Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы Ресей империясының қазақ 
және басқа да түркі халықтарының ұлттық санасының күрт өсуінің 
уақыты болды, бұл қоғамдық-саяси өмірдің белсендірілуінен, мәдени 
прогрестен, ұлттық тілдердің, әдебиет пен баспасөздің орнығуы мен 
дамуынан, реформалық қозғалыстардың (джадиды), жаңа идеологиялық 
тұжырымдамаларының 
(пантюркизм, 
панисламизм, 
пантуранизм) 
таралуынан көрінді. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың мәдени және 
әлеуметтік-саяси шоғырлануы мен ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына 
шешуші ықпал еткен факторлар: жалпыресейлік сұлба бойынша басқару 
жүйесін бір ізге келтіру; орталықтандыру процестерін күшейту; сауатты 
және қазақ элитасының білімді топтарының қалыптасуы; қарқынды қоныс 
аудару саясатының нәтижесінде халық жағдайының нашарлауы; жер 
пайдаланудың дәстүрлі жүйесінің бұзылуы; жерлердің тартып алынуы. Бұл 
қоғамның ойшыл бөлігінің экономикалық, саяси, мәдени, оның ішінде діни 
құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын 
тездетті.
Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мәселелерін шешу үшін Дала 
өлкесінде білім мен мәдениет саласын кеңейтуге мәжбүр болды. Өйткені 
оған білімді мамандар, сауатты қосалқы шенеуніктер аппараты жергілікті 
тұрғындар санынан және арзан жалдамалы жұмысшылардан қажет болды. 
Қазақтың ұлттық зиялы қауымы сыртқы және ішкі факторлардың өзара 
ықпалдасуында өзінің орнығуын осылайша бастаған.
Құрамы мен бағыты бойынша, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты 
бойынша зиялы қауым әр түрлі топтарды біріктірді, оның негізгі бөлігін
әкімшілік өкілдері, дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар құрды. Зиялы 
қауымның 
қатарлары 
көзқарастары 
мен 
әрекеттері 
бойынша 
айрықшаланатын. Олардың кейбіреулері социалистік идеяларды ұстанып
социал-демократтар мен эсерлер қатарына қосылды немесе солармен бірігіп 
қызмет етті. Қазақтың зиялы қауымының ықпалы жағынан маңызды бөлігі 
либерал-демократиялық жолын ұстанды. Бұл негізінен даланың дербестігін 
айрықша түсінген өкілдері болды: Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, Ж. Ақпаев, А. 
Байтұрсынов және тағы басқалары.
Панисламизм мен пантюркизм теориялық негіздерін идеялық қаруы 
ретінде ұстанған ұлттық зиялы қауым да қалыптасты.
Панисламизм – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі 
түсініктер жатыр: 
- әлеуметтік, ұлттық және мемлекеттік тиістілігіне қарамастан, бүкіл 
әлем мұсылмандарының рухани бірлігі туралы; 
- олардың жоғары дін басшысының (халифтің) қоластында саяси бірігу 
қажеттілігі туралы. 
Олардың санасындағы және ұлт-азаттық қозғалыстағы мұсылмандық 
ынтымақтастық, «діндегі бірлік» идеясы түркі халықтарының туыстығы, 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
тағдырларының тарихи ортақтығы туралы түсініктер кешенімен тығыз 
шиеленіседі.
Еуразиялық кеңістіктік тұтастығы теориясы суперэтникалық 
«тұрандық» ортақтастыққа келтірілетін «тұраншылдық» идеяларында 
бейнеленген. «Тұран» түсінігі орал-алтай тілдік әулетінің барлық 
этностары жатқызылған «тұрандық» халықтардың арғы отаны ретінде 
қарастырылған. Түркі әлемі осы ауқымды «Тұранның» осі ретінде 
шамаланды – осыған сәйкес түркішілдік пен тұраншылдық шоғырланған 
көрінісі ретінде бейнеленді. Пантюркизм түрік тілінің парсы және араб 
тілдерінен келген сөздерден тазарту арқылы бір ізге келтіру бағытында 
алғашқы қадамдар жасады және пантюркизм идеологиясы Орталық 
Азиядағы патша өкіметіне қарсы көтерілістердің маңызды негізі болды.
Осы идеяларға негізделе отырып, ұлттық зиялы қауым өкілдері 1905 ж. 
желтоқсан айында Оралда бес облыстан сайланған делегаттарының съезін 
өткізді. Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының мүшелері 
бола отырып жергілікті бөлімшесін құрды. Өйткені кадет партиясының 
бағдарламасы қазақи сана-сезімінің көзқарасына үндесіп сәйкес келді. 
Ұлттық мүддені қорғау қарқыны саяси түрде басталды деп айтуға болды.
1906 ж. ақпан айында Семейде қазақтардың екінші съезі өтті, ол 
кадеттерге 
жақын 
бағдарламаны мақұлдады, бірақ 
оған өлкеге 
крестьяндардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін 
жергілікті халықтың меншігі деп мойындау, ұлттық мектептер ашу туралы 
және т.б. талаптар енгізді. Бұл саяси ағым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, 
М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев сияқты және басқа да 
қазақтың зиялы қауымының көрнекті қайраткерлерімен басқарылды. Олар 
дін тұту еркіндігі үшін, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың 
мұсылмандарға қарсы істеріне, ұлттық мәдениеттің дамуы, сонымен қатар, 
қазақ тілінің Қазақстанда басқа тілдермен бірдей таралуы үшін шықты.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде саяси партиялардың 
сайлаушылар дауыстары үшін күресі өрістеген Мемлекеттік Думаға сайлау 
өткізілуі белгілі рөл атқарды. Ұлттық зиялы қауымның түрлі идеялық-саяси 
ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы және «Қазақ» 
газеті болды.
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы – 
Мұхамеджан Сералин (1871 – 1929 жж.) Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың 
аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл журналда Ж.Сейдалин, 
Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және басқада 
қызметтестер болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық 
қатынастар, ағарту және білім беру, ақша-тауарлық қатынастарының даму 
мәселелері ашылып, патша үкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді. 
«Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе болды. «Айқап» 
беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың даму мәселелеріне, мал 
шаруашылығының қарқындылық мәселелеріне, қазақ шаруашылығының 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру 
қажеттілігіне ерекше орын бөлінетін.
1912 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал-
демократиялық бағыттағы идеяларды бейнеледі. Бұл газетте Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов қызметтес болған. Басты аграрлық мәселеде 
олар жерге мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) жою, оны қазақтар 
меншігіне беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. «Қазақ» 
газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының рөлі туралы, мал 
шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс туралы 
мақалалар жазылды. 
Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси 
өмірінің дамуы туралы көзқарастарының әр түрлімгіне қарамастан, «Айқап» 
журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық 
идеялары мен мүдделерін көрсете білді.
Революциялық өрлеу жағдайында Қазақстандағы социал-демократиялық 
ұйымдар мен топтар халық арасында саяси үгіт-насихатты белсендендірді. 
Азаттық қозғалыстың түрлі формаларының дамуына Бірінші дүниежүзілік 
соғыс кедергі келтірді.
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, халықтың жұтауы мен 
саяси тұрақсыздықты туындатқан соғыс заманының қиыншылықтары Ресейді 
1917 жылдың ақпан айында революциялық жарылысқа әкелді.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанда үлкен 
шаттықпен қарсы алынды. Бүкіл Қазақстанда митинг, жиын, жиналыстар 
толқыны өтті. Патшаның биліктен бас тартуын және Ақпан буржуазиялық-
демократиялық революция жеңісін қазақ қоғамының көсемдері жігерлікпен 
қарсы алды, өйткені олар тәуелсіздік алуға деген үміттерін байланыстырды. 
Ресейдегі ақпан революциясының басты өзгешілегі қос билік орнауы болып 
табылады: 1) жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңесі; 2) 
Уақытша үкімет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет