Баланың салмағын өлшеу
Алгоритм іс-әрекеттері:
1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген
бір рет
пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою
контейнеріне тастаңыз.
2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз.
3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз.
4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының
«тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз).
5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала
отыра
алатын болса, онда отырғызып өлшеуге болады.
6.Баланың салмағын өлшеңіз.
7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз.
8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз.
9.Таразыны өшіріңіз.
Физикалық дамуды бағалау (БШАЫЖ)
Мақсаты: баланың физикалық
дамуын бағалау
Қажетті құралдар: 112 есептік нысан, таразы, бой өлшегіш, баланың
физикалық дамуын бағалауға
арналған кесте, ДСИ (дене салмақ индиксі)
кестесі.
Іс-әрекеттер алгоритмі
1. Баланың салмағын және бойын өлшеңіз, алған нәтижені 112/ е нысанға
жазыңыз.
2. ДСИ кестесінен баланың ДСИ анықтап, оны да 112/ е нысанға жазыңыз.
3. 112 есептік нысандағы физикалық дамуын бағалау кестесінен баланың
жасына және жынысына
сай кестелерді таңдап алып, қиылысу нүтелерінің Z-
мағаналар мен медианаға қатысты орналасу нүктесін анықтаңыз (1,2,3, 0, -1,-
2, -3):
бойының жасына сәйкестігі (БЖ);
салмағының жасына сәйкестігі (СЖ);
салмағының бойына сәйкестігі (СБ);
ДСИ-дың жасына сәйкестігі (ДСИ/Ж)
4. Физикалық дамуын бағалау қорытындысын 112 есептік нысанға жазыңыз.
Физикалық дамуын бағалау кестесі
Z- мағанарлар
бойының
Достарыңызбен бөлісу: