Адами ресурстар (Сілт: Пар. 29)
A24. Фирма адами ресурстар арналған саясат пен шараларды жасауы тиіс. Мысалға:
• Жалдау.
• Жұмыс нəтижелерін бағалау.
• Қабілеттілік, оның ішінде тапсырма орындау үшін уақыт.
• Жете білушілік.
• Мансапты дамыту.
• Алға жылжу.
• Ынталандыру.
• Қызметшілердің қажеттіліктерін бағалау.
Фирманың жалдау процесі фирмаға қызметкерлерін таңдауын, фирма жұмыстарын орындауға қажетті қабілеттіліктері мен жете білушілігін дамытуына көмектесетін шараларды қамтиды.
A25. Қабілеттілік жəне жете білушілік төмендегілерді қамтитын түрлі əдістер арқылы дамытылады:
• Кəсіби білім.
• Толассыз кəсіби білім беру, тренингтерді қоса алғанда.
• Жұмыс тəжірибесі.
• Тəжірибелірек қызметшілердің, мысалы, жоба бойынша жасақтың басқа мүшелерінің оқытуы.
• Тәуелсіз болуы тиісті қазметкерге арналған тәуелсіздік білімі.
A26. Фирма қызметшілерінің тұрақты жете білушілігі айтарлықтай дəрежеде қызметшілердің өз білімін жəне қабілеттіліктерін шыңдап отыруын қамтамасыз ететін толассыз кəсіби білім берудің лайықты деңгейіне байланысты болады. Сайып келгенде, фирма өзінің саясаты мен шараларында барлық деңгейлердегі қызметшілерінің толассыз тренингіге қажеттілікті бөліп көрсетеді жəне тренинг бойынша ресурстарды береді жəне қызметшілерге қабілеттіліктері жəне жете білушілігін дамытуына жəне шыңдап отыруына мүмкіндік беретін көмегін көрсетеді.
A27. Ішкі техникалық ресурстар жəне тренинг бойынша ресурстар жоқ болғанда фирма лайықты біліктілігі бар тартылған қолдана алады.
A28. Фирманың бағалау, ынталандыру жəне нəтижелер бойынша алға жылжыту шаралары дамыту мен жете білушілікті шыңдау бойынша лайықты түрде мойындау жəне сыйлық беруді, сонымен қатар əдептану принциптерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, фирма:
-
қызметшілерді жұмыс нəтижелері жəне əдептану принциптеріне қатысты фирманың болжамдары туралы хабардар етеді;
-
қызметкерлерге орындау, мансапты ілгерілеу мен даму бойынша ақыл-кеңес береді; жəне
-
қызметшілерге, жауаптылығы үлкен лауазымдарға жоғарылату өзгелерден басқа, орындау сапасына жəне əдептану принциптерінің сақталуына байланысты екенін жəне фирманың саясаты жəне
шараларына сəйкессіздік тəртіптік жазаларға апарып соға алатынын түсінуіне көмектеседі.
Ұсақ Фирмалармен байланысты Пікірлер
A29. Фирманың мөлшері мен жағдайлары фирма жұмысының нəтижелерін бағалау процесінің құрылымына əсер етеді. Ұсақ фирмалар, атап айтқанда, өз қызметшілері жұмыс нəтижелерін бағалаудың формалдық кемірек əдістерін қолдана алады.
Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топ Тапсырмасы
Жоба бойынша Серіктестер (Сілт: Пар. 30)
A30. Саясат жəне шаралар жəне жоба бойынша серіктестердің үшін өз міндеттерін дұрыстап орындауына жеткілікті уақыты болуы үшін олардың жүктемесі мен қол жетерлігін мониторингілеуге арналған жүйені қамтиды.
Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топтар (Сілт: Пар. 31)
A31. Жоба бойынша жасақты тағайындау кезінде жəне қадағалаудың қажетті деңгейін анықтау кезінде қаралатын қабілеттіліктер жəне жете білушілік төмендегілерді қамтиды:
• Лайықты тренинг жəне қатысу жолымен осындай сипаттағы келісімдерді жəне олармен практикалық тəжірибе мен қиындығын білу.
• Кəсіби стандарттарды жəне нормативтік-құқықтық талаптарды білу.
• Лайықты техникалық білім, лайықты ақпараттық технологияларды білу қоса алғанда.
• Клиент жұмыс істейтін лайықты салаларды білу.
• Кəсіби пікір білдіру қабілетін қолдану.
• Сапаны бақылауы саясаты мен шараларын білу.
Келісімнің Орындалуы
Келісімнің Орындалуы Сапасына қатысты Келісушілік (Сілт: Пар. 32(a))
A32. Саясат пен шараларды қолдана отырып, фирма келісімнің орындалу сапасына қатысты келісушілікті белгілеуге ұмтылады. Бұл көбінесе қағаз немесе электрондық пішіндегі нұсқаулықтар, бағдарламалар жəне стандартты құжаттардың басқа нысандары жəне зерттеу саласы мен мəні бойынша арнайы нұсқаулықтардың материалдары арқылы жүзеге асырылады. Қаралатын материалдар төмендегілерді қамтиды:
• Олардың жұмысының мақсаты туралы білім алуына арналған келісімнің орындалуына қатысты жоба бойынша жасаққа нұсқау беру.
• Келісім белгіленген стандарттарға сəйкестік үдерісі.
• Келісімді қадағалау, қызметшілерді оқыту процесі.
• Орындалған жұмысты, маңызды пікірлерді жəне шығарылуы тиісті есептің нысандарын шолу əдістері.
• Орындалған жұмыстың, мерзімдері мен шолу ауқымына лайықты құжаттама .
• Саясат пен шаралардың қолданылу процесінің сақталуы.
A33. Жасақ жұмысы мен тренингтер жоба бойынша жасақтың тəжірибесі аз мүшелеріне орындайтын жұмысының мақсатын түсінуіне көмектесу үшін қажет.
Қадағалау (Сілт: Пар. 32(b))
A34. Қадағалау төмендегілерді қамтиды:
• Келісімнің орындалу кезеңдерін қадағалау.
• Жоба бойынша жасақтың кейбір мүшелерінің қабілеттіліктері мен жете білушілігін зерттеу, яғни олардың жұмысты орындауына жеткілікті уақыты бар ма, олар нұсқаулықтарды біле ме жəне жұмыс келісімді орындауға жоспарланған көзқарасқа сəйкес орындалып жатыр ма.
• Келісім барысында туындайтын маңызды мəселелерді қарау, олардың маңыздылығын зерттеу жəне жоспарланған көзқарасты лайықты түрлендіру.
• Консалтингке арналған мəселелерді анықтау немесе келісімнің орындалуы барысында оларды жоба бойынша жасақтың тəжірибелі мүшелерінің қарауы.
Шолу (Сілт: Пар. 32(c))
A35. Тексеруші мүшелер мыналарды қарайды:
-
Жұмыс кəсіби стандарттарға, реттеуші жəне заңгерлік талаптарға сəйкес орындалды ма;
-
Одан арғы қарауға маңызды мəселелер шығарылды ма;
-
Лайықты кеңестер берілді ме жəне қол жеткен нəтижелер құжатталды ма жəне орындалды ма;
-
Орындалған жұмыстың сипатын, мерзімдері мен ауқымын қайта қарау қажет пе;
-
Орындалған жұмыс жасалған қорытындыларды қуаттай ма жəне тиісінше құжатталған ба;
-
Алынған дəлелдер есепті растауға сай келе ме; жəне
-
Келісім бойынша шаралардың мақсаттарына қол жеткізілді ме.
Кеңестер (Сілт: Пар. 34)
A36. Кеңестер қызметкерлермен немесе қиын немесе даулы мəселелерді шешу үшін мамандандырылған тəжірибесі бар сыртқы адамдармен лайықты кəсіби деңгейде, талқылауды қамтиды.
A37. Кеңестер фирманың лайықты зерттеу ресурстарын, ұжымдық жəне техникалық тəжірибесін қолданады. Кеңестер кəсіби пікірдің сапаны жақсартуға жəне қолдануға көмектеседі. Фирма кеңестер күшті тараптар ретінде танылатын жəне қызметшілердің қиын жəне даулы мəселелер бойынша кеңес алуын көтермелейтін мəдениетті жасауға ұмтылады.
A38. Басқа мамандармен немесе фирмадан тыс жерде лайықты адамдардан кеңес алуды тиімді кеңестер кеңесшілердің техникалық, əдептану немесе өзге де мəселелер жоба бойынша тек кеңес беру барысында жетілуі мүмкін:
• Ақпараттық кеңес беруге мүмкіндік беретін лайықты фактілермен қамтамасыз етілуін көздейді; және
• Білімі, өтілі жəне тəжірибесі бар адамдардан кеңес алуды, сонымен қатар кеңестердің негізінде лайықты құжаттауды жəне қорытындыларды іске асыруды көздейді.
A39. Басқа мамандардан қиын немесе даулы мəселелер бойынша алынған кеңестерді құжаттауды кеңестер керек болатын адам жəне кеңесші үйлестіреді. Құжаттама төмендегілерді білу үшін жеткілікті түрде толық жəне егжей-тегжейлі болуы тиіс:
-
Кеңес керек болған мəселе; жəне
-
Осы шешімдер негізделген, барлық қабылданған шешімлерді қоса алғанда, олардың қалай орындалғаны туралы кеңестің нəтижелері.
Ұсақ Фирмаларға Арнайы Пікірлер
A40. Сыртқы кеңес алудың қажеттілігі бар фирма, мысалы, сәйкесті ішкі ресурстары жоқ фирма, төмендегілердің консультациялық қызмет артықшылығы бар болуы мүмкін:
-
Басқа фирмалар,
-
Кəсіби және реттеуші органдары; немесе
-
Сапаны бақылау бойынша лайықты қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдар көрсететін консалтинг қызметтерін пайдаланып қала алады.
Осындай көрсетілетін қызметтер бойынша келісімге қол қойылғанға дейін фирма сыртқы провайдердің біліктігінің осы мақсат үшін жеткілікті екеніне көзін жеткізуі тиіс.
Келісімнің орындалу сапасын бақылауды шолу
Келісімнің орындалу сапасын бақылауды шолу критерийлері (Сілт: Пар. 35(b))
A41. Листинг субъектілерінің қаржылық есептілігі аудиттерінен басқа келісімдерді анықтау кезінде фирманың келісімнің орындалу сапасын бақылауды шолуды өткізу керек болатын қарайтын өлшемдері төмендегілерді қамтиды:
• Келісімнің сипаты, оған қоғамдық мүдденің дəрежесін қоса алғанда;
• Әдеттегіден тыс жағдайларда немесе келісім бойынша немесе келісімдердің сыныбында тəуекелдерді анықтау;
• Заң немесе нормативтік актілерге сəйкес сапа бақылау келісімнің орындау шолуды талап етіле ме.
Сапа бақылау келісімнің орындау шолудың сипаты, мерзімдері жəне ауқымы (Сілт: Пар. 36-37)
A42. Сапа бақылау келісімнің орындау шолудың аяқталғаннан кейін, келісімнің орындалуы бойынша есеп шығарады. Атап айтқанда, есеп шығарылғаннан кейін сапа бақылау келісімнің орындалу шолудың нәтижелерін құжаттау мүмкін.
A43. Сапа бақылау келісімнің тексеруші келісімнің орындалуы барысында белгілі бір кезеңдер бойынша келісілген мерзімдерде, маңызды мəселелер есеп шығаруына дейін тексерушілерді қанағаттандыру үшін шешіле алатындай етіп шолу өткізеді.
A44. Егер субъекті листинг субъекті болса, немесе, есеп жағдайларға қарай лайықсыз болуы мүмкін болса, сапасын бақылау келісімнің орындау шолудың ауқымы, өзгеден басқа, келісімнің қиындығына және тәуекелге тәуелді болуы мүмкін. Келісімнің орындалу сапасын бақылауды шолу жоба бойынша әріптестің жауапкершілігінің шектемей отырады.
Листинг субъектілері келісімнің орындалу сапасын бақылауды шолуы (Сілт: Пар. 38)
A45. Листинг субъектілерінің қаржылық есептілігі аудиттерінен ерекшеленетін сапа бақылау келісімнің шолу жағдайларына қарай жоғарыда көрсетілген барлық немесе кейбір мəселелерді қамти алады:
• Келісімнің орындалуы барысында анықталған маңызды тəуекелдер жəне осы тəуекелдер бойынша жауап əрекеттер.
• Атап айтқанда тəуекелдердің маңыздылығына жəне мəніне қатысты білдірілген пікірлер.
• Келісімнің орындалуы барысында анықталған түзетілген жəне түзетілмеген бұрмаланулардың маңыздылығы жəне таратылуы.
• Басшылық жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғалар қажеттілік кезінде, реттеуші органдары сияқты өзге тараптар хабардар етілуі керек болатын мəселелер.
Бұл мәселелер жағдайларға қарай басқа субъектілер қаржы есептілік аудиттерін бақылау шолуға, сонымен қатар қаржылық есептілікті шолуға және басқа ақапараттың дұрыстығын растауға және ілеспе қызметтер бойынша келісімдерге қолданыла алады.
Мемлекеттік сектордағы аудиторлық ұйымдарға арнайы пікірлер
A46. A16 параграфында көрсетілгендей листинг субъектілері болып табылмай отырса, белгілі бір мемлекеттік сектордағы субъектілер сапа бақылау келісімнің шолуы орындалуына кепілдемелер жасау үшін жеткілікті маңыздылығы бар болуы мүмкін.
Келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерушінің сəйкестігі бойынша өлшемдер
Жеткілікті және лайықты Техникалық Біліктілік, Тәжірибе мен Өкілеттіктер (Сілт: Пар. 39(a))
A47. Бұл жеткілікті жəне тиісті техникалық тəжірибені, өтілді жəне өкілеттіктерді белгілей алады жəне келісімнің жағдайларына байланысты. Бұдан басқа, листинг субъектінің қаржылық есептілік аудиті бойынша жоба бойынша серіктестің функцияларын орындау үшін келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерушінің листинг субъектінің қаржылық есептілік аудиті бойынша жеткілікті жəне тиісті тəжірибесі, өтілі жəне өкілеттіктері болуы тиіс.
Сапа бақылау келісімнің орындалу тексерушіге кеңес беру (Сілт: Пар. 39(b))
A48. Жоба бойынша серіктес келісімнің орындалу барысында келісімнің орындалу сапасын бақылау тексерушіге кеңес бере алады. Мұндай кеңестер осы рөлдің орындалуына арналған келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексеруші қолдануға болатындығына қатыста беделді əрқашан түсірмейді. Егер кеңестердің сипаты мен ауқымы маңызды болса тексеруші де, жоба бойынша жасақ та тексерушінің объективтілігін қолдауы тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, басқа қызметкерді немесе тартылған адамды келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерушінің немесе жоба бойынша кеңесшінің рөлін орындауға лайықты біліктілігі адамды тағайындау қажет.
Келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерушінің объективтілігі (Сілт: Пар. 40)
A49. Фирманың саясаты мен шаралары келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерушінің объективтілігін қолдау үшін жасалған. Мысалы, сапа бақылау келісімнің орындалуын тексеруші:
-
жоба бойынша серіктес таңдамайды;
-
шолу кезеңі ішінде өзгеше жолмен келісімге қатыспайды;
-
жоба бойынша жасаққа қатысты шешімдер қабылданбайды;
-
тексерушінің объективтілігін төмендете алатын басқа талаптардың мəні болып табылмайды.
Кішігірім фирмаларға арнайы пікірлер
A50. Егер жеке кәсіпқой бухгалтерлер немесе кішігірім фирмалардың сапа бақылау келісімнің шолу өткізілуі қажет болатын келісімдері бар болса, онда лайықты біліктілігі бар тартылған адамды тарта алады. Кейбір жеке кәсіпқой бухгалтерлер немесе кішігірім фирмалар сапа бақылау келісімнің шолуды орындау үшін басқа фирмаларды тарта алады. Егер фирма лайықты біліктілігі бар тартылған адамды қолданса, фирма 39-41 және A47-A48 параграфтарда көрсетілген талаптар мен нұсқаулықтарды орындауы тиіс.
Мемлекетік сектордағы аудиторлық ұйымдарға арнайы пікірлер
A51. Мемлекеттік секторда, заңмен тағайындалған аудитор (мысалға, Бас Аудитор, немесе Бас Аудитордың атынан тағайындалған басқа лайықты біліктілігі бар тартылған адам) жоба бойынша серіктес мемлекеттік сектордағы аудиттер үшін жалпы сипаттағы жауапкершілігі бар рөлінің эквивалентін орындауы тиіс. Осыған сәйкес, керек болғанда, келісімнің орындалу сапасын бақылау тексерушінің таңдалуы аудиттеленген субъекттен тәуелсіздік керектілігін және объективті бағалау үшін келісімнің орындалу сапасын бақылау тексерушінің қабілеттілігін қамтиді.
Пікірдегі келіспеушіліктер (Сілт: Пар. 43)
A52. Мұндай шаралар ерте сатыда пікірлердегі келіспеушіліктерді айқындауға, олар бойынша жасалуы қажет болатын əрекеттер бойынша жіті нұсқаулық беруге көмектеседі, жəне айырмашылықтарды жоюды құжаттауды жəне жасалған қорытындылардың орындалуын көздейді.
A53. Айырмашылықтарды жою үшін басқа бухгалтер немесе фирмаға немесе кәсіби немесе реттеуші органдар кеңес берілуін қамтиді.
Келісімді құжаттау
Жоба келісімнің түпілікті файлын жинаудың аяқталуы (Сілт: Пар. 45)
A54. Заңдар немесе нормативтік актілер келісімдердің белгілі бір үлгілері бойынша келісімнің түпкілікті файлы жиналуы тиісті мерзімдерді белгілей алады. Егер заңдар жəне нормативтік актілер мұндай мерзімдерді белгілей алмаса, онда фирма 45 параграф бойынша келісімдердің сипатына лайықты жəне келісімнің түпкілікті файлын жинауды дер кезінде аяқтау қажеттілігін бейнелейтін өз мерзімдерін белгілейді. Аудит жағдайында, мысалы, аудиторлық есептің күнінен кейін мұндай мерзімдер əдетте 60 күнді құрайды.
A55. Егер субъектіні зерттеудің мəні бойынша бір ақпаратқа қатысты екі немесе одан көбірек есеп шығарылған болса, онда фирманың келісімнің ақырғы
файлын жинау мерзімдеріне қатысты саясаты жəне шаралары əр есепті бөлек келісім ретінде қарауы тиіс. Мысалы, фирма топтарды біріктіру мақсатында топтаманың қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті жəне содан соң заңнамалық мақсатта сол қаржылық ақпараттың аудиторлық есебін шығарғанда.
Келісім құжаттамасының құпиялылығы, қауіпсіз сақталуы, бүтіндігі, қол жетерлілігі жəне қалпына келтірілуі (Сілт: Пар. 46)
A56. Егер тек қана клиент ақпаратты ашуға рұқсат етпесе немесе ашу бойынша заңдық немесе кəсіби міндеттер болмаса, онда лайықты əдептану талаптары келісім құжаттамасындағы ақпараттың құпиялылығын тұрақты сақтау бойынша фирма қызметшілеріне қатысты міндеттемені белгілейді. Клиентке қатысты фирма қызметшілерінің құпиялылықты сақтауы бойынша кейбір заңдар жəне нормативтік актілер, атап айтқанда, ақпарат адамның жеке басын қозғайтын кезде қосымша міндеттемелерді енгізе алады.
A57. Егер фирманың рұқсатынсыз құжаттаманың өзгертілуі, толықтырылуы немесе алынып тасталуы немесе егер ол мəңгі-бақи жоғалған немесе зақымдалған болуы мүмкін болса, келісім қағаз, электрондық пішінде немесе басқа сақтау нысандарында құжатталса, негізгі деректердің бүтіндігі, қол жетерлілігі жəне қалпына келтірілуі тəуекелге ұшырауы мүмкін. Тиісінше, фирма келісім құжаттамасы бойынша лайықты бақылауды жасап енгізуі тиіс.
-
Келісім құжаттамасын кімнің қашан жүзеге асырып, өзгертіп немесе тексеруі тиіс екенін анықтау;
-
Келісімнің барлық кезеңдерінде, əсіресе ақпарат жоба бойынша жасақтың ішінде бөлінген немесе интернет арқылы басқа тараптарға берілген кезде ақпарат бүтіндігін қорғау;
-
Келісім құжаттамасын рұқсатсыз өзгертілуін болдыртпау; жəне
-
Жоба бойынша жасаққа жəне өз міндеттерін дұрыстап орындауы үшін өзге уəкілетті тараптарға келісім құжаттамасына кіруге рұқсат беру.
A58. Бақылаулар, фирманың құпиялылықты сақтау, келісім құжаттамасын қауіпсіз сақтау, бүтіндігі, қол жетерлілігі жəне қалпына келтірілуі үшін жасай жəне енгізе алатын бақылаулары мыналарды қамтиды:
• Жоба бойынша жасақтың мүшелерінің электрондық пішінде келісім құжаттамасына рұқсаты жоқ пайдаланушылардың кіруін шектеуге арналған парольдерді қолдануы.
• Келісім барысындағы лайықты кезеңдерде электрондық пішіндегі келісім құжаттамасына арналған сақтаудың тиісті тетегі.
• Келісімнің бастапқы кезеңінде жоба бойынша жасақтың мүшелері арасында келісім құжаттамасын дұрыстап бөлуге арналған шаралар, келісімнің орындалуы барсында оны өңдеу жəне келісімнің орындалуының аяқталатын кезеңінде жинау.
• Рұқсатты шектейтін жəне келісім құжаттамасын қағаз пішінінде дұрыстап бөлу жəне сақтауға мүмкіндік беретін шаралар.
A59. Олардың практикалық пайдасы жағынан құжаттама түпнұсқалары келісім файлына қосу үшін сканирленуі мүмкін. Мұндай жағдайда фирма лайықты, жоба бойынша жасақ мүшелері талап ететін шараларды енгізуі тиіс.
-
Қолтаңбаларды, айқасқан сілтемелер жəне түсініктемелерді қоса алғанда сканирленген, құжаттама түпнұсқаларының мазмұнын бейнелейтін көшірмелерді жинау;
-
Сканирленген көшірмелерді индекстеу мен қажеттілік кезінде оларға қол қоюды қоса алғанда сканирленген көшірмелерді келісім файлына енгізу; жəне
-
Қажеттілік кезінде сканирленген көшірмелердің қалпына келтірілуін жəне басылуын қамтамасыз ету. Фирма заң бойынша, құқықтық ережелер бойынша жəне басқа себептермен қаралған бастапқы құжатаманы сақтау-сақтамауды қарастырады.
Келісім құжаттамасын сақтауды ұзарту (Сілт: пар.47)
A60. Фирманың келісім құжаттамасын сақтауды ұзартуға деген қажеттіліктері жəне мұндай ұзарту кезеңі келісімнің сипатына жəне фирма жағдайларына байланысты болады, мысалы, келісім құжаттамасы келешек келісімдер үшін мəні бар мəселелерді жазуды қамтуы тиіс пе. Ұзарту кезеңі сонымен қатар заңдар немесе нормативтік актілермен келісімдердің белгілігі бір үлгілері бойынша ұзартудың ерекше кезеңдердің белгіленуі немесе əділ қазы ісінде ерекше заңгерлік немесе реттеуші талаптары жоқ болатын жағдайда ұзартудың жалпы жұртқа танымал кезеңдердің бар болуы сияқты басқа факторларға да байланысты бола алады.
A61. Аудиторлық келісімдерге қатысты ұзарту кезеңі əдетте аудиторлық есептің күніне дейін немесе ол кешірек шығарылса, топ бойынша аудиторлық есеп күнінен кемінде бес жылды құрайды.
A62. 47 параграф бойынша фирманың келісім құжаттамасын сақтауды ұзарту үшін қабылдаған шаралары мынадай шараларды қамтиды:
• Сақтап қоюдың кезең ішінде жоба бойынша келісімнің құжатнамасын алуға немесе көз жеткізуге мүмкіншілік береді, әсіресе, негіз жататын технология жетілдірілуі мүмкін немесе уақыт арқылы өзгертіледі.
• Қажеттілік кезінде келісім файлын жинау аяқталғаннан кейін келісім құжаттамасына енгізілген өзгертулердің жазбаларын ұсынады.
• Уəкілетті сыртқы тараптарына сапаны бақылау мақсатында немесе басқа мақсаттарда ерекше келісімдердің құжаттамасына рұқсат алуына жəне мүмкіндік береді.
Келісім құжаттамасына меншік құқығы
A63. Егер заңдар немесе нормативтік актілермен өзгеше көзделмесе, келісім құжаттамасы фирма меншігі болып табылады. Фирма өзінің қарауынша, келісім құжаттамасының бөлігін немесе үзінділерін клиенттеріне мұндай ашулар орындалған жұмыстардың жарамдылығын кемітпейтін болса, немесе ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімдер фирма немесе оның қызметшілерінің тəуелсіздігіне қауіп төндірмейтін жағдайда бере алады.
Мониторинг
Фирманың Сапасын Бақылау Саясаттары мен Шаралары Мониторинг (Сілт: Пар. 48)
A64. Мониторингтің сапаны бақылау саясаты мен шараларға сəйкестігінің мақсаты мыналарды бағалауды жүзеге асыру:
-
Кəсіби стандарттарды, реттеуші жəне заңгерлік талаптарды орындау;
-
Сапаны бақылау жүйесін жасауға жəне нəтижелі жұмыс жасауына сəйкестігі;
-
Фирма немесе жоба бойынша серіктес шығарған есептер жағдайларға сай болатындай фирманың сапаны бақылау саясаты мен шараларын қолдануға сəйкестік.
A65. Сапаны бақылау жүйесін тұрақты зерттеу жəне бағалау мынадай мəселелерді қаитиды:
• Талдау:
o Кəсіби стандарттарда, реттеуші жəне заңгерлік талаптардағы өзгертулер, жəне олардың фирманың саясаты мен шараларында бейнеленуі
o Тəуелсіздік бойынша саясат пен шараларға сəйкестікті жазбаша растаулар;
o Толассыз кəсіби білім беру, тренингтерді қоса алғанда; жəне
o Клиентпен қатынастарды қабылдау мен жалғастырумен байланысты талқылаулар жəне ерекше келісімдер.
• Білім беру жəне тренингтер бойынша фирманың саясаты мен шараларын өзгертуді қоса алғанда, жүйеге қатысты қолданылуы қажетті түзейтін əрекеттер мен жетілдіруді анықтау.
• Жүйені білу немесе оған сəйкестік деңгейінде анықталған əлсіз жақтары туралы тиісті қызметшілерді хабардар ету.
• Сапаны бақылау саясаты мен шараларына дер кезінде қажетті түрлендіру енгізу үшін тиісті қызметшілердің одан кейінгі жұмысы.
A66. Тексеруге циклдер бойынша саясаттар мен шаралар кем дегенде əдетте үш жылдан аспайтын циклін қамтиды. Кейбір келісімдерді таңдау мерзімдерін қоса алғанда тексерудің циклін анықтау əдісі көптеген факторларға байланысты болады, олар төмендегілерді қамтиды:
• Фирманың мөлшері.
• Офистердің саны жəне географиялық орналасуы.
• Өткен мониторингтердің нəтижелері.
• Қызметшілер мен офистердің өкілеттіктерінің деңгейі (мысалы, кейбір офистер өзінің тексеруін өткізуге уəкілетті ме немесе тек қана бас офистің мұндай құқығы бар ма).
• Ұйымның мен фирманың тəжірибесінің сипаты мен қиындығы.
• Фирма клиентпен жəне ерекше келісімдермен байланысты тəуекелдер.
A67. Тексеру процесі жоба бойынша жасақты алдын ала хабарлаусыз таңдалуы мүмкін жобаларды таңдауды қамтиды. Тексеру ауқымын анықтау кезінде фирма тексерудің тəуелсіз сыртқы бағдарламаларының ауқымы немесе қорытындыларын ескере алады. Бірақ тексерудің тəуелсіз сыртқы бағдарламалары фирма мониторингінің ішкі бағдарламаларын ауыстыра алмайды.
Кішігірім Фирмаларға арнайы Пікірлер
A68. Кішігірім фирмалар жағдайында мониторинг шаралары фирманың сапасын бақылау жүйесін өндеуге және енгізуге уәкілетті адамдармен орындалуы тиіс. Кішігірім фирмалар жəне жеке тексерушілер лайықты біліктігі бар тартылған адамдарды немесе келісімдердің тексеруді жəне мониторингті өзге шараларын орындау үшін басқа фирмаларды қолдана алады. Олар сонымен қатар мониторингті орындау үшін басқа лайықты ұйымдармен ресурстарды алмасу талаптарды анықтай алады.
Кемшіліктер хабардар етілуі (Сілт: Пар. 50)
A69. Жоба бойынша лайықты серіктестен ерекшеленетін адамдардың міндеттерін дұрыстап таратуы қажет болатын айқындалу болса да, жоба бойынша лайықты серіктестен ерекшеленетін адамдарға айқындалған кемшіліктер туралы есеп беру арнайы келісімдер айқындалуын қамтуы қажет емес.
Шағымдар жəне арыздар
Шағымдар жəне арыздар көздері (Сілт: Пар. 55)
A70. Шағымдар жəне арыздар (шалағайларын қоспағанда) фирма ішінде жəне сыртында пайда болуы мүмкін. Оларды фирма қызметшілері, клиенттері немесе басқа үшінші жақтар бере алады. Оларды жоба бойынша жасақтың мүшелері немесе фирманың өзге қызметшілері ала алады.
Саясаттар мен Шаралар Тексерілуі (Сілт: Пар. 56)
A71. Фирма өзінің мыналарды дұрыстап шешетініне арналған саясат пен шараларды жасауы тиіс:
• Лайықты және жеткілікті тәжірибесіне ие болды ма;
• Фирма ішінде өкілетті болды ма; және
• Егер өзге жолмен келісімге қатысқан жоқ.
Керек болғанда, тексеруін қадағалайтын серіктес заң кеңсесін қамти алады.
Кішігірім фирмаларға арнайы Пікірлер
A72. Аз серіктестермен фирмалар жағдайларында, тексеру қадағалайтын серіктестер келісімге қатысуы тиіс. Бұл ұсақ фирмалар және кәсіпқой бухгалтерлер шағымдар мен арыздар тексерілуін орындау үшін лайықты біліктігі бар тартылған адамдардың қызметін қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |