Бейорганикалық химия практикумы


Газтәрізді заттардың молярлық көлем негізінде салыстырмалы молекулалық массасын анықтау



бет37/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.Газтәрізді заттардың молярлық көлем негізінде салыстырмалы молекулалық массасын анықтау.
Белгілі көлемде газ массасын біле отырып, газдың молекулалық массасын табуға болады. Мысалы, зерттелетін газдың m грамы қалыпты жағдайда V л көлем алады.
((V қатынасы қалыпты жағдайда газдың бір литрінің массасын, яғни газ тығыздығын көрсетеді. Демек, салыстырмалы молекулалық массасына тең газдың молярлық массасы оның тығыздығының 22,4 – ке көбейтіндісі түрінде өрнектелуі мүмкін:
М(газ) ( 22,4 ( D
Егер газдардың көлемі қалыпты жағдайдан айрықшаланатын температура мен қысымда өлшенген болса, онда тығыздықты D есептеу үшін газдардың көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек.
Газдардың көлемін қалыпты жағдайға келтіруді (егер газ судың астында жиналған болса) су буының парциальды қысымын ескере отырып жүргізу керек.
2.Газдың молекулалық массасын сутек немесе ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтарының көмегімен анықтау.
Газдың молекулалық массасын анықтау үшін салыстырмалы тығыздық түсінігін қолданған ыңғайлы.
Салыстыру үшін бірдей жағдайда алынған бір газдың тығыздығының екінші газдың тығыздығына қатынасы салыстырмалы тығыздық деп аталады.
Авогадро заңы бойынша бірдей жағдайдағы кез-келген газдың бірдей көлемінде молекулалардың саны бірдей болады, демек моль саны бірдей болады. Егер молярлық массалары М1 және М2 әртүрлі екі газ болатын болса, онда олардың массалары тең болады, сәйкесінше m1=(1M1 және m2=(2M2. Бірдей көлемде газдар массасының қатынасы мынадай болады: m1/m2=(1M1/(2M2=M1/M2=Mr(1)/Mr(2) яғни, бірінші газдың молярлық массасының екіншісінің молярлық массасына қатынасына тең, сонымен бірге бірінші газдың салыстырмалы молекулалық массасының екіншісінің салыстырмалы молекулалық массасына қатынасына тең.
Осылайша, бірдей жағдайда өлшенген және көлемдері бірдей болған бір газдың массасының екіншісінің массасына қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығын береді немесе бір газ екінші газдан неше есе ауыр, не жеңіл екенін көрсетеді. Демек, газдың басқа газ бойынша салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынасына тең.
Эталон ретінде салыстыру үшін ең жеңіл газ-сутекті, немесе ауаны алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет