Күн тәртібінің үлгісі
|
Дүйсенбі
01.05.23
|
Сейсенбі
02.05.23
|
Сәрсенбі
03.05.23
|
Бейсенбі
04.05.23
|
Жұма
05.05.23
|
Балаларды қабылдау
|
Мерекелік демалыс
|
«Бұл не?» дидактикалық ойын:
Мақсаты: Фотосуреттен көріп, есте сақтауын жетілдіру.
|
«Не қалай дыбыстайды?» саусақ ойыны :
Мақсаты: Кейіпкерлерді ит, мысық, тышқан, әтеш) көрсетіп, дыбысын салуға үйрету. Қуанышты көңіл-күй сыйлау.
Музыка
|
«Ұяшыққа орналастыр» дидактикалық ойын:
Мақсаты: Екі түрлі пішінді заттың әрқайсысын өз ұяшығына орналастыруға үйрету, ойлауын дамыту, қол қимылын жетілдіру. Сенсорика
|
Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс»
Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса
«дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді.
Сөйлеуді дамыту
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
|
Баланың бүгінгі жетістігі туралы әңгімелеу. Бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ескерту.
|
Баланың бүгінгі жетістігі, бала денсаулығы мен тамағы жөнінде әңгімелесу.
|
Баланың бүгінгі жетістігі туралы әңгімелесу. Әдептілік сөздерді үйретуін ескерту.
|
Демалыс күндері күн тәртібін сақтауын ата-аналардан талап ету.
|
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
|
«Сиқырлы қораптар» Мақсаты: Сиқырлы қораптар туралы түсінік беру. Құрастыруға қалыптастыру. Қауіпсіздік шараларымен таныстыру.
Құрастыру
|
«Арнайы көліктер жүк және жолаушылар көліктері»
Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру. Олардың жұмысына сипаттама беру.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
«Құмырадағы гүл»
Мақсаты: Балаларға ермексазды пайдаланып отырып құмырадағы гүлдімүсіндеп үйрету.
Жапсыру
|
«Заттардың бірнеше тең бөліктері»
Мақсаты: Балаларға бүтін, бөлік ұғымдарын түсіндіру
Сенсорика
|
Таңертенгі жаттығу
|
Таңертеңгі жаттығу кешені (қимыл белсенділігі, ойын әрекеті). Сапқа тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамытушы және тыныс алу жаттығулары.
|
Жалпы даму жаттығулары (кішкентай доптармен)
1.Бастапқы қалып: аяқ алшақ дене тік, қолдағы доптар төменде 1.1-балалар доптармен қолдарын жоғары көтеріп, оң жаққа бұрылады; 1.2-бастапқы қалыпқа келу(жаттығу 5рет қайталанады)
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде 2.1 – аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, доптарын сермейді; 2.2 – бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5рет қайталанады)
3. Бастапқы қалып: аяқтары бірге, дене тік, доптар төменде, 3.1 – жерге жартылай отырып, қолдары жоғары көтеріп, доптарын көрсетеді; 3.2- – бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 4рет қайталанады)
4. Бастапқы қалып: аяқтары бірге, дене бос, қол төменде 4.1-доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында айналып секіру (оң және сол жаққа) 4.2- бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5рет қайталанады)
|
Таңғы ас
|
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
|