Бейорганикалық химия практикумы



бет22/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.3.2.7. Дистилденген су
Суды дистилдеу (айдау) арқылы диминерализациялау су буларының қысымымен онда еріген тұздардың айырымына негізделген. Өте жоғары емес температурада тұздар ұшқыш емес және диминерализацияланған су-судың булануымен және оның буларының әрі қарай конденсациялануымен алынуы мүмкін деп есептеуге болады. Бұл конденсатты дистилденген су деп атау қабылданған.
Дистилденген суда тотықсызданатын заттар болмау керек. Судың тазалығын өте дәл көрсететін көрсеткіш-оның электр өткізгіштігі. Әдебиеттерде берілген мәліметтер бойынша 180С-да өте таза судың электр өткізгіштігі 4,4L10-10 см‡м-1 - ге тең. Аз мөлшерде дистилденген су қажет болған жағдайда суды айдауды қарапайым қысымда шыныдан жасалған қондырғыда жүзеге асыруға болады. Көп мөлшерде дистилденген су қажет болған жағдайда электр қыздырғышы бар дистиляторлар қолданылады. Бір рет айдалған су әдетте CO2, NH3 және органикалық заттармен ластанған. Егер өткізгіштігі өте төмен су қажет болса, онда CO2 - ні (17( толық аластау керек. Өте дәлдікпен жүргізілетін жұмыстар үшін екі рет айдалған су - бидистилят қолданылады. Дистилденген суды шыны ыдыста ұзақ сақтау оның шынының шаймалау өнімдерімен ластануына әкеледі. Сондықтан дистилденген суды ұзақ сақтауға болмайды.


1.3.2.8. Лабораториялық ыдыстарды жуу және кептіру
Ыдысты жууға кірісер алдында, оны ластаған заттың қасиетін, әсіресе, олардың суда, сілтілерде, қышқылдарда ерігіштігін, тотығуға қабілеттілігін ескеру керек. Ыдысты арнайы щеткамен жуған жөн. Мұнда ыдыстың қабырғасы мен түбін тесіп алмау керек.
Ыдысты жууға сабынды ерітінді, жасанды жуғыш заттардың ерітінділерін қолданады. Егер бұл жағдайда лас кетпесе қышқыл, сілті, хром қоспасы ерітінділерін қолданады. Хром қоспасын дайындаудың бірнеше әдістері бар.
а) 9,9 г өте ұсақталған K2Cr2O7 араластырып тұрып 100 мл H2SO4 - да ерітеді;
б) 10 г 50% Na2Cr2O7 сулы ерітіндісін араластырып тұрып жаймен 100 мл концентрлі H2SO4-ке қосады.
Хром қоспасымен ыдысты жууды тартқыш шкафта көзілдірік, резеңке қолғап киіп, ал халаттың сыртынан алжапқыш тағып жүргізеді.
Шайырларды кетіру үшін кейде органикалық еріткіштер қолдануға тура келеді.
Ыдыс жуудың соңғы кезеңі оны сумен шайқаудан тұрады. Мұнда су шыны бетінің барлық жеріне тиюі керек.
Ыдысты кептіргіш тақтаның қабырғасына бекітілген ағаш қазықшаға кигізіп немесе 100-1200С кептіргіш шкафта, не болмаса кептіргіш үстелде кептіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет