Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет5/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Жеке құрылыс салуды жобалау

201. Жеке тұрғын үй құрылысы аумағын жоспарлау және құрылыс салу 3.01-02-2001 ҚР ҚНжЕ-нің «Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және құрылыс салу» туралы нұсқаулығына сәйкес жүргізілуі тиіс.

202. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін алаңдар бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және елді мекенде құрылыс салу жобасына сәйкес массивтермен жүзеге асырылуы тиіс.

203. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және салу сәулет-жоспарлау тапсырмасы, құрылыс нормаларына және осы Тәртіпке сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

204. Жеке аз қабатты құрылыс аудандарында:

1) әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыру үшін аумақтар резервтелуі;

2) жол-көше желісінің және инженерлік инфрақұрылымның алдын ала құрылысы жүзеге асырылуы тиіс.

205. Инженерлік жабдық орталықтандырылған қалалық жүйелерге қосылуды, сондай-ақ жергілікті және кварталдық дербес құрылыстардың орналастырылуын ұйғаруы тиіс.

206. Үй-жайлық телімде тұрғын және шаруашылық аймақтарды функционалдық тұрғыдан бөліп көрсету қажет. Үй-жайлық телімдердің көшелерге жапсарлас шекаралары қызыл сызықтар бойынша белгіленуі тиіс. Шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың жер телімінің қасбеттік бөлігінде орналасуына жол берілмейді.

207. Құрылыс салушы тұрғын үй құрылысын типтік жоба бойынша жүзеге асырады немесе нормативтік талаптарға сәйкес және сәулет және қала құрылысының жергілікті атқарушы органымен келісілген тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың жеке жобасына тапсырыс бере алады.

208. Белгіленген тәртіпте бекітілген үй-жайлық телімде орналасқан тұрғын үй мен басқа да үй ғимараттарының,сондай-ақ іргелес жер телімдеріндегі құрылыстардың арасындағы белгіленген міндетті нормативтік, санитарлық, өртке қарсы және техникалық алшақтықтар қамтамасыз етілген жағдайда осы құрылыстардың көлемдерін, олардың сыртқы пішіндерін (соның ішінде «габариттік» биіктігі) жеке құрылыс салушы өздігінен анықтайды.

209. Егер жеке құрылыс салушы жер телімінде құдық немесе сумен қамтамасыз етілетін басқа да кіші құрылыс жүргізуді қарастырса, ол Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі тиісті аумақтық органдарынан рұқсат алуы тиіс.

210. Жер телімінде құрылыс салу жобасын өзгерту тек сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісілген жағдайда ғана мүмкін болады.

211. Жеке тұрғын үйлерді салуға арналған жер телімдерінің бар екендігі туралы ақпаратты жасырғаны, оны бұрмалағаны, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқаны үшін атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да жауапкершілікке тартылады.

212. Құрылыс салушының жеке тұрғын үйге меншік құқығы оның құрылысы аяқталған және тиісті мемлекеттік органдарда тіркелген сәттен бастап пайда болады. Жеке тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейін оның салынған бөлігіне жылжымайтын мүлікке және осы мүлік салынатын материалдарға меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

213. Меншік иесі құрылыстық және басқа да міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай, мекендік (үй-жайлық) жер телімінде үйді немесе басқа да жылжымайтын мүлікті қайта салуға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға құқылы. Құрылыстарды қайта салу, қайта жоспарлау және қайта жабдықтаумен байланысты қайта құру құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау бөлігінде республикалық мәндегі қаланың, астананың, ауданның (облыстық мәндегі қаланың) Сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады.

214. Мекендік (үй-жайлық) жер телімін қайтарып алуға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте және жағдайда ғана жол беріледі.

Жер телімін қайтарып алуға байланысты бұзуға жататын үйдің иесіне ұсынылған мекендік (үй-жайлық) жер телімін қайтарып алу шарттары және өтемақы формалары Қазақстан Республикасының жер және тұрғын үй заңнамаларымен анықталады.

Бұл ретте, егер бұзуға жататын жеке тұрғын үй ортақ үлес меншік құқығында бірнеше меншік иесіне тиесілі болса, олардың әрқайсысы өздеріне жеке тұрғын үй салу үшін меншікке жекелеген жер телімі алуға және (немесе) заңнамада қарастырылған өзге де өтемақы алуға құқылы.

3. Елді мекендердің аумақтарында инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау

215. Нысандардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішіндегі желілерді жобалау, олардың ұзындығына қарамастан, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және елді мекендердің инженерлік қызметтерінің техникалық шарттарына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте электрмен, газбен жабдықтау, суық және ыстық сумен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын әрбір пәтерге енгізуді қаланың инженерлік қызметтерінің тіректік арматураға және есеп құралдарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің ортақ пайдаланыстағы жерлерінде қарастыру қажет.

216. Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалауды аталған жұмыстарды орындауға тиісті мемлекеттік лицензиялары бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.

217. Инженерлік желілердің жобалары жобаны әзірлеу кезінде сәйкес болатын, 1:500 ауқымындағы топогеодезиялық негізде орындалуы тиіс. Инженерлік желілер мен құрылыстардың әзірленген жобалары сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен, тиісті коммуналдық және елді мекеннің инженерлік қамтамасыздандырылуын жүзеге асыратын басқа да қызметтермен міндетті түрде келісілуі тиіс және белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өтеді.

218. Инженерлік желілер мен құрылыстарды орналастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген тәртіппен және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

219. Инженерлік желілер мен құрылыстарды орналастыру аяқталысымен, оларды топырақпен көмгенге дейін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе құрылыс ұйымы, кейіннен сәулет және қала құрылысы органында тіркей отырып, инженерлік желілердің жаңадан салынған телімінің М 1:500 атқарушы геодезиялық түсірілімін қамтамасыз етеді.

220. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдауды олардың құрылысы немесе қайта құрылуы аяқталысымен белгіленген тәртіпте қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

221. Қайта салынған инженерлік желілер мен құрылыстар сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарда тіркеледі және мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізіледі.

222. Инженерлік желілердің құрылысын жүргізуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар да, оларды жобалауға және құрылысын салуға тапсырысшы болуына және құрылысы аяқталғаннан кейін оларды пайдаланушы ұйымдардың балансына тапсыруға құқылы.


9. Құрылыс

1. Құрылысты жүзеге асырудың жалпы тәртібі

223. Инженерлік желілер мен құрылымдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар осы Ережелермен және елді мекен аумағындағы абаттандыру, санитарлық жағдайда ұстау, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету ережелерімен, құрылыс нормалары мен ережелерімен анықталады.

Құрылыстың тиісті кезеңдерінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабымен бекітілген рәсімдер орындалып және талаптары сақталуы тиіс.

224. Құрылысы аяқталған нысандар, сондай-ақ қолданылатын құрылыс материалдары, өнімдері, жабдықтар және бақылау операцияларын қоса алғандағы құрылыс мерзімінің барлық кезеңінде орындалатын жұмыстар заңнаманың, нормативтік құжаттардың, қала құрылысы мен жобалау құжаттарының талаптарына сай болуы және құрылыс өнімдерін пайдаланушылардың заңмен қорғалатын қауіпсіздігін, денсаулығын және өзге де мүдделерін, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуітиіс.

225. Нысанның құрылысы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес бекітіліп және әзірленген және қажет болған жағдайда сараптамадан өткен жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Белгілі бір нысанның құрылысына арналған құрылыс алаңына құрылыс салушыға тиесілі емес жер учаскелерінің аумақтары енгізілуі тиіс болған жағдайда, жобалау құжаттамасы сараптамадан өткенге дейін және бекітілгенге дейін оларды уақытша пайдалануға (сервитуттар) осы аумақтардың иеленушінің келісімі алынуы тиіс, ал бекітілетін жобалау құжаттамасының құрамына осы аумақтар көрсетілген құрылыстың бас жоспары қосымша енгізілуі қажет.

Жобалау құжаттамасыз немесе нобай (нобайлық жобалар) бойынша тізбелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында тиісті нормативтік құқықтық аткілерімен белгіленген техникалық күрделі емес нысандардың құрылысы жүзеге асырылады.

226. Құрылыс салушының (тапсырысшының) құзыретіне мыналар кіреді:

1) жер заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органнан құрылыс салуға жер телімін беру немесе құрылыс салушыға меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер телімінде аталмыш нысанның құрылысын салу туралы қаулыны алу(сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа);

2) жергілікті атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынасты қоса алғанда құрылысты жалпы жүргізу және инвесторлардың келісімі бойынша құрылысты бастау, кідірту, тоқтату және нысанды консервациялау туралы шешімдерді қабылдау;

3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін конкурс (тендер) негізінде немесе конкурссыз сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мердігерлерді тарту (құрылыстың мердігерлік тәсілі кезінде);

4) құрылыстың реттеу сызықтарын табиғи түріне шығаруын және геодезиялық бөлу негіздерін құруды қамтамасыз ету;

5) құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны жөнінде қажетті құжаттар көшірмелерін қоса бере отырып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарынкешіктірмей он күн бұрын ескерту;

6) құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысына және сапасына техникалық және авторлық қадағалауды қамтамасыз ету;

7) жасырын жұмыстарын куәландыруға,жауапты құрастырмалар, жүйелер мен жабдықтарды аралық қабылдауғақатысу;

8) нысанды пайдалануға енгізуге дайындау бойынша жабдықтарды реттеуді және сынауды,сыналатын өнімдерді шығаруды және басда да іс-шараларды ұйымдастыру;

9) нысанды пайдалануға қабылдауға ұсыну үшін қажетті құжаттар жиынтығын дайындау;

10) инвестордың келісімі бойынша жұмыс және қабылдау комиссияларын құру және жұмысын қамтамасыз ету,сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету;

11) құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау үшін мемлекеттік қабылдау (қабылдау) комиссиясына ұсыну немесе қолданыстағы заңнамдабелгіленген жағдайларда нысанды пайдалануға өздігімен қабылдау;

12) атқару және пайдалану құжаттарының жинағын сақтаужәне тиісті ұйымдарға беру.

227. Құрылыс барысында мердігердің (жұмыстарды орындаушының) міндетіне мыналар кіреді:

1) жеткізілетін құрылыс материалдарының, бұйымдар мен жабдықтардың кіріс бақылауын жүргізу және құжаттау;

2) осы нормаларға сәйкес ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттарды әзірлеу және пайдалану;

3) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына жобалық және нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарының сақталуын ұйымдастырушылық және технологиялық қамтамасыз ету;

4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының операциялық бақылауын жүргізу және құжаттау;

5) жобалау құжаттамасында және (немесе) мердігер шартында белгіленгентәртіпте және құрамдажасырын жұмыстарды куәландыруды,жауапты құрастырмалар менжабдықтарды аралық қабылдауды жүргізу және құжаттау;

6) құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес құрылыс алаңында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) қолданыстағы заңнамаға және нормативтікқұқықтық актілерге сәйкес қоршаған орта, аумақтар мен халық үшін жасалынатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8) құрылыс салушы (тапсырыс беруші) нысанды пайдалануға қабылдағанға дейін құрылыс алаңы мен нысанды адамдар мен жануарлардың заңсыз кіруінен күзетуді қамтамасыз ету;

9) жергілікті атқарушы органдарының құрылыс алаңына іргелес аумақтарда тазалықты сақтау бойынша талаптарын орындау;

10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қабылдау (қабылдау) комиссиясының жұмысына қатысу.

228. Тапсырыс беруші мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдап алатын нысандардың құрылысын салу барысында міндетті түрде осы қызметпен айналысуға тиісті санаттағы аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуді ұйымдастырады.

Техникалық қадағалаушының міндетіне мыналар жатады:

1) геодезиялық жұмыстарды қабылдау және актілерге қол қою;

2) жобалау құжаттарында көрсетілген пайдаланылатын материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың типтерінің, түрлерінің және маркілерінің сәйкестігін тексеру;

3) мердігерде қолданатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрастырмалардың сапасын куәландыратын құжаттардың - техникалық паспорттардың және сапасы мен сертификаттары туралы басқа құжаттарының, сондай-ақ кіріс бақылауы мен лабораториялық сынақтарының құжатталған нәтижелерінің болуына тексеру жүргізу;

4) құрылыс барысында анықталған жобалау құжаттамасындағы ақауларды жоюды бақылау – жобалаушыға ақауы бар құжаттамаларды құжатты түрде қайтару, түзетілген құжаттмаларды бақылау және құжатты түрде қабылдау, оларды мердігерге өткізу;

5) технологиялық операцияларды, оның ішінде операциялық бақылауды орындаудың құрамы мен сапасының сәйкестігіне инспекциялық бақылау;

6) жасырын жұмыстарды куәландыру мен бағалауға қатысу(мердігердің жауапты өкілімен бірлесе отырып), қажеттілігі бойынша бақылау өлшемдері мен сынақтарын орындау, мердігердің жауапты өкілімен бірлесе отырыпжасырын жұмыстарды куәландыру актісіне қол қою.

7) жауапты құрастырмаларды аралық қабылдауға қатысу(мердігердің жауапты өкілімен бірлесе отырып); қажеттілігі бойынша бақылау өлшемдері мен сынақтарын орындау, қабылдау актісіне қол қою(мердігердің жауапты өкілімен бірлесе отырып);

8) жауапты құрастырмаларды аралық қабылдау кезінде геодезиялық атқару сызбаларының дұрыстығын бағалау (қажеттілігі бойынша құрастырмалар элементтерінің дәл қойылуын ішінара бақылаумен);

9) жасырын жұмыстарға және жауапты құрастырмаларды аралық қабылдау актілерін ресімдегенге дейін кейінгі жұмыстардың өндірісіне тыйым салу бойынша талаптардың сақталуын қадағалау;

10) мердігердің атқару техникалық құжаттамасының болуын және дұрыс жүргізуін бақылау;

11) мердігердің мемлекеттік қадағалау және авторлық қадағалау органдарының нұсқаулары мен алдын ала жазбаларын орындауын бақылау;

12) жұмыстардың жекелеген түрлерін, құрылыстардың, ғимараттардың конструктивтік элементтерін және жалпы нысанды қабылдау кезінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді дер кезінде жоюын бақылау;

13) мемлекеттік қадағалау органдары жүргізген тексерулеріне, оның ішінде монтаждауға түскен жабдықтың жағдайы мен жобаға сәйкестігін бағалауға, оның құрастыру сапасын бағалауға, кешенді сынау мен қабылдауға қатысу;

14) құрылыс-монтаждау жұмыстарын төлеуге ұсынылған жұмыс құжаттамасының көлемдері мен орындау мерзімдерінің сәйкестігін бақылау, қабылданған және төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнының, сондай-ақ орындаушының сапасыз орындаған жұмыстарының көлемдері мен құнының және ақаулар мен қайта жасауын жоюға шығындарының есепке алуын жүргізу;

15) консервациялауға жататын нысандарды куәландыруға, консервациялауға немесе нысандардың құрылысын уақытша тоқтатуға құжаттарды ресімдеуге, сондай-ақ жұмыстарды жаңарту үшін оларды орындаушыларға беру кезінде нысандардың техникалық жағдайын бағалауға қатысу;

16) құрылыс нысандарындағы барлық авариялық жағдайлар және аварияларды жою бойынша жұмыстардың көлемдері туралы мемлекеттік қадағалау органдарына хабарлау.

229. Құрылысқа қатысушы заңды және жеке тұлғалары арасында базалық ұйымдастырушылық қызметтерді бөлу олардың арасындағы келісімшарттармен бекітіледі. Құрылысты кешенді түрдегі құрылыс салушы ұйым жүргізгенде осы ұйымның бөлімшелері арасындағы базалық ұйымдастырушылық қызметтерді бөлу ұйым басшысының өкімдік құжаттамаларымен бекітіледі.

230. Құрылыстың барлық мерзімдері ішінде қоршаған орта, аумақтар мен халық үшін жүргізелетін жұмыстардың қауіпсіздігі, құрылыс алаңында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдарының құрылыс алаңына іргелес аумақтарда тазалықты сақтау бойынша талаптарын орындау қамтамасыз етіледі. Жұмыс барысында тарихи, мәдени немесе өзге де құндылығы бар нысандар табылған жағдайда, жұмыстарды орындаушы заңнамада қаралған мекеме мен органдарды табылған нысан туралы хабардар етіп, жұмыстарды тоқтата тұрады.

231. Құрылыс процессінде мыналар орындалады:

1) жеткізілетін құрылыс материалдарының, бұйымдардың және монтаждық жарақтардың жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін, оларға қойылатын стандарттар мен (немесе) техникалық шарттарын белгілейтін кіріс бақылауы;

2) жұмыстарды орындаушылардың өз күшімен дайындалған материалдар мен бұйымдардың жобалау құжаттамасының талаптарына және осы материалдары мен бұйымдарға қойылатын стандарттарға сәйкестігін бақылау;

3) барлық технологиялық операциялардың технологиялық режим нормаларының орындалу сапасына операциялық бақылау, осы бақылау нәтижелерінің құжатталуын тексеру;

4) кейінгі жұмыстарды орындау кезінде жасырын қалатын орындалатын жұмыстар мен контрукциялардың жобалау құжаттамасының, құрылыс нормаларының, ережелер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау. Осындай жұмыстар мен конструкциялардың тізімдері жобалау құжаттамасында, нысанға жасалған техникалық шарттарда немесе мердігердің келісімшартында орнатылуы тиіс;

5) құрастырылған жүйелер мен жабдықтарды байқау және (немесе) сынақтан өткізу, мұндай жүйелер мен жабдықтардың тізімдері, сондай-ақ жобалау құжаттамасында, нысанға жасалған техникалық шарттарында немесе мердігердің келісімшартында орнатылуы тиіс.

232. Бақылаудың, өлшемдер мен сынақтардың барлық түрлерін орындаудың құрамы мен технологиясы, өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді және бақылау, өлшемдер мен сынақтардың нәтижелерінің қажетті нақтылығын қамтамасыз етеді.

233. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау процессінде жұмыстардың орындаушысы қолданыстағы нормалар мен ережелерде қаралған өндірістік және атқару құжаттарын жүргізеді.

234. Құрылыстың бүкіл кезеңі ішінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерінің құрылыс алаңы мен нысанға кіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

235. Құрылысқа рұқсат бұл – құрылыс салуға, ғимаратты қайта құруға, құрылыстар, ғимараттар мен магистралды желілер салуға, аумақтарды абаттандыруға жер телімін беру туралы қалалық (аудандық) атқарушы органдардың қаулысы.

Құрылыс салу мерзімі жобалық-сметалық құттаманың құрамында бекітілген құрылысты жүргізу нормативіне сәйкес белгіленеді.

236. Елді мекен аумағында құрылыстың барлық түрлерін орындауға тек осы Ереженің берілген бөлімінің тармақтарында көзделген талаптар қамтамасыз етілген жағдайда және белгіленген тәртіпте келісілген құрылыс ұйымдастыру жобасы болғанда ғана жол береді.

237. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімдерімен бөлінген жер телімдері мен аумақтарды құрылыстың кез келген түрлері үшін сәулет жоспарлау жобаларынсыз, бекітілген жобасыз пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жауапкершілікке алып келеді.

238. Салынып жатырған объектілердің негізгі бөлу осьтерін, құрылыстың «қызыл сызықтарын», сондай-ақ инженерлік коммуникациялар осьтерін құрылыс алаңы шегінен тыс болмысқа шығару тапсырыс берушінің өтінімі бойынша геодезиялық жұмыстарды орындауға мемлекеттік лицензиялары бар ұйымдар және жеке тұлғалар орындайды.

239. Құрылыс объектілерінің барлық инженерлік коммуникациялары бойынша электрондық түрде және қағаз түрінде атқарушы топографиялық түсірілім жасалады. Желілер жер астымен өткізілген кезде атқарушы түсірілім траншеяларды көмгенге дейін жүргізіледі.

Атқарушы түсірілімді геодезиялық жұмыстарды орындауға мемлекеттік лицензиялары бар ұйымдар мен жеке тұлғалар келісімшарттық негізде орындайды. Атқарушы түсірілімнің көшірмесі ведомствоға қарасты аумақ бойынша сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады.

240. Объектінің немесе инженерлік коммуникациялардың құрылысына байланысты бұзылған қатты төсемді, гүлзарларды, көгалдарды және елді мекенді абаттандырудағы басқа да бұзылған нәрселерді қалпына келтіру тапсырыс беруші қаражаттарының есебінен мердігердің күшімен осы тараптардың келісімі бойынша кешіктірілмей орындалады.

241. Пайдалануға жарамсыз (қираған) жеке тұрғын үйді қалпына келтіру, не жаңа үйді салу немесе бөлінген үй маңындағы жер телімінің шегінде құрылыстың орнын ауыстыру тек жоба бойынша және сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып жүргізіледі.

242. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жол маңындағы жолақтарда жол қызметтері нысандары мен жол сервисі нысандарын қоспағанда күрделі құрылыс салуға жол берілмейді.

243. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында тиісті жол органдарының рұқсатынсыз жұмыстарды жүргізуге немесе қандай да бір құрылыс ғимараттарын орналастыруға тиым салынады.

244. Жол маңындағы жолақтарда немесе оның сыртындағы нысандарда, оларға жету үшін кіре беріс қажет болған жағдайда жол сервисі нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерін ұсыну туралы шешімді жол органдарының келісімі бойынша белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

245. Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін тапсырыс берушілер нысанды пайдалануға қабылданғанға дейін:

- заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес қалалық (аудандық) сәулет органына нысанның электрондық және қағаз түріндегі орындаушылық топографиялық түсіріміне тапсырыс береді және ұсынады;

- бас мердігер алдын ала ескертпелік санитарлық қадағалау жүргізу сатысында қажетті зертханалық-инструменталдық өлшеулер жүргізу арқылы нысанның құрылыс барысын бақылау үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесіне өтініш білдіруі керек. Егер Мердігерлік мекеме анықталған ескертулерді орындап, оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган «Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы №193-1V ҚР Кодексінің негізінденысанның мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қортынды (пайдалануға рұқсат беру) береді.
2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәртібі

246. Тапсырыс берушi құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн кемiнде он жұмыс күн бұрын мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдарға «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен сараптаманы өткiзу мiндеттi болған жағдайда оның оң қорытындысының және жер учаскесiн таңдау актiсiнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғаны туралы хабарлама жасауға мiндеттi.

247. Ескертпе келесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қажет:

1) жаңа құрылыс салу, тұрғын үй ғимараттарының тұрғылықты және тұрғылықты емес үй-жайларын, сондай-ақ оның бір бөліктерін өзгерту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта құрылымдау, нысанға және әр қилы мақсаттағы кешендерге күрделі жөндеу жүргізу.

Бұл нысанды немесе нысандар кешенін кезең-кезеңмен жобалау және салу көзделген және мұндай жобалардың мемлекеттік сараптамасы сараптамалық сүйемелдеу режимінде (жобалаудың тиісті кезеңдері бойынша тиісті жергілікті оң қорытындыларды ресімдей отырып) жүзеге асырылатын жағдайлардан басқасына қатысты. Аталған жағдайларда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат объектінің немесе кешеннің құрамына енетін жеке блок (ғимарат, құрылыс) бойынша, сондай-ақ құрылыстың жекелеген кезеңдерін – қазаншұңқырларды орнату, коммуникацияларды жүргізу бойынша жер қазу жұмыстарын, іргетастарды орнату бойынша жұмыстарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына енетін басқа да жұмыстарды орындауға беріледі.

2) күрделі жөндеу, қалпына келтіру және консервациялау, тарихи, археологиялық, мәдениет және сәулеттік ескерткіштерге жатқызылған ғимараттар мен құрылыстарды қорғау аймақтарын анықтау;

3) жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялары мен құрылыстарын, автомагистральдарды, көшелерді, жолдарды және көліктік құрылыстарды, темір жол жолдарын және метрополитен құрылыстарын, трамвай жолдары мен құрылыстарын, троллейбус желілері мен құрылыстарын жаңадан салу, қайта құру;

4) жаңа құрылыс салу, алаңдарды, саябақтар және басқа әр түрлі мақсаттағы жасыл аймақтар, бассейндер және фонтандар, қоршаулардықайта жаңғырту және күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық мақсаттағы аумақтарды жайғастыру бойынша өзге де жұмыстар;

5) уақытша белгіленген нысандарды орнату және орналастыру (қосалқы құрылыс салу және әр түрлі мақсаттағы жарнама құрылғылары, қоршауларды орнату және басқа нысандар)

6) құрылысты бұзу.

248. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғанкезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей нысандар мен кешендерге барады.

249. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасау жөніндегі хабарлама (құрылыстың басталуы) нысанның немесе кешеннің құрамына кіретін жекеленген блок (ғимарат, құрылыс) бойынша тұрғын үй ғимараттарының (үйлер, жатақханалар) жекелеген үй-жайларын және (немесе) үй бөлiктерiн қайта құру(қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша хабарланатын жағдайда, нысанның немесе кешеннің құрамына кіретін жекеленген блокқа барылады.

250. Жылжымайтын нысанға құқық ауысқан жағдайда құрылыстарды жүргізу (қайта құру, модернизациялау, кеңейту, күрделі жөндеу және т.б.) тоқтатылады.

Құрылыстың немесе құрылыс жүргізуші мердігерлік (бас мердігерлік) ұйымдардың бастапқы тапсырыс берушісі (құрылыс салушы) ауысқан жағдайда, белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалғасуы туралы қайта ескерту қажет.

251. Нысандақұрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы алдын ала ескертпей құрылыс жұмыстарын жүргізу «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 357-1-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

252. Келесідей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге алдын-ала хабарлама беру қажет етілмейді:

1) нысанның функционалдық мақсаты менконструкциясын өзгертусіз жер телімінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын нысандарды қайта құру, қайта жобалау, техникалық қайта құрылымдау, күрделі жөндеу жұмыстары;

2) нысанның функционалдық мақсаты менконструкциясын өзгертусіз жер телімінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын нысандарды қайта құру, қайта жобалау, қолданыстағы тұрғын үйлердің бөлмелерін қайта жабдықтау, күрделі жөндеу жұмыстары (жоғары сейсмикалық қауіпті немесе басқа да ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық шарттары бар аудандардан басқа);

3) көшелердің, алаңдардың, жолдардың жол төсемдерін күрделі жөндеу, шағын сәулет нысандарын, ашық декоративті бассейндерді, субұрқақтарды салу және орналастыру, қаланы безендіру, ландшафттық сәулет пен көгалдандыру элементтерін орнату;

4) жеке меншік жеке үй жанындағы телімдердегінемесе бау бақшалық серіктестіктер телімдерінде,уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар және абаттандыру элементтерiн, сондай ақ маусымдық жұмыстар мен мал шаруашылығына арналған тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардауақытша мақсаттағы қосалқы және қосымша құрылыстарды салу;

5) жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес басқа да құрылыстардың өзгеруі, соның ішінде:

сырт пішінін, қаптау түсін және түрін өзгертпей шатырды жөндеу;

ағаш бұйымдарын олардың өлшемдері мен формаларын өзгертпей ауыстыру;

ішкі әрлеу жұмыстары;

қасбеті мен түсін өзгертпей сыртқы әрлеу жұмыстары;

ғимараттар мен құрылыстарда қолданыстағы инженерлік қамтамасыз ету, үй-жайлар мен қасбеттерін жоспарлау сызбасынөзгертпей санитарлы техникалық құрылымдар мен құралдарын жөндеу және ауыстыру;

мерекелік көпшілік іс шараларын өткізу кезінде халыққа қызмет көрсету үшін сауда нүктелерін орналастыру.

253. Қасбет элементтерін және түсін өзгерту міндетті түрде сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс.

254. Табиғат пайдалануды реттеу бойынша функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік органның елді мекендердің аумақтарында жас көшеттерді алып тастауға не орнын ауыстырып отырғызуға берген рұқсаты жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес сақталуы тиіс.

255. Тұрғын үй-жайлардың (үй бөліктерінің) жоспарланған өзгерту жұмыстары немесе үй-жайлардың шекараларының ауыстырылуы өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) іргелес басқа үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, өтінішке олардың өзгертулерге берген, нотариуспен куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.

Тапсырыс берушінің тұрғын үй-жайларды (үй бөліктерінің) өзгертуге немесе үй-жайлардың шекараларының ауыстыруға басқа меншік иелерінен (тең меншік иелерінен) аталған келісімді алу қажеттігі құрылыс нысандарын жобалау үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру ережелерінде көзделген тәртіпте, жобаны әзірлеу сатысында белгіленеді.

256. Құрылыс нысанының нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, жобалық құжаттамаларда алдын ала жоспарланған өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарын қайта ескерту қажет.

257. Жұмыс жасау ережесінің бұзылуы анықталған жағдайда, бекітілген жобадан ауытқу немесе өзге де заңнамалық талаптары бұзылғанда құрылыс тоқтатылуы мүмкін, соның ішінде:

1) жер телімін мақсатсыз пайдалану;

2) жер телімін пайдалануға рұқсат етілген жобалау құжаттарының сәйкес келмеуі;

3) жобалау құжаттардың құрылыс нормалары мен ережелеріне, сондай-ақ табиғат қорғау, санитарлық және өрткеқарсы нормаларға, жол жүру қауіпсіздігі заңнамаларының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес келмеуі. Бұл ретте құрылыс салушыға (тапсырыс берушіге) қағаз түрінде ескертпе және тиісті ұйғарым беріледі.

258. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының қала құрылысы регламенттеріне, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуін бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

259. Нысандарды және олардың кешендерінің құрылысын салуды (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтiру, күрделi жөндеу) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларсыз немесе белгіленген мерзімде сараптамадан өткізілмеген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамалармен жұргізілген жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес тоқтатылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары тек белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық (жобалық-сметалық) тиісті құжаттамаларының бар болғанда ғана қайта жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет