Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Бериллий өңдірісінің жері



бет2/6
Дата19.06.2016
өлшемі276 Kb.
#147586
1   2   3   4   5   6

2-тарау. Бериллий өңдірісінің жері.

Ғимараттар және құрылыстар

22. Бериллий өндірісінің жері таза болуы және өндіріс қалдықтарынан жүйелі түрде тазартылады. Жаз уақытында жолдар, аяқжолдар және көлік жүретін жолдарға су себілуі, ал қыста олар қар мен мұздан тазартылуы қажет. Көк тайғақ кезінде жолдар мен аяқжолдарға құм, ұсақ қож және басқа осыларға ұқсас материалдар себіледі.

23. Жолдардың, аяқжолдардың және өндірістік аумақтың басқа жерлерінің бериллий және оның қосындыларымен ластану дәрежесін ұйымның арнайы қызметі мерзіммен тексереді.

24. Өндіріс аумағындағы бериллий өндірісінің қалдықтарын жинау, сұрыптау және қысқа мерзімге сақтау орындарын арнайы бөлінген және жабдықтандырылған учаскелерде орналастырылады.

25. Шығындық қоймаларды жеке бөлінген бөліктерде немесе бериллий өндірісінің жеріндегі жеке тұрған қойма ғимаратына жалғанып салынған қоймаларда орналастыруға рұқсаттама беріледі.

26. Шығындық қоймаларды өндірістік және қосымша ғимараттардың жертөлелерінде орналастыруға тыйым салынады.

27. Жағар май, жеңіл тұтанатын материалдар, уытты және жарылысқауіпті заттар жеке учаскілерде орналасады.

28. Қысылған және сұйытылған газы бар баллондар қоймасы, өндірістік және қоғамдық ғимараттардан арақашықтықта орналастырылатын өртке қарсы нормалар және «Күшіндегі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану және ұйымдастыру Талаптарын» қанағаттандырады.

29. Өртті қадағалау ұйымдарының келісімімен, қысылған және сұйытылған газды, арнайы жабдықталған, өндірістік ғимарат қабырғасының тікелей қасында орналасқан орындар, қоймалар немесе рампаларда аз мөлшерде сақтауға рұқсаттама беріледі.

30. Жұмыс орындарын, жолдарды, жайдан шығу жолдарын, өртке қарсы жабдықтардың, өрт сөндіру және байланыс құралдарының өту жолдарына үймелер үйіп, бітеуге тыйым салынады.

31. Ғимараттың шатырлары шаң, қар және мұздан тазартылуы тиіс. Шатырды тазарту жұмыстары, мекемеде, белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

32. Өндірістік ғимараттардың шатырын тазалау жұмыстарына, денсаулықтары осындай жұмыстармен шұғылданатын жұмысшылар үшін белгіленген, дәрігерлік талаптарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

33. Ғимараттар, құрылыстар және сыртқы қондырғылар найзағайдың тікелей соққысынан және оның қайталану көрінісінен қорғалады.

34. Ғимараттар мен құрылыстар жарамды күйде ұсталады.

Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлық алдын ала жөндеулер, күшіндегі ҚР РДС 1.04-15-2004 Ғимараттар мен құрылыстардың күйін техникалық қадағалау Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

35. Ғимараттардың құрылыстық конструкциясына түсетін жүктемелерді өзгертуге, жүргізілген есептеулер тексеріліп, жобалау ұйымдарымен келісілгеннен соң ғана рұқсат беріледі.



3-тарау. Өндірістік жайларға қойылатын талаптар. Жылыту.

Желдету. Су құбыры және канализация. Жарық түсіру




36. Барлық тағайындалуларға арналған жайларды жөндеген кезде беті тегіс, лас жинамайтын, жуғыш ерітінділермен, қышқылдармен, сілтілермен реакцияға түспейтін материалдар пайдаланылады. Бетінің ақауы болған жағдайда жабынды қалпына келтіріледі.


37. Басқыштар болған жағдайда едендер көлбеу болады. Есіктердің және терезелердің қапсырмасы қарапайым қапталды болады.

38. Өндірістік және зертханалық жайларда қарапайым конструкциялы, ылғалмен тазалауға және ласты жоюға болатын жабындысы бар жабдықтар мен жұмыстық жиһаздар қарастырылады. Жұмсақ жиһаздарды пайдалануға тыйым салынады.

39. Жарылысқауіпті шаң, бу, газдар немесе өндіріс кезінде олардың бөлінуі мүмкін жұмыстар жүргізілетін жайларда едендердің жабындысы, қабырғалар, төбелер және ішкі конструкциялардың материалдары ұшқын түзу, тұтану және жарылу мүмкіндіктерін тудырмайды.

40. Бериллий және оның қосындыларымен жұмыс жүргізілетін барлық жайларда әрбір ауысымда ылғалдық жинастыруды және жабдықтарды, коммуникацияны, қабырғаларды, төбені, жабу фермаларын, терезе ойықтарын, жарықтандырғыш және есіктерді жуу қарастырылатын тұтас жинау кестелері кіретін жинастыруды жүргізу тәртібі анықталады.

41. Техникалық құрылғыларды дистанциондық басқаруы бар аппараттар орналасқан бөлмелерде мүмкіндігінше таза аймақта орналасуы және бақылау үшін бақылау терезелері болады.

42. Санитарлық-тұрмыстық жайлардың құрамына үй киімдерін сақтау, таза арнайы киімдерді сақтау және киіну, арнайы аяқ киімдерді сақтау, пайдаланылған арнайы киімдерді шешу, алдын ала сумен себініп жуыну бөлмесі бар су себізгісі, кезекші қызметкерлер және жинастыру құралдарын сақтау бөлмелері кіреді.

43. Өндірістік жайларға тек қана санитарлық-тұрмыстық жайлар арқылы кіруге рұқсаттама беріледі.

44. Қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жайларға соқпай өндірістік жайларға кіру және одан шығу мүмкіндіктері болмайды. Санитарлық-тұрмыстық жайлардың жоспарлық орналасуы жұмысшылардың қарама-қарсы кездесу мүмкіндіктерін болдырмайды. Осы мақсатта үй киімдерін шешетін жерден арнайы киім гардеробына өту үшін дәліз қарастырылады. Кері қозғалыс тек су себізгісі арқылы өтеді.

45. Киім ауыстыру бөлмесінің ауданы ең саны көп екі, аралас ауысымды есепке алғанда, бір адамға 0,3 м2 деп шаққандағы есеппен алынады.

46. Ластанған арнайы киімді жууға қабылдау, бөлек жүкқораптарға арнайы киімдердің түрлері бойынша жүргізіледі.

47. Су себізгісіне кіретін жерде пайдаланған тұмылдырықтарды жинау үшін жүкқорап қойылады.

48. Су себізгілерінде сүлгі қоры бар, денені сүртуге арналған алдыңғы бөлме қарастырылады.

49. Су себізгілеріндегі сеткалар саны, ең саны көп ауысымды есепке алғанда үш кісіге бір сетка есебінен қарастырылады.

50. Әжетханаларға кіру, ыстық және суық су тартылған қолжуғыш қарастырылған дәлізше арқылы өтеді.

51. Қызметкерлердің ластанған арнайы киімде санитарлық - тұрмыстық және әкімшілік жайларына кіруіне тыйым салынады.

52. Пайдаланылған арнайы киімді сақтау, қолжуғыш, әжетхана, су себізгілері және су себізгілерінің алдыңғы жайларының қабырғалары және бөлгіштері жайлардың толық енімен, ылғалға төзімді, тазалануы жеңіл және жуғыш заттарды пайдалану арқылы ыстық сумен жууға болатын, ашық түсті материалдан орындалады.

53. Су себізгілерінің алдыңғы бөлмесі шашты құрғату үшін фендермен жабдықталады.

54. Санитарлық-тұрмыстық жайлардың құрамында термокамералар (сауна) орнатуға рұқсаттама беріледі.

55. Санитарлық-тұрмыстық жайлардың еденінің беті сырғанақ емес, қажет болған жағдайда су өткізбейтін қабаты қарастырылады.

56. Бериллий өндірісінің цехтарында демалыс бөлмелері жабдықталады. Демалыс бөлмесіне кіру, қолжуғыш, сүлгімен (электрсүлгі, қағаз сүлгілері бар жүкқораптар) жабдықтанған дәлізше арқылы өтеді. Демалыс бөлмесі дәрі қобдишасымен, таза тұмылдырықтар сақталатын және пайдаланылған тұмылдырықтарды жинайтын жүкқораптармен қамтамасыз етіледі.

57. Өндірістік жайларда, желдеткішпен біріктірілген ауамен жылытқышты қолданады.

58. Жеке жағдайларда, ауамен жылытқышты орналастыру мүмкін болмағанда, сумен жылытуды қолдануға рұқсаттама беріледі.

59. Жылыту жүйелерінің қыздырғыш элементтерінің беттері ластан жеңіл тазартуға мүмкіндік беретін, тегіс материалдардан істелінеді.

60. Барлық өндірістік жайлар сору және кіру желдеткіштерімен жабдықталады.

61. Желдеткіш шығындыларын тазарту жеке корпустарда немесе оқшауланған жайларда орналасқан газ-шаң тазарту қондырғыларында жүргізіледі. Жеке жағдайларда сумен тазарту құрылғыларын (скруббер), сондай-ақ газды алдын ала тазарту қондырғыларын технологиялық жабдықтың орналасу аумағында орналастыруға рұқсаттама беріледі. Желдеткіш шығындыларын тазарту технологиялық процесте қайтарумен ауланған бериллий қоспаларымен жүргізіледі.

62. Желдету және газ тазарту қондырғыларының дұрыс пайдаланылуын, уақытылы және сапалы жөнделуін бақылау үшін, бериллий өндірісінде желдету қызметі ұйымдастырылады.

63. Цехта, желдету жүйелері және шаң-газ тазарту қондырғылары жөнінде келесі құжаттар болады:

1) желдету жүйелерін және газ тазалау қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөнінде журнал;

2) қызметшілер үшін жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөнінде басшылық, нұсқау;

3) ауа құбырларын тазарту, сумен тазарту аппараттарындағы ерітінділерді ауыстыру кестесі;

4) әрекеттегі жөндеу жүйелеріне сәйкес, жоспарлық-алдын алу жөндеулерінің кестесі;

5) барлық желдету жүйелерінің ауа құбырларының таралу сұлбасы және орналасу жерлері көрсетілген төл құжаттары.

64. Желдету жүйелері және газ тазарту қондырғылары келесі талаптарды қамтамасыз етеді:

1) ауаға тасталатын шығарындыларды бериллийден және басқа уытты заттардан тазартуды, шығарынды факелінің жерге қонатын жерлерінде зиянды химиялық заттардың мөлшері өндірістік алаңдар, санитарлық-қорғау белдемі, атмосфералық ауадағы тұрғын елді-мекендерде ластанатын заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациядан (әрі қарай - ШРК) артпайтын мәнде қамтамасыз етуі тиіс (3 - қосымша). ШРК жоғары зиянды химиялық заттардың факелі қонған жердің қыртысында жиналады, бұзылған жер қыртысы рекультивацияға жатады;

2) пайдалану кезіндегі сенімділігі;

3) газ тазалау құрылғысын жөндеу кезінде, қызметшінің тұтылған өніммен тікелей қатынасу мүмкіндігін болдырмайтын, толық тығыздалып жабылуы немесе оқшаулатылуы.

65. Желдету жүйелері, қондырғылардың нақты жұмыстық көрсеткіштерінің жобалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеруден жылына бірден кем емес ретте өтуі тиіс, сондай-ақ келесі жағдайларда тексеру жүргізіледі:

1) технологиялық жабдық өзгертілген режімде үш айдан артық жұмыс істегенде немесе оны жаңа тұрақты режімге өткізгенде;

2) құрылғының құрылысын салғаннан кейін, күрделі жөндеуден немесе қайта жаңартудан кейін.

66. Тексерудің нәтижелері актімен рәсімделіп, құрылғының төл құжатына жазылады.

67. Желдетіс шығындыларын алдын ала немесе ірі тозаңдардан тазарту, шаң, тозаң және тағы басқа бөлінетін жерлерде тікелей жүргізілуі тиіс, соңынан шығарылатын ауа орталықтандырылған майда тозаңдардан тазарту қондырғыларына жіберіледі.

68. Скрубберлік қондырғыға ерітінді беруді, желдету қондырғысының жұмысымен және аппараттағы сұйықты себелеу тоқтап қалған жағдайда берілуі тиісті дабыл берумен (жарықпен немесе дыбыстық) тұйықтау қажет.

69. Майда тозаңдарды тұту сүзгілерімен жабдықталған бөлімдердің ауа құбырларын, уытты тозаңдардың бөліну көздері болып табылатын жабдықтардың ауа құбырларымен бір жүйеге біріктіруге тыйым салынады.

70. Желдету жүйелері және шаң - газ тазалайтын қондырғылар операторлық зонаның басқару пультіне шығарылған, жазатын құрылғылары бар, тұрақты бақылап-өлшеу құралдарымен (әрі қарай-БӨҚ) жабдықталуы тиіс.

71. Желдету жүйелері, тазартылған ауадағы заттардың концентрациясын анықтау және аппараттар жұмысының тиімділігін тексеру мақсатында сынама алатын құралдармен жабдықталады.

72. Бериллий өндірісінде жұмыстық аумақтың ауасында бериллийдің мөлшері ШРК - артық болған жағдайларды техникалық басқарушы белгілейді.

73. Тексеру нәтижесі бойынша, жұмыстық аумақтың ауасында бериллийдің мөлшерінің ШРК-дан артуына жол бермейтін шаралар әзірленіп, белгіленген тәртіпте бекітіледі.

74. Пайдалану барысында, желдеткіш жүйелерінің және шаң - газ тазалау жабдықтарының жұмысының тиімділігін, ұйымның техникалық жетекшімен бекітілген кесте бойынша тексеріледі.

75. Кіретін ауаны сору аумағында, кіру жүйелеріне ластанған ауаның кіруіне жол берілмейді.

76. Бұл шарттың орындалуы мүмкін болмаған жағдайда, ауа, организм үшін зиянды заттардан тазартылады. Жұмыстық аумаққа берілетін ауадағы бериллийдің концентрациясы өндірістік жайлар үшін 0,1 ШРК - дан артпауы тиіс.

77. Арнайы киімдерден санитарлық шлюздерде ласты кетіру үшін бериллий тозаңы көп бөлінетін операциялар жүретін жайларға (бокс, каньон (жабық бөлме)) кіретін жерде вакуумдық сорғыш құрылғылар қарастырылады.

Шығарылатын ауа атмосфераға тасталар алдында, жобаға сәйкес тазартылады.

78. Бериллий өндірісінің өнімдерімен жұмыс жүргізілетін жайлары негізгі технологиялық жайларға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Шаңданатын өнімдердің өлшенділері сорғыш шкафтарда алынады.

79. Өндірістік жайларда және санитарлық рұқсаттама орнында жинастыруды үнемі жүргізу, жайлардың, жабдықтардың беттерін, үлдірлік арнайы киімдерді және арнайы аяқ киімді жуу үшін, тасымалданатын шлангтарды қосатын шүмектері бар ыстық және суық судың тұрақты құбырлары болады.

80. Өндірістік және шаруашылықтық-ауыз су құбырларының жүйелерін біріктіруге тыйым салынады.

81. Бөлме-жайлардың ішінде тартылатын өнеркәсіптік және шаруашылықтық - ауыз су құбырлары, ауа ылғалының құбырлардың бетінде шықтануын тудыратын су температурасында, беті суға тұрақты, құбырлардың бетінен шаңды жууға мүмкіндік беретін жылу оқшаулағыштармен қапталады.

82. Киімнің тұтануы немесе химиялық күюлер болуы мүмкін өндірістік жайларда фонтандар, ағызғыш шүмектер, өзіндік көмектік жуынғыштар, апаттық су себезгілері орнатылуы тиіс. Бұл құрылғылар, шаруашылықтық - ауыз су құбырына қосылатын жетуі жеңіл жерлерде орналасады.

83. Бериллий өндірісінде келесі канализация жүйелері қарастырылады:

1) шаруашылықтық-нәжістік;

2) арнайы;

3) жаңбыр суын әкететін.

84. Құрамында уытты заттары бар өндірістік ақаба сулар үшін, арнайы бөлек (жабық) канализация жүйесін орнату қажет. Өндірістік ақаба сулары тазартылғаннан кейін пульпосымдар арқылы немесе арнайы машиналармен қалдық сақтайтын қоймаға жібереді.

85. 1994 жылғы 14 маусым № 13 хаттамамен бекітілген ҚР БЭМ төгінді суларды (шаруашылық-фекальді және жаңбырлы) су қоймаларына төгу шарты БҚ 1-03-94 Қазақстан Республикасының жер үсті суларын қорғау ережелерінің талаптарына сәйкес тазалау тиімділігін тексеруді үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді.

86. Канализация қондырғысы және арнайы канализация желісі, барлық жүйенің тығыздалып жабылуының сенімділігін қамтамасыз етуі және қажетті механикалық беріктігі бар және коррозияға тұрақты материалдан жасалады. Қажет болған жағдайда гидравликалық қақпақтар қойылады.

87. Бериллий өндірісінің жұмысшыларының ауыз сумен қажеттіліктерін қанағаттандыру сатуратор қондырғысының көмегімен жүзеге асырылады.

88. Газдалған су беру үшін сатураторларды демалу бөлмелеріне орнату қажет. Сатураторларды бериллийдің концентрациясы 0,1 ШРК артпайтын, ауа күшейтілген ағыммен түсетін жайларда орнатуға рұқсаттама беріледі.

89. Қол жуу үшін, жанында суық және ыстық суы бар қол жуғыш орнатылады және электрсүлгі немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер қарастырылады.

90. Өндірістік жайларды жарықтандыру 2.04-05-2002 ҚНжЕ Табиғи және жасанды жарықтандыру сәйкестікте орындалады.

91. Қауіптілігі жоғары учаскелерде (электр пештері, майдалағыштар, өндірістің құрғақ, шаңданатын өнімдерін тиеу және тағы басқа), сондай-ақ жабдықтарды алыстан басқару қалқаншаларының қасында апаттық жарықтандыру қарастырылады.

92. Жұмыстық және апаттық жарықтандыру шырақтары олардың бекітілу, қауіпсіздік сенімділігі және қызмет көрсету ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей орналастырады.

93. Өндірістік жайларда орнатылатын жарықтандыру арматурасы қабырғаларды, төбені, еденді және жабдықтарды жуғанда ылғалданбайтындай , сондай-ақ зиянды заттармен ластануын болдырмау үшін шаң-ылғалдан қорғалған түрде орындалады.

94. Шырақтарды қауіпсіз жөндеу және ұстау үшін тұрақты және тасымаладанатын құрылғылар (алаңшалар, көпіршелер және баспалдақтар, телескоптық мұнара және гидрокөтергіштер) қарастырылады.

95. Тасымалданатын электрлік жарықтандырғыштар үшін кернеуі 42 Вольттен артық емес шырақтар қолданыла алады.

96. Металл ыдыстардың, пештің, қазандықтардың, құдықтардың, майдалағыштардың ішінде жұмыс істеген кезде, жарықтандырғыш желідегі кернеу 12 Вольттен артық болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет