Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы Жоспары


Курстық жұмыстың мақсаты - Балалар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау



бет2/9
Дата20.06.2022
өлшемі174.5 Kb.
#459369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
kur -balalar-uzhymynyn-qalyptasuy-men-damuy-33

Курстық жұмыстың мақсаты - Балалар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау.


Зерттеу жұмысының обьектісі - мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні - оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.
Міндеттері:
1. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену.
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау.
3. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.


І Тарау Балалар ұжымының қалыптасу жолдары


1.1. Ұжымның қалыптастыру және оның балалар тұлғасына ықпалы
Балалар ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі - класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
8 Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жататындығына көз жеткізеді:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік — коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.
Мектеп коллективгніц идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылық ролі. Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар — аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлың әкелетінін білу.
Коммунист-педагогтың басшылық ролі. Коллектив, өз ішінде аға жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші — коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған кө-регендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер коллектив мектеп басшысы — директордың моральдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге міндетті.
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу — мектеп коллективінің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады. Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде — оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта алады.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы — партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды — идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.
Өзіндік ынта, творчество, инициатива коллектив мүшелері арасындағы әр түрлі қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік: өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық, ата-аналар басшылығы болмайынша, коллективте нағыз өзіндік ынта болуы мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда.
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмайды. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне еңгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Окушыларды -болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулыктарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондыктан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым - қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама - қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін – бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруғе тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1/ Тұлға ұжымға бағынады /конформизм/; 2/ Тұлға мен ұжым бір – бірімен үйлесімді қатынаста /гармония/ болады; 3/ Тұлға ұжымды өзіне бағындырады /лидерлік/.
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1/ Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2/ Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс - қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау көзінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрыңғы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрыңғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін -өзі қорғап қалу сөзімінің үстемдігінен болады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі - бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым - қатынаста болуы тиіс.
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс - әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт - бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсірісе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу - олардың талпынысына күш - қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту.
24 Жас адамның мектепте оқыған жылдары ішінде ой-пікірде, сөзімде, мінез-құлықта, еңбекте өзіндік ынта көрсете аларлықтай, коммунистік қоғамның кең дүниесінің қарым-қатынастарымен өмір сүретіндей жағдайлар тудыру, біздің кәміл сеніміміз бойынша, коллективте тәрбие жұмысындағы басты нәрсе болып табылады. Коммунистік мұратқа, еңбекші халыққа адалдық, өз күшің мен өміріңді Советтік атамекен үшін беруге әзірлік біздің қоғамымыздың ұйтқысы болып табылады.
Әңгіме коллективтің идеялың-азаматкерлік негізі туралы болып отыр. Бұл негіз екі нәрсенің үйлесімі арқылы құрылады: бір жағынан, жеке бастың намысын, абыройын сөзіну арқылы, социалистік қоғамның жасампаз-адамының, азаматының ұлылығын мойындау арқылы; екінші жағынан, өз еңбегін, мінез-құлқын қылығың үшін борышыңды, жауапкершілігіңді сөзіну, қоғам тағдыры үшін, жеке адамның еңбек, рухани және жеке өмірде күрделі қарым-қатынастарда болатын адамдардың игілігі үшін жауапкершілігіңді сөзіну ар-қылы. Айрықша маңызды тәрбиелік проблеманы біз мынада деп қараймыз: адамның өзін құрметтей білуін, өзінің арын, намысын қадірлей білуін үздіксіз жетілдіре білу керек, өзінің мінез-құлқын қатаң бақылауы, жеке мүдделерді қоғамдың мүдделерге бағындыруы, бұларды жалпы жұрт игілігіне айналдыруға ұмтылу негізінде қалыптастыруы керек.
Біз тәрбиеленушінің ақыл-ойы мен жүрегіне арнаған мұғалімнің сөзі де, коллективте, жалпы еңбекте, мектеп коллективінің ересек еңбеккерлер коллективтерімен өзара қарым-қатынастарында құрылған жағдайларда -осының бәрі де адамды өзінің көз алдында жоғары көтеруі үшін, дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік державаның азаматы деген атаққа оның мақтануы үшін, күшті, ер жүрек, жаны жайсақ адамдардың отандасы екендігіне мақтануы үшін еңбек етеміз.
Коллектив тәрбиелеуші күш ретінде қарым-қатынастардың байлығына негізделеді, бұл қарым-қатынастардың арасында идеялық-азаматкерлік қатынастар құрметті орын алады. Ал қарым-қатынастар байлығы мынаған байланысты болады: коллективтің әрбір мүшесі өмірдің асыл мәні неде деп біледі; әрбір жеке адам үшін еліктеудің мұраты, үлгісі не болып табылады; моральдың намыстың, ерліктің, сұлулықтың жоғарғы шегін әркім қалай түсінеді; мұрат дегенге әркім қалай қарайды.
Коллективтің идеялық-азаматкерлік негізі оның әрбір мүшесінің дүниеге азаматтық көзімен қарауға тырысуынан көрінеді, сөйткенде, азаматтың дүние түйсіну бала жастан бастап-ақ адамның өзін-өзі көретін, өзінің мінез-құлқын бағалайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі орнықтыруға бағытталған ақыл-ойында, күйініш-сүйінішінде, іс-қылығында өз-өзіне деген көзқарасын ашатын айнаға айналуы керек. Әрбір жеке адамның өзіне деген белсенді көзқарасы, өзінің азаматтық мәнін дұрыс көрсетіп, бағалай білуін біз коллективтің тәрбиелеуші күшінің ең басты өлшемі деп қараймыз. Бұл мақсатңа жету — тәрбиешінің нағыз шеберлігінің куәсі.
Коллективтік және жеке рухани өмірде идеялық-азаматкерлік негіз оқу сияқты істе маңызды роль атқарады, оқу балалар, жас өспірімдер және жастар үшін өзінің қамы, қиыншылықтары бар ең басты еңбек болып табылады. Қазір, біздің қоғамымыз жалпыға бірдей орта білімді жүзеге асыру сатысында тұрған кезде, жұртшылық шұғыл, көкейтесті мәселелерге мейлінше қам жасауда: адамның белсенді, қажырлы, он жылдың ой еңбегін қалай ынталандыру керек? Баланың сәтті оқып, тек бүгін ғана емес, өзінің бүкіл өмірі бойында өзінің білімін көтеруге талмай ұмтылу қасиетін жетілдіріп, орнықтыруға қалай жету керек? Оқуға деген немқұрайды қараушылықтың қалай алдын алу керек? Егер іске нағыз басты стимул — азаматтық борыш араласпаса, тексеру, бақылау, күштеу жөніндегі нағыз қулық жүйенің ешқайсысы да тиісті нәтиже бермейді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын біздің мектептің тоғызыншы кластарының бірінің класс жетекшісінің, директорының және оқу ісі меңгерушісінің мазасын кетірген бір жай, ол тоғызыншы класта оқитын екі жастың оқуға немқұрайды қарауы - оқығысы келмеуі болды.
Ал олардың ата-аналары колхоздың мал фермасының тамаша қызметкерлері еді. Әр тоқсан сайын ферма коллективінде социалистік жарыстық қорытындылары шығарылып тұратын. Ал әр жолы біздің тоғызыншы класта оқитындардың ата-аналары үлгілі колхозшылар ретінде аталып өтетін, олардың есімдері құрмет тақтасына жазылатын, олар сыйлықтар алатын. Колхоз партия ұйымының секретарымен ақылдаса келіп, біз былай деп шештік: біздің жалқаулар өздерінің ата-аналарымен бірге тоқсан сайын өздерінің үлгерімі жайында ересек еңбеккерлер алдында - жұртшылық алдында есеп беретін болсын. Нәтижесі таң қаларлықтай болып шықты. Колхоздағы өндіріс жұмысы мен мектептегі оқу ісін адамдардың бір дәрежеге қою фактісінің өзі жастарды олардың өзі кім, кім арқылы тіршілік етіп, оқу оқып жүр, деген ойды жете ойлануына мәжбүр етті. Тоғызыншы класс оқушылары мынаны түсінді: олардың партада отырып, алаңсыз оқуға мүмкіндік алу себебі олардың әрқайсысы үшін бірнеше ересек еңбеккер адам жұмыс істеп жүргендіктен ғана екен. Біздің екі жалқау өмірді бейне бір шын мәнінде тұңғыш рет көргендей болды. Жастар өздерінің қалай болса, солай оқуға правосы жоқ екенін түсінді, олардың ынта салып оқуы, қиыншылықтарды жеқуде табандылық көрсетуі - олардың азаматтық борышы екен.
Бұл біз үшін тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекше тапқырлық болды. Бір ғана тапқырлықпен, әрине, мақсатқа жете алмайсың, ғылыми тұрғыда негізделген жүйе қажет, жақсы ой және оны ұзақ уақыт бойына жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет. Алайда тапқырлықтар жасаудың бағалылығы мынада: бұлар, бейне бір найзағайдың ұшқынындай, басқа көп нәрсені көруге, бағдарлауға жәрдемдеседі. Жоғарғы класс оқушыларын бір беткей күштеу және бақылау амалдарын күшейту арқылы оқытуға болмайтындығын, қайта әр түрлі нәзік талаптар арқылы оқытуға болатындығын біз түсіндік. Ал солардың арасында коллективтің және жеке адамның идеялық-азаматкерлік сенімдерінің қа-лыптасуы бірінші кезекте тұрады.
Идеялық-азаматкерлік сенімдерді эпизодтық құралдармен, жастар мен аға ұрпақтың арасындағы қатынастарды шиеленістіретін оқиғалар құрумен, кейінгі ұрпақтың дға ұрпақ алдындағы борышы туралы моральдық ақиқат барынша айқын туындайтын оқиғалар құрумен қалыптастыра алмайсың. Тәрбиелеуші ықпалдың ұзақ мерзімді, берік жүйесі қажет.
Мұндай ықпал жүйесі туралы бізде белгілі бір ұғым қалыптасты.
Мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында оқушыға ғылымдардың негіздері туралы ғана білім беріп қоймау керек. Ең алдымен оны өмір сүруге, тұрмыстың ең маңызды даналығы — азаматтыққа үйрету керек. Мектеп табалдырығын аттаған және азаматтық кәмелетке жеткенге дейін біздің тәрбиелеуші ықпалымызда болатын адамға беретін біздің білімдерімізде адам-азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қаланған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білімдер бірінші орында тұруы тиіс. Азаматтық ерлік туралы кітап оқу тәрбиеленушінің өміріндегі ең бақытты сәтке айналуы тиіс, адамның нағыз сұлулығының - азаматтық сұлулықтың сәулесі-оның жолын жарқыратып, оның дүниені азаматтың көзімен дұрыс көруіне көмектесуі тиіс.
Біздің мұрат - күрескер-коллектившілді, коммунистік асыл вдеялар жолындағы күрескерді тәрбиелеу. Біздің тәрбиеленушілеріміздің қылығындағы тазалық пен игілік, жауласушы идеологияға, бейсаясаттыққа, жайбарақаттыққа, өтірікке, алдауға, жалқаулыққа, адамның намысын қорлаушылыққа олардың келіспеу-шілігі мен төзбеушілігі — осының бәрі жас жігіттер мен қыздардың адамның ұлы намысымен - азаматтықпен қаншалықты рухтандырылғанына байланысты.
Идеялық-азаматкерлік сенімдердің қалыптасуы адам азамат туралы білімге ой жүгіртуден, оның азаматтық ерлігіне сүйсінуден басталады.
Адам-азамат туралы білімнің ақыл-оймен және жүрекпен қабылданып, бай, толык, мәнді өмірмен ұштастырылуы маңызды нәрсе. Сенімдердің қалыптасуы ең алдымен адамдармен өзара қарым-қатынастарда, қоғамдық, идеялық қатысында, қоғам игілігі жолындағы қызметте жалғастырылып, нығая түседі. Коллективтегі идеялық-азаматкерлік қатынастар неғұрлым бай болса, соғұрлым әрбір тәрбиеленушінің жеке рухани өмірі толық құнды болады.
Өзіндік өмірдің бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-қатынастарын практика жүзінде танып біле бастайды. Адамның өзара қарым-қатынастар дүниесі өте күрделі. Мұның өзі ата-аналар алдындағы: семья өмірінің белгіленген және бекітілген әдет-ғұрып дәстүрлерін сақтау жауапкершілігі болып табылады. Мұның өзі мектеп коллективіндегі қарым-қатынастар: ережелерді, мінез-құлықты ретке келтіретін, адамның тұтыну қабілетін ынталандыратын, ал сонымен бірге оны тежейтін, адам мүддесін дамытатын ережелерді орындау қажеттігі болып табылады. Осы орталарда - семьяда, класс және жалпы мектеп коллективтерінде бала азаматтық тәлім алады. Бірақ осы өзара қарым-қатынастардың бәрі азаматтың әліппесі ғана, алғашқы қарапайым сабақ қана. Егер бала өзінің мінез-құлқында, мәселен, сабаққа кешігіп келмеу, класқа кірер алдында аяқ киімін сүрту, кезекшілік міндеттерін мұқият орындау, үйге берілген тапсырмаларды күн сайын орындап отыру сияқты талаптармен ғана шектелетін болса, онда ол азаматтың әліппесінен арыға бармайды.
Бізде азаматтық жетілмегендіктің жиі ұшырасатын себебі осыдан емес пе екен. Он төрт жасар жас өспірім, оның құрдастары бұдан алпыс-жетпіс жыл бұрын астыртын революциялық үйірмелерде патша самодержавиесін қалай құлатуды ойлаған - міне осы он төрт жасар жас жігіт өзін баламын деп есептейді. Оның атқаратын қызметі шынында да баланың қызметі; оның қоғамдық мүддесі класта гүлге су құюмен немесе мектепке бес килограмм металл сынығын (пионер вожатыйының талабы осындай) әкелумен шектеледі. Бізге мынадай бір оқиға мәлім: комсомолға кіруге әзірленіп жүрген он бес жасар пионер, өзіне Вьетнамда болып жатқан оқиғалар жөнінде октябряттарға әңгіме айтып беру тапсырылған кезде, жылап жіберіпті.
Азаматтық жетілмегендік интеллектуалдың ынталардың шектелуіне әкеліп соқтырады. Мұның себебі адамның бала жасынан бастап-ақ қоғам өміріне тікелей қатысатындай өзара қарым-қатынастарының болмауына байланысты екендігіне біз кәміл сенімдіміз. Біз өзіміздің практикалық жұмысымызда коллективтік өзара карым-қатынастарды былайша құруға тырысамыз: әрбір тәрбиеленуші өзін қоғам өміріне белсенді қатысушымын деп сөзінсін, жоғарғы және ең жетілген, ең күрделі және нағыз талап қоя білетін коллективпен - қоғаммен, халықпен, Отанмен бетпе-бет келсін.
Ал осыған қалай жету керек, осындай өзара қарым-қатынастар жағдайында тәрбие беру процесінің мөні неде болмақ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет