«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А. 2010 ж



Дата23.07.2016
өлшемі147.1 Kb.
#216771


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


«Бекітемін»

ТжКББФ

деканы Отыншиев М.А.

___________________ «____»_________ 2010 ж


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Микробиология

Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Курс: 3

Семестр: V

Сағат саны: 50

ШЫМКЕНТ – 2010

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген және үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қаралды:

Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.
Кафедра меңгеруші, профессор: Шарипов К.О.

ТжКББФ-нің әдістемелік кеңесінде бекітілді:

Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы Джуманкулова Н.Р.

Оқу жұмыс бағдарламасы


  1. Алғы сөз

Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР 05.08.2010 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп жасалды.

Микробиология және вирусология ілімі тек қана теориялық пән емес, керісінше көптеген аурулардың даму кезеңі мен таралу жолдарын анықтайтын қолданбалы негізгі ілімге, пәнге айналып отыр. Бұл білім әрбір медицина қызметкерлеріне, әсіресе, орта буын мамандарына өте қажет, себебі орта буын мамандарының үлестік шамасы медицина қызметкерлерінің ішінде өте жоғары.

Бүгінгі күні медицина саласында микробиология және вирусология ілімінсіз аурушаңдықты азайту, жұқпалы аурулардың көзін жою, шартты патогенді бактериялармен қоздырылатын ауруханалық ауруларды түгелдей жою, аллергиялық, иммундыпатологиялық процестердің белгілерін анықтау, емдеу, нақтамалау амалдарын жетілдіру, ағза мен ұлпаны трансплантациялау проблемалары, акушерия және гинекология саласындағы репродукциялық шаралар және басқа маңызды да күрделі мәселелерді өз деңгейінде шешу жағдайын елестету қиын.

Орта буын медицина қызметкерлерін дайындауға арналған микробиология және вирусология пәнінің негізгі нысанасы – бұл Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамның қойып отырған талаптарына сәйкес халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау жұмысының сапасын арттыру.

Пәнді оқып меңгерудің негізгі мақсаты студент жер биосферасындағы әр-түрлі кластарға жататын микроорганизмдердің өмір сүруі мен таралуын, құрылымының жалпы заңдыдықтарын білу керек, микроорганизмдердің патогенділігі туралы және оның инфекциялық ауруда пайда болатын нақты жағдайлары туралы, оған қарсы макроорганизмнің иммунитет жағдайы туралы ақиқат түсініктерге ие болуы тиіс. Оқытудың толық курсы бойынша инфекциялық ауруларды жоюдағы және төмендеудегі проблемаларды шешудегі микробиологияның ролі туралы мәселелерге көп көңіл аудару қажет.


Оқушы білуі тиіс:

  • керекті теория негіздерін; микроденелер морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, адамның қалыпты микрофлорасының маңызын және жұқпалы ауру таратудағы микроденелердің алатын орны білуі.

  • зерттеу материалын жинау, жеткізу ережелерін, зарарсыздандыру, залалсыздандыру шараларын, жұқпалы аурудың алдын алу, емдеу шараларының тиімді әдістерін меңгеру.



Оқушы істей білуі тиіс:

  • микроскоптық әдіс арқылы микроденелер морфологиясын анықтауды, элективті, дифференциалды-диагностикалық құрамдарға зерттеу материалдарын егуді, таза культурасын бөлу және қоздырғышты негізгі нақтамалау әдістерімен анықтау;

  • қоректік құрамды, ыдыстарды, тампонды, дәке-салфеткаларын құралдарды зарарсыздандыру;

  • қоршаған орта объектілерін зарарсыздандыру және патогендізерттеу материалдарының көзін жою;

  • кейбір биотиптер құрамын санды және сапалы әдістермен анықтау;

  • бактерияның дәрі-дәрмекке тұрақтылығын анықтау;

  • бактерияны фаготиптеу әдісімен бірегейлеу;

зерттеу материалын үлгі бланкамен бактериологиялық, вирусологиялық зертханаларға жіберу.
2. Пәннің тақырыптық жоспары





Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

теор сабақ

практ сабақ

1


Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары Грам оң коктар:стафилококтар,стрептококтар.

Грам теріс коктар:менингококтар,гонококтар.




8

2


6

2

Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары: эшерихиоз, дизентерия .

Сальмонеллез,тырысқақ қоздырғыштары. Жалпы сипаттама.

Шартты-патогенді энтеробактерияларға жалпы сипаттама. Кампилобактериялар және хеликобактериялар.


10

4

6

3

Ауа-тамшылы инфекция қоздырғыштары

Анаэробты инфекция қоздырғыштары



8

2

6

4

Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары

6

2

4

5


Венерологиялы инфекция қоздырғыштары.

Урогенитальдық инфекция қоздырғыштары

Трансмиссивты инфекция қоздырғыштары


6

1

5

6


Вирустық инфекция қоздырғыштарына жалпы сипаттама.Ортомиксовирустар, парамиковирустар және аденовирустар.

АИВ қоздырғыштары. Жалпы сипаттамалары.



10

1

9




Барлығы

48

12

36

3. Пәннің мазмұны
Кіріспе

1 Бөлім. Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары. Грам оң коктар:стафилококтар,стрептококтар.

1.1 тақырып. Токсономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және дақылдық қасиеттері. Вируленттік факторлары. Адам патологиясындағы стафилококтар ролі. Стафилококтық инфекцияның алдын алу шаралары. Стафилококтық инфекцияның химиялық және иммунды биологиялық препаратта қасиеттері. Вируленттік факторлары. Іріңді, іріңді емес стрептококктық инфекциялар. Стрептококтық инфекцияның зертханалық нақтамалау әдістері. Стрептококтық инфекцияның алдын алу, емдеу шаралары.
2 Бөлім. Грам теріс коктар:менингококтар,гонококтар.

2.1 тақырып. Пневмококтар: морфологиялық, дақылық, ферменттік қасиеттері. Патогенді факторлары. Адам патологиясындағы пневмокок рөлі. Пневмокок инфекцияның зертханалық нақтамалау әдістері. Пневмокок инфекциясының алдын алу, емдеу шаралары. Патогенді нейсериялар, жалпы сипаттамасы. Менингококтар, биологиялық ерекшеліктері: морфологиялық, дақылдық, ферменттік, токсин түзуі. Эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, зертханалық нақтамалануы, алдын алу және емдеу шаралары. Гонококтар, морфологиялық, дақылдық, ферменттік, антигендік, токсин түзу қасиеттері.
3 Бөлім. Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары: эшерихиоз, дизентерия.

3.1 тақырып. Эшерхия. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Ішек таяқшасының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Эшерихиоз патогенезі мен клиникалық көрінісі. Иммунитет (төзімділік). Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Коли-титр, коли-индекс. Аурудың алдыналу, емдеу шаралары. Дизентерия патогенезі мен клиникалық көрінісі. Ауруханалық салмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары.
4Бөлім.Сальмонеллез,тырысқақ қоздырғыштары. Жалпы сипаттама.

4.1 тақырып. Сальмонеллалар. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Сальмонеллалар таяқшасының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Іш сүзегі, паратив А,В патогенезі мен клиникалық көрінісі. Ауруханалық сальмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары.

Тырысқақ вибрионы. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Тырысқақ вибрионының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Тырысқақ вибриондарының патогенезі мен клиникалық көрінісі және эпидемиологиясы. Ауруханалық сальмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары. Энтеробактериялар тұқымдастық тобына жалпы сипаттама. Ішек инфекцияларының қоздырғыштарының таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Энтеробактериялар қоздырғыштарының берілу жолдары, эпидемиологиасы, патогенезі және клиникалық көріністері. Микроскопиалық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары.


5 Бөлім. Шартты-патогенді энтеробактерияларға жалпы сипаттама. Кампилобактериялар және хеликобактериялар.

5.1 тақырып

Энтеробактериялар тұқымдастық тобына жалпы сипаттама. Ішек инфекцияларының қоздырғыштарының таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Энтеробактериялар қоздырғыштарының берілу жолдары, эпидемиологиасы, патогенезі және клиникалық көріністері. Микроскопиалық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары. Кампилобактериялар және хеликобактериялар.


6 Бөлім. Ауа-тамшылы инфекция қоздырғыштары.

6.1 тақырып. Туберкулез микробактериясы. Таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялық және културалдық ерекшеліктері. Химиялық құрамы, ферменттік қасиеті және антигендік құрылысы. Туберкулез ауруының берілу жолдары, эпидемологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Экспресс-нақтамалау. Арнайы алдыналу және емдеу препараттары.

Дифтерия коринебактериясы: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогенділік факторы және сыртқы ортаға тұрақтылығы. Дифтерия ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Арнайы алдыналу және серо, химиялық емдеу препараттары.

Көкжөтел, болжам көкжөтел бордетелласы. Морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогендік факторы және сыртқы ортадағы тұрақтылығы. Көкжөтел ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және серо, химиялық емдеу препараттары.


7 Бөлім. Анаэробты инфекция қоздырғыштары.

7.1 тақырып. Газды гангрена клостридиясы (негізгі өкілі). Анаэробтарды дақылдау әдістері. Морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогендік факторы және сыртқы ортадағы тұрақтылығы. Газды гангрена ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары.

Сіреспе клостридиясы. Морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Сіреспе ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері.Алдын алу және емдеу препараттары. Ботулизм клостридиясы. Морфологиялық, тинкториялдық және културалық ерекшеліктері. Сіреспе ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Спора түзбейтін анаэроб бактериялары. Жалпы сипаттама және зертханалық нақтамалау әдістері. Нақтамалау, алдын алу және емдеу препараттары.


8 Бөлім. Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары.

8.1 тақырып. Оба иерсиниясы: морфологиялық, тинкториялдық және дақылдық ерекшеліктері. Оба ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары. Туляремия франсселлалары. Биохимиялық қасиеттері, инфекция ерекшеліктері, патогенезі, экологиясы және эпидемиологиясы. Микробиологиялық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары. Бруццеллалар. Морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Сібір жарасы ауруының берілу механизмі, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары, шаралары.
9 Бөлім. Венерологиялы инфекция қоздырғыштары.

9.1 тақырып. Патогенді спирохеттер: мерез қоздырғышы, қайталама сүзек (эпидемиялық, эндемиялық) қоздырғышы, лептоспироз қозырғыштары-таксономиялық орындары, морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Мерез, қайталамалы сүзек, лептоспироз ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары.
10 Бөлім. Урогенитальдық инфекция қоздырғыштары.

10.1 тақырып. Патогенді қарапайымдылар: урогениталды хламидиоз, урогениталды микоплазмоз, трихоманиаз, олардың морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Урогениталды хламидиоз, микоплазмоз, трихоманиаз ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары.
11 Бөлім. Трансмиссивты инфекция қоздырғыштары.

11.1 тақырып. Патогенді риккетсиялар: эпидемиялық, эндемиялық бөртпе сүзігі, КУ-лихорадтық сүзегі, олардың таксономиялық орындары, морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Риккетсия ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
12 Бөлім. Вирустық инфекция қоздырғыштарына жалпысипаттама.Ортомиксовирустар, парамиковирустар және аденовирустар.

12.1 тақырып. Вирустарға жалпы сипаттама. Номенклатура және жіктелу принциптері. Дақылдану ерекшеліктері. Вирустық инфекциядағы дене төзімділігінің ерекшеліктері. РНК-геномды вирустар.Ортомиксовирустар. Тұмау вирусы. Тұмау вирусына сипаттама, инфекция көзі, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары.

13 Бөлім. Энтеровирусты инфекциялар. Вирусты гепатиттер. Жалпы сипаттамалары.

13.1 тақырып Бауыр қабынуының А,Е,С вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Қызылша вирусы. Қызылша вирусына сипаттама, инфекция көзі, берілу жолдары, патогенез,клиникалық белгілері. Бауыр қабынуының А,Е,С вирустары. Гепатит А вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Гепатит Е вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары,патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Адын алу және емдеу препараттары.Гепатит С вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, таиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Гепатит В вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары.
14 Бөлім. АИВ қоздырғышы. Жалпы сипаттама.

14.1 тақырып. Иммунды тапшылық вирустық инфекцияларының экологиялық, эпидемиологиялық, биологиялық ерекшеліктері. ИТВ инфекциясы. Әлемдегі ИТВ инфекциясымен зақымдану. Ауру патогенезі, адам ағзасындағы ИТВ органотропты жасушалар. Объективті зерттеу әдістеріне сипаттама беру. ИТВ қатерлі топтағы сырқаттардың негізгі емдеу принциптері; Негізгі химиялық препараттар. Иммунды алдын алу шаралары. Рабдовирустар.
15 Бөлім. Герпес және құтыру қоздырғыштары. Жалпы сипаттамалары.

15.1 тақырып. Құтыру вирусы. Жалпы сипаттама, сыртқы орта факторына тұрақтылығы, инфекция көзі, табиғаттағы резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтылау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары, ерекшеліктері.



4. Оқу – әдістемелік жабдықталуы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер.

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010. -Всего 400экз.

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов. -Алматы, 1997. -Всего 51 экз.

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие. -Ростов н/Д, 2003. –всего 27 экз.

  4. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001. -Всего 322 экз.

  5. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие. -М., 1993. - Всего 13 экз.

  6. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб. -М., 2005. -Всего 15 экз.

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб. -3-е изд., испр. И доп. -СПб., 2002. -Всего 74 экз.

  8. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000. - Всего 29 экз.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006. Всего 14 экз.

  10. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов. -М.,1995. - всего 15 экз.


Қосымша әдебиеттер.

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000.- Всего 1 экз.

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000. -Всего 1 экз.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000. -Всего 1 экз.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992. –Всего 10 экз.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998. -Всего 3 экз.

  6. Арықбаева У.Т., Алибеков А.А. “Микробиологиялық терминдер” Шымкент 1998 ж.

  7. Жалпы және жеке микробиология бойынша лабораториялық сабаққа арналған оқу құрал 2004 ж.


Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

    1. Пән бойынша плакаттар жинағы

    2. Нұсқау карталары

    3. Жұқпалы ауруларды зертханалық диагностикалау схемасы

    4. Химиялық ыдыстардың жинағы

    5. Микроскоптар

    6. Қоректену ортасы

    7. Бояулар жинағы

    8. Интерактивті тақта

    9. Бейнемагнитафон, CD, DVD дискілер

    10. Құрал-жабдықтар (термостаттар, тоңазытқыштар, электрлік плиталар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, Кох аппараты, Кротова аппараты, спиртовкалар, дистилятор, центрифугалар, бактерицидтік лампалар және т.б.)

    11. Кестелер

    12. Жабдықтар (бак. ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпельдер және т.б.)


Тестік сұрақтары:

  1. Әр бір тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтар.

  2. «Бақылау сабақтарына арналған тест жинақтары» оқу құралы.


Емтихан сұрақтары:

  1. Әр тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтардан тұратын емтихан сұрақтары дайындалды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет