Оқу- жазуға үйрету мәселелері
Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу – жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.
Әріпті жазып үйренудің тәртібі:
1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау;
2) жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден);
3) жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
4) жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
5) жаңа әріпті тұтас жазу;
6) жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
7) құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
8) сөйлем жазу;
9) баланың жұмысына талдау жасау.
Жазу әдістемесіне сай әріпті сауатты, көркем жазуға үйретеміз. Әліппе кезеңінде дыбыс және әріпті таныстыру, сөз сөйлем үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру іске асады. Дыбыстың дыбысталуына, артикуляциясына ерекше мән беріп, жаттығу керек. Әрбір сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы хабар береміз, түсін көрсетеміз. Дауысты дыбыс – еркін, әуенмен созылып айтылатын, дауыссыз дыбыс – қысылып, қысқа дауыс кедергіге ұшырап айтылатынын түсіндіреміз. Дауыс пен әріптің өзара біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін бүтін нәрсе екендігі үйретілуге тиіс. Дыбыс айтылған соң оның таңбасы, әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқытылып, дыбысталады. Әрбір әріптің баспа, жазба, бас және кіші әріптері таныстырылады. Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін дейгейде оқу үшін 2 бағанда берілген:
1) буындап оқу;
2) тұтас оқу.
Буындап оқу қара сызықпен және тұтас оқу көк сызықпен берілген. Мұндағы буындап оқу барлық оқушы үшін міндетті болады, ал тұтас сөзбен оқу міндетті емес, тек белгілі бір деңгейде оқу дағдысы бар қабілетті балалардың мүмкіндігін тежемес үшін берілген.
Тұтас оқуға бірте-бірте үзбей жаттығып дағдыланамыз, бағандағы сөздердің берілуінде де ерекшелік бар. Олардың буын жігінің арасы бос қалдырылған, сызықша қойылмайды, буын мен буынды тез қосуға мүмкіндік жасайды.
Буын сандарының жасалуын (бағандағы сөздердің) А.Байтұрсыновтың еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:
1. Сөз соңына әріп қосу: шаш..., монша...
2. Сөздегі бір әріпті өзгерту: мал-мол, баба-бала.
3. Сөзге буын жалғау арқылы: мал-малта, бақ-бақша.
4. Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру: мақал-қалам.
Осындай тәсілдер арқылы оқу жеңілдік туғызады, сөздер бір-бірімен ырғақты үндесіп, әуенмен үйлесіп, сөзден сөз туындайды. Бағандағы сөздерді саналы түсініп, оқу мақсаты көзделеді. Сөздің мағынасын бірден түсіну қиын, өйткені, оқу техникасы күрделі. Сондықтан, оқып болған соң сөздерге қосымша мағлұмат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |