1. "Балалар психологиясы" пәні бойынша
2. 3 – кредит
3. Құрастырған: п.ғ.к. Кулмышева Н.А.
4. Педагогикалық психология кафедрасы, педагогикалық факультет
5. 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығына арналған тест тапсырмалары
1- аттестация бойынша межелік бақылау тест тапсырма
1- бөлім
1. Балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы:
А. Жалпы психология
В. Зоопсихология
С. Бала психологиясы
D. Физиология
Е. Жас ерекшелік психологиясы
2 .Балалар психологиясының негізгі міндеті:
А. Басқа ғылымдармен байланысты анықтау
В. Қоршаған ортамен қарым - қатынасын анықтау
С. Даму заңдылықтарын анықтау
D. Ата - аналармен қарым - қатынасын анықтау
Е. Мұғалімдермен жұмыс түрлерін күшейту
3. Баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ:
А. Жеткіншектік кезең
В. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ
С. Қарттық шақ
D. Жас өспірімдік шақ
Е. Қыз, бозбалалық шақ
4 Балалар психологиясы ғылым саласын тірек етеді:
А. Анотомия
В. Медицина
С. Философия
D. Жалпы психология
Е. Тарих
5 Балалар психологиясы қай ғылым саласы жетістіктерін үнемі пайдаланады:
А. Философия
В. Тарих
С. Өнер
D. Мәдениет тану
Е. Жас ерекшелік анотомиясы мен физиологиясы
6 . Баланың дамуын сипаттайтын факторларды анықтау тәсілдері:
А. Балалар психологиясының зерттеу әдістері
В. Балалар психологиясының құралдары
С. Балалар психологиясыныңі формалары
D. Балалар психологиясының мазмұны
Е. Балалар психологиясының нәтижесі
7. Жалпы психологиялық заңдылықтарды айқындаға мүмкіндік беретін психиканы зерттеудің негізгі әдісі:
А. Эксперимент
В. Генетикалық әдіс
С. Бақылау
D. Тест
Е. Әлеуметтік өлшем әдісі
8 . "Туа біткен ерекшеліктер" қай даму бағыттарына тән:
А. Социогенетикалық бағыт
В. Бихеваризм
С. Гаштальтпсихология
D. биогенетикалық бағыт
Е. Социобиогенетикалық бағыт
9. Бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының құрастыратын сала қайсысы:
А. педагогика
В. психодиагностика
С. педалогия
D. логопедия
Е. Физиология
10. Балалар психологиясы мөлшермен қай ғасырда пайда болды:
А. ХХ- ғасырдың басында
В. ІХ - ғ басында
С. ХІХ ғ аяғында
D. ХХ ғ аяғында
Е. ХҮІІІ басында
11.Психикалық дамудағы ғылыми тұрғыдан тану ерекшеліктері:
А. Объективтілік
В. Субъективтілік
С. Концептуалдық, валидтілік
D. Жарымдылық
Е. Обективтілік және субъективтілік
12 .Даму психологиясы пәні бұл:
А. Адам псиикасы
В. психикалық функциялардың дамуы
С. Онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде адамның психикалық даму ерекешліктері
D. психикалық құбылыстардың даму ерекшеліктері
Е. Оқыту мен тәрбие заңдылықтары
13.Адаму психологиясына кіреді:
А. Жалпы психология
В. Балалар психологиясы
С. Жекелей ерекшеліктер психологиясы
D. Педагогикалық психология
Е. когтитивті психология
$$$ 14
Ұзақ ауқытқа созылатын балаларды "ұзына бойлай" зерттеу әдісі:
А. Бақылау
В. Лонгютидтік
С. Эксперимент
D. Тест
Е. Социометрия
$$$ 15
Балалардың психикалық даму заңдылықтарын анықтауға үлес қосқан ғалымдар:
А. Ж.Пиаже, В.Штерн, Н.Ладыгина
В. Л.С. Выготский, В.А.Сухомлинский
С. А.С.Макаренко, В.Штерн
D. В.А.Пидкасистный, С.Л.Рубинштейн
Е. Ж. Пиаже, С.Л.Рубинштйн
$$$ 16
Маймыл мен өз баласына зерттеу жүргізе отырып бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырған ғалым:
А. Ж.Пиаже
В. А.Н.Гвоздев
С. В.Штерн
D. Н.Н.Ладыгина
Е. А.Д.Павлова
$$$ 17
Өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы бақылап осы негізде "Балада орыс тілінің грамматикалық қалыптасуы" атты кітап жазған:
А. А.Н. Гвоздев
В. Ж.Пиаже
С. В.Штерн
D. Н.Н.Ладыгина
Е. А.Д.Павлова
$$$ 18
Фактыларды алғаш рет жинақтаудағы тиімді әдіс:
А. Эксперимент әдісі
В. Бақылау әдісі
С. Анкета әдісі
D. Лабораториялық эксперимент әдісі
Е. Социометрия әдісі
$$$ 19
Балаларды білімі мен іскерлігі жағынан , жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі төмен жекеленген психикалық процестері мен сапаларының дамуын салыстыруда қолданылатын әдіс:
А) Анкета әдісі
В) Социометрия әдісі
С) Тест әдісі
D) Әңгімелесу әдісі
Е)Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу
$$$ 20
Балалардың жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестер:
А. Танымдық тестер
В. Іс-әрекет нәтижелерін зерттеуге арналған тестер
С. Қарым-қатынасты зерттеуге арналған тестер
D. Интелектуалдық тестер
Е. Проективтік тестер
$$$ 21
Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге жүмкіндік беретін психологиялық әдісі:
А. тест
B. социометрия
С. анкеталау
D. интервью
Е. әңгімелесу
$$$ 22
Алдын-ала максат тұтып дайындалган сүрақтарга жазбаша жауап алу аркылы, объект туралы қызыктырған акпаратты алуға көмектесетін психологияның әдісі не:
А. интервью
В. тест
С. социометрия
D. анкета
Е. әңгіме
$$$ 23
Болашақта даму мүмкіндігін болжау мақсатында адамның өмірлік жолын, ата-анасымен туыстарын, оларға мәнді жеке құндылықтарды зерттеу негізінде жүргізілетін психологиялық зерттеу не:
А. биографиялық әдіс
В. интроспекция
С. қателер және оны жөндеу әдісі
D. генетикалық
Е. егіздер
$$$ 24
Егіздерді онтогенетикалық дамуын әртүрлі әлеуметтік ортаның әсеріне байланысты олардың дамуын салыстырмалы зерттеу:
А. биографиялық
В. интроспекция
С. қателер және оны жөндеу әдісі
D. генетикалық
Е. егіздер
$$$ 25
Адамның даралық ерекшеліктерін инотиптің дамуын сыртқы ортаның әсерінің өзгеруімен қатысты зерттеу әдісі
А. биографиялық
В. интроспекция
С. қателер және оны жөндеу әдісі
D. генетикалық
Е. егіздер
$$$ 26
Психикалық іс-әрекеттерін материалданған нәтижесін талдау барысында жинакталған фактілерге не негізделеді:
А. бақылау
В. интроспенция
С. психоанализ
D. іс-әрекетің өнімін зерттеу
Е. қателер және оны жөндеу
$$$ 27
Қиын жағдайларда мінез-құлықтың жаңа түрін өңдеу тәсілі:
А. референтрметрия
В. интроспекция
С. іс-әрекетгің нәтижесін зерттеу
D. қателер және оны жөндеу
Е. психоанализ
$$$ 28
Субъектінің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің, психикалық процесгсрін, моционалды көріністсрінің дерекгерііі мақсатты түрде тіркеуге сүйенген психологиялық зертгеу әдісі:
А. референтометрия
В. бақылау
С. интроспенция
D. психоанализ
Е. социометрия
$$$ 29
Топтағы адамдардың бір-бірін өзара іріктеу мотивациясын камтамасыз ететін психологиялык, зерттеулер әдісі:
А. референтометрия
В. бақылау
С. интроспеция
D. психоанализ
Е. социометрия
$$$ 30
Сөздік қарым- қатынас жолдарымен мәліметті тікелей немесе жанама түрде алынуын қамтамасыз ететін психология әдісінің бірі:
А. тест
В. референтометрия
С. әңгімелесу
D. интроспекция
Е. психоанализ
$$$ 31
Қысқа стандартталған зерттеумен катысты психологияның әдісі:
А. анкета
В. тест
С. рефентометрия
D. қызмет нәтижесін зерттеу
Е. генетикалық
$$$ 32
Психикалық функциялардың мидың үлкен жарты шарларында шоғырлануы мен оның орындалуына жауап қайтаратын мидың бөлімдерін айкындауды зерттейтін психологияның саласы:
А. медициналық психология
В. салыстырмалы психология
С. зоопсихология
D. психотерапия
Е. нейропсихология
$$$ 33
Түрлі қарым-қатынас процесінде (бизнесте. әріптестік Және бәсекелестік, дипломатияда, ұжымдық еңбекте, отбасы өмірінде т.б.) адамдар арасындағы өзара катынас мәселелерін қарастыратын психология ғылымының саласы:
А. балалар психологиясы
В. еңбек психологиясы
С. отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
D. қарым-қатынас психологиясы
Е. дін психологиясы
$$$ 34
"Отбасының ішкі қарым-қатынасының зандылықтарын, отбасындағы біріккен іс-әрекеттегі оның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға (балалар тәрбиесі, моральдық сексуалдық жөне материалдық сәттіліктер) бағытталған жоғары сезімдердің көрінуін, сондай-ақ отбасындағы ішкі жанжалдар мен олардың алдын алуды тану мақсатын қоятын психология ғылымының тармағы"
А. дін психологиясы
В. отбасындағы карым-катынас психологиясы
С. спорт психологиясы
D. шығармашылық психологиясы
Е. еңбек психологиясы
$$$ 35
Психология ғылымының автоматтандырылған приборларды пайдалана отырып жұмыстың тиімділігін арттырудың заңдылықтары мен мүмкіншіліктерін зерттейтін саласы:
А. инженерлік психология
В. психотехника
С. психометрия
D. еңбек психологиясы
Е. басқару психологиясы
$$$ 36
Эксперимент барысында қандай да бір психикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын, қабылданған ақпаратгы есте сақтау уақытының, жылдамдығының,көлемінің, қарқындылығының сандық арақатынастарын
зерттеу :
А. психофизика
В. психотехника
С. психометрия
D. психотерапия
Е. басқару психологиясы
$$$ 37
Адамның эмоцияналды-еріктік сферасын жандандыру әдістерінің негізінде психологиялык, көмек көрсету жәнедағдарыс жағдайынан шығуға ықпал ететін жагымды бағдарды құру:
А. психофизика
В. психотехника
С. психометрия
D. психотерапия
Е. басқару психологиясы
$$$ 38
Психология ғылымында практикалық міндеттерді шешу барысында, әсіресе адамды және оның кәсіби бағдарын өзіндік жетілдіруге қатысты психика жайлы білімдерді қолдану мәселелерін өндейтін бір ағымы :
А. психофизика
В. психотехника
С. психометрия
D. психотерапия
Е. басқару психологиясы
$$$ 39
Сезімталдық табалдырықтарын, тітіркендіргіштердің күшін, жауап беру уақыты т.с.с. дене факгорларын зерттеу негізінде психикалық күйлер мен мінез- құлық формаларының көптүрлілігін зерттейтін классикалық, жалпы
психологияның бөлімі:
А. психофизика
В. психотехника
С. психометрия
D. психотерапия
Е. басқару психологиясы
$$$ 40
Саңырау жөне нашар есітетін адамдардың психикалық даму ерекшеліктерін зерттейтін психологияның салалары:
А. сурдопсихология
В. тифлопсихология
С. психофизика
D. психометрия
Е. балалар психологиясы
$$$ 41
Көзі көрмейтін адамдардың психикасының ерекшеліктсрін зерттейтін психология ғылымының саласы:
А. сурдопсихология
В. тифлопсихология
С. психофизика
D. психометрия
Е. балалар психологиясы
$$$ 42
Әр түрлі жастағы адамдардың психологиялық ерекшелігін зертгейтін психология саласы:
А. жас ерекшелік психологиясы
В. балалар психологиясы
С. педагогикалық психояогия
D. әлеуметтік психология
Е. психоанализ
$$$ 43
Оқыту мен төрбиенің заңцылықтарын эерттейтін психологияның колданбалы саласы:
А. жас ерекшелік психологиясы
В. балалар психологиясы
С. педагогикалық психология
D. әлеуметтік
Е. психоанализ
$$$ 44
Акыл-ой кемдігі -
А. олигофрения
В. дебильділік
С. санадан төмен
D. санадан тыс
Е. акселерация
$$$ 45
А.Н.Леонтьев теориясындағы іс- әрекет- бұл
А. Кез - келген тірі организмнің әрекет қылығы
В. Өз қажеттіліктерін өту мақсатында субъектінің қоршаған ортамен белсенді өзара қарым - қатынасы
С. Қимыл - қозғалыс әрекеті
D. Ойлданбағын әрекеттерді , орындау қабілеттілігі
Е. Автоматтандырылған әрекет
$$$ 46
Отандық психологияда қарым - қатынас формаларын зерттеген ғалым:
А. Л.С.выготский
В. М.И. Лисина
С. Д.Б.Эльконин
D. Ушинский
Е. М.Макаренко
$$$ 47
Сәбилік шақтағы қабылдау ерекшелігін терең зерттеген:
А. Н.Л. Фигурин
В. Р.Сперри
С. Т.Бауэр
D. С.Холл
Е. З.Фрейд
$$$ 48
Қай бала даму теориясында инстинкт, дрессура , интеллект ұғымдары жатыр:
А. Рекапитуляция концепциясы
В. Бала дамуының үш сатылы теориясы
С. Бала дамуының екі факторлы конвергенция теориясы
D. Бихевиоризм
Е. Нормативті тұрғы
$$$ 49
Бала дамуының екі факторлы конвергенция теориясының авторы кім:
А. К.Коффка
В. К.Бюлер
С. Дж. Уотсон
D. В.Штерн
Е. Э.Эриксон
$$$ 50
Ерте кездегі психологиялық "рекапитуляция концепциясы" авторы кім:
А. Ст. Холл
В. А.Гезелл
С. Дж.Утсон
D. К.Бюлер
Е. Б.Скиннер
$$$ 51
Жаңа тәжірибеге жету , даму ұғымы үйретумен ұғыммен теңестірілетін психологиядағы бағыт:
А. Нормативтік тұрғы
В. бихевиоризм
С. рекапитуляция концепциясы
D. Дамудың үш сатылы теориясы
Е. дамудың екі факторының конвергенция теориясы
$$$ 52
Қай даму теориясының ізбасарлары пациенттердің еркін ассоциациясын талдау әдісін қолданды:
А. Әлеуметтік үйрету концепциясы
В. Психоаналитикалық теориялар
С. Рекапитуляция концепциясы
D. Бихевиоризм
Е. Бала дамуының үш сатылы теориясы
$$$ 53
Қоғам және "мен" қатынасы жайындағы психоаналитикалық концепциясы кім жарыққа шығарды (жеке бастық эпигенетикалық теориясы):
А. З.Фрейд
В. Э.Эриксон
С. А.Фрейд
D. М.Клейн
Е. Ст.Холл
$$$ 54
З.Фрейдтің пікірінше бала дамуының қандай психоаналитикалық сатысында Эдип комплексі шығады:
А. Оральдық
В. Анальдық
С. Фаллостық
D. Латенттік
Е. Генитальдық
$$$ 55
Қай зерттеуші адам мінез -құлқындағы ритуализация мәселесін көтерді :
А. З.Фрейд
В. Э.Эриксон
С. А.Валлон
D. Н.Миллер
Е. Дж,. Доллард
$$$ 56
Балалар психологиясы аймағындағы Ж.Пиаженің бірінші үлкен жетістігі, бұл:
А. Әлеуметтік үйрету теориясының дамуы
В. Дамудағы биополярлық заңы
С. Эгоцентризмнің ашылуы
D. Санасыздықтың ашылуы
Е. Жеке бас өмір жолы концепциясының ашылу жолы
$$$ 57
Ж.Пиаженің пікірі бойынша ақыл -ой бағытымен жабылған, бала ойлауының негізгі ерекшелігі не болып табылады:
А. Белсенділік
В. Трансформация
С. Эгоцентризм
D. Тепе- теңдік
Е. Ебдейсіздік
$$$ 58
Ақыл -ой қызметінің жоспарлы қалыптасуы туралы концепциясының авторы кім (сыртқы әрекеттер интериоризациялары).:
А. Запорожец
В. Эльконин
С. Выготский
D. Гальперин
Е. Леонтьев
$$$ 59
Психикалық дамудың мәдени -тарихи концепциясының авторы кім:
А. Эльконин
В. Гальперин
С. Леонтьев
D. Выготский
Е. Запорожец
$$$ 60
"Жақын арадағы даму эонасы" терминін кім енгізді:
А. Б.Д.Эльконин
В. Л.С.Выготский
С. П.Я.Гальперин
D. З.Фрейд
Е. А.Н.Леонтьев
$$$ 61
Баланың үлкендермен бірігіп істеуі мен өзі істей алатын дербес әрекет арасындағы айырмашылық аталады:
А. Өзекті даму зонасы
В. Танымдық қасиеттер
С. Сензитивтілік
D. Жақын арадағы даму зонасы
Е. Сенсорлық қабілеттер
$$$ 62
Л.С.Выготскийдің айтқанын толықтыр "өзекті даму деңгейінің жетістіктері, кешегі күннің даму қорытындаларын сипаттайтын , ал … ертеңгі күнге» ақыл –ой дамуын сипаттайды:
А. Сентнзивтік кезең
В. Тұқым қуалаушылық
С. Оқу
D. Жақын арадағы даму зонасы
Е. Индивидуалдық тәжірибе
$$$ 63
Жүргізуші іс - әрекет типі туралы Л.С.Выготский істеген идеясын кім тереңдетіп жалғастырады:
А. Леонтьев
В. Эльконин
С. Божевич
D. Запорожец
Е. Гальперин
$$$ 64
Жеке бастың мотивациялық - қажеттілік пен операциялы техниканың сферасының кезектесуі негізінде бала дамуының мерзімдік заңын кім ашты:
А. Д.Б.Эльконин
В. А.Н.Леонтьев
С. Л.С.Выготский
D. А.В.Запорожец
Е. Гальперин
$$$ 65
Ақыл -ой жағынан дарында балаларды зерттеген ғалым:
А. Н.С.Лейтес
В. М.В.Антропова
С. В.С.Мухина
D. Л.И.Божович
Е. Б.Г.Ананьев
$$$ 66
Бала дүниеге (келгенде) ақ тақта тәрізді жаны таза болып келеді деп айтқан ХҮІІ ғасырдығ ағалшан философы:
А. У. Джеймс
В. Джон Локк
С. Ж.Ж. Руссо
D. Пяже
Е. К.Бюлер
$$$ 67
Бала организмінің сандық және сапалық өзгерістері:
А. Тәрбие
В. Оқу
С. Үйрену
D. Даму
Е. Үйрету
$$$ 68
Психиканың саналы, санадан тыс және санасыз деңгейі туралы ілмнің іргесін қалаған кім:
А. Леонтьев
В. Фрейд
С. Выготский
D. Рубинштейн
Е. Вундт
$$$ 69
Қазақстандағы бірінші психологиялық оқулықтың авторы:
А. Аль - Фараби
В. Aбай
С. Аймауытов
D. Шоқан
Е. Жарықбаев
$$$ 70
Көне заман ойшылдарының қайсысы түңгыш рет жан проблемасын кең түрде материалистік негізде қарастырды:
А. Аристотель
В. Платон
С. Дсмокрит
D. Сократ
Е. Пифагор
$$$ 71
Ресейдегі алғашқы психологиялык, лабораторияның негізін салған кім:
А. Бехтерев
В. Выготский
С. Ушинский
D. Ланги
Е. Ломоносов
$$$ 72
Д.Б.Эльконин әр бір психологиялық жасты келесі критерия негізінде қарастыруды ұсынды:
А. Дамудың әлеуметтік жағдайы
В. Жүргізуші тип іс- әрекет
С. Дамудың негізгі жаңа түрлерінің пайда болуы
D. Дағдарыстар
Е. Барлық аталғандар
$$$ 73
Физиологиялық, анатомиялық, психикалық, әлеуметтік, рухани:
А. Даму формалары
В. Даму түрлері
С. Даму қуралдары
D. Даму формалары
Е. Даму әдістері
$$$ 74
Бала дамуына әсер етуші факторлар (Мудрик бойынша)
А. тәрбие
В. орта
С. тәрбие, орта
D. микро-, мезо-, макро-, мега факторлар.
Е. мегофакторлар.
$$$ 75
Индивидтің өмірге келгеннен өліміне дейінгі даму процесі:
А. филогенез
В. онтогенез
С. эволюция
D. акселерация
Е. эмансипация деп аталады
$$$ 76
Бала психологиясындағы негізі методологиялық принцип:
А. жүйелілік және мүмкіншілік
В. индивидуалдық және
С. даму және детерменизм принципі
D. индивид
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 77
Бала психикасының дамуының белгісі (Л.С. Выготский бойынша) көрсеткіші:
А. Дамуда жаңа элементтердің
В. Қатынастарды қайта қуру, дифференциация
С. Білім көлемінің ұлғаюы
D. Стандартталған жағдайларға реакцияның өзгеруі
Е. Барлық жауап дұрыс
$$$ 78
Бала психикасының дамуындағы орта түсінігі:
А. Табиғи, мәдени, әлеуметтік орта
В. Микроорта, макроорта, мезоорта
С. Заттық және белгі, символдық орта
D. Адам мен әлем қарым - қатынас ортасы
Е. Бала мен табиғат ортасы
$$$ 79
Дамудың әлеуметтік жағдайы дегеніміз бұл:
А. Осы жасқа тән әлеуметтік жаңа құрылым
В. Баланы қоршаған адамдар
С. Осы жастағы балаға тән бала және оның әлеуметтік ортасымен қарым - қатынасы
D. Осы кезең және қоғамға тән әлеуметтік орта
Е. Баланың құрбыларымен ортасы
$$$ 80
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс -әрекет түрі:
А. Ойын
В. Оқу
С. Өнер
D. Еңбек
Е. Қарым- қатынас
$$$ 81
Психикалық дамудың басты шарты:
А. Орта
В. Іс- әрекет, қарым- қатынас
С. Өнер
D. Еңбек
Е. Тәрбие
$$$ 82
Дамудың алғы шарты:
А. Адам конституциясы
В. Тұқым қуалаушылық
С. Нышан
D. Құрбыларымен қарым - қатынас
Е. Отбасылық қатынас
$$$ 83
"Дамудың әлеуметтік ситуациясы" ұғымын енгізген:
А. Ж.Пиаже
В. Л.С.Выготский
С. Д.Б.Эльконин
D. Б.Г.Ананьев
Е. А.С.Макаренко
$$$ 84
"Басты іс - әрекет " ұғымын енгізген:
А. Б.Г.Ананьев
В. Л.С. Выготский
С. А.Н.Леонтьев
D. С.Л.Рубинштейн
Е. Д.Б.Эльконин
$$$ 85
Жеткіншектер іс - әрекетінің басты түрі:
А. Оқу әрекеті
В. Оқу -кәсіби әрекет
С. Құрбыларымен қатынас
D. Эмоциональдық қатынас
Е. Еңбек әрекеті
$$$ 86
Фрейд бойынша дамудың басты факторы:
А. Ассимиляция
В. Іс- әрекет
С. Қарым - қатынас
D. Жыныстық инстинкт
Е. Оқу
$$$ 87
Іс - әрекеттің құрылымы:
А. Мотив, әрекет, мақсат
В. Мақсат, нышан
С. Мазмұн, құрал,әдіс
D. Форма, әдіс, тапсырма
Е. Барлық жауап дұрыс
$$$ 88
Бастауыш сынып оқушыларының басты іс - әрекеті:
А. Ойын
В. Еңбек
С. Өнер
D. Қарым- қатынас
Е. Оқу әрекеті
$$$ 89
Нақты мақсатқа бағытталған қозғалыстар:
А. Нышан
В. Мотив
С. Әрекет
D. Қажеттілік
Е. Дағды
$$$ 90
Тірі организмнің қызметі:
А. Әрект
В. Қозғалыс
С. Әдет
D. дағды
Е. Сана
$$$ 91
Адамдардың коғамдық тарихи іс-әрекетімен жанамаланған, тек адамға ғана тән психикалық бейнелеудің ең жоғарғы сатысы:
А. ойлау
В. сана
С. қиял
D. иллюзия
Е галл юцинация
$$$ 92
Мидың обьективті шындықты бейнелейтін касиеті:
А. сана
В.ойлау
С. психика
D. рефлексия
Е. инстинкт
$$$ 93
Нақты қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеуші күш:
А. қызығу
В. мотив
С. мақсатқа ұмтьлушылық
D. шешімділік
Е. қажеттілік
$$$ 94
Тіршілік етудің нақты жағдайынан тәуелділігі мен қажеттіліктің күйіне байланысты адам белсенділігінің негізгі себебі бұл:
А. қажеттілік
В. қызығу
С. әлеуметтену
D. интуиция
Е. конформность
$$$ 95
Психикалык, процестерге жататындар:
А. түйсіну,қабылдау,ойлау,қиял,ес
В. көңіл- күй
С. темперамент
D. мінез
Е. стресс
$$$ 96
Жоғары психикалық функциялар- бұл:
А. Дамудығ жоғары сатысындағы маймылдарға тән
В. Даму деңгейі жоғары балаларға тән
С. Басқа психикалық фнукциялар жүйесінде саналы түрде, сезінілетін, ырықты, мазмұнды әлеуметтік жағдайда меңгерілетін психикалық процестер
D. Дамудың төменгі деңгейіндегі жануарларға тән
Е. Субъектіге тән мінез - құлық ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |