Келісілді бекітемін



бет1/9
Дата09.02.2023
өлшемі58.48 Kb.
#469345
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
РУП матем каз


«Талғар медициналық колледжі» мекемесі

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
«Талғар медициналық колледжі» Басшының оқу мекемесінің басшысы ісі жөніндегі орынбасары
Досбаев Ж.А. ________ Муканова Р.Б. ______________
« » тамыз 2022ж « » тамыз 2022ж

Оқу жұмыс бағдарламасы


Математика
(модуль немесе пән атауы)


Мамандық: 09120100 - «Емдеу ісі»
Біліктілік: 4S09130101- «Фельдшер»
Оқыту нысаны: күндізгі, негізгі орта білім базасында
Курс: 1 , семестр: 1
Жалпы сағат саны - 120 , кредит саны - 6
Аудиториялық оқыту 120 сағ


Бақылау түрі: емтихан


Әзірлеушілер: Садыкова Жанар Нурлановна (Педагогтың аты-жөні)
___________ (Педагогтың аты-жөні)
(қолы) Т.А.Ә.

Жалпы білім беретін пәндер циклдік әдістемелік комиссия отырысында қаралды және колледждің әдістемелік кеңес отырысында мақұлданды


«____»______2022ж. Хаттама № ___


ЦӘК төрайымы ____________ Имирова Л.Ю




Түсіндірме жазба

Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
1) жеке тұлғаның зияткерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған математика негіздерін сапалы меңгеруге, математикалық білім, білік және дағдыларын әрі қарай қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
2) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
3) есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
4) практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
5) коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
6) өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
7) математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Математика пәнінің жаңартылған мазмұндағы жұмыс бағдарламасына жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері енгізілген.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа арналған математика пәнінің үлгілік бағдарламасында 14 бөлім қарастырылған. Олар: «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы», «Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Функцияның шегі және үзіліссіздігі», «Туынды және оның қолданылуы», «Алғашқы функция және интеграл», «Дифференциалдық теңдеулер», «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық», «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар», «Көпжақтар», «Айналу денелері және олардың элементтері», «Денелер көлемдері».
Математика пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі 120 сағатты құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет