1-кесте. «Оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы» атты арнайы курсының жоспары. (20 сағат)
№
|
Тақырыптар
|
Сабақ түрлері
|
лекция
|
практика
|
зертханалық
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
|
|
2
|
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі мен маңызы
|
2
|
|
|
3
|
Құқықтық тәрбиенің негізі – тұлғаға құқықтық нормаларды таныту
|
2
|
1
|
1
|
4
|
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
|
2
|
1
|
1
|
5
|
«Құқық», «құқықтық тәрбие», «құқықтық мәдениет» ұғымдарының мәні мен маңызы
|
2
|
|
|
6
|
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі жолдары
|
1
|
2
|
2
|
7
|
Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар
|
1
|
1
|
1
|
|
Барлығы
|
10
|
5
|
5
|
10-11 сыныптарда мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беріп, құқықтық дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттерден сақтанып, оны болдырмауға тырысады. Дүниетанымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі.
Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мәселен, мектеп жарғысымен танысу, мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту. Сондай-ақ, «Құқық», «Мемлекет және құқық», «Құқық және білім беру заңдарының негіздері» сияқты негізгі және факультативті пәндерді оқу жоспарына енгізумен қатар, шебер ұйымдастырылған тәрбие шаралары арқылы жас ұрпақты күнделікті отбасында, орта мектепте, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жоғары мектептерде тәрбиелеу абзал.
Мектептерде тәрбие жұмысының әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру шараларын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
-
жыл сайын құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау;
-
құқықтық тақырыпта айлықтар өткізу;
-
көңілді тапқырлап клубын ұйымдастыру («Адам және заң», «Заң және біз»);
-
қиын балалармен тұрақты Кеңестің жұмыс істеуі. Кеңестің жұмысына ата-аналарды қатыстырып отыру керек. Құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
-
құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс істеуі керек;
-
құқықтық ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы болуы керек. Қабырға газеттері, құқық тақырыбына қажетті басылымдар шоғырлануы қажет;
-
құқық тақырыбында сынып жетекшілердің семинарларын өткізу және құқықтық білім бойынша олимпиадаларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру;
-
үгіт-насихат құралдарын кеңінен пайдалану.
Ең бастысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйелілігі. Төмендегідей сатыдан тұратын жүйенің болғаны жөн.
Диагностикалық саты — сұрақ-мәселе жағдайын зерттеу. Бұл мектеп оқушыларының әлеуметтік құрамын анықтап, «қиын» жасөспірімдердің топтарын белгілеуге көмектеседі.
Ізденушілік саты — анықталған мәселелерді шешу жолдарын табу.
Әрекет етушілік саты — мәселені шешу әдістері мен нәтижелерін талдау.
Қорыта келгенде, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі шараларды тиімді ұйымдастыру керек:
-
тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың құқықтық тәрбие берерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
-
ішімдікке, нашақорлыққа қарсы күресуде жұртшылықты, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, дәрігер-нарколог өкілдерін жұмылдыру;
-
оқушылар арасында ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар жасөспірімдерді анықтап, құпия түрде дербес тәрбие жұмыстарын жүргізу;
-
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бақылау жүргізу.
Екінші тараушада «Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар» талқыға түседі. Жастардың құқықтық мәдениеті жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін құқықтық түсінік болса, девианттық мінез-құлық керісінше, олардың қоғам өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі, әрбір мұғалім, әрбір мектеп басшысы оқушыларды жақсы тануы қажет. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен, оны барлық жағынан білуі тиіс» деген екен.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан – жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», – деп анықталған [54.197].
Сонымен, қылмыстың жастар арасында көбею себептерін қарастырайық (2-сурет).
2-сурет. Жастар арасындагы қылмыстың көбею себептері
Үшінші тарауша «Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері» деп аталады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру отбасынан бастау алып, бүкіл қоғамдық институттарды қамтиды. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесінде теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады. Атап айтсақ, солардың ішіндегі оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа құмар болуы. Ал жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Әрине, отбасында құқықтық тәрбие кең көлемде берілмейді. Арнайы құқықтық тәрбиенің басталар жері — мектеп болып табылады. Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам, мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп «қиын» балалардың тағдырына ерекше көңіл аударады. Соған қарамастан, олардың саны жылдан-жылға азаймай келеді.
«Қиын» балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез көрсету. Әдетте мұндай оқушылар бір сыныпта екі жыл отыруы да мүмкін. көбінің оқығысы келмейді. Себебі, оқуға ықыластары азайған, қоғамдық белсенділігі төмендеген. Мұндай балалар өзінен басқа жолдастарына да қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе басқадай іспен айналасуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді. Тіпті өз қатарларына жігерсіз балаларды тартып әкету икемділіктері де басым болады.[46.8] Мектеп мұғалімнің беделі болу қажет. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі, оқушыларға тек құқықтық мағұлмат беріп отыру ғана емес, сонымен қатар құқық талабын орындауға күндеклікті баулу болып табылады.
Сонымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әлеуметтік институттардың ықпалдастықта, өзара байланыста жүргізген жұмысы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Сыныптан тыс жұмыстарында оқушыларға құқықтық тәрбие берудің педагогикалық эксперименті» деп аталатын төртінші тарау үш тараушадан тұрады. Бұл бөлімде құқықтық білім мазмұнын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктірудің жолдары, қоғамдық пәндер мазмұнына құқықтану материалдарын кіріктіру үлгісі жан-жақты талданды. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері, оның негізінде жасалған тұжырымдар берілді.
Бірінші тарауша «Тәжірибелік эксперимент жұмыстарының анықтаушы кезеңіне» арналады. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудегі олардың құқықтық білімі, дағдысы, мәдениеті мен құқықтық санасының даму деңгейін зерттеуде, тәрбиелік шараларын өткізу арқылы олардың құқықтық білімі мен дағдыларын дамытуға болатынын анықтау үшін эксперимент жұмыстары өткізілді. Эксперимент жұмысы үш кезеңнен тұрды:
1. Анықтаушы;
2. Қалыптастырушы;
3. Қорытынды.
Мектеп оқушыларының құқықтық білімі мен дағдыларының даму деңгейлерін анықтау мақсатында 2011 жылдың қазан айынан бастап 2012 жылдың ақпан айына дейін №222 мектепте арнайы тәжірибелік эксперимент жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің анықтаушы кезеңінде 8“а”, 8“б” сыныптарында оқушылардың құқықтық білімдері мен дағдыларының деңгейлерін анықтау үшін тесттер, сауалнамалар, интервью өткізілді. Оның алдында олардың құқықтық тәрбиелілігін анықтайтын (критерий) белгілерін жасадық.
Екінші тарауша «Тәжірибелік эксперимент жұмысының қалыптастырушы кезеңіндегі тәрбиелік іс-әрекеттер» деп аталады. Анықтаушы кезеңнің мәліметтеріне сүйене отырып эксперименттік жұмыстардың әдістемесін құрдық.
Осы әдістемені негізге ала отырып, төмендегідей іс шаралар өткізуді ұсындық:
-
Оқушылардың құқықтық білімі мен мәдениетін қалыптастыру, дамыту үшін «Құқықтық апталық» өткізу;
-
Оқушылардың құқықтық дағдыларын жетілдіру мақсатында қалалық білім байқауларына қатыстыру. Олардың бүгінгі заманымыздың құқықтық фактілерге баға беру, талдау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, мектептегі «Жас заңгер», «Жас құқықтанушы» кіші ғылыми-зерттеу орталықтарына жазылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Оқушылардың бүгінгі құқықтық өмірмен байланысын, өмір тәрбиесін қалыптастыру мақсатында белгілі заңгерлермен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен байланыс орнату, кездесу өткізу, көкейкесті құқықтық мәселелрге арналған ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатыстыру;
-
Құқықтық білім беру бағдарламасын қолдап отырған ұйымдармен байланыс жасау, олар ұйымдастырған іс-шараларға қатыстыру;
-
Оқушылардың заңдық жауапкершілігін арттыру үшін жасөспірім-дердің ісі жөніндегі комиссия мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Олар берген мәліметтер бойынша оқушылардың құқықтық жағдайларын анықтап, салыстырып, құқықтық фактілерді талдау;
-
Оқушылардың азаматтық-құқықтық білімін жетілдіру үшін «Ақжелкен», «Ұлан» т.б. балалар баспасөзінде құқықтық баған, «Сұраңыз, жауап береміз» атты маман заңгерлердің кеңесін ашу. Радио, телехабарда балалар құқығы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы, «Балалар құқығы туралы конвенция» т.б. маңызды мәселелер бойынша этикалық әңгіме, конференция, тәрбие сағаттарын өткізу;
-
Мектептегі «қиын» оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу, мектеп психологымен байланыста құқықтық-психологиялық қызмет көрсету.
Эксперименттік топ оқушыларымен «Заң білмеген зардап шегеді» деген тақырыпта тәрбие сағатын жүргіздік. «Заң адамды бағындырады, Заң ақылды бағындырады», -деген Т.Фуллердің нақыл сөздерін негізгі идея ретінде қолдандық, және осы сөздерді тақтаға цитата ретінде іліп қойып, оқушылардың назарын осы сөздерге аударып тұрдық.
Жүйелі түрде ұйымдастырылған іс шаралардың арқасында оқушылардың құқықтық білімін және дағдысын қалыптастырдық деп айта аламыз. Нәтижесін қорытынды экспериментте көрсетеміз.
Үшінші тараушада «Тәжірибелік эксперимент жұмыстарының даму динамикасы» сипатталады. Мектеп оқушыларының құқықтық білімі мен мәдениетінің даму деңгейін анықтау мақсатында арнайы №222 орта мектепте тәжірибелік эксперимент жұмыстары жүргізілді.
Қалыптастырушы кезеңінде өткізілген іс шаралардың қорытындысын анықтау мақсатында өткізілген тесттер мен ситуациялық сұрақтар негізінде оқушылар төмендегідей көрсеткіш көрсетті.
Салыстырмалы түрде анықтаушы кезеңіндегі көрсеткіштермен бірге қорытынды кезеңнің көрсеткішін төмендегі кестеде белгіледік.(2-кесте)
2-кесте. Салыстыру кестесі
Эксперимент кезеңдері
|
топтар
|
сыныптар
|
оқушылар саны
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
Анықтаушы кезең
|
Эксперименттік топ
|
8 «А» сынып
|
27
|
8
|
12
|
7
|
Бақылаушы топ
|
8 «Б» сынып
|
26
|
6
|
15
|
5
|
Қорытынды кезең
|
Эксперименттік топ
|
8 «А» сынып
|
27
|
3
|
12
|
12
|
Бақылаушы топ
|
8 «Б» сынып
|
26
|
5
|
16
|
5
|
3- сурет. Анықтаушы кезең
4-сурет. Қорытынды кезең
Зерттеудің үшінші кезеңінде, яғни қорытынды кезеңде бірінші және екінші кезеңдерді салыстырып, бағалай отыра олардың көрсеткіштерін былай қарастыруға болады. Бірінші кезеңдегі эксперименттік топтың көрсеткіштеріне қарағанда, №222 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларының құқықтық білімі мен дағдылары едәуір артқан. Оларда құқықтық білімдері мен дағдыларының дамуының төмен деңгейі 32% - дан 20% төмендеп, орташа деңгейлері 40% - дан 48% және жоғары деңгейлері 28% - дан 48% жоғарылады.
Сонымен қатар, бақылаушы тобының көрсеткіші айтарлықтай өзгеріске түспеген: төменгі деңгейі 26% - дан 22% түсті, орташа деңгейі 52% - дан 57% көтерілді, ал жоғары деңгейі бұрынғы 22% қалпында қалды.
Бұл пайыздық көрсеткіштерді қорытындылай келе эксперименттік тәжірибелік жұмыстың нәтижелері оң көрсеткіш көрсетіп, жалпы мектеп оқушыларының болашақтағы құқықтық білімі мен тәрбиесі жеткілікті түрде екені белгілі, ал кейбір төмен деңгейдегі көрсеткен сияқты оқушылардың құқықтық білімдерін әрі қарай дамыту мектеп ұстаздары мен отбасы және құқық қорғау органдарының басты міндеті деп есептейміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы болашақта өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған заңдарда, ең алдымен жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шаралар қажет. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау — ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Сонымен, алынған мәліметтерді негізге ала отырып, келесі тұжырымдар жасауға болады:
Біріншіден, оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбие беру ісінің шынайылық деңгейін көтеру. Оқушылардың бос уақыттарын ұтымды және тиімді өткізуін қамтамасыз ету.
Екіншіден, жастар саясатына қатысты заңнаманы жетілдіру. Заңнамалар жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғап, мүдделерін толығымен қанағаттандыру керек. Жастар саясатын
Үшіншіден, жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге қатысты нақты шаралар болу қажет.
Төртіншіден, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтар жүйесіндегі құқықтың тарихи, мәдени ерекшеліктерін меңгерту барысында оқушылардың жас және жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктері есепке алынуы тиіс.
Бесіншіден, жастардың белсендігін арттыру. Олардың қоғамдық және саяси істерге тарту қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыру қажет.
Орындалған жұмыстың толықтығын бағалау. Магистрлік жұмысқа қойылған мақсат пен міндеттер толығымен орындалды. Алынған нәтижелерді білім беру мекемелерінде қолдануға болады.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
-
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың мәселелері // университеттің 75 жылдығына арналған «Жас ғалымдардың ғылыми мақалалар жинағы» (Басылымда).
РЕЗЮМЕ
на реферат диссертации на соискание ученой степени магистра педагогических наук по специальности 6М010300-Педагогика и психология
Бержанова Жанар Зайдулдаевна
ФОРМИРОВАНИЕ ПРАВОВОЙ КУЛЬТУРЫ УЧАЩИХСЯ НА ОСНОВЕ ВНЕКЛАССНОЙ ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ
Объект исследования: учебно–воспитательный процесс в средней общеобразовательной школе
Предмет исследования: формирование правовой культуры учащихся.
Цель исследовательской работы: разработать научно – методические рекомендации в учебно – воспитательном процессе при формировании у учащихся правовой культуры.
Методы исследования: проведение анализа использованной литературы с философской, психологической, педагогической, социальной, культурной точек зрения; рассмотрение с теоретико–методической стороны педагогико–научного исследования работы; анализ учебно–воспитательной документации в общеобразовательной школе; контроль за учебно–воспитательным процессом, проведение анкетирований, диалогов и анализ их итогов.
Научная новизна исследования и теоретическая значимость:
-
выявлены теоретические основы правовой культуры учащихся;
-
выявлены возможности учащихся при формировании правовой культуры;
-
установлены уровни учащихся при правовом воспитании во внекласной работе;
-
разработана методика формирования правовой культуры учащихся;
-
выявлены направления внеклассной работы учащихся при получении правового воспитания.
Основные положения выносимые на защиту:
-
должны проводится комплексные мероприятия для формирования у учащихся школ правовой культуры в Республике Казахстан;
-
определены отрицательные влияния девиантного поведения при формировании правовой культуры у учащихся;
-
определена значимость внеклассной воспитательной работы при формировании у учащихся правовой культуры.
Апробация диссертации: диссертация написана при кафедре «Педагогика» Кызылординского государственного университета имени Коркыт ата. Работа обсуждена на заседании кафедры и представлена к защите (Кызылорда,2012). Наряду с этим, основные заключения работы освещены в научном издании университета.
Практическая ценность научного исследования:
-
написанные учебно–методические комплексы внедрены в практику;
-
основные заключения сделанные на основе научно – теоретических исследований можно использовать в учебных заведениях;
-
сделана педагогическая карта выявления психологической характеристики ученика которую можно применять на практике.
THE SUMMARY
To the report of dissertation work prepared for educational master academic degree on specialty 6M010300 – the Educational Science and Psychology
Berzhanova Zhanar Zaiduldaevna
FORMING PUPILS’ LEGAL CULTURE BASED ON EXTRACURRICULAR UNBRINGING WORKS
The object of research: the educational-upbringing process in comprehensive secondary education schools.
The subject of research: forming pupils’ legal culture.
The aim of research: forming pupils’ legal culture on scientific-theoretic and systematic basics, giving it scientific-systematic suggestions in educational-practical process.
The methods of research: to conduct examination to literatures directed on philosophy, psychology, teaching, social, culturology, to examine from theoretic- systematic side dealing with the teaching scientific research theme, to analyse educational-upbringing documents in comprehensive secondary education schools, to watch the educational-upbringing process, to conduct questionnaire, to talk, to polish up and conclude its results through analysing.
The scientific novelty and theoretical meaningfulness:
-
appeared theoretic basics of forming pupils’ legal culture;
-
elaborated on the opportunities of forming pupils’ legal culture;
-
appeared the degrees of legal upbringing;
-
offered the methodology of forming pupils’ legal culture;
-
appeared the directions of extracurricular works in giving pupils legal upbringing.
The main points will be offered for defence:
-
forming pupils’ legal culture in Kazakhstan Republic must be done through complex measures;
-
discovered that there was very negative influence of deviant behaviour in forming pupils’ legal culture;
-
extracurricular upbringing works are very important in forming pupils’ legal
Approbation of research:
The dissertation was done in Educational Science department of Kyzylorda state university by Korkyt Ata. The theoretic summaries and main conclusions were discussed in the meeting of department, offered for defence (Kyzylorda, 2012). Also the main points and conclussions of dissertation were published in scientific edition of university.
The practice meaningfulness of research results:
-
educational-systematic complexes dealing with the problem of research were done and were introduced in practice;
-
the points and conclussions which were based on scientific-theoretic examinations, the offered programme of course by choice may be used in educational institutions;
-
teaching map which discovers pupils’ psychology reference was done and may be used in practice.
Достарыңызбен бөлісу: |