Асан Нұрайым Ерланқызы БО-146 к
|
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу
|
П.ғ.к., аға оқытушы Таутаева Г.Б.
|
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................... 3
І Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру
мәселелері............................................................................... 8
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.... 8
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.................................................................................... 21
2 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру...................................................... 45
2.1.Сынып сабақтарында бастауыш сынып
оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі
негізгі бағыт бағдарлылық................................................... 45
2.2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары......................................................... 55
Қорытынды............................................................................ 71
Пайдаланылған әдебиеттер............................................... 74
Қосымша................................................................................ 77
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – патриотизм. Патриотизм патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.
Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
«Қазақстан – 2030 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата – баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан – қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.
Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі.
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:
тілді құрметтеу;
ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;
елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
ата – бабалар өсиетін орындау;
жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, патриоттық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.
Табиғаттану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.
«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз.
Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.
Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда патриотизмнің рөлі ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды «Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру» деп таңдауыма негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |