-
Анаңның әкесі (нағашы ата)
-
8x6 көбейтіндісі (48)
-
Адам болам десеңіз өлеңінің авторы (А.Құнанбаев)
Жаңа жыл мерекесіне тілек айту
II. Қорытындылау. Вендиаграмма
Бағалау. Озған топты мадақтау.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Рэфлексия: 1) Не үйрендім? 2) Бүгінгі сабақта ұнаған сәтін стикерге жазу