Бесқарағай ауданы әкімінің 2013 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында халық алдындағы есебінің
ТЕЗИСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 және «Әкімдердің халыққа есеп берулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының аясында атқарушы органдардың 2013 жыл ішінде атқарылған жұмыстары мен 2014 жылға арналған тапсырмалары туралы ақпарат береміз.
Алға қойылған бағдарламаларды орындау нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізілді.
Бюджет
Аудандық бюджеттің өзіндік кіріс бөлігі – 100,6%-ға немесе 340 млн. 054 мың теңгеге орындалып, 2012 жылмен салыстырғанда 17 млн. 556 мың теңгеге өсті.
2013 жылы аудан бюджеті түсім жағынан 2 млрд. 509 млн.96 мың теңгені құрап, жоспар 100,1 %-ға орындалды. Аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 2013 жыл ішінде 2 млрд. 504 млн. 339 мың теңгеге немесе 99,9% орындалса, 2012 жылы 2 млрд. 430 млн. 569 мың теңгені немесе 100,0 пайызды құраған болатын.
Ауданда дебиторлық және кредиторлық берешектер жоқ, бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақылары уақытында төленуде.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешені ауданның негізгі саласы болып табылады.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылы 10309,7 млн. теңгені құрап, жеке көлемінің индексі 106,1% құрады, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 7470,0 млн.теңгені немесе 102,4% құраса, өсімдік шаруашылығының өнімі 2839,7 млн. теңгені немесе 116,8 пайызды құрады.
Ет өнімдері 7372,7 тоннаға немесе 101,0 пайызға, сүт 47098,3 тоннаға немесе 104,1 пайызға, жұмыртқа 3,9 млн. данаға немесе 102,1 пайызға өндірілді.
Ірі қара мал бастарының саны 32,8 мың басты немесе 100,0 %, қой және ешкі 45,9 мың басты немесе 103,2%, жылқы -7,7 мың басты немесе 100,6%, шошқа -2,4 мың басты немесе 100,2%, құс- 32,5 мың басты немесе 101,6% құрады.
Ауданда мал шаруашылығымен 145 шаруа қожалықтары айналысады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 6 шаруа қожалыққа артық. «Лана» және «Мукинов» шаруа қожалықтары «Қазақтың ақ басты тұқымды» республикалық палатының мүшелері қатарына енсе, «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы сүт бағытындағы қырдың қызыл ірі мүйізді қара малдарын өсіру бойынша тұқымды шаруашылығы статусына ие болды. «Мукинов» шаруа қожалығы базасында асыл тұқымды қазақ жылқыларын өсіретін тұқым зауыты жұмыс істейді. Ауданда омарта шаруашылығымен 6 кәсіпкер айналысады, оларда 200 дана карпат тұқымды ара отбастары бар.
2013 жылы жеке кәсіпкер «Харченко» карпат тұқымды араларды өсіру бойынша карпат тұқымды шаруашылығының статусына ие болды.
2014 жылы «Балажал», «Мукинов» шаруа қожалықтары базасында қазақтың қылшық жүнді қойларын өсіру бағытында тұқым шаруашылығын ашу жоспарлануда.
2013 жылы тамыз айында Абай ауданында өткен «Шыңғыстау-2013» жәрмеңкесінде «Мукинов» шаруа қожалығының асыл тұқымды қазақ жылқысы жәрмеңкенің чемпионы атанды.
Ауданда 3 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді («Балке», «Саят», «Калиханулы»). Екі «Қалиқанұлы» және «Саят» шаруа қожалықтары базасында сүт өніміндерін өңдіретін шағын цех жұмыс істейді, онда өндірілген сүт өнімдері келісілген келісімшарт бойынша Семей қаласының сауда орындарында іске асырылуда. «Балке» шаруа қожалығы базасында 120 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы қайта жаңартылып, іске қосылды, фермаға германдық құрал-жабдықтарды орнатумен «Аграл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналасты.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында 3 шаруа қожалығымен ірі мүйізді қара малдар сатып алынды: соның ішінде «Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 9 млн. 900 мың теңге сомада 48 сиыр және 3 бұқа, «Абенова» фермер шаруашылығы – 4 млн. 500 мың теңге сомада 21 сиыр және 2 бұқа, «Дархан-4» шаруа қожалығы -10 млн. теңге сомада 50 сиыр және 2 бұқа сатып алып, барлығы 126 басты құрады.
Мал шаруашылығына бөлінген субсидияға төленген сома 104 млн. 557,2 мың теңгені құрайды. Ауданның шаруашылықтарымен: 106 бас ірі мүйізді қара мал, 594 бас қой, 5 бас жылқы, «Тұқымды мал шаруашылығына қолдау көрсету» бағдарламасы аясында 20 млн. 140 мың теңге сомаға субсидия, малдар азығын арзандатуға 13 млн. 869 мың теңгеге төленді. «Мал шаруашылығы өнімінің сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында субсидиялау» бағдарламасы аясында 70 млн. 548,2 мың теңге төленді.
Ауданда ветеринарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында «Бесқарағай ауданының ветеринарлық қызметі» коммуналдық кәсіпорыны жұмыс істейді, 2013 жылдың наурыз айында құны 5,0 млн. теңге тұратын ДУК автокөлігі сатып алынды.
Өткен жылы аудан бойынша барлығы 8 ветеринарлық пункті жұмыс істеді, бүгінгі күнге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 18 мал дәрігері және 15 жұмысшы жұмыс істейді. 2013 жылдың мамыр айыннан бастап қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау басталды, олар үшін 8 «Нива», 1 ДУК, 1 SsangYong автокөліктері, 9 жекекөліктер, 1 жылжымалы жүктеу, 9 тоңазытқыш, 1 мұздатқыш бөлініп, жалпы сомасы 27 млн. 668 мың теңгені құрады.
Ауданда эпизотикалық жағдай тұрақты. Эпизотикалық іс-шараларға қарсы республикалық бюджеттен 40 млн. 157 мың теңге бөлінді.
Көлемі 591,871 шаршы метрлі 50 нысанға дезинфекциялау жұмысы жүргізілді.
Ауданда 9 ұрықтандыру пункті, 3 мал сою алаңы, 21 мал қорымы жұмыс істеуде. Соңғы 3 жылдың ішінде 15 елді мекендегі мал қорымдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған жергілікті бюджеттен 6 млн. 277 мың теңге сомада ақша қаражаты бөлінді. 608 ит, 9 мысық жойылды.
15 мың 500 бас ірі мүйізді қара мал немесе 100 пайызы, 18 мың бас ұсақ қара мал немесе 100 пайызы бірдейлендіріліп, толықтай компьютерлік базаға енгізілді.
2013 жыл ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік жерлері 51,0 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға артты. Дәнді дақылдар 22,7 мың гектарды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты. Зәйтүн дақылдарының егістік жерлері 7,6 мың гектарды, көкөніс 0,383 мың гектарды, бақша дақылдары 0,108 мың гектарды, картоп -0,804 мың гектарды құрады.
22,7 мың гектар астық жиналып, ұнтақталғаны 26,7 мың тонна, орташа өнімділігі гектарына 13,0 центерді құрады. 7,6 мың гектар күнбағыс жиналып, жалпы түсімі 3,0 мың тоннаны, орташа өнімділігі гектарына 4,0 центнерді құрады. 383 гектар көкөніс жиналып, жалпы түсімі 8,83 мың тоннаны, орташа өнімділігі гектарына 230 центнерді құрады. 108 гектар бақша дақылдары жиналып, орташа өнімділігі гектарына 214 центнерді құрады. 804,5 гектар картоп жиналып, жалпы түсімі 15,2 мың тоннаны, орташа өнімділігі гектарына 189,7 центнерді құрады.
2013 жылы 1996,8 гектар суармалы егістік 324 гектар ылғал сақтау технологиясын қолданумен пайдаланылды. Ылғал сақтау технологиясы қолданылған егістік көлемі 56 гектарға артты.
5 шаруа қожалығы 21,4 млн. теңге сомада жеңілдік кредиттерін алды.
Ауданда 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бойынша егістік жерлерінің көлемдерін әртараптандыру жұмысы жүргізілуде, биылғы жылы азық-түлік дақылдары 18,3 мың гектарға, зәйтүн дақылы 7,6 мың гектарға, қарақұмық 0,3 мың гектарға егілді.
85 мың тонна қатаң мал азығы, 98 мың тонна шөп дайындалып, 115 пайызды құрады.
5 шаруа қожалығымен 18,1 млн. теңге сомаға 6 техника сатып алынды.
Инвестициялық жобалар пайдалануға енгізіліп,
- «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы «Азамат» шаруа қожалығымен 36 млн. теңге сомада лизингке 150 бас сиыр және 5 қазақтың ақ бас тұқымды бұқалары сатып алынды;
- «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі арқылы «Дархан-4» шаруа қожалығымен мал бордақылау алаңы құрылып, 50 бас сиыр және 2 бұқа сатып алынды.
Шағын бизнес
Ауданда 2014 жылғы 1 қаңтарға 1243 шағын кәсіпорын субъектілері жұмыс істейді. 2013 жыл ішінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны (заңды тұлғалар) 62 бірлікті құраса, оның ішінде белсенді кәсіпорындар 21 бірлікті құрады.
Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында, төрт шағын несие ұйымы жұмыс істейді, олар: «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Береке» шағын несие ұйымы, «KazMikroFinans» шағын несие ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Шағын және орта бизнестің даму жолдарын түсіндіру мақсатында кәсіпкерлік бөлімімен 14 шығу семинарлары өткізілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және КҚО (кәсіпкерлікті қолдау орталығының) мобильдік тобымен бірлесе, «Бизнес-кеңесші» семинары өткізілді. Осы іс-шараның нәтижесі бойынша 40-қа жуық бастапқы және ауданның жұмыс істейтін кәсіпкерлері бизнесті жүргізудің негізі бойынша сертификаттар алды. Осы бағдарламаның шеңберінде «Назарбаев Университеті» компоненті бойынша 2013 жылы «Isunplast», «БСКгрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындары қатысты.
Ауданда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын және орта бизнеспен байланысты жандандыру, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық нормаларды түсіндіру және басқа мәселелер бойынша аудандық әкімдігі өкілдерінің, аудандық мәслихаты хатшысының, аудан прокурорының, аудандық мекеме басшыларының, құқық қорғау органдарының және бизнес өкілдерінің қатысуымен «Шенеунік және кәсіпкер» атты жалпы республикалық акциясы өткізілді.
Өңірге инвесторларды тарту мақсатында Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында Алматы қаласының «БСК-групп» кәсіпорнын қайта тіркеу жұмысы жүргізіліп, «Isunplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнымен, 20-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құрумен 51,5 млн. теңге сомада «ПЭНД құбырларын өңдіру үшін желісі» өндірістік желісі базасында полиэтилендік құбырларын дайындау жөніндегі жоба іске асырылды. Бұл өндіріс ауданның өнеркәсіп дамуына оңды әсер етуде. Сонымен қатар, өнеркәсіп үлесін арттыру мақсатында 2013 жылы «ГРК Электрум» және «Гегемон» Горностай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен Семияр кең өндіру орындарында ұсақ тас өндіруді бастады.
Осы бағытта ірі инвестициялық жобалардың бірі іске асуда, ол «Сат-Никель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 600-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құрумен 33 млрд. теңге сомада «Кобальт-никелдік өнімін алу бойынша зауыттың құрылысы» инвестициялық жобасы. Никель зауытының құрылысы кезінде әлемдік түрлі-түсті металлургияда бар, заманауи пирометаллургиялық технологияларды Қазақстан Республикасы заңнамаларының
барлық экологиялық талаптарын сақтаумен және қолданыстағы «Бүкіл әлемдік банк, Экваториалдық қағидалар мен Халықаралық қаржы корпорациясына (Word Bank/IFC Quidelints and Eguator principles» сәйкес пайдаланылатын болады.
Туризмді дамыту мақсатында 260 млн.теңге сомада «Екі Дос» филиалының «Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасын іске асырылуда. Осы жобаны іске асыру пантолықемдеу, балшықпен емдеу қызметтері іске асуда, демалу саябағының құрылысын салу, футбол алаңы, хоккейлік қорап, шаңғы базасы бойынша қызметтерді көрсетуді іске асыру жоспарлануда.
Ағаш өнімдерін өңдеу сомасы бойынша 48,7 млн.теңге сомада биоотындық брикеттерін өңдірудің инновациялық жобаны іске асыратын «Эко-Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорыны ашылды, осы жобаның бастамашысы А.Сейтканов. Осы кезеңде кәсіпорынға үй-жайдың құрылысы үшін Жыланды ауылынан жер телімі бөлінді, құрал-жабдық «Интехнохим Ғылыми-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайындайтын болады. Жобаның мақсаты биоотындық брикеттерге өтімсіз ағаштарын қайта өңдеу болып табылады және тас көмірмен және отынмен тең бәсекелесуде. Осы жоба ауданың тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді және көп жылдық қоқыстардан орманды тазалауға мүмкіндік береді, ескі жанған ағаштарды жақпай және көмбей экологияны сақтау үшін жанған орман алқаптарын тазалау жолымен қалдықтарын пайдаға асыру орман қорының аумағын ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жоба ауданда экологиялық және экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар болып саналады және 10 жұмыс орыны ашылатын болады.
Ауыл шарушылығы саласында «Арбиев Е.Т.» шаруа қожалығы базасында 2000 басқа бордақылау алаңының құрылысы» инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаның құны 529 млн. теңге, қазіргі уақытта құрылысы аяқталды, құрылыс негізінен өзіндік қаражатынан 270 млн.теңге сомада, «Ертіс» ӘӨК» АҚ арқылы қарыз қаражаттары есебінен жүргізілді, бүгінгі күні құжаттары қаралуда, салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылуда.
2013 жыл ішінде ауданда бөлшекті сауда саласында 9 нысан, 1 қоғамдық тамақтандыру нысаны, 1 кондитерлік өнімдерін өндіру цехы, 1 ритуалдық қызмет көрсету саласында нысан ашылды.
Әлеуметтік сала
Халықты әлеуметтік қорғау саласы соңғы 3 жыл аралығында ауданда әлеуметтік қамтамасыз ету саласын дамытудың оңды динамикасы: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджет қаражаттарының тұрақты өсуін, аз қамтылғандар санының азаюын, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайыңғы артуын, тіркелген жұмыссыздар үлесінің төмендеуін көрсетеді.
Барлық экономика мен әлеуметтік салаларды жан-жақты дамытуға байланысты іс-шаралар кешенін іске асырудың нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі жақсартылды. 2012 жылмен салыстырғанда күн көрісі төмен қамтылған халықтардың саны 1275 адамнан 1035 адамға дейін қысқартылып, 18,8 пайызды құрады. Ауданда аз қамтылған отбасылардың санын төмендету бойынша тұрақты жұмысы жүргізілуде. 2013 жылы атаулы әлеуметтік көмек 58 отбасыға, оның ішінде 7218,3 мың теңге сомада 255 алушыға төленіп, 2012 жылмен салыстырғанда жәрдемақы төлеу 8475,2 млн. теңгеге немесе 45,4 пайызға қысқартылды. Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 259 отбасыға төленіп, оның ішінде 10896,8 мың теңге сомада 688 отбасыға төленді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1215,5 млн. теңгеге қысқартылып, 10,4 пайызды құрады.
«Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданның демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмегі көрсетілуде.
2013 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68 жылдығына орай 6 қатысушыға және 5 мүгедекке, 23 тыл еңбеккерлеріне жергілікті бюджеттен 235 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
8 Наурыз әйелдер күнін мерекелеу аясында аз қамтылған отбасындағы 18 анаға 90,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында аз қамтылған отбасы ішіндегі 30 көпбалалы анаға 150,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
Мүгедектер күнін мерекелеу аясында аудандағы 30 мүгедекке 150,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
Қарттар күнін мерекелеуге орай аудандағы 30 зейнеткерге 150,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
Бүгінгі күні ауданның 51 зейнеткері «Уба» санаториясында денсаулықтарын жақсартты.
Семей қаласының протездік зауыты ауданның 10 мұқтаж ететін мүгедегіне протездік-ортопедиялық көмек көрсеті.
2013 жылы 4 адам тифло-техникалық құрамдармен қамтамасыз етіліп, трост алды.
2013 жылдың басынан бастап 855 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, жылдық жоспар 328 пайызға орындалды. 2014 жылғы 1 қаңтарға тіркелген жұмыссыздардың саны 56 адамды құрады. 32 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа, «аспаз» мамандығы бойынша - 3 адам, «шаштараз» мамандығы бойынша - 5 адам, «ЭВМ операторы» мамандығы бойынша - 3 адам, «есепші» мамандығы бойынша - 2 адам, «маникюр» мамандығы бойынша - 3 адам, қызмет көрсету колледжіне «дизайнер» мамандығы бойынша - 2 адам, «газдәнекерлеуші» мамандығы бойынша - 5 адам, «В категориясы бойынша жүргізуші» мамандығы бойынша - 4 адам, «кран машинисті» мамандығы бойынша - 3 адам, «слесарь-жөңдеуші» мамандығы бойынша - 2 адам, Семей қаласының құрылыс колледжіне жіберілді. Жұмыссыздарды оқуға жіберу жоспары 2013 жылы 107 пайызға орындалды.
2014 жылғы 1 қаңтарға 442 адам жұмысқа орналасып, жылдық жоспар 72,8 пайызға және 305 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 376,5 пайызға орындалды.
Жұмысқа орналастыру үшін 824 адам өтініш білдірді.
Бесқарағай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 354 адам өтініш білдіріп, олармен әлеуметтік келісімшарт жасалды.
Қол қойылған әлеуметтік келісімшарттардың санынан өздігімен жұмыспен қамтылғандар 129 адамды (36,4 пайыз), 218 жұмыссызды (61,6 пайыз), 8 аз қамтылғандарды (2,3 пайыз) құрады.
Жұмыспен қамту орталығының жұмысы үш бағыттан тұрады:
Бірінші бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінде жұмыспен қамтамасыз ету»: 2013 жылы 3 жобаға Қарабас, Канонерка елді мекендерінде жасанды жабылумен футбол алаңын орнату бойынша және Қарабас ауылындағы Чехов көшесін орта жөңдеу жұмыстарына 25,5 млн. теңге бөлініп, 25,0 млн. теңге игерілді және 10 жұмыс орыны құрылды.
Екінші бағыты « Кәсіпкерлік және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру»: 2013 жылы «кәсіпкерлікті дамытуға әрекеттесу» бойынша 121 адам өтініш білдірді.
Бағдарламаның 119 қатысушысына шағын-несие бөлу үшін «Ертіс ӘӨК» акционерлік қоғамы арқылы 264,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлық 119 қатысушы жоғарыда көрсетілген қаржаттарды алды. Бүгінгі таңда ақша қаражаттары өз мақсатына пайдаланылып, шағын-несиелерді уақытында төлеу жүргізіледі. 2013 жылы «КазБизнесКонсалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 121 қатысушы оқыды. Бағдарламаның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.
2013 жылы жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 63,0 млн. теңге бөлініп, ол үшін, 26 жоба қамтылды, соның ішінде: отарлы мал шаруашылығын дамытуға 55,742 млн. теңге сомада 19 блок-модульдері сатып алынды, 13,435 млн. теңге сомада 15 электржабдықтары, 42,66 млн.теңге сомада 6 септик орнатылып, 857,1 мың теңге сомада сумен жабдықтауды қосуға 2 жоба.
Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің мұқтаждығы шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесу»:
«Жұмысқа орналасуда оқыту және жәрдемдесу» бірінші компоненті бойынша.
Кәсіптік оқыту облыстың білім берудің 24 ұйымдарында іске асырылады. Оқумен 310 адам қамтылып, 2011-2012 жылдарда жіберілгендердің санынан -245 адам, 2013 жылы – 65 адам: сонымен қатар 2011 жылдан -53 адам, 2012 жылдан 43 адам жалғастыруда, оның ішінде 59 адам оқуын бітіріп, 59 адам немесе 100 пайызы жұмысқа орналасты.
Жасасқан келісімшарттың негізінде курстық оқуды бітірген, Бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілетін болады.
Әлеуметтік жұмыс орындары
Бағдарлама шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру әлеуметтік жұмыс орындарын ашу арқылы жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 95 адам болса, 166 адам жіберіліп, 175 пайызды құрады, 83 адам оқуларын аяқтап тұрақты жұмыс орындарына орналасты. 147 жұмыс берушілермен 162 келісімшарттар жасалды.
Жастар іс-тәжірибесі
Жастар іс-тәжірибесіне жоспар бойынша- 21 түлек болса, жіберілгені 28 түлекті немесе 133,3 пайызды құрады. Жастар іс-тәжірибесін аяқтап, тұрақты жұмысқа 11 түлек орналасты. 18 жұмыс берушілермен келісімшарт жасалынды.
«Жұмыс берушінің тұтыну шеңберінде мобильдік еңбек ресурстарын арттырудың» екінші компоненті бойынша.
2013 жылы жалпы көлемі 415,7 шаршы метрлі баспананы сатып алуға 40 млн. теңге қарастырылған болатын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына 32 млн. теңге, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 8 млн. теңге қарастырылуда.
Бүгінгі күні 12 пәтерлі жатақхананы қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының қатысушыларын жатақханаға орналастыру жұмысы жүргізілуде, олар 29 жасқа дейінгі еңбек жастары, жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Білім беру
2013 жылы білім беру саласына бюджеттен 1 млрд. 235 млн. 377 мың теңге бөлінді. Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді, ондағы оқушылардың саны - 2989, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 135 оқушыға төмен.
Ауданның шалғай орналасқан 10 елді мекендерінен 8 орта мектепке 266 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылды.
23 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылып, 95,8 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 21 асхана жұмыс істейді, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылады.
2013 жылы аудан мектептері бойынша ыстық тамаққа жергілікті бюджет есебінен 30 млн. 323 мың теңге жұмсалды, оның ішінде балға 5 млн. 616 мың теңге, аз қамтылған отбасылардың бір баласы үшін күніне 1-4 сыныпқа 10 грамнан, 5-11 сыныпқа 20 граммнан. Аз қамтылған отбасылардың 450 баласы жалпылай оқыту қоры бойынша жергілікті бюджет есебінен тегін тамақтандырылды.
150 бала демеушілік көмек көрсету есебінен 120 мың теңге сомада буфеттік тамақтанумен қамтамасыз етілді.
Ауданда 1 Борас орта мектеп-бақшасы жұмыс істейді. Бала-бақшада қазақ тілінде оқытумен 6 топ ашылып, 135 бала қамтылды.
24 мектепте 778 баланы қамтыған 41 шағын орталықтар бар. Олардан «Балапан» бағдарламасы бойынша 150 баланы қамтитын толық күнді 6 шағын орталық жұмыс істейді. Жалпы қамту 913 баланы құрайды. Мектепке дейінгі оқытумен қамту 97,5 пайызды құрады.
Бірақ мектепалды білім беру қызметіне халықтың мұқтаждығы жылсайын артуда. 2014 жылдың 1 қаңтарында 0-ден 5-жасқа дейінгі бала-бақшаға 157 өтініш тіркелді.
22 мектепте 31 мектепалды тобы жұмыс істейді, оның 18-і қазақ тілінде, онда 5-6 жастағы 378 бала қамтылған, немесе қамтылуы 100 пайыз.
2013 жылы Семеновка орта мектебінде 25 орынға арналған толық күнді шағын орталығы ашылса, 2014 жылы Қоянбай орта мектебінде толық күнді келумен шағын орталықтың ашылуы жоспарлануда.
Оқу жылының басынан біліктілігін арттыру курсынан 60 мұғалім өтсе, 40 мұғалім үш айлық курстарынан өтті. 2013-2014 оқу жылында 19 жоғары білімді жас маман келді. Көтерме жәрдемақы 121,1 мың теңге сомада 9 маманға төленсе, 1 маман баспана сатып алуға бюджеттік несие алды.
8 млн. 78 мың теңге сомада 2 химия кабинеті сатып алынды. 2013 жылы Н.Баймұратов атындағы орта мектепке, Ү-Владимировка орта мектебіне балаларды тасымалдау үшін 5 млн. 79 мың теңге сомада 1 автобус сатып алынды, 5 млн. 200 мың теңге сомада Ү-Владимировка орта мектебі үшін «Қазақстан жолы» кабинеті жабдықталған болатын.
Бюджет қаражаттары есебінен «Балапан» білім беру мектепалды ұйымдарында міндетті мемлекеттік тапсырыстарды іске асыру мақсатында іс-шаралар жүргізілді, 2013 жылы 20 млн. 309 мың теңге бөлініп, соның есебінде толық күнмен 150 баланы қамтыған 6 шағын орталық өз қыметін іске асыруда.
2013 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға 10 млн. 945 мың теңге сомада жәрдемақы төленді.
2013 жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа ұпай 66 баллды құрады, бұл 2012 жылы 4 баллға жоғары.
Ауданда балалар саз мектебі және Достық үйі жұмыс істейді.
Достық үйінің мақсаты және міндетті балалардын өмірлік көзқарасын, ой-пікірлерін және жалпы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып табылады. Өткен оқу жылында үйірмелерде 705 бала айналысты.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтының қағидаларын насихаттау мен енгізу, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдықтардың бірі болып табылады.
Ауданда дене тәрбиесі оқу сабақтарын өткізу және дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін 71 спорттық құрылыстар бар, оның ішінде 21 спорт зал; 18-і жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал 16-колледжде; 8-атқыш тир, 26 спорттық-сауықтыру құралы, 16 футбол алаңы.
Аудан аумағында «Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде аудан аумағында дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың саны өсті. Егер, 2012 жылы спортпен айналысатындардың саны 3741 адам болса, 2013 жылғы желтоқсан айында олардың саны 4528 адамға өсіп, өткізілген көпшілік спорттық-іс-шаралар санын арттыру есебінде халықтың жалпы санынан 21,6 пайызды құрады.
2013 жылы Еліміз Қазақстан футболының 100-жылдығын тойлаты, осыған байланысты аудан аумағында маңызды жұмыстар атқарылып, материалдық базасы толтырылды.
2013 жылдың қаңтарында 3 қақпашыға және 22 хоккейлік ойыншыларға 3 млн. теңге сомада хоккей формасы сатып алынды. Осы хоккей формасын сатып алу нәтижесінде оқушылар командалары арасында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында Бесқарағай ауданының құрама командасы 1-ші жүлделі орынды иеленді.
«Тірек ауылдарын дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылында корт орнатылып, жазғы кезеңде ол шағын-футболға арналатын болса, қысқы кезеңде шайбалы хоккей ойыны үшін құйылатын болады.
Ауданның жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін спорттың 14 түрі бойынша спартакиада ұйымдастырылған болатын: шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, волейбол (ерлер, әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), шахмат, шашка, тоғыз-құмалақ, үстел теннисі, шағын-футбол, туризм және қазақша күрес. Осы спартакиаданы өткізу нәтижесінде 2012-2013 оқу жылының оқушыларына ауданның құрама командасы, спорттың 8 түрі бойынша Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының VI-шы қысқы спартакиадасында Семей қаласы және Үрджар ауданына жол беріп, жалпы командалық есебінде 3 орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, 1998-1999 жылы туған волейболистер 2013 жылдың наурыз айында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында жүлделі 1-ші орын иеленді.
2013 жылғы маусымның 23-нен 28-і аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне XVII халық ойындары өтіп, ауданымыз облыстың 14 командасы ішінен 6 орынды иеленді.
Бесқарағай ауданының құрама командысы футбол бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік чемпионатында қалалар мен аудандардын 8 командасы арасында 4-ші орынды ие болды.
Ауданның 24 мектебінде волейбол, футбол, туризм, баскетбол, шахмат, күрес, тоғыз-құмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі бойынша спорт секциялары жұмыс істейді.
Аудан аумағында 228 баланы қамтыған, 6 жаттықтырушысы жұмыс істейтін «Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қзақстан балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді,. Спорт мектебінде оқу-жаттықтырушы 5 топ, бастапқы дайындық 7 топ. Спорттың 5 түрі бойынша оқу жаттығуы жүргізіледі: волейбол, еркін күрес, үстел теннисі, жеңіл атлетика, қазақша күрес. Спорт мектебінің спортшылары Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі жарыстарына, сондай-ақ халықаралық жарыстарға үнемі қатысып тұрады. Біздің ауданымыздың палуандары облыстық жарыстардың, сондай-ақ халықаралық турнирлердің тұрақты чемпиондары және жеңімпаздары болып келеді. Спорттың ұлттық түрлерін дамыту үшін Бесқарағай ауылында мамыр айында жеті қашықтыққа «Тұлпардың тұяғы» спорттық-ат жарыстары өтті. 2013 жылы ауданда тұрғындар арасында республикалық, облыстық және аудандық акциялар өтті: «Президенская миля-путь к здоровью», «Баланы қорға – оны спорт секциясына жаз», жасөспірімдерге және ауыл жастарына арнап аудандық: «Жастар нашақорлыққа қарсы», «Бесқарағайды інжі маржанын сақтайық» акциялары өтті, аудан жастары «Шошқалы емдеу-сауықтыру көліне шықты.
Ауданда туризмді дамыту қызметі инфрақұрылымды құру және дамыту, өңірдің туристік имиджін қалыптастыру, туризм саласына инвестицияны тарту жолымен туризмді дамыту Өңірлік бағдарламасы мен Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың Өңірлік бағдарламасын орындауға бағытталған. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауданда туризммен айналысатындардың саны артуда.
Аудан аумағында «Белуха» үкіметтік емес туристік ұйымы тіркелген, жылсайын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары әртүрлі туристік жарыстарға, фестивальдарға қатысады, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы тауларының шындарына шығуда туристік саяхат жасауда. Аудан аумағында «Шошқалы» емдеу-сауықтыру тұзды көлі бар, ол өзінің балшықты емдеу қасиетіне бай, жазғы кезеңде өздерінің денсаулықтарын жақсартуа және демалу үшін адамдар мен туристер жиналады.
Денсаулық сақтау
Аудандағы медициналық қызмет көрсету аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік –акушерлік және 15 медициналық пунктпен іске асырылады.
Ауданда 36 дәрігер және 123 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
-10 мың халықтың дәрігерлік кадрлармен қамтылуы- 17,0.
- 10 мың халықтың орта медицина қызметкерлерімен қамтылуы- 58,1.
- 36 дәрігердің ішінде 16 дәрігердің кәсіби дәрежесі бар немесе 44,4%.
123 орта медициналық қызметкерлері ішінде 53 біліктілік санатты немесе 41 пайыз.
Кадр жағынан функционалдық диагностика, анестезиолог-реаниматолог 2 дәрігерлері тапшы болып отыр.
Соңғы 3 жыл ішінде ауданда аналар өлімі тіркелген жоқ.
2013 жылы сәби өлімі 24 пайызға төмендеді немесе 1000 тірі туғанға 19,3-тен 12,8-ге дейін.
2013 жылы туберкулезбен алғашқы науқастану 2012 жылмен салыстырғанда 22 пайызға немесе 126,1-дан және 100 мың халыққа және 81,4-ге төмендеді. Нақты саны 2012 жылы 27 адам, 2013 жылы 17 адамды құрады.
2013 жыл ішінде балалардың ауруы тіркелген жоқ. Осы кезеңде жасөспірімдер ауруларының өсуі 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 жағдай, нақты санда 0-ден 1-ге немесе 101,-ден 100 мың тұрғынға.
2013 жыл ішінде балалар өлімі ұқсас кезеңмен салыстырғанда бір деңгейде, нақты санда 100 мың тұрғынға 5-тен 5-ке дейін 23,3-тен 23-ке дейін.
2013 жыл ішінде жаңа анықталған аурулардың жағдайлары -17, оның ішінде 1 внелогиялық нұсқада, ересектер -16, жасөспірімдер-1, оның ішінде тексеруі кезінде 8-47 пайыз анықталды.
Флюрографиялық тексеруден 11575 адам немесе жылдық жоспарға 99,5 пайыз қамтылды, оның ішінде жылжымалы флюроқұрылғысымен -3635 адам өтті. «Саламаты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2013 жылғы қыркүйекте Бесқарағай ауданына тұрғындарға кеңестік – диагностикалық көмекпен Семей қаласының диагностикалық орталығының, Қазақ Ұлттық Зерттеу институтының дәрігерлері мобильді жылжымалы кешенмен келді. Бригада құрамында: терапевт, кардиолог, невропотолог, эндокринолог хирург, стамотолог, маммолог, лаборант дәрігері, УЗИ дәрігері, ЭКГ, КҚӨ дәрігерлері болып, бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеді.
Тексеруден Глуховка ауылы бойынша - 268 адам, Долон ауылы бойынша -121 адам, Мостик ауылы бойынша - 196 адам, Канонерка ауылы бойынша -144 адам қамтылды.
2013 жылы бастапқы онкологиялық ауруы 53 жағдайды немесе 100 мың тұрғынға 253,9 құрайды.
Сумен жабдықтау
Аудан аумағында сегіз елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталды, қалған ауылдар үй алдындағы құдық сулармен қамтамасыз етілген.
2013 жылы «Қоянбай ауылында су құбырлары жүйесін қайта жаңарту» нысаны бойынша жұмыстар жүргізіліп, 152,096 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 139,758 млн. теңге, облыстық бюджеттен 12,338 млн. теңге, мердігер «Көмек 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, нысан 2013 жылғы 20 желтоқсанда мемлекеттік комиссияның актісімен пайдалануға енгізілді.
Жол саласы
Аудан маңызындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырымды құрайды, оның ішінде:
-
қара ұсақ таспен 76 шақырым;
-
қиыршық таспен 89 шақырым жабылған;
-
69 шақырым жабылмаған.
2013 жылы аудан маңызындағы автомобиль жолдарын ұстауға жергілікті бюджеттен 47,0 млн. теңге ақша қаражаты бөлінді, оның ішінде 31,0 млн.теңге – ұстау үшін, 10 млн. теңге - «Жыланды ауылының кіріс жолдарына» асфальт төсеу үшін, 0,1 млн. теңге - су шығару құбырларын жөңдеу үшін, 5,0 млн. теңге 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында қысқы кезеңдегі жолдарды ұстауға келісімшарт төлемдерін жүргізу үшін бөлінді.
Аудан маңызындағы автомобиль жолдарын ұстаумен айналысатын, мердігерлік ұйым «Дорожник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қиыршық тас жабылған жолдарды түзету, берм 351 бермалар көлемде, 40 шақырымда қоқыстарды жинау, 326 дана жол белгілерін және шарбақтарын бояу, 2212,83 шаршы метр шұңқырды жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орман алқаптары арқылы өтуіне қарамастан аудан аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарындағы, қарамен жабылған жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарындағы шұңқырларды жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, аумақтары минералдандырылды.
57 нысанда су шығару құбырларын тазалау және ақтау жүргізіліп, 80 тонна мөлшерінде тайғаққа қарсы материалдар дайындалды, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойындағы шөптерді шабу 234 шақырымда жүргізіліп, 1500 кішкене белгілер орнатылды.
Сонымен қатар, аудан облыстық маңызындағы ұзындығы 146 шақырым және республикалық маңызындағы 184 шақырым автомобиль жолдарының бойында орналасқан.
Облыстық маңызындағы «Семей-Долон-Сосновка-Қоянбай» автомобиль жолдарында 664 шақырым қашықтығымен жол бойымен кескіндеу, 25 шақырым таспен кескіндеу, 716 шақырым қашықтығымен шөптерді шабу, А/б жабылумен жөңдеу (шұңқырлы жөндеу, 4132 шаршы метр жолдардың араласу, 4 данада уақытша жолдардың белгілерін орнату, 23,0 шақырым өту белгісі, 85 данада көрсету қашықтығын орнату, 86 шаршы метр элементтерді бояу, 184,0 шақырым орманның жыртылмай қалған жерлеріне жұмыстар жүргізіліп, 40,443 млн. теңге игерілді.
Республикалық маңызындағы «Омск-Майқапшағай» автомобиль жолдарында 587 шақырымнан (Павлодар облысының шекарасы) 733 шақырымға дейін (Семей қаласының МАЙ посты). 676 шақырымнан (Қарабаш) 733 шақырымға дейін (Семей қаласының МАЙ посты) автомобиль жолы учаскесі қайта жаңартылуда. 587 шақырымнан 676 шақырымға дейін автомобиль жол учаскесі «Казахавтодор» РГП ШҚОҚ ДУЭ-26 ұсталынуда. 2013 жылға 17,0 млн. теңге қаражаттар бөлінді. Жол бойын шөптен тазалау жұмыстары орындалып, 106 жол белгілері орнатылды, шұңқырлы жөңдеу жұмыстары 2120 шаршы метрге жүргізілді.
Ауданда жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.
Инфрақұрылым
Бүгінгі күні ауданның барлық елді мекендерінде көшелер жарықтандырылды, жылсайын аудандық бюджеттен ауданның барлық елді мекендерінде көше фонарларын орнату жұмыстарын жүргізуге ақша қаражаты бөлінеді.
10 ауылдық округтерде 150 данада көше фонарларын және 9,1 млн. теңге сомада есепке алу шкафтарын орнату жұмыстары жүргізілді.
6,0 млн. теңге сомада қуаттылығы 16 кВт электрмен жабдықтаудың 5 резервтік көздері жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы ауылдық елді мекендерді дамытуға республикалық бюджеттен ақша қаражаттары бөлініп, келесі жобалар іске асырылуда:
1) 7,0 млн. теңге сомаға- Канонерка ауылында жасанды жабынды футбол алаңы орнатылды;
2) 11,5 млн. теңге сомаға – Қарабас ауылында жасанды жабынды футбол алаңы орнатылды;
3) 7,0 млн. теңге сомаға –Қарабас ауылындағы Чехов көшесін (1 шақырым) орташа жөңдеу жүргізілді.
Жыланды ауылындағы әкімдік ғимараттын абаттандыру, Жыланды ауылының 600 шақырым қашықтығымен орталық көшелерін орташа жөңдеу жүргізілді. «Дорожник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымымен Бесқарағай ауылындағы шұңқырларды жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
Терможаңғырту бағдарламасы бойынша 6,1 млн. теңге сомада «ОблДорКомхоз» мердігерлік ұйымымен Бесқарағай ауылындағы Әуезов, 51 көшесі бойынша 16 пәтерлі үйді жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
«Қол жетімді баспана 2020» тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бесқарағай ауылындағы Әуезов, 53 көшесі бойынша 16 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту» нысаны аяқталып, пайдалануға енгізілді. Құрылыстың жалпы құны 43,693 млн.теңгені құрап, ғимараттың жалпы көлемі 1279,8 шаршы метрді, пәтердің жалпы көлемі 692,68 шаршы метрді құрады.
2013 жылы «Бесқарағай ауылындағы бес 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысы» жобасы бойынша екі жалға берілетін екі пәтерлі жеке тұрғын үй салынып, пайдалануға енгізілді, жалпы көлемі 323,24 шаршы метрді және құны 40,453 млн. теңге соманы құрайды, мердігер «СемейМегаСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,.
2013 жылы келесі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді:
1) «Глуховка ауылында М.Маметова 10 көшесі бойынша мектептің жылу беру жүйесін қайта жаңарту» жобаның жалпы құны 32,9 млн. теңгені құрайды, 2013 жылы облыстық бюджеттен 3,054 млн. теңге бөлінді, мердігер «Семей-Туғанжер» ӨК;
2) «Бесқарағай ауылындағы спорттық алаңды қайта жаңарту» жобаның жалпы құны 62,5 млн. теңге, 2013 жылы облыстық бюджеттен 6,157 млн. теңге бөлінген болатын, мердігер «Баймагамбет» жауапкершілік шектеулі серіктестігі;
3) «Бесқарағай ауылындағы 90 орынға бала бақша» жобаның жалпы құны 234,532 млн. теңге, 2013 жылы облыстық бюджеттен 55,0 млн. теңге бөлінген болатын, мердігер «Фирма»Азия» жауапкершілік шектеулі серіктестігі.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі
2013 жыл ішінде 168 қылмыс тіркелді немесе 2012 жылмен салыстырғанда 2 қылмысқа қысқартылды.
Жалпы қылмыстарды ашу 73,0 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға (2012 жылы 71,7 пайыз) жоғары.
Аса ауыр қылмыстарды ашу 100,0 пайызды құрап, өткен жылдың деңгейімен 33,3 пайызға (2012 жылы 66,7 пайыз) жоғары.
Орташа қылмыстарды ашу 69,6 пайызды құрап, өткен жылдың деңгейімен 1,5 пайызға (2012 жылы 68,1 пайыз) жоғары.
Есептік кезеңінде 39 қылмыс ашылмай қалды (2012 жылы 45). Олардан ашылмаған қылмыстар негізінен тоңау 29 қылмысты құрайды.
56 қару алынса, 2012 жылы 26 қару алынды.
Жол көлігі оқиғаларын, балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында, аудан аумағында «Қауіпсіз жол», «Абайлаңдар, балалар», «Автобус», «Жолаушы», «Маскүнелі жүргізуші» атты және тағы да басқа рейдттік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, 2013 жыл ішінде жол көлік оқиғаларының 5-тен 2-ге дейін төмендетілуі тіркелді.
5,9 млн. теңге сомада ЖҚЕ 453 бұзушылқтар анықталды.
2013 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау саласында табиғатты қорғау полициясымен заңсыз орман ағаштарын кесу және қаруды заңсыз сақтау деректері анықталып, екі материал сотқа жіберілді. Барлығы 139 әкімшіліктік құқық бұзушылық анықталып, 316,773 мың теңге сомада айыппұл салынды.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда «Қазақстан жолы-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жұмыстары тұрақты бақылауға алынды. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін 10 аудандық және 10 ауылдық ақпараттық-насихаттау топтары құрылған болатын. 2013 жыл ішінде аудандық АНТ мүшелерімен 340 кездесулер және 512 ауылдық кездесулер өткізілген болатын.
Ауданда бір басылым-аудандық қоғамдық саяси газеті «Бесқарағай тынысы» тіркелді. Басылым аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) мемлекеттік және ресми тілдерде шығарылады. 19 кітапхана, аудандық Мәдениет үйі және Канонерка, Н-Николаевка және Қара-Мырза ауылдарында 3 ауылдық клуб жұмыс істейді.
Бесқарағай ауданының аумағында 12 мұсылмандық мешіт, 2 православлық және 2 протестандық діни бірлестіктер орналасқан.
Өзінің қызметтерін: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ақжол» өкілдік партиясы, коммунистік партиясы, «Ауыл» партиясы іске асыруда.
Ауданда 6 қоғамдық бірлестік, 1 ұлттық-мәдени орталық, ақсақалдар және әйелдер кеңестері жұмыс істеп, жастар арасында тәрбиелік қызметтерін орындайды, халық бірлігі идеяларын насихаттайды, салауатты өмір салтын, гендерлік теңдігін орындайды және жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Есеп беру кезеңінде аудандық Достық үйімен ауданда этноаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту бойынша маңызды жұмыстар атқарылды.
Достық үйінде аудандағы 4 этномәдени бірлестіктер бар, олар «Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы, славяндық этномәдени бірлестігі, неміс этномәдени бірлестігі, «Жемчужинка» шығармашылық ұжымы мен «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық тобы жаттығуы үшін жеке кабинет бөлінген. Облыстық рейтингілік көрсеткішінің қорытындысы бойынша аудандық Достық үйі барлық көрсеткіштері бойынша бірінші орынды иеленуде.
Қаңтар айында «Шығыс-Бесқарағай» командасы Астана қаласында республикалық көлемде өткен «Жайдарман» ОСО ойынына қатысып, грамотамен марапатталып, аймақтық лигаға жолдама алды.
Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
2013 жылғы ақпанның 1-8 күндері аралығында аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу барысында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстар
2013 жылы аудан әкімінің есеп беру кездесуі бойынша 17 ұсыныс енгізіліп, бақылауға алынды, жыл ішінде орындалды және бақылаудан алынды. Олар:
1. Беген ауылдық округі бойынша ОДА-ға лаборант маманын бөлу туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша «Лаборант» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курсын 1970 жылы туған М.Сейлгазина өтті. Осы маманға Беген ауылында дәрігерлік амбулаторияның лаборанты жұмысына рұқсат алу үшін МСЭК өту қажет. МСЭК рұқсат алуғаннан кейін 2013 жылғы 1 маусымда жұмысқа шыққандығы туралы жауап алынды. Мәселе оңды шешіліп, бақылаудан алынды.
2. Ерназар ауылдық округі бойынша Морозов орманшылығының көшелерін жарықтандыру туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге Ерназар ауылдық округінің Куйбышев көшесі бойынша алты фонар орнатылды. Жылсайын тұрған бағандарға фонарлар орнатылады. Мәселе оңды шешіліп, бақылаудан алынды.
3. Ерназар ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығының Бесқарағай ассоциациялық тауар өндірушілерін құру туралы сұрақ қойылып, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша 2013 жылдың наурыз айында несиелік серіктестігінің өкілдерінің, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен Бесқарағай ассоциациялық тауар өндірушілердің төрағасы ретінде С.Исагалиев сайланып, қазіргі уақытта шаруа қожалықтарының басшыларымен қызмет көрсетуге келісімшарт жасалынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Осы мәселе қаралып, бақылауға алынды.
4. Бесқарағай ауылдық округі бойынша тұрғын үйге су құбыры қалай өткізіледі, оның құны қанша және онымен кім айналысатыны туралы сұрақ қойылды, Бүгінгі күнге осы мәселе бойынша бірінші кезекте негізгі магистарльға ауыстыруға су құбырларының жүйесін ауыстыру кезінде, содан кейін құдықтардан тұтынушы шекарасына суды өткізу жүргізілетіндігі туралы жауап берілді. Үйге суларды өткізу ауыл тұрғындардың қаражаттары есебінде жүргізілетін болады. Жұмыстың құны ЖСҚ-ға сәйкес жүргізілетін болады, тұтынушалырмен Бесқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығы негізіндегі МКК келісімшарт жасасты. Құрылыс бөлімімен орталықтандырылған кәрістің құрылысына және тазалауына ЖСҚ-сын әзірлеуге республикалық бюджетке өтініш берілді. Халықтың әлжуаз топтары үшін суды тартуды төлеу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде шешілуде. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
5. Бесқарағай ауылдық округі бойынша төменгі пайызбен ұзақ мерзімді несие бөлу туралы мәселе көтерілді, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін (ШҚ,ФШ,ЖК) ең тиімді несие «Сыбаға» болып табылады. Қарыз төлеу шарттары: қарыз сомасы – 1,0 млн. теңгеден 18,0 млн. теңгеге дейін Несиелік мерзімі: 84 айға дейін.
Несиелік мерзімі:
- ІМҚМ аналық басын сатып алу – 84 айға дейін;
- асыл-тұқымды-өңдіруші сатып алу – 24 айға дейін;
- айналым қаражаттарын толтыру – 24 айға дейін;
- негізгі құралдарды сатып алу және жөңдеу – 84 айға дейін. Қайтару мөлшерлеме жылына 6 пайыз.
Тиімді қайтару мөлшерлемесі – жылына 6,26 пайыз. Негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік аралығы:
- асыл-тұқымды-өңдіруші сатып алу және айналым қаражатын толтыру әрбір транштың беру күнінен 12 ай;
- ІМҚМ аналық басын сатып алу және негізгі құралдарын сатып алу және жөңдеу әрбір транштың беру күнінен 24 ай. Қайтаруды төлеу бойынша жеңілдік аралығы;
- ІМҚМ аналық басын сатып алу және негізгі құралдарын сатып алу және жөңдеу әрбір транштың беру күнінен 12 ай. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
6. Бесқарағай ауылдық округі бойынша шалғай жерлерге электр қуатын тарту мәселесі көтерілді, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша шаруа қожалықтарының шалғай жерлеріне электр қуатын тарту үшін техникалық шешім, бизнес-жоспар, сараптама дайындау қажет, одан кейін Шығыс Қазақстан облысының энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілетін болады. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
7. Басколь ауылдық округі бойынша Бөкебай және Н-Николаевка ауылдарында қосымша көше фонарларын орнату туралы мәселе көтерілді, бүгінгі күнге Бөкебай және Қарағайлы ауылдарында 10 қосымша фонарларын орнату жоспарлануда. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
8. М-Владимировка ауылдық округі бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін шағын несие алу туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті қолдаудың екінші бағыты бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 2013 жылдың шілде айында халықты 107,5 млн. теңге сомаға несиелендіру жоспарлануда, олардан мал шаруашылығын дамытуға 85,6 млн. теңге сомада 45 жоба аудан халықтарын несиелендіру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
9. Қарабас ауылдық округі бойынша ананың бүйрегін қызына ауыстыру үшін Касеновтар отбасына материалдық көмек көрсету туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша 2013 жылғы 10 сәуірде материалдық көмек көрсетілді. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
10. Долон ауылдық округі бойынша күндізгі стационарды ашу мәселесі көтеріліп, бүгінгі күнге күндізгі стационарды медициналық көмек көрсетуді алу және науқасты жатқызу кезінде науқастың статистикалық картасын ресімдеу кезінде науқаста тексеруден өткен «Науқастану диагностикасы және емдеу хаттамаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің №764 бұйрығына сәйкес, (жалпы зәр, қан, қан биохимия анализдері) болу қажет. Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулаторияда Мостик ауылында жоғарыда аталған процедуралардан өткені үшін сәйкес келетін білімі және сертификат бар лаборант жоқ. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
11. Долон ауылдық округі бойынша байланыс және интернет жүйелерін көрсету сапасын жақсарту туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге АТСК 50/200 стансасының ұқсас түрінің құрал-жабдығы және МСС моралдық аппаратурасы ескеріп қалған. Қазіргі таңда сымсыз телефон байланысы Ақкөл және Курчатов CDMA БС 450 –ден іске асырылуда, бұл үлкен қашықтық, төзімді көше антенналарын қолдануды талап етеді. 2013 жылдың аяғында және 2014 жылдың басында Интернетке жоғары жылдықты қосу мүмкіндігімен CDMA 450 Шаған ауылына салынған БС қосумен Долон, Мостик елді мекендерінде байланыстың жоқтығы туралы жауап берілді. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
12. Долон ауылдық округі бойынша шағын бизнеске несие бөлу мәселесі көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікке несиелер бөлу жүргізілуде. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
13. Жетіжар ауылдық округі бойынша Жетіжар ауылындағы су құбыры құрылысы бойынша мәселе көтерілді бүгінгі күнге осы мәселе бойынша 2010 жылғы 13 шілдеде, Премьер-Министрінің төрағалықетуімен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының хаттамасына сәйкес, республика тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінің, 8-тармағына сәйкес, 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейін ауыз сумен жабдықтау нысандары бойынша ЖСҚ-сы түгендеу жүргізіліп, 2011 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырумен жоспарланған және ҚР СНиП 4.01-02-2009 жаңа талаптарына сәйкес қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ-ны түзету енгізілді. Қазіргі уақытта ЖСҚ-сы әзірленуде. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
14. Жетіжар ауылдық округі бойынша шағын бизнесті дамыту үшін жер телімін бөлу туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселе бойынша Жетіжар ауылдық округінің кәсіпкерлерінен ағымды жылы ауданның атқарушы органдарына шағын бизнесті жүргізу үшін жер телімдерін беру туралы өтініш білдіргендер болған жоқ екендігі туралы жауап берілді. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
15. Жетіжар ауылдық округі бойынша Кривинка ауылында көше фонарларын қосымша орнату туралы мәселені шешу туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселесі бойынша Кривинка ауылында 5 қосымша фонарлар орнатылды. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
16. Глуховка ауылдық округі бойынша Суды сорғыш Фрегат насосын сатып алуға қаржылық көмек көрсету туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселесі бойынша «Балке» шаруа қожалығының басшысы О.Н.Токашевпен фрегат алу кезінде несиені әзірлеу үшін құжаттар пакеті дайындалғаны туралы жауап берілді. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
17. Канонерка ауылдық округі бойынша Бесқарағай-Семей автобус маршруттарын аудандық орталық аурухананың жанында тоқтатуды ретке келтіру туралы мәселе көтеріліп, бүгінгі күнге осы мәселесі бойынша Семей-Бесқарағай маршруты аудандық аурухана ғимаратына дейін жүреді. Осы мәселе қаралып, бақылаудан алынды.
2013 жыл халық үшін еліміздің жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жылдың нық басып даму қадамы болды. Жыл ішіндегі биік шындарға қол жеткізуіміздің бірі – Тәуелсіздігіміз, оны тану арқылы тағы да бүкіл әлемде құрмет тұтатын Ел екендігімізді айқындап берді.
Жоғары аталған жұмыстармен қатар әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселелер, перспективтік жоспарлар бар, нақты жұмыстар атқаруымыз қажет, 2014 жылы белгіленген жағдайларды талап ететін тапсырмалар, жұмыстар бар.
Ауданда «Жаңбыр» агроөнеркәсіп алаңы» Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында Гидромелиоративтік құрылысы» жобасы бар. Жобамен Жетіжар ауылдық округінің бұрыңғы Семияр және Кривинка совхоздарының аумақтарында суармалы жерлерді суару үшін 4041 гектарлы суарғыш желілерді қалпына келтіру қарастырылуда. Ұзындығы 59,7 шақырым болатын суарғыш желілерін қайта қалпына келтіру және қосымша құрылысы, басты насос стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандары құрылысы жоспарлануда. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд. 773 млн. 714 мың теңгені құрайды. 2014 жылға жобаны іске асыруға 886,857 млн. теңге сомада қаражаттар қарастырылған.
Агроқалыптастырудың егістік жерлерін тапсыру құрылысты аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады:
2014 жылы барлық деңгейдегі бюджеттерден ауданды дамыту үшін 1 млрд. 169,9 млн. теңге бөлу қарастырылуда:
Мына жобалар бойынша жұмыстар аяқталуда:
- Бесқарағай ауылында су құбырлары жүйесін қайта жаңарту – 288,5 млн. теңге;
- Бесқарағай ауылында 90 орынға арналған бала-бақшаның құрылысы – 152,9 млн. теңге;
- Бесқарағай ауылында спорт алаңын қайта жаңарту – 55,2 млн. теңге;
- Глуховка ауылында мектептің жылу беру жүйесін қайта жаңарту – 20,1 млн. теңге.
Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен қарастырылғаны:
- Өндіріс ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына- 241,5 млн. теңге;
- Баскөл ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына- 90,0 млн. теңге;
- Мостик ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына- 90,0 млн. теңге;
- Кривинка ауылында мектептің жылу беру жүйесін қайта жаңартуға- 26,8 млн. теңге.
2014 жылы 4 млн. 97 мың теңге сомада Бөдене орта мектебі үшін химия кабинеті сатып алынатын болады.
2014 жылға жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қарастырылғаны:
- 7 Қарағайлы ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге- 9 млн. теңге сома;
- Ерназар ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге- ; 9,3 млн. теңге сома;
- Пушкин-Сейфуллин, Елистратов-Әуезов, Әуезов-Тәуілсіздік көшелері қилысында 3 бағдаршам орнатға -21,7 млн. теңге сома;
- Жабаев, Әуезов, Сейфуллин, Пушкин көшелері бойынша көше жарықтарын орташа жөңдеуге-22,0 млн. теңге сома;
- жалға берілетін 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысына-20,2 млн. теңге сома;
- Долон ауылында 80 орынға арналған балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету үшін сауықтыру кешешінің құрылысына ЖСҚ-ны түзету енгізуге-3,5 млн. теңге сома;
- Бесқарағай ауылында өнер мектеп ғимаратының құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге-4,5 млн. теңге сома.
Кейбір туындаған қиындықтарға қарамастан ауданның көркеюіне, аудан халқының әлеуметтік жағдайларын арттыруға барлық күшті салу қажет. Барлық жоспарланған істерді іске асыру үшін қоян-қолтық бірлесе еңбек ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |