Педагог кадрлар
2012 жылы аудан бойынша жалпы білім беретін орта мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру орталықтарында және үздіксіз білім беру орталығында жұмыс жасайтын 10 педагогты қосқанда барлығы 1404 педагог жұмыс жасады. (2011 жылы 1370 педагог ) Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34 педагогқа көбейгенін байқатады, оның себебі Қызылтал ауылында мектепке дейінгі ұйымның ашылуы 28 тәрбиешіге көбейтсе, мектептен тыс жұмыс орталықтарында жұмыс жасайтын қосымша білім беру педагогтарының санының 6 адамға көбейген. Жалпы білім беретін мектептерде 2011-2012 оқу жылында 1018 педагог жұмыс жасаса, 2012- 2013 оқу жылына мектептердің берген есебі бойынша 1018 педагогты құрап өзгеріссіз қалып отыр. Олардың 2011 жылы 1005 –сі (73,0 %) жоғары білімді ал, 2012 жылы 1059-і жоғары білімді (75,4 %) пайызды көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,4 % көтерілгені байқалады.
Арнаулы орта білімді педагогтардың саны жыл санап азайып келеді. Олар 2011 жылы 365 болса , 2012 жылы 345-ті құрап, 20 педагогқа азайғаны байқалды. Орта білімді мамандар саны жоқ. Магистратураны бітірген мамандар саны аудан бойынша – 3.
Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік –экономикалық жаңғарту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор..» дегендей ауданның барлық педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы жылдан –жылға өсуде. 2011 жылы 150 педагог жоғары санатты болса, оның саны 2012 жылы 163 –өсті , 2011 жылы 413 -і бірінші санатты болса, 2012 жылы 398. Аудан бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамы 2011 жылы – 41,1 % болса, 2012 жылы 40 % құрап, 1,1 % - төмендеп отыр. Бұл Ақсай қаласындағы № 6 МДҰ , №7 МДҰ және Қызылтал ауылындағы МДҰ жаңадан ашылып, жас мамандардың санының көбейуінде.
Білім беру жүйесін жаңғарту барысында халықаралық стандарттар негізінде 2012 жылдың 4 сәуірінен бастап «Назарбаев Зияткерлік» жанындағы педагогикалық шебер орталығында өтетін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін 3-ші базалық деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілік арттыру курсына аудан бойынша 4 педагог қатысса, «Өрлеу» АҚ филиалы облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жанында 3 деңгейлі курстан 15 педагог біліктілігін арттырып, сертификаттарға ие болды. 2012 жылы 247 мұғалім ОПКБА және ҚДИ-дан, РПКБА және ҚДИдан 27 педагог біліктілігін арттырды. Барлығы – 274 педагог. Ауданымызда жыл сайын мұғалімдердің беделін көтеру мақсатында аттестация өткізіліп тұрады. 2012 жылы барлығы 234 педагогтің арызы қаралды. 21 педагогке жоғарғы санат тағайындалып, 20 расталды ал 4 педагогтің арызы мойындалмады. Бірінші санатты 36 педагог иеленіп 41 расталды. Үш педагогтің арызы мойындалмады. Екінші санатты 116 иеленді, 2 педагогтің арызы мойындалмады.
Аудандық әдістемелік кабинет әдістемелік жұмысына 12 жылдық білім беруге көшуді қолдау тәжірибе жұмысын, аудандық инновациялық кешенді дамыту, педагогтар қызметінің басты мәселелері орай әдістемелік оқулар ұйымдастыру, аудан мектептерінде әдістемелік қызметті қолдау, жүйелеу, тәжірибе бөлісу бағыттарында жұмыстанды.
2012 жылы 2011 жылымен салыстырғанда семинар жұмыстарының саны 8,3% көбейді.(2011 жылы жоспар бойынша 84, 2012 жылы жоспарға 91 семинар енгізілді). АӘК-тің 2012 жылға арналған семинар жұмыстарының бағыттары 12 жылдық білім беруге көшу бастауыш саты мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігін арттыруға, тілдердің берілуінің әдістемелік негізіне, «Өзін - өзі тану» курсының берілуінің әдістемелік негізіне, мемлекеттік стандартқа сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының теориясы мен әдістемесіне, 12 жылдық мектеп моделіне көшу жағдайындағы менеджмент,мұғалімдердің технологиялық мәдениеттілігіне арналды.
Білім беру саласының қызметкерлерінің моральдық жағынан көтермелеу мәселесіне назар аударылып, 2011-2012 оқу жылы 83 педагог Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен және облыстық білім басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
2012 оқу жылында 15 мұғалімге (атап айтсақ математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің, орыс сыныбындағы физика, тарих пәнінің мұғалімдері ) сұраныс түсті.
Аудан әкімдігі мен маслихаттың қолдауының негізінде ауыл мектептері мұғалімдерінің коммуналдық шығынына бөлінетін қаражат 8500 теңгені құрайды.
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың
білім алу құқығын іске асыру
Аудан бойынша даму жетілуінде жетіспеушілігі бар 139 бала тіркеуде тұр. 102 бала тізімнен шығарылды. Жалпы тізімде аудан бойынша 791 бала. Бұл өткен жылмен қарағанда 37 балаға артып отыр. Бүгінде дамуында мүмкіндігі шектеулі 634 бала жалпы білім беретін мектепте оқып жүр. Өткен жылмен салыстырғанда 52 балаға артып отыр. 12 бірлік дефектолог енгізілді. түзете дамыту сыныбына баратын балаға 7 %-ға артты. Үйден оқытылатын 40 бала бар.
Ауданда түзету бойынша кеңес беретін аудандық аймақтық психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңес жұмыс істейді. № 2 ЖББОМ тіл мүкістігіне байланысты балаларға арналған логопункт қызмет атқарады. №4 мектептегі логопунктте 42 бала қамтамасыз етілген. № 4,5,6,7 мектепке дейінгі ұйымдарда 40 бала 2 коррекциялық топ және 2 инклюзивтық топ жұмыс жасайды. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың ауданда көбеюіне байланысты психологиялық-педагогикалық кабинеттерді ашуды қажет етіп отыр.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу
Өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың мәліметтер базасы - өткен жылдың негізгі міндеті болып отыр. Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар базасының мәліметі бойынша 2012 жылы 98 бала тіркелді. Бұл аудандық жалпы білім беру мекемелеріндегі контенгент бойынша 1,2 пайызды құрайды. Өткен 2011 өмірде қиын жағдайға тап болған 5,2 кеміді. 2012 жылда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және сәтсіз отбасыларын анықтау барысында ішкі істер бөлімінен 14 рейдтік шара ұйымдастырылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2 рейдтік шараға артып отыр. Атан-аналарға психологиялық және заң бойынша кеңес беру бойынша «Асыраушы ата-аналар мектебі» атты мекен-жай ашылды. Жедел желі бойынша тәуелді жағдайларға тап болған жасөспірімдерге сенім телефондары психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық көмек көрсетуде.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау
Өткен жылдың басынан қамқоршылық және қорғаншылық органының анықтауы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 кәмелетке толмағандар анықталды соның ішінде 19 бала отбасы тәрбиесіне берілген (82,6 %), 4 бала жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге орналастырылды (17,3% ).
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында қамқоршылық және қорғаншылық органынынан ата-аналық құқығынан айыру мен шектеу барысында 15 балаға қатысты 13 өтініш жазылып қаралды. Сонымен қатар 4 қорытынды бойынша сот шешіміне 4 баланың тұрғын мекенінен ата-аналарынан бөлек тұру мәселесі қаралды.
ҚР азаматтарының балаларды асырарап алу жөнінде жұмыстары атқарылуда. Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті азаматтардың балаларды асырап алуы 1 балаға өсті.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында,өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін 35 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 14 бала тәрбиеленіп отырған 8 отбасы ішкі істер бөлімінің тіркеуіне алынды, өткен жылға қарағанға 5 ретке азайды.
Жылына екі рет жетім балаларға, ата-аналардың қамқорынсыз қалған балаларға «Жалпыға білім беру» қорына киім кешек беріліп отырады. Аудандық әкімнен 64 бала жаңа жылдық сыйлыққа тәтті сыйапаттар алды.
2012 жылы 54 кәмелетке толмаған жасөспірім мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға тізімге қойылды.
Жазғы демалыс
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аудан бюджеті есебінен 10 310 000 теңге қарастырылды.
Жазғы демалыс кезінде мектептерде 2550 баланы қамтыған 21 лагерь жұмыс жасады, «Жас турист» шатырлы лагерінде 360 оқушы, мектеп үлескілерінде көгалдандыру жұмысына 1664 оқушы қамтылды.
Аудан мектептерінің оқушылары Астана, Алматы, Қарағанды, Щучинск, Орал қалаларының лагерлерінде демалды.
Ағылшын тілін жетілдіру мақсатында 12 оқушы ата-аналар есебінен АҚШ-та оқыса, 3 бала Италияның Чезенатико сауықтыру лагерінде демалып қайтты.
Сонымен қатар, 2011-2012 оқу жылындағы күзгі, қысқы, көктемгі демалыстарында Аксай қаласы мектептерінің аз қамтылған және көп балалы отбасылар балалары «Талап» санаториясында 10946900 теңгеге демалып, денсаулықтарын түзеді.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша
АКТ-ны оқыту үрдісінде қолданудың маңызды міндеті – оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық желіге жаппай қосылуын қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы орта білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес Интернет желісіне қатынау мүмкіндігі 7-11 сыныптарда қамтамасыз етілуі қажет. Аудан мектептері Интернет желісіне АДСЛ, радиоұзартқыш, Dial-up телефон байланыстары арқылы қосылған. 29 мектептің 10-ы ADSLтехнологиясы бойынша, 8 мектеп EV-DO жүйесі арқылы жаһандық желіге, (512кбит/с,256 кбит/с, 128 кбит/с) қатынау мүмкіндігі бар.
Интернет желісіне аудан мектептерінің 100 пайызы қосылған. Кеңжолақты Интернет желісіне ADSL технологиясы бойынша 512 кбит/с жылдамдықпен қосылған жалпы білім беретін мектептер саны 8 бірлікке артып, 18 мектепті немесе мектептердің жалпы санынан 62 пайызды құрады.
Сонымен бірге, келесі проблемалар туындап отыр:
Дерек беретін телефон желілері сапасының талап етілетін параметрлерге сәйкес келмеуіне байланысты, Dial-up технологиясы бойынша қосылған мектептерде Интернет желісімен жұмыс жасау мүмкін емес.
Осыған байланысты, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге мектептерді кеңжолақты Интернет желісіне қосу және өткізу қабілеттілігін 4-тен 10 Мбит/сек-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2012 жыл ішінде келесі негізгі бағыттар бойынша іс-шаралар атқарылды: ақпараттық технологиялардың қолданылуымен облыстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандырылу, білім беру сапасын бағалаудың жүйесін енгізу.
«Сабақтарда АКТ-ны қолдану» тақырыбында пәндер бойынша әдістемелік семинарлардың циклі ұйымдастырылды. Семинарлар «Мұғалімнің әдістемелік портфолиосын қалыптастыру», «Биология сабақтарында АКТ-ны қолдану», «Химия сабақтарында АКТ-ны қолдану», «Бәйтерек бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану», «Пифагор бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану», «Оқу үрдісінде АКТ-ны тиімді қолдану» тақырыптарында жүргізілді.
Ұйымдастырылған әдістемелік семинарлар мұғалімдердің қатысу көрсеткішінің белсенділігін, мазмұны мен өткізілу формасы жағынан өзінің қажеттілігін көрсетті. Сондықтан, үстіміздегі жылы семинарлар тақырыбын кеңейтіп, шалғай аудандардың жағдайын ескере отыра көшпелі семинарларды жергілікті жерлерде өткізу қажет.
Жұмыс жоспарына сәйкес «Туған өлке», «Үздік интернет-ресурс», «Үздік оқу-әдістемелік кешен», «Интерактивті құрылғы қолданылатын үздік әдістемелік әзірлеме» «Infoman» интеллектуалдық компьютерлік турнирі, «Мультимедиялық жобалар фестивалі» облыстық байқаулардың аудандық кезеңдері ұйымдастырылып, өткізілді.
Жүргізілген байқауларды талдау нәтижелері байқауға қатысқан жұмыстар сапасының жылдан-жылға артып келе жатқандығын көрсетті.
Компьютерлердің жалпы саны аудан мектептері бойынша – 619 оның 312-сі ауыл мектептерінде. Қазіргі уақытта 1 компьютерге 13 оқушыдан келеді. Қала мектептері он - лайн режимінде өтетін сабақтарға, семинар кеңестерге уақытымен қатысады. Қаланың 3 мектебінде веб-сайт жұмыс жасайды.
2012 жылы Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ, Жарсуат, Березовка мектептері МЛК кабинеттерімен, Ақсай қаласының № 6 және Қанай негізгі мектептері биология кабинетімен, Ақсай қаласының № 4 және № 6 ЖББОМ-і химия кабинеттерімен республикалық бюджет есебінен жабдықталды.
Білім саласын қаржыландыру
2010 жылы аудандық білім беру бөлімінің бюджеті 2 588 818 000 теңгені құраса, 2011 жылы – 3 022 128 000 теңгені, ал 2012 жылы – 3 145 349 000 теңгені немесе аудан бюджеті көлемінен 45% құрайды.
Еңбекақы және әлеуметтік шығындар 1 648 200 000 теңгені немесе жалпы шығыннан 53 % құрайды.
Қызылтал ауылында республикалық бюджет есебінен жобалық қуаты 320 орындық балабақша салынды.
2012 жылы аудан бюджеті есебінен 148 млн. теңгеге Ақсу және Бумакөл мектептерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
КПО б.в. компаниясы әлеуметтік жобалар есебінен Приурал мектебі ғимаратына, Жарсуат мектебі шеберханасына және Өспен мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылдағы 26 білім беру нысандарының барлығы көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылыту маусымында мектептерді газдандыру 100% құрады. Барлық ауыл мектептері автономды дизельді электробекеттермен қамтылған.
Білім беру ошақтарының материалдық-техникалық базалары одан әрі жетілдірілуде. Республикалық бюджет есебінен 24 817 000 теңгеге Ақсай қаласының №6ЖББОМ мен Қанай мектебінің биология кабинеті, Ақсай қаласының № 6ЖББОМ, Жарсуат, Березов мектептері мультимедиалық және лингафондық қондырғы кабинеттерімен жабдықталды. №4ЖББОМ мен №6ЖББОМ-не 8194000 теңгеге химия кабинеттері, үйде оқитын мүмкіндіктері шектеулі балаларға 7300000 теңгеге компьютерлер сатып алынды. Аудандық бюджеттен 29 000 000 теңгеге оқулықтар алынды. Мектептер мен балабақшалардың медициналық кабинеттері аудандық бюджет есебінен арнайы құралдармен қамтылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
Бөрлі ауданының білім беру бөлімінде барлық қызметтер бақылауға алынып, келіп түскен өтініш, азаматтардың арыз - шағымдары уақытылы, мерзімінен асырылмай, қарау мәселелері бөлім меңгерушісінің қатаң бақылауында, тиісті дәрежеде, тез талқыланып, жазбаша өтініштеріне тәртіп бойынша жауап беріледі.
Статистикалық есеп көрсеткіштерін зерттеу нәтижесінде, 2012 жыл бойынша білім беру мемлекеттік мекемелеріне келіп түскен өтініштердің саны жеке тұлғалар бойынша – 5278. Заңды тұлғалар бойынша – 112. Келіп түскен өтініштер қанағаттандырылып түсіндірілді. Өтініштер қамқоршылық және қорғаншылық органына: қамқоршылыққа тағайындау және бас тарту, жәрдемақы тағайындау, асырап алушылардың тіркелуі, тұрғын - үй актын жасау, баласымен кездесу графигін анықтау, патронаттық тәрбиеге алу, ата -ана құқығынан айыру, т.с.с.
Жеке қабылдау белгіленген уақытымен жүргізілуде. 1 - иесі бүркемеленген (Анонимді) өтініш тіркелді. Ауданның білім ошақтары бойынша 2012 жылы 10 шағым түрі тіркелді. Соның ішінде 7- і ұжымдық. Атап айтсақ: шағымдардың мазмұны қызметкердің өз міндетін тиісінше атқармауы, тұрғын - үй мәселесі, оқушылардың оқулықтарының жетіспеуі, балабақшаға қызметкерлердің орналасуы, балалардың балабақшадан балабақшаға ауысуы туралы.
2013 жылға білім беру бөлімінің іс-әрекетінің мақсаттары және негізгі бағыттары:
мектепке дейінгі білім беру саласында:
-
педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту жұмыстарын жүргізу және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, барлық педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу-тәрбие жүйесінің сапасының тиімділігін арттыру;
-
мектепке дейінгі ұйым желісінің одан әрі дамуына шаралар белгілеп, топтардың жүктемеден тыс толымдылығын төмендетуге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтардың желісін кеңейтуге, сауықтыру топтарының көбеюіне жағдай жасау және жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жұмыстарын қолдау;
-
барлық мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың толықтай мектепалды даярлығын қамтамасыз ету;
-
жаңа инновациялық әдістемелер мен тәжірибелік құралдарды енгізуде үш тілдің оқытылуында тиімді жағдай жасау.
орта жалпы білім беру саласында:
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жетілдіру;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» озық идеялар мен әдіснамалық тәсілдердің ендірілуіне ұйымдастыру және әдістемелік жағдай жасау;
- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін білім беру жүйесіне тарату жұмыстарын жүйелі жүргізуге қолдау көрсету;
-
білім сапасын көтеру, мектепішілік басқаруды жақсарту және педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыру және білім сапасын көтеру бағытында мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру;
- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру жұмыстарын жалғастыру, педагогтардың жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өтуін қадағалау;
- оқушылардың білім сапасы мониторингін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру бағытында аудандық және облыстық, республикалық жобалау және зерттеу жұмыстарын, түрлі интеллектуалдық конкурстарға қатысу шараларын алу;
- ҰБТ нәтижелерін және білім қызметін алу сапасының басқа да аралық бақылау түрлерін талдау және өзінше пайымдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;
- оқушылардың ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеу дағдысын дамыту және ағылшын тілін 1 сыныптан бастап енгізу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету;
-
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің берілу сапасын арттыру бағытында мақсатты жұмыстарды жалғастыру;
- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтау және он-лайн режимінде сабақтар, шеберлік байқауларының ұйымдастырылуын бақылауға алу;
- өзге ұлт оқушылары мен мұғалімдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау және мемлекеттік тілді меңгергендер санын 100 пайызға жеткізу;
-
себепсіз сабаққа қатыспаған оқушыларды есепке алуын және олардың себепсіз сабаққа қатыспауын алдын алу жұмысын күшейту, мектеп жасындағы балалардың оқудан қол үзулеріне жол бермеу;
- оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасау, мектеп оқушыларын теңгерімді ыстық тамақпен қамтуды жалғастыру;
мемлекеттік тілді дамытуда:
- мектептер, балабақшалар, балабақшаларда мемлекеттік тілдегі топтар желісін кеңейту;
- білім ұйымдарында іс жүргізуді жүйелеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- өзге ұлт оқушылары мен мұғалімдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау және мемлекеттік тілді меңгергендер санын 100 пайызға жеткізу;
- қазақ тілі мен әдебиетін үйрену кезінде инновациялық технологияларды пайдалануға бақылауды күшейту;
- мемлекеттік тіл мен әдебиетке, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке баулу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- оқушылар мен жастардың мемлекеттік тілде кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана жұмысының мазмұнын жаңартуды жалғастыру;
қосымша білім беру саласында:
-
қосымша білім беру жұмыстарының бағыттарын кеңейту, сапасын бақылауды күшейту;
-
қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;
-
ҚР мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысын күшейту, білім беру ұйымдарының талапқа сәйкес мемлекеттік рәміздерімен қамтамасыз етілін бақылау, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту;
- құқықбұзушылықтың алдын-алу, АҚТҚ/ЖҚТБ-дан және зиянды
заттардан сақтауда психологиялық қызмет жұмысын күшейту,
қоғамдық қабылдау, «Сенім телефоны» жұмысын белсендіру;
-
ата-аналар қоғамдығының жұмысын жақсарту, есепте тұрған балалармен, олардың жанұясымен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, «қиын» балаларды спортқа, үйірме жұмыстарына тарту;
- жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие тұжырымдамасының жүзеге асырулыуын бақылауға алу;
-
балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу жұмысын белсендіру;
-
балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, зиянды әдеттердің алдын алу жұмысын мониторингтеу, бақылау жүйелерін жетілдіру;
-
ата-аналар қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысты жақсарту.
Арнайы және инклюзивті білім беру мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында:
-
- жалпы орта білім беретін мектептердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете қолдауға жолдайтын білім беру ұйымдарының санын көбейту;
-
- инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер санын көбейту;
-
- білім беру ұйымдарында мүгедек балаларды «қауіпсіз аймақпен» қамтамасыз ету шараларын өткізу;
-
- білім беру ұйымдарын дамуына арнайы қолдау қажет балалармен жұмыстанатын кадрлармен қамтамасыз ету;
-
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету құрылымын жетілдіру;
-
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруды дамыту;
-
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді біріктіру;
-
- отбасы қолайсыздығының алғашқы кезеңінде өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау;
-
- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу;
- жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіз және жайлы демалысын қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында:
-
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-техникалық бағытта оқитын оқушыларға қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
«Интерактивті қосымша білім беру» жобасын жүзеге асыру;
-
аудандық интерактивті іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
-
білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
-
АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы озы- педагогикалық іс-тәжірибені тарату;
-
АКТ саласында қашықтық және күндізгі фестивальдар, турнирлер, байқаулар, конференциялар және семинарлар өткізу, оларды ақпараттық-әдістемелік қолдау;
-
аудан педагогтары мен оқушыларын білім беру тақырыптары бойынша жаңалықтық және аналитикалық ақпараттармен қамтамасыз ету;
-
статистикалық мәліметтер негізінде аудандық білім беру жүйесінің жағдайы туралы тұтас түсінік беретін ақпараттық-аналитикалық материал қалыптастыру;
-
білім беруде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
білім беру сапасын бағалаудың аудандық жүйесін енгізу;
-
аудан мектептерінің интерактивті, мультимедиялық және компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне кеңжолақты қатынаумен жарақтандырылуын талдау, сондай-ақ техникалық жағдайын талдау.
білім беру жүйесін қаржыландыру саласында :
- «Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту» бағдарламасынын жүзеге асыру.
- Батыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарлама жобасында Бөрлі ауданы бойынша білім беру бағытындағы қарастырылған іс шаралардың орындалуын жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, қажетті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, пән кабинеттері мен ақпартаттық коммуникация технологиялары мен білім-тәрбие беру нысандарына қажетті құралдармен жабдықтауды жалғастыру;
- бухгалтерлік есепті жүргізу жағдайы бойынша бюджет қаржысының игерілуіне және тиімді пайдаланылыныуына бақылау, мониторинг, талдау жасауды қатаң жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдарының есепшілеріне әдістемелік көмек көрсету;
- мемлекеттік сатып алуды өткізуді электронды құжат айналымы арқылы жүзеге асыруға көшу, бухгалтерлік есепті жүргізу, жоспарлау мәселесі жөнінде ұйымдарды тексеру бойынша әдістемелік көмек көрсету, бухгалтерлік қызметтегі жұмысшылардың жауапкершілігін арттыруды жетілдіру.
- БҚО ББ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындау;
Педагогикалық кадрлармен жұмыс бойынша:
- Білім беру ұйымдарының басқару кадрларына резерв құру;
- Мектеп басшыларының үнемі ауысуына жол бермеу;
- Басшылар мен педагогтардың уақытылы біліктілігін арттыруды ерекше бақылауға алу;
- ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін зейнеткерлер мен бар бос орындарды ескеріп, 3 жылға кадрлардың болжамдық қажеттілігін құру;
- педагогикалық ЖОО-на түсуі үшін мектеп түлектерін тарту мақсатында нақты жұмыстар жүргізу;
- Аудандағы білім беру ұйымдарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау барысын бақылауды іске асыру;
- 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын орындауға бақылауды күшейту.
Бухгалтерлік есеп, есептілік және мемлекеттік сатып алуларды жүргізу жұмысы бойынша:
- халықаралық стандарттарға сәйкес есептеу әдісімен бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысын жалғастыру;
- нәтижелерге қол жеткізген бюджеттік қарыжыны игеру мен шығындау тиімділігін талдауды жүзеге асыру ;
- бухгалтерлік есепті, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есептерді ұсыну мен мониторингілеуді жалғастыру;
- жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу, сатып алуларды жүргізу бойынша тексерулер ұйымдастыру жалғастыру;
- бухгалтерлік жұмыс қызметкерлерінің жауапкершілігін және атқарушылық тәртібін арттыру, әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |