Бекітемін Келісілді
Мектеп директоры Директордың тәрбие ісі
Ш.Е.Бектурганова жөніндегі орынбасары_____
«___»_____2022ж Ж.Т.Аманбек «___»_____2022ж
Алматы облысы, Іле ауданы, Жапек батыр ауылы
«№51 орта мектебі»МКМ
2022-2023 оқу жылына арналған
тәрбие жұмысының жоспары
1 «Е» сынып жетекшісі Айтикеева Р.А.
МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының рөлін арттыра отырып,
Әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу
МІНДЕТТЕРІ:
Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету;
Азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде дүниетанымын қалыптастыру;
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында жас ерекшеліктеріне байланысты іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу.
Көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына жүйелі түрде тарту.
СЫНЫПТЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ
Сынып жетекшілер өз білімін көтеру арқылы сыныптардағы тәрбие жұмыстарына жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп ,оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, шығармашылыққа, мәдениеттілікке, салауатты өмір салтын ұстануға және өз ұлтын, ана тілін құрметтуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |