Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылы А. Оразбаева ат. Ожббм



Дата09.06.2016
өлшемі35.77 Kb.
#124556
Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталовка ауылы

А.Оразбаева ат.ОЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Уразгалиева Фариза Жадгеровна

«Сөз сыры « танымдық сайысы

Мақсаты: білімділік-оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,көркемдігін сезініп,оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;дамытушылық-тіл әуезділігін,байлығын,шешендігін көрсететін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту; тәрбиелік-тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып тілге деген сүіспеншілікті қалыптастыру,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сөз сыры» танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,-деп Мағжан ақын айтқандай,еліміздің болашағы-тек жас ұрпақтың қолында.

Құрметті оқушылар,бүгін біз үш топ болып («Тапқырлар», «Зеректер», «Жүйріктер») «Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз.Алдымыздан көп бекеттер кездеседі.Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жанашырлары» атағын жеңіп алады.

Қазылар алқасын сайлау.

Ана тілім-әрекеттің азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Сайысымыздың 1-бекеті- «Тапқыр болсаң тауып көр»

1.Бауыр

Жүрек алып ұшты



Бүйрек

(Жүрегі алып ұшты)

2.Жіп


Ине қазу

Тарақ


(Инемен құдық қазғандай)

3.Асық


Қоржын түсті

Тарақ


(Асығы алшасынан түсті)

4.Көз


Мұрын шығу

Құлақ


(Көзі шарасынан шығу)

5. Ит


Мысық төгілді

Тауық


(Ит басынан іркіт төгілді)

6.Таяқ


Шыбық тастам жер

Бұтақ


(Таяқ тастам жер)

-Осымен біз сайысымыздың бірінші бекетінен өтіп,өз мақсатымызға жеттік.

Осы тілде Абай атам жырлаған,

Мұқағали шаққандай ма мұң маған?

Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,

Осы тілде бесік жырын тыңдағам.

Енді «Өлең-сөздің патшасы» бекетіне сапар шегеміз.

Бұл бекеттің сіздерге берер тапсырмасы-тіл,Отан,туған жер туралы өлеңді мәнерлеп оқу.



3-бекет «Әзіл-көңіл кілті» деп аталады.Мұнда сіздер әзіл сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет.Олай болса мұқият тыңдаңыздар, әрі ойланып дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.

1.Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? /Бетің қисық болса/

2.Қорқақ неден қорқады? /Көлеңкесінен/

3.Тауық түс көре ме? /Тауықтың түсіне тары кіреді/

4.Аппақ қарға бола ма? /Қарға баласын аппағым дейді/

5.Қар жанады ма? /Қалауын тапса,қар жанар/

6.Шошқа үре ме? /Ит жоқта шошқа үреді/

7.Отқа түсіп күймеуге бола ма? /Отан үшін отқа түс күймейсің/

8.Қандай кілт аспанда болады? /Кісідегінің кілті/

9.Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты? /Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты/



4-бекет «Киелі сандар сыры» деген атаумен өз тапсырмаларын ұсынады.

1.Үш арсызды ата /Күлкі,ұйқы,тамақ/

2.Жеті қазынаны ата /Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,берен мылтық,жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт/

3.Үш биді ата /Төле,Қазыбек,Әйтеке/

Жүргізуші:

-Ана тілім-күшім менің,қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды,қорыңды,

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын?!

5-бекетке де келіп жеттік.Бұл бекетте жеңіске жетулеріңіз үшін тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашуларыңыз керек.

1.Қас пен көздің арасында /лезде/

2.Қара қылды қақ жару /әділ/

3.Төбе шашы тік тұрды /шошу/

4.Тайға таңба басқандай /анық/

5.Ауызына құм құйылды /үндемеу/

6.Көзге түртсе көргісіз /қараңғы/

7.Тонның ішкі бауындай /тату/

8.Бет моншағы үзілу /ұялу/

9.Жарғақ құлағы жастыққа тимей /мазасыздану/

10.Күн тигізбей өсірген /мәпелеу/

-Соңғы бекет-ойтолғау

Көп тыңдай біл,сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл.

«Егер мен президент болсам...» деген тақырыпта өз пікірлеріңізді айтуға шақырамыз.

-Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді қазылар алқасына береміз.

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.

Жүргізуші:

-Тіл қасиетті,құдіретті,киелі.Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды.Тіл өшпейді,қандай қиындықта да, тіл өз ұрпағының қанына,жанына өз ұрығын егіп,өміршең күй кешеді.

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.



Қазақ тілін мойындату әлемге-

Жастар үшін болса екен басты арман!-деп біз де жастарымызға үміт арта отырып, «Сөз сыры» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет