Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту.
Жұмыстың жалпы сипаты 1-3
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
-
Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және синтаксистік қызметі
-
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
-
Бастауыш сыныптарда сын есімнен өткенді қайталау сабағының әдіс-тәсілдері.
-
Бастауыш сыныпта сын есімнің мағыналық түрлерін меңгерудегі сабақтар үлгісі.
ІІІ. Қорытынды
Диплом жұмысының көкейкестігі
Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріліп жүргізгені дұрыс. Сонымен оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі, грамматикалық ережелерді үнемі нзарда болуы керк.
Тақырыптық теориялық қолданылымы
Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Сын есім туралы толық теориялық білім беру үшін
-
ғылыми әдебиеттердің негізінде сын есімнің семантикалық топтары, шырайлары мен синтаксистік қызметін ашу.
-
бастауыш сыныптарда сын есімді оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болатынын табу.
-
бастауыш сыныптарда сын есімді оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін көрсету.
-
оқушылар сын есімді сапалы түсіну үшін мұғалім қандай талап қою қажеттілігін меңгерту.
-
грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндетін көрсету.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатынындай болу керек. Олай болса сын есім турлы деп аталатын сөз табы неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ бірліктері, басқа сөз таптарынан айырмашылығын балаларға жүйелі, теориялық негіз беру керек.
Тақырыптың практикалық қолданылымы
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Оқушылырға грамматикада сапалы білім беріп, қажетті білік, дағды қалыптастыруда жаттығулар жүйесінде дамытуға болады.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тлінің морфологиялық құрылысын оқушылырға сапалы түрде меңгерту. Жаттығу жұмыстарыны барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, оларды жазбаша, ауызша өсйлеуге дұрыс орынды қолдана алады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті – сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - болатын.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
Қазақ мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бері игеруге, бірі білуге ұмтылып отырса ғана, ана тіліміздің алдындағы перзенттік борышымызды өтей аламыз. Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің , ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болу қажет. Білім басталуы бастауыш мектептен басталады.
Алайда бұл мәселелер 80 жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 –жастан бастап оқытуға көшкен 40 жылдық қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ.
Қазіргі оқыту әдісінің барысында қолданылып жүрген негізгі әдістен бастауыш сынып оқушыларына информацияны меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулу әдісі нәтиже бере алмай отыр. Яғни жаттап алынған білім мен дағдының күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Соднықтан бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды меңгеруде әдістемелік жағдайларға сәйкес мынадай әдістемелік міндеттер қойылады.
-
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту.
-
Көрнекті құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
-
Сын есімнің мағынасына қарай:
Сапалық және қатыстық болып бөлінеді.
Тұлғасына қарай: негізгі және туынды болып келуі.
Құрамына қарай: дара және күрделі болып келуі
-
Сын есімнің шырайлары.
-
Сын есімнің синтаксистік қызметін саналы түрде меңгерту.
Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:
Тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Кіріспе
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін
оқытудың мәні мен оқыту әдістері.
Тілді, оның ілімде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу барысын, дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70-жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оның сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, отызыншы жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектебінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлігендігінен деп табылады. Осы жағдай 60 - жылдары бастауыш мектептерде берілген білім мазмұны мен оқыту әдістерін жақсарту жұмыс іске асуға алып келді.
60- жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай тәсілдерді қамтыды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын стилистиакалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамититын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы сөз құрамы және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптыстыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы айтылған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматиаклық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырылып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтакситік жүйесін оқумен ұштастырылмаса,енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болады.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және тағы басқа бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеп әрі дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру мәлелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70 – жылдары бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер- ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаев, О.Байқуатова, т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңқайлы әдіс- тәсілдер жүйесін қолдану мәcелелері әр түрлі ыңғайлы да қарастырылады. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқуға көшкен қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан басатуыш мектептерде жүргізілген бақылыуларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін (жұмыс) білім мазмұнының әдістемелік – психо-физиологялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, басатуыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың барлығы өз ойларын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс-жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгеруге байланысты бастауыш сынып оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберілген қателіктердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
-
Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттеріме дұрыс жалғай алмайды. Мысала: Мәншүкті кеңес Одағының батыры атағын берді.
Дидардыкі етігі қара. Дәптерге қап жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.
-
Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік диюдің орнына). Мысық айбаттады (айбаттады, айбатшекті деудің орнына).
-
Оқытылған морфологиялық ұғымды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.
-
Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Тасбақа көрдім Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кино болды. Ер Төстік батыр болған. Мамам шаңсорғыш алды.
-
Оқушылар жалпы есіммен жалқы есімді бір-бірінен ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суларға шомылды. Малдар су ішеді.
-
Оқушыларды сөздік қоры шағын. Білетін сөздерін өз орын тауып қолдана алмайды т.б.
Бұл аталған басты – басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісінің барысында қолданылып жүрген әдістер төмендегідей:
-
мұғалімнің сөзі;
-
әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды);
-
тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);
-
жаттығулар орындау;
-
көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютерлер, т.б.);
-
кітаппен жұмыс істеткізу;
-
топсеруен (экскурсия);
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулау әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ ұмытылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтындығы белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар басатуыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрлері белгілі.
-
Оқушылардың белсенді ойлау қызметі іске қосу.
-
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту.
-
Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгеру.
-
Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады.
-
Жаңа граматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.
-
Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту.
Заттың,құбылыстың, адамның, жан-жануардың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылып, үш жақта жекеше, көпше түрде айтылатын сөздер (есімдіктер)
Қимылдың белгісі, сыны (үстеу)
Заттың, құбылыстың, жан-жануардың, адамның қимылы.(етістік)
Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сын есімнің семантиаклық топтары, шырайлары және синтаксистік қызметі.
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі - өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те – сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шық (мақал). Сын есімде шырай категорияларымен қатар, адгективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т.б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар: сын есімен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев).
Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы: зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінде тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен, т.б.) сын есімге еркін, тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі бұл екі сөз табының - зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-біріне ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егер де екі я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б.Маилин); Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімің әр түрлі сипатын білдіріп тұр.
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары арқылы да білдірді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер симатикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т.б.) сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен йісін (ащы, тәтті, ) білдіретін және заттың басқа да қасиет – белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Әдетте сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы: ұзақ, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ, сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыған, момақан, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағынан сапалық сын есім деп, морфемалық құрылымы жағынан сапалық сын есім деп есептелетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте ұдайы дамып отырады. Осыған сәйкес, ертеректе туған сындарды ғана емес, кейінгі кездерде жұрнақ (я басқа тәсіл) арқылы жасалған туынды есімдерінің кейбіреулерінде де, негізгі, сапалық сындардың грамматикалық қасиет сипаттары болып отырады. (қараңғы-қараңғылау, қараңғырақ, қап-қараңғы, таныс-таныстыру, танысырақ, тап-тныс т.б.).
Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Осы ерекшеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне қарай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семантикалық даму процесі арқылы адъективтенген сөздер де бірте-бірте сапалық сын есімдердің сыр-сипаттарына ие болып, сол топқа көшіп отырады. Ал, сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай котегориясының жұрнақтары қосылады; екіншіден оларға сандық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жасалады; үшіншіден, олар атрибутты семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Міне, осы аталағн негізгі үш белгі сапалық сын есімдердің әрі қатынастық сандардан ерекшелінетін, әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептелінеді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісі басқа бір заттың я іс-амалды қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Осы ерекшеліктеріне қарай, қатысытық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдермен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сандық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді.
Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (қатыстық сандардың) нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. Осы себептен қатысытқ сандардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш – атаның борышы; ауылдағы адам - ауылда тұратын адам; ауыспалы қызыл ту – ауыстырылып отыратын қызыл ту. Өздерінің бастапқы төркіндеріен алшақтап кеткен ұзақ (әңгіме), тұнық (су), ашық (сөз) сияқты негізгі сын есім беріліп саналатын, бастапқы ұза(ды), тұн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстатады дегенімізбен де, өздерінің бастапқы төркіндерімен мағыналас (синонимдес) келеді.
Сын есімдер морфологиялық (ситетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сандар мен туынды сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлану арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.
Морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздердің семантикалық жағыан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы мысалы: (басқа, өзге, шала – жансап т.б.) жасалады.
Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.
Сын есімдер компоненттерінің құрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі сатыға бөлінеді.
Жалаң сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (ақ, қара, сұр, көк, тік, аласа, тар т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды (малды, шөпті, құнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, ұйқышыл, көтеріңкі, серіппелі т.б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық жағынан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауыр, басқа ,өзге т.б.) жатады. Сөйтіп, жалаң сын есімге жататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компонент болады, бірақ ол негізгі компонентте қосымша морфеманың болуы я болмауы шарт емес.
Күрделі сын есімдерге кемі екі я одан да астам компоенттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есімдер негізгі сынардан да, олардың өзді-өздінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігіп жасалуы арқылы бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері (модельдері) төмендегідей:
-
сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торлы ала, шұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалады, демек, алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сандарда, қара көк, қара сұр, қара торы, қара қоңыр, қара күрең, қара шұбар, қара кер деген үлгі бойынша, демек, алғашқы компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компоненті күрделі санды да, алқара көк, алқара кер тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады. Бұл топқа енетін күрделі сын есімдер жалаң сапалық сындар сияқты, шырайлы формаларында да жұмсала береді.
-
Біріңғай я негізгі (сапалық), я туынды (қатыстық) сандар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, аппақ-апппақ, үлкен-үлкен, малды-малсыз, қоралы-қопсылы т.б.
-
Негізгі сын мен –лы (-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл-шырайлы т.б.
Зат есім, сын есім, есімдік, есімше формаларымен –лы (-лі...) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: теке сақалды, адыраң көзді, алтын баула т.б.
Я не екі компоненті де бірдей –лы (-лі...) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті –лы (-лі...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -сыз (-сіз) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: таулы – тасты, орманды-тоғайлы, әкелі-балалы, ағалы-інілі, ессіз-түссіз, жөнді-жөнсіз, орынды-орынсыз т.б.
Осы топқа төртбұрышты, қос атты сияқты тіркестерден енеді.
-
Зат есім, сын есімдермен –лық (-лік, -дық, -дік,- тік, -тық) формалы сын есімдер тіркесіп, күрделі сындар жасалады. Мысалы: халықаралық, бесжылдық, бескісілік, он адам сиярлық, екі-үш күндік т.б. Сондай-ақ тұрақты тіркестерден де осы жұрнақ арқылы күрделі сын есім жасалады. Мысалы: көңіл көтерерлік, түс шайысарлық, қабырға – қайысарлық, күн көрерлік т.б.
-
Я екі компоненті де (сыңарына да) бірде, не - лық –(лік) жұрнағы арқылы не –и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті - лық –(лік...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я алғашқы компоненті зат есім, соңғы компоненті -лық –(лік...) жұрнағы арқылы, жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: әскери – саяси (кадрлар), ғылыми - әдеби, (мұра); әлеуметтік-экономикалық (шара), идеалдық-саяси (өмір), қоғамдық –тарихи (тәжірибе), т.б.
Тәуелділіктің үшінші жағының қосымшасы қосылған зат есімге (бірінші компоненті) сын есім (екінші компоненті) тіркесіп, күрделі сын есім негізінде қолданылады. Мысалы: көзі ашық, тілі майда, басы бос, жөн түзу, жүзі жылы, қолы ұзын, қолы ашық, қолы қысқа.
Жалпы атаулардың белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде (мысалы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында және басқа қасиетінде ) әр алуан рең болатынын, ол реңнің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген не, тілімізде қандай-қандай шырайлары бар және олар қандай тәсілдер (формалар) арқылы жасалынады деген мәселелерді де анықтау қажет болады. Мысалы: Жоғарғы Советтің мәжіліс залы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сөйлемде бір залдың өзінде бес түрлі белгі аталып тұр. Бұдан көптеген заттардың алуан түрлі белгілерін салыстырудан да , бір жеке заттың әр түріл белгілерін салыстырудан да басқа-басқа белгілер анықталғанымен, әлденеге заттың бір түрлі я біркелкі белгісінің айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, аслыстырудың бәрі бірден бір түрлі сындық белгінің әр қилы дәрежесін аша алмайды.
Сын есімің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі сары, біреуі қара, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я біріңғай ақ, я біріңғай қызыл, я біріңғай қара, я біріңғай сары, я біріңғай қоңыр, көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе біріңғай үлкен я біріңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине ондай реңдермен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. Өйткені, біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып табылады.
Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынандай төрт түрлі шырайы бар:
-
Жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай.
Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептелінеді. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың санына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |