Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет1/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ЖОБА

Облыстық мәслихаттың шешімі

Орал қаласы № 2014 жыл



Батыс Қазақстан облысы

аумағында құрылыс салудың

Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 278 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ережесі бекітілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы №8-7 «Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салу ережелері туралы» шешімінің (мемлекеттік реестрдің нормативтік құқықтық актісінде №2725 2004 жылдың 9 шілдесінде тіркелген, 2004 жылдың 25 қыркүйегінде «Орал өңірі» газетінің №117 санында, 2005 жылдың 5 қарашасында «Приуралье» газетінің №133 санында жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 22 қазандағы №22-6 «2004 жылғы 29 мамырдағы №8-7 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімінің (мемлекеттік реестрдің нормативтік құқықтық актісінде №2947 2005 жылдың 28 қарашасында тіркелген, 2005 жылдың 10 желтоқсанында «Орал өңірі» газетінің №149 санында, 2005 жылдың 10 желтоқсанында «Приуралье» газетінің №149 санында жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 14 қазандағы №9-7 «2004 жылғы 29 мамырдағы №8-7 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің (мемлекеттік реестрдің нормативтік құқықтық актісінде №3016 2008 жылдың 13 қарашасында тіркелген, 2008 жылдың 26, 29 қарашадағы «Орал өңірі» газетінің №136, 137 сандарында, 2008 жылдың 27 қараша, 2, 6 желтоқсандағы «Приуралье» газетінің №136, 138, 140 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Р. Хайруллин

Облыстық мәслихат

хатшысы М. Құлшар
2014 жылғы «___»________ № ____

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне

қосымша


Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың

Ережесі

1. Қолдану саласы

1. Осы Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген және Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде құрылыс салудың талаптарын ұсынады.

2. Осы Ереже белгілі бір елді мекен бойынша қазіргі заманғы және келешектегі қала құрылысына және әлеуметтік-экономикалық дамуына, сол елді мекеннің шекарасы шегіндегі табиғи және басқа да жергілікті жағдайларға қарай қала құрылысын салудың Ережелерін жасау үшін арналған.

3. Осы Ереже Батыс Қазақстан облысы аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылысын салумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қолдануы үшін міндетті болып табылады.

4. Осы Ереженің талаптары қайта әзірленіп жатырған жобалық құжаттамалар үшін, сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, елді мекендердің аумағын дамытуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ аумақтарда қалыптасқан жағдайдың, жылжымайтын мүліктің және өмір сүру ортасының өзгеруіне әкелетін басқа да қызмет түрлері бойынша бекітілген қала құрылысы құжаттамалары мен қала құрылысы регламенттерін іске асыру үшін ұсынылады.

2. Нормативтік сілтемелер

5. 1-қосымшаға сәйкес сілтемелік заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі.



3. Ұғымдар және анықтамалар

6. Осы Ережеде «Нормативтік сілтемелер» бөлігіне қосылған заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттардан алынған ұғымдар, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес тиісті анықтамалары бар қосымша терминдер пайдаланылған.



4. Жалпы ережелер

7. Ереже қолданыстағы заңнамалық нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде әзірленген және Батыс Қазақстан облысының аумағында құрылыс салуда бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде құрылыс салудың кешенділігі мен орнықтылығын, пайдалану барысында сақталуын, құрылыс үшін бөлінген алаңдарды игеру кезінде жолдарды, инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарды салуды қарастырады.

8. Құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу тек жергілікті атқарушы органның шешімі (өкімі) негізінде және бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес әзірленген жобалар (көрсетілген жағдайда нобаймен (нобайлық жоба)) бойынша ғана жүзеге асырылады.

9. Батыс Қазақстан облысының аумағында ғимараттар мен құрылыстарды салу меншік нысанына қарамастан жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау құқығын беретін тиісті мемлекеттік лицензиялары бар заңды және жеке тұлғалар әзірлеген жобалық құжаттамалар бойынша жүзеге асырылады.

10. Батыс Қазақстан облысының аумағында объектілерді салуға меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан оларда қабылданған шешімдердің қала құрылысы және құрылыс нормалары мен ережелеріне, санитарлық-техникалық және экологиялық жағдайларға, жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарына, конструкциялық беріктік, сейсмикалық төзімділік (сейсмикалық аудандар үшін) және құрылыстардың пайдалану барысындағы сақталу, мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді қорғау талаптарына,сондай-ақ құрылысты тұрғызу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамадан өткен (өткізу қажет болған жағдайда) жобалар (нобайлық жоба) бойынша ғана жол беріледі.

Қазақстан Республикасының стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерін және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін салуды ҚР ҚБҚ 2.04-08-2009 сәйкес қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған және инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайтылған түрде жүргізу қажет.

«Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысында белгіленген тәртіппен жобаларды сараптау жұмыстарын жобаларды (жобалық-сметалық құжаттамаларды) сараптамадан өткізу жөніндегі тиісті аккредитациядан өткен аттестаты және сарапшы куәлігі бар сарапшылар жүзеге асырады.

11. Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс жұмыстарын сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін іске асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса) орындауы тиіс.

Мердігер таңдауы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 66-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің алдындағы мердігердің міндеттері мердігерлік келісімшартпен белгіленеді.

12. Құрылыс салушы Батыс Қазақстан облысы аумағында объектілер салу туралы ұсыныстарды тәртіп бойынша техника-экономикалық негіздемелердің (немесе техника- экономикалық) есептері негізінде қолданады.

13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі жергілікті атқарушы органдар өз құзіреті шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тапсырыс берушілер (құрылыс салушы), мердігерлер және жобалау ұйымдары арасындағы қала құрылысы қызметінің мәселелері бойынша қарым қатынасты реттеуді жүзеге асырады.

Аумақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдары салынып жатырған нысандарға тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді.

14. Ереже аумақтардың қазіргі жай-күйінің, тарихи және мәдени ескерткіштердің, табиғи-климаттық жағдайлардың және Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің келешекті әлеуметтік-экономикалық, қала құрылысының даму ерекшеліктері ескерілген бекітілген қала құрылысы жобаларын: аумақтардың қала құрылысын жобалаудың кешенді схемаларын, табиғи аймақтар жобаларын, бас жоспарларды, нақты жайғастыру жобаларын іске асыру бойынша іс-әрекеттердің тәртібі мен бірізділігін белгілейді.

15. Осы Ереже мыналарды анықтайды және белгілейді:

1) құрылыс нысанына құқық орнататын құжаттарды орналастырудың, ұсынудың және ресімдеудің тәртібі мен шарттарын оның ішінде:

елді мекеннің аумағында құрылысты кешенді орналастыру және нақты объектілерді салатын алаңдарды таңдау;

құрылыс және абаттандыру объектілерін арнайы белгіленген, не мемлекетпен қорғалатын аумақтарда орналастыру;

жер учаскелерін беру;

елді мекендерде құрылыс салу, абаттандыру, көгалдандыру және сәулеттік көркемдеу жұмыстарына жобалық құжаттаманы келісу, бекітілген жобалар бойынша құрылыс салуды және объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру;

құрылыс нысанын құқықтық ресімдеу;

2) құрылысты жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде:

құрылыс объектісін жайғастыру (жер телімін таңдау);

жер телімін беру (жергілікті атқарушы органның шешімі);

құрылыс нысаны үшін бастапқы мәліметтерді беру;

нысан құрылысына жобалық құжаттаманы алдын ала келісу және жер телімін таңдау актісін бекіту (қажет болған жағдайларда);

жобалық құжаттаманы алдын ала келісу, сараптамадан өткізу (қажет болған жағдайларда) және бекіту;

құрылыс жұмыстарын орындау, құрылыс сапасын және құрылысы аяқталған нысандардың пайдалануға қабылдануын бақылау;

қала құрылысы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл санкцияларын салу;

3) мынадай жағдайлардағы тәртіптер мен шарттарды:

қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (қайта құру, қайта бейімдендіру, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, кеңейту, күрделі жөндеу және т.б.);

уақытша пайдалануға (жалға) ұсынылған жер телімдеріне құрылыс нысандарын жайғастыру;

кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін уақытша сауда, қызмет көрсету, сыртқы жарнама, шағын сәулет нысандарын орналастыру;

тұрақты пайдалануға және жалға берілген жер телімдеріне басқада көрме және коммерциялық мақсаттағы уақытша нысандарды орналастыру.

16. Осы Ереже қала құрылысы жобаларына және жер пайдалану құқығын беретін құжаттарға сәйкес берілген аумақты функционалдық мақсаты бойынша және белгіленген шекара шегінде құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін (шарттары мен шектеулерін) есепке ала отырып, елді мекен аумағындағы сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

17. Қала құрылысын ерекше реттеу аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін орналастыруға, салуға немесе өзгертуге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

18. Ерекше маңызды қала құрылысы тораптары (объектілері) сәулеттік-жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының сәулет-қала құрылысы кеңесінде қарастырылуы тиіс.

Елді мекендердің және кенттердің нақты жайғастыру жобалары міндетті түрде тек облыстық қала құрылысы кеңесінде жобалары қаралғаннан соң жүзеге асырылады.

Облыстық қала құрылысы кеңесінің құрамы және қарау үшін материалдарды ұсыну тәртібі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін облыстың қала құрылысы кеңесі туралы ережемен белгіленеді.

19. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі.

20. Бекітілген қала құрылысы құжаттамасы ережелерді әзірлеу кезінде мыналар үшін басшылыққа алынады:

аумақтық құрылыс салу және аумақтық жерді пайдалану Ережелерін жасау үшін;

Батыс Қазақтан облысының аумағы көлемінде табиғи ресурстарды пайдаланумен және және қоршаған ортаға ықпал етумен байланысты әлеуметтік-экономикалық даму, қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау, шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде табиғи ресурстарды пайдалану мен ұдайы өндіру бағдарламаларын жасау үшін;

жерлерді функционалдық тұрғыдан бөлуді және жер телімдерін мақсатты пайдалануды жүзеге асыру үшін;

тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді анықтау үшін;

үлестік және жеке меншікке берілмейтін елді мекендердің жалпы пайдаланыстағы жерлерін анықтау үшін;

жерлерді таңдау, меншіктен алу, беру, сатып алуға, сатуға беру үшін;

жеке және заңды тұлғалардың жер телімдерін пайдалануды және құрылыс салуды өзгерту мәселелерін шешу үшін;

жер телімдерін пайдалану және құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін (шарттарын) белгілеу үшін;

құрылыстың барлық түрлерін орналастыру және олардың орналасатын жерлерін алдын ала келісу, құрылысқа (құрылыс салуға) және жер телімдерін басқалай пайдалануға беру үшін;

аумақтарды экономикалық бағалау және жердің бағалау құны үшін;

елді мекендер мен басқа да аумақтардың (аймақтардың), көшелер мен барлық санаттағы жолдардың қызыл сызықтарының шектерін белгілеу және өзгерту үшін;

басымдықты дамыту аумақтарын анықтау және осы дамытуды қаржылай қамтамасыз ету үшін;

экономика салаларын дамыту бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіру үшін;

ерекше даму жағдайларындағы жергілікті маңыздағы аумақтардың тізілімдерін құрастыру үшін;

әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды жобалау үшін;

жалпы мүдделік аумақтарды, бау-бақша серіктестіктері аумақтарын анықтау үшін;

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерін әрі қарай дамытуға арналған аумақтарды резервте сақтау үшін;

жол шаруашылығы жерлерін анықтау үшін.

21. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы ақпараттар келесі міндеттерді шешу кезінде аумақтық Ережеде қолданылуы тиіс:

елді мекендерді дамытуды, жоспарлауды және оларда құрылыс салуды болжамдау;

тұрғын үй-азаматтық, әлеуметтік және өндірістік мақсаттардағы нысандарды орналастыру, жобалау, салу және қайта құру;

мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, тарихи елді мекендерді, елді мекендердің тарихи таралу аймақтарын, ортаның дәстүрлі сипатын регенерациялау;

табиғатты қорғау;

инженерлік және көліктік инфрақұрылымды құру;

тиісті аумақтарда жер қатынастарын реттеу;

аумақтық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау, бекітілген қала құрылысы құжаттамасының іске асырылуын талдау және т.б.

22. Осы ереже ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін, қауіпсіздігін, ұсталуын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстау шарттарының сақталуын, қоғамдық және азаматтық мақсаттағы үй жайларының интерьерлерінің пайдаланылуын бақылау бойынша іс-әрекеттердің тәртібі мен бірізділігін белгілейді.

23. Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында көп қабатты тұрғын үйлерде (тұрғын үйлер аумағында) инженерлік желілер, жүйелер мен коммуникациялардың аварияларын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде, жер қазу жұмыстарын жасауға, ғимараттардың іргетасы мен каркастарын орнату жұмыстарын, сыртқы құрылыс монтаж жұмыстарын, тиеу-түсіру жұмыстарын және тағы басқа да жұмыстарды кешкі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жүргізуге тиым салынады.

24. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері жоқ болған немесе пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларда, елді мекенді сумен жабдықтау жүйесі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың жергілікті органымен келісе отырып, сумен жабдықтаудың ашық көздерінен қарастырылуы тиіс.

25. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарында кабель желілерін, телерадиоканалдарды ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және құрылысын салу қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарының алдыңғы жағына және балкондарына спутникті және эфирлік қабылдау құралдарын орналастыру жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

26. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамаға:

- «айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамалары»,

- «қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары жатады.

27. Қала құрылысы регламенттері ережелерінде белгіленген іс-әрекеттер аумақтық аймақтар мен қосалқы аймақтар шектерінде орналасқан барлық жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілеріне қолданылады, мына жер телімдерін қоспағанда:

Қазақстан Республикасы мәдени мұрасы объектілерінің (тарих және мәдениет ескерткіштерінің) бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген ескерткіштер мен ансамбльдер аумақтарының шектерінде, сондай-ақ жаңадан анықталған мәдени мұра объектілері болып табылатын ескерткіштер немесе ансамбльдер аумақтарының шектерінде орналасқан;

жалпы пайдаланыстағы аумақтар шектерінде орналасқан;

линиялық объектілер орналасқан;

пайдалы қазбаларды өндіруге берілген.

28. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген аумақтарын пайдаланудың ерекше жағдайлары бар, елді мекенді қала құрылысы аймақтарына бөлу жоспарында көрсетілмеген аймақтар шекаралары қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілгеннен кейін елді мекендерде құрылыс салу және жер пайдалану Ережелеріне енгізіледі.

29. Қала құрылысы регламенттерінде жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілеріне қатысты мыналар көрсетілуі тиіс:

1) жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалану түрлері:

пайдаланудың негізгі түрлері;

пайдаланудың шартты түрлері;

пайдаланудың қосымша түрлері;

2) жер телімдерінің шекті (ең төменгі және/немесе ең жоғарғы) мөлшерлері және құрылыстың шекті параметрлері, күрделі құрылыс объектілерінің өзгерістері (қайта құрылуы);

3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға белгіленген шектеулер.

30. Қосалқы аймақтардың қала құрылысы регламенттері өздері орналасқан шекарадағы аумақтық аймақтардың қала құрылысы регламенттерінен жер телімдерінің шекті мөлшерлері және/немесе құрылыстың, күрделі құрылыс объектілерінің қайта құрылуының шекті параметрлері немесе осындай мөлшерлер мен параметрлердің үйлесімдері бойынша айрықшаланады.

31. Жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулер жерге қатысты құқықтарды шектеу болып табылады. Қала құрылысы регламентінің құрамындағы жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулердің мазмұны Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен анықталған.

32. Қала құрылысы жобаларының нормативтік параметрлеріне сәйкес әрбір қала құрылысы аумағы үшін құрылыс салудың бірыңғай шарттары мен регламенттері (шектеулері) және жер телімдерін пайдаланудың басқа да түрлері белгіленеді:

үйлер мен құрылыстардың барынша мүмкін болатын биіктіктері және құрылыс салудың тығыздығы;

үйлер мен құрылыстардың құрылыс салуды реттеу сызықтарынан, іргелес телімдер шектерінен ең аз шегіністері;

үйлер мен құрылыстардың, көлік құралдарын қоятын жерлердің жолдары мен кіре берістерін ретке келтіруге қойылатын талаптар;

инженерлік-көліктік инфрақұрылымның пайдаланылуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға қойылатын талаптар;

үйлер мен құрылыстарды күтіп ұстауға қойылатын талаптар;

жер телімдерін (қала құрылыстық, инженерлік, санитарлық-эпидемиологиялық, табиғатты қорғау, тарихи-мәдени) пайдалануға қойылатын шектеулердің тізімі және басқа да талаптар.

33. Қала құрылысы регламенттері жалпы пайдаланыстағы аумақтарды және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көрсетілген жалпы ережелердің, жалпы пайдаланыстағы жерлердің шектерін белгілеу, өзгерту және бекіту қажет болатын жер телімдерін пайдалануды белгілемейді.

34. Елді мекеннің қала құрылысы жобаларын іске асыру жөніндегі негізгі құжат жылжымайтын мүлікті (жер телімдерін, ғимараттарды, құрылыстарды) пайдаланудың, құрылыс салуды жүзеге асырудың құқықтық қала құрылысы регламенттерін жүргізу тәртібін анықтайтын – жоспар болып табылады. Жоспардағы іс-әрекеттер қызметі елді мекендерде құрылыс салумен немесе аумақтарды басқа да мақсаттарда пайдаланумен байланысты жергілікті атқарушы органдарға, заңды және жеке тұлғаларға таралады.

35. Жоспардың негізгі ережелері қала құрылысы қызметін жүзеге асыру және жерге құқық беру кезіндегі бас жоспарлар ережелерін іске асыратын аумақтардың функционалдық аймақтарының құрылысын салу стандарттары мен ережелері бойынша жер телімдеріне құрылыс салуды аумақтық жоспарлау және қала құрылысы тетігін қалыптастыратын елді мекендердің Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Деректер банкінің бастапқы ақпараттық базасы болып табылады.

36. Функционалдық аймақтар мен қала құрылысы регламенттері туралы ақпарат нақты аумақта құрылыс салуды іске асыру жоспары бойынша құжатты беру кезінде жарамды болады.

37. Жер пайдалану құқығын беретін құжаттарды (актіні) әзірлеу кезінде аумақтық Ережелермен анықталған құрылыс салудың және басқа (іргелес) жер телімдерін пайдаланудың біріңғай шарттары мен шектеулері ескеріледі.

38. Үй жанындағы алаңдарда құрылыс салу және қосалқы үй iргесi шаруашылығын жүргізу бойынша жалпы талаптар Ережелермен белгіленеді.

39. Облыстық маңызы бар қалалар бойынша құрылыс салу ережесі (ары қарай аумақтық Ереже) қолданыстағы Ереже талаптарын есепке ала отырып әзірленеді және белгіленген тәртіпте бекітіледі. Аумақтық Ережелер экологиялық сараптамадан өтуі тиіс. Аудандар бойынша елді мекендердің аумақтарында құрылыс салудың облыстық Ережелері пайдаланылады.

40. Аумақтық ережелерде елді мекендер аумақтарының, оларда құрылыс салудың өзіне тән ерекшеліктерін, оларды дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламаларды, мәдени, тарихи, сәулет-қала құрылысы мұраларының сақталуын және табиғи ландшафты ескеру туралы талаптар болуы тиіс.

41. Аумақтық ережелерде аумақ шектерін, ортаны қорғау аймақтарының шектерін және басқа да регламенттерді көрсете отырып, аумақтарды қала құрылысында пайдалану жоспарларын құрастыру қажеттілігі қарастырылуы тиіс.

42. Аумақтық ережелерде тұрғын аудандарды жобалау және оларда құрылыс салу, жаңадан игерілген және қайта құрылған аумақтарды абаттандыру кезінде тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен құрылыстардың мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қарастырылуы тиіс.

43. Аумақтық ережелер Батыс Қазақстан облысы аумағында салынуы тиіс мемлекеттік (халықаралық) маңызы бар объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларды қарастыруды, келісуді және бекітуді көздейді.

44. Аумақтық ережелерде елді мекендер аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қала құрылысы кадастры (елді мекеннің аумақтары бойынша қала құрылысы регламенттері) мәліметтерін пайдалануының нұсқаулықтары болуы тиіс.

45. Аумақтық Ережелерде қала құрылысы аймақтары шегінде құрылыс салу үшін аумақтарды функционалдық пайдаланудың және жер телімдерін басқалай пайдаланудың рұқсат етілген түрлерінің басымды және мүмкін болатын қала құрылысы регламенттерінің тізбесі келтірілуі тиіс.

46. Аумақтық Ережелерде қала құрылысы нысандарын орналастыру және оларды жобалау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді ұсыну мәселелерінің шешілу тәртібі белгіленеді.

47. Аумақтық Ережелер бекітілгеннен кейін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануы тиіс.

48. Осы Ережелердің қолданылуы салдарынан заңды мүдделері бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғалар аумақтық Ережелер қағидаларына сот тәртібінде шағымдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет