Баяндама пәНІ: тіршілік қауіпсіздігі тақырыбы



бет1/4
Дата25.04.2024
өлшемі35.48 Kb.
#499850
  1   2   3   4
10 тәж сабақ




БАЯНДАМА

ПӘНІ: ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
ТАҚЫРЫБЫ: ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ЖАРЫЛЫС ПЕН АВАРИЯЛАР, ӨРТТЕР, ТАБИҒИ АПАТТАР КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ

Орындаған: Нажимхан Жанель мат-201




Жоспар
1.Табиғи апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа ұсыныстар.
2. Өрт кезіндегі ұйымдастырушылық-практикалық қауіпсіздік шаралары.
3.Өндірістік объектілердегі авариялар мен жарылыстар кезіндегі ұйымдастырушылық-практикалық қауіпсіздік шаралары.

1.Табиғи апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа ұсыныстар:
Су басу қаупі кезінде халыққа хабар беріледі, бұл адамдарды қорғау және материалдық кұнды заттарды сақтап калуда шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге тасқын белгілерінің пайда болуынан бастап, халыққа хабарлау мен тұрақты бақылау жүргізіледі.
Халықты көшіру, малды айдау, техника мен бағалы құрал-саймандарды шығару, егер мүмкіндік болса, "Су басу қаупі!" сигналына дейін басталу керек.
Көшіру алдын ала мұқият жоспарлануы керек. Бірақ көшіру уақытын дәл айқындау мүмкін емес. Ол әр түрлі жағдайға байланысты болады. Сондықтан қауіпті аудандар тұрғындарының бір бөлігі сыртқы көмексіз көшіп үлгере алмайтындығы ескерілуі керек. Бұл көмек жапа шегушілерге қысқа мерзім ішінде көрсетілуі керек, әйтпесе оларға өлім қаупі төнеді.
Адамдарды құтқару жұмысы барлаудан басталады. Бұл үшін радиобайланыс құралдарымен жабдықталатын ұшақтар, тікұшақтар және тез жүретін катерлер қолданылады. Барлау нәтижелері жапа шегушілерді тапқан бойда радио арқылы хабарланады, оларды жетекші көрсеткен орынға медициналық жәрдем көрсету үшін жеткізеді

Табиғи өрттер. Қоршаған табиғи орта жағдайында болатын өртті табиғи өрт деп атайды. Табиғи өрттер өте қауіпті өрттер қатарына жатады, олар адамдардың қайтыс болуына, ормандық массивтердің жойылуына , жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына , өрт аймағында жылулық баланстың бұзылуына өрттену өнімдерімен атмосфераның ластануына, топырақ эрозиясына әкеп соқтырады.
Табиғи өрттердің пайда болу көзіне мыналар жатады:
Табиғи себептер : найзағайдың разряды , жанар таудың атқылауы , өздігінен жану, космостық объектілердің түсуі .Көптеген жағдайларда табиғи өрттер (60 — 70%) адамдардың әсерінен туындайды.
Табиғи өрттердің туындау себептері : темекінің сөндірілмей қалуы, жанып тұрған сіріңке , шыны бөтелке, күн жарығының сәулелерінің сындырылуы, транспортты құралдарының сөндіргішінің ұшқыны, ескі шөптердің жандырылуы, сабандар, орманның айналасындағы қоқыстың немесе шым тезектің жануы, ормандық аумақтарды от көмегімен тазалау. Табиғи өрттердің негізгі потенциальды көзінің бірі алау от болып табылады. Табиғи өрттердің туындау жағдайларының қатарына қасақана жағу, техногенді апат жатады.

Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет