Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012



бет3/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#142039
1   2   3   4   5   6   7

Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға. Фирманың бағалы қағаздарының корпоративтік қаржысы жөніндегі командасын жетекші менеджменттің өзі тағайындайды. Ол үшінші жақты өзі тағайындайды немесе ол жөнінде эмитентке ұсыныс айтады. Бұл команда алдыменен эмитент орындайтын календарлық жоспарды түбегейлі даярлап береді және міндеттердің уақытылы орындалуын тексереді. Мәміленің негізіне мыналар жатады [20, 35 б.]:

  • бірлесіп қызмет ету жөніндегі хатқа қол қою,

  • арызды тіркеу үшін ұсыну;

  • эмиссияның басталуы (маркетингтік кезең);

  • жаңа эмиссияны бағалау;

  • аяқталуы.

Капиталды бағалы қағаздың қозғалысы алғашқы және қайталама нарықта көрінеді. «Эмиссиялық бағалы қағаздар» мен «эмиссиялық емес бағалы қағаздардың» эмиссиясы бағалы қағаздар нарығының алғашқы кезеңінде жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды шығару және оларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру эмиссиялық операция болып табылады.

Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары кімдер?

  2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын атаңыз.

  3. Депозиторий деген не, ол қандай функцияларды атқарады?



1.3 ЭМИССИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Эмиссиялық қызмет өз бағалы қағаздарының эмиссиясына және оларды алғашқы орналастыруға, сондай-ақ инвесторлардың эмиссияланған бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға байланысты.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

  • акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары арасында орналасқан,

  • акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен;

  • облигациялар мен басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз құжаттарын таратқан кезде жүзеге асырылады.

Эмиссиялық бағалы қағаздар – эмиссия шегінде біртектес белгілерге және реквизиттерге ие болатын, осы эмиссияға арналған бірыңғай ережелер негізінде орналыстырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Эмитетент эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру барысында қаражат тарту мақсатында шығарады.

Бағалы қағаздың эмиссиялаудың кезеңі жөнінде көзқарастар бірыңғай емес. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бағалы қағаздарды эмиссиялау процедурасы, кезеңдері арнайы аталмаған. Р.А.Мирзалимова зерттеу жұмысында оны төмендегідей кезеңдейді:



  • эмиссиялық бағалы қағаздарды туралы эмитенттің шешім қабылдауы,

  • шығарылған бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу;

  • эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы есепті бекіту;

  • проспектіні даярлау;

  • проспектіні тіркеу.

Ресейде «Бағалы қағаздардың рыногы туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, эмиссиялау процесі мына кезеңдерден тұрады:

  • эмиссиялық бағалы қағаздар туралы эмитенттің шешім қабылдауы,

  • шығарылған бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу;

  • бағалы қағаздардың сертификаттарын даярлау (құжатты нысандағы бағалы қағаздар үшін);

  • эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру;

  • эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың нәтижелері туралы есепті тіркеу.

Заң шығарушы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың қосымша кезеңдерін атап кеткен:

  • проспектіні даярлау,

  • проспектіні тіркеу;

  • эмиссиялау проспектісіндегі және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың нәтижелері туралы есептегі барлық ақпараттарды ашу.

Ендігі бір еңбекте бағалы қағаздарың эмиссиясын өзара байланысты келесі кезеңдерге бөледі [20, 18 б.]:

- бағалы қағазды эмиссиялау туралы шешім қабылдау,

- тиісті құжаттарды жинақтау және эмиссияны мемлекеттік тіркеу;

- бағалы қағаздың бланкін шығару;

- бағалы қағаздарды орналастыру;

- шығару нәтижелері туралы есепті тіркеу.

Бағалы қағаздар нарығы туралы толық түсінік алу үшін экономика саласындағы теорияға жүгінген орынды болар. Т.Н.Машированың электронды оқулығына сай [19, 36-38 б.] 1-кестеде андеррайтер мен эмитенттің эмиссиялау жұмыстары берілген.

Бағалы қағазды эмиссиялау туралы шешімді эмитенттің қабылдауы

Андеррайтер эмиссияның негіздемесін және оның концепциясын эмитенттің директорлар Кеңесіне даярлайды. Ол менеджермен алғашқы келісімдер жасауға кіріседі, инвестициялық кеңесшілермен, құқықтық және аудиторлық фирмалармен, бағалы қағаздардың бланкісін даярлайтын компаниялардың, баспалардың қызмет көрсетуі жөнінде шарттар жасайды.

Заңды тұлғалардың бағалы қағаздарды эмиссиялауы эмитенттің жоғары басқару органымен - құрылтай жиналысы, не акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Эмитент ұйымдастырушы топ пен эмиссияны даярлаудың жоспары-кестесін бекітеді, андеррайтерлердің өкілдерінің және эмиссия дайындау кезінде эмитентпен бірге қызмет ететін сыртқы фирмалардың тізімдеріне келісім береді. Компания андеррайтердің компаниядағы жұмысы, жоғарғы басқарушы қызметкерлермен келісімдер туралы мәліметтерді андеррайтерге ұсынып, компаниядағы ситуациялық жағдайларды ашады. Тиісті бағалы қағаз түрін эмиссиялау алдында эмитент тарапынан оның өтімділігі, айналымдағы, номиналдық бағасы, эмиссиялық бағасы және рыноктық бағамы (бағасы) есепке алынады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, бағалы қағаздардың көлемі мен графигімен байланысты сұрақтарды ай сайын шығаратын Ұлттық банк Қаржы Министрлігінің қарауына береді.

Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу. Уәкілетті орган бағалы қағаздың азаматтық құқық объектісі екенін мойындау туралы шешім қабылдайды. Бағалы қағаздардың эмиссиялануы (2.07.03ж.) «Бағалы қағаз нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелінеді.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-тарауы 6-бабы). Шығарылымы жойылған немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.



«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу процесі табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарау және эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзу, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беруді қамтитындығы айтылған.

Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Оның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттiк тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұруға құқылы. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп тани да алады. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады. Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.

Бағалы қағазға меншік құқығының қозғалуын тіркеу, сондай-ақ бұл құқықтардың бағалы қағазды кепілге қоюын шектеуді тіркеу кезінде акционер мен бағалы қағазды ұстаушының тіркеу құжаттарында өзгерістер енгізіледі. Егер де инвесторлардың талаптары бойынша оларға сертификат, не реестрден көшірме берілген болса, онда бұл құжаттың келесі бетінде көшіру жазбасы толтырылады. Көшіру жазбасы эмитенттің өзінің мөрімен, не бұл эмитенттің бағалы қағаз реестрін жүргізу уәкілетті заңды тұлғамен куәландырылады.

Андеррайтер келесі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді:

- синдикат құрамына андеррайтерлерді алғаш жинақтайды, андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің алғашқы үлгілерін жасайды. Синдикат – ол шарт арқылы және пайданы бөлісу қағидасының негізінде андеррайтингті, яғни бағалы қағаздарды ұйымдастыру, тарату мен кепіл беруде жүзеге асыратын андеррайтерлер тобы (инвестициялық компания). Эмиссиялық синдикат бағалы қағаздарды бірлесіп шығаруды көздейтін, уақытша құрылған инвестициялық компания бірлестігі. Әдетте, олар 6-8 айға құрылады, бірақ та олар бағалы қағаз нарығының басқа учаскелерінде де бәсекеге түсіп жатады. Синдикатты құрудағы басты мақсат – андеррайтерлер арасында бағалы қағаздарды бөлу арқылы жаңа эмиссияның қаупін, тәуекелді басқару болып табылады. Қауіпті, тәуекелді бөлу дегеніміз синдикатқа қатысушылар арасында бөлінетін, жаңа эмиссиядан түскен ганорарды, яғни пайданы бөлу. «Қауіпті бөлу», «синдикация» ұғымдары синонимдер.

- андеррайтермен, менеджермен синдикат құрамының құрылымы қалыптастырылып, синдикаттық келісімнің екінші үлгісін даярланады, сатушылар тобын алғаш рәсімделеді;

- тіркеу құжаттарының екінші, кейін соңғы үлгісін даярлайды, ол мақұлданған соң көшірмелерін нотариалды куәландырады;

- бағалы қағаздардың сертификаттарына тапсырыс береді;

- андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің, сатушылар тобы құрамының құрылымының екінші үлгісін даярлайды;

- бағалы қағаздар операциясы бойынша эмитенттің есебінен салық төлейді;

- тіркеу құжаттарына өзгертулер енген жағдайда тіркеуші органмен жұмыс жүргізеді.

- жетекші андеррайтер мәмілелерді жүргізу мен нәтижелі аяқтауға жауапты болып табылады.

Эмитенттің жоғарғы басқарушы қызметкерлері андеррайтермен, инвестициялық және құқықтық кеңесшілермен, қажет болған ретте аудиторлармен тіркеу құжаттарының алғашқы үлгісін бірлесіп талқылайды. Андеррайтер-менеджердің және андеррайтерлер-соменеджерлердің, инвестициялық кеңесшілердің және эмиссияны дайындауға басқа да қатысушылармен бірлесіп тіркеу құжаттарының екінші жобасын талқылау үшін мәжіліс өткізеді, директорлар Кеңесі оны мақұлдаса, тіркеуші органға жөнелтеді.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi

1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:

- эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы;

- эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;

- басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;

- баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;

- эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);

- кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;

- осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;

- жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi , төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртiбi туралы;

- бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртiбi туралы;

- облигация ұстаушылардың өкiлi туралы (инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);

- төлем агентi туралы;

- эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Эмитент қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және аталғандардың 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады. Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген облигациялар бойынша шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ. Белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне қолданылмайды. Көрсетілген «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңымен кейбір ережелер ерекше реттеуді талап етеді.

Эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы, эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне қолданылмайды.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде табыс етiледi.

Қоғам бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептiлiк және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептiлiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).



Андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің, сатушылар тобы құрамының құрылымының екінші үлгісін, талқылап, тарату технологиясын өңдейді.

Андеррайтер қатысқан топпен бағалы қағаздың бағасын екінші рет талқылаудан өткізеді. Андеррайтерді қатыстыра бағалы қағаздың бағасын талқылауды тамамдап, әрбір андеррайтерге қатысты және мүшелердің міндеттемесіне айналатын синдикатты - синдикат құрамын, эмиссия порциясын түпкілікті анықтайды. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында белгілі бір уақыт кезіндегі бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасымен бағалы қағаздардың бағасы белгіленеді.

Андеррайтер бұл кезде келесі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатады:

- эмиссия проспектісін, оның қосымшаларын қосқанда құжаттардың алғашқы үлгілерін даярлайды;

- болашағы мол және ірі компаниялармен эмитенттің жоғарғы басқарушы қызметкерлерінің кездесулерін ұйымдастырады;

- эмиссияның құнын бағалауға байланысты алғашқы құжаттарды директорлар Кеңесіне даярлайды (андеррайтердің бағалы қағаздың құнын анықтауы);

- эмиссия проспектісін шығарады және проспектіні потенциалды, ірі инвесторлар арасында таратады;

- эмитенттің шақыруымен бағалы қағаздың бағасын екінші рет талқылауға қатысады;

- андеррайтер-менеджердің эмитент басшысымен эмиссия құнын келісуге байланысты кеңеседі;

- эмитенттің мәжілісте бағалы қағаздың бағасын талқылауды тамамдау процесіне қатысады;

- андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің соңғы үлгісін жасайды;

- сатушылар тобымен келісім жасайды.



Бағалы қағаздарды орналастыру

Эмитенттің тиісті органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:

- эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;

- эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;

- акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асырудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

- эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;

- эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болады.

Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткiзу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.Эмитент (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезiнде оларды қайта сатып алу мiндеттемесiмен мәмiле жасай алмайды, заңмен тыйым салынған.

Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттенедi.

Уәкiлеттi органмына жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы: эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген; эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған; эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған; сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi. Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті (Заңның 25-бабы).

Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жәрдемдесетiн барлық iс-әрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды ашық жолмен орналастырғанда эмитент бағалы қағаздарды шығару туралы мәліметтерді ақпатар хабарларының көмегімен мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап-ақ 30 күн ішінде жариялауы тиіс.

Андеррайтер бұл кезеңде:

- эмитенттің бағалы қағаздарды шығаруы туралы хабарларды ақпарат құралдары арқылы жариялайды,



  • андеррайтер-менеджер компания басшысымен соңғы рет кеңеседі,

- ұсынылған күннен бастап бағалы қағаздарды алғаш таратады.

Ал эмитент-компания басшысы андеррайтер-менеджермен соңғы рет кеңес өткізеді, директорлар Кеңесі төмендегілерді мақұлдайды:



  • эмиссия құны,

  • андеррайтингтік келісім;

- кейбір алғашқы инвесторларға бағалы қағаздарды эмитенттің тікелей сататын бағалы қағаздарының көлемі мен шарттары.

Эмитент уәкілетті органға бағалы қағаздарды шығару және орналастырудың есебі туралы хабарлайды. Бағалы қағаздарды таратып болғаннан кейін ай ішінде есеп беруі тиіс. Банктер мен банктік операцияларды жүзеге асырушы басқа да ұйымдар бағалы қағазды шығару мен таратудың нәтижесі туралы есепті уәкілетті органға тапсырады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

- эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;

- есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;

- эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi. Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi

Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн бір ай ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактiлерi анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

Уәкілетті орган шетелде эмиссияланған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасы аумағына жіберу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ халықаралық облигация шығармақ болған уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырады, қай мемлекетке жіберетіндігі, валютасы, шығарылатын сома мөлшері туралы ақпараттар тапсырады.

Байқап отырғанымыздай, эмитент бағалы қағаздарды эмиссиялау процесінде бағалы қағаздарды шығару тәртібін сақтай отырып, бірнеше іс-әрекеттерді андеррайтердің көмегімен бірлесе атқарады екен.

Қорыта келе, эмитенттің әрекеттерінің қатарынан негізгілерін ерекше бөліп айтсақ:


  • эмиссиялық бағалы қағаздарды туралы эмитенттің шешім қабылдауы,

  • эмиссиялау проспектісін даярлау, оны мемлекеттік тіркеу үшін өткізу;

  • шығарылған бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу (мемлекеттік емесе бағалы қағаздар үшін) үшін құжатар тапсыру;

  • эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, оның есебін тапсыру;

  • эмиссиялау проспектісіндегі және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың нәтижелері туралы есептегі барлық ақпараттарды ашу деп тану керек.

Бағалы қағаздардың қайталама нарығы екінші нарық болып табылады.

Қазіргі кездегі қайталама нарық екі бөлімнен тұрады:

– бағалы қағаздардың биржадан тыс айналымы;

– қор құндылықтарын биржада сату.

Бұл екі бөлімдер бір-бірімен байланысты, қаржылық активтің курстық құнына өзара әсер етеді.

Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс нарықтың баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауы тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.

Қор биржасына бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарға қаржылық активі сәйкес келетін, биржалық тізімге енген эмитенттердің ғана бағалы қағаздары айналымға түседі. Мұндай эмитенттер көп емес. Оларға қаржылық жағдайы тұрақты, инвесторлар сеніміне енген ірі корпорациялар қатысады. Биржалық торг басталғанға дейін саудаға түсетін бағалы қағаздарды қор биржасының депозиторииіне тапсыру керек. Депозиторий бағалы қағазды сақтайды және бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге техникалық көмек көрсетеді.

Қор биржасының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, кеңестік және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.

Биржадан тыс айналымда мына эмитенттердің бағалы қағаздары кездеседі:

- капитал көлемі кіші және орта мөлшердегі акционерлік компаниялар,

- банктер мен басқа да ірі есеп-несие мекемелері;

- экономика саласында беделі орташа корпорациялар;

- мемлекет, жергілікті атқару органдары;

- қаржылық жағдайы тұрақсыз компаниялар;

- шетел компаниялары.

Қор биржалары мен биржадан тыс ұйымдардың бағалы қағаз айналымдары қызметтеріне мемлекеттік уәкілетті органдар араласа алмайды, бірақ олардың қызметінде заңдылықтың сақталуы мақсатында қадағалау жүргізеді. Қаржылық активтердің нарығын заң актілеріне сәйкес реттеуде ішкі бақылау және өзін-өзі реттеу әдістері қолданылады. Қор биржалары мен биржадан тыс айналымды өздері реттейтін ұйымдарға брокерлік, дилерлік және басқа да кәсіпқой конторлар, рейтингтік компаниялар, аудиторлық фирмалар, мәліметтер агенттігі жатады.

Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс нарықта бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.

«Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы» ұғымы жиі қолданылады, ол осы нарықты құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.б.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.

Жоғары ұйымдастырылған қаржы нарығының дамуына бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының - ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар нарығының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақатуын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қор биржасы бағалы қағаздар нарығының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңға сәйкес жауап береді.



Екінші нарықта эмитент және оның агенті қайталама нарықта бағалы қағазды алғаш таратушының және эмитенттің функциясын жүзеге асырмайды, инвестор (лицензиясы болса) бағалы қағазбен байланысты мәміледе тікелей қатысатын кәсіпқой ретінде қатысады.

Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Эмиссиялық қызмет дегеніміз не?

  2. Бағалы қағаздардың эмиссиясы дегеніміз не?

  3. Бағалы қағаздарды эмиссиялау процедурасы, кезеңдері жөнінде не айтар едіңіз?

  4. Бағалы қағазды эмиссиялау туралы шешімді кім қабылдайды?

  5. Бағалы қағазды эмиссиялаудағы андеррайтердәі орны қандай?

  6. Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді кім жүзеге асырады?

  7. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беру процедурасына тоқталыңыз?

  8. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi дегеніміз не?

  9. Бағалы қағаздарды орналастыру дегеніміз не?

  10. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға қандай құжаттар тапсырады?

Кесте 1 - Андеррайтер мен эмитенттің эмиссиялау жұмыстарының кезегі

апта

Андеррайтингтік жұмыстың кестесі

1

2

18-17

Эмиссияның негіздемесін және оның концепциясын эмитенттің директорлар Кеңесіне даярлау

16-14

Эмиссия жөнінде компанияның ашық жариялауы

13-11

Бағалы қағаздарды шығару туралы шешімді эмитенттің қабылдауы




Андеррайтердің алғашқы келісімдері – менеджер мен андеррайтермен - менеджермен




Инвестициялық кеңесшілермен, құқықтық және аудиторлық фирмалармен, бағалы қағаздардың бланкісін даярлайтын компаниялардың, баспалардың қызмет көрсетуі жөнінде шарттарды жинақтау, алғашқы келісімдері және шарттарды жасау




Эмитенттің ұйымдастырушы топ пен эмиссияны даярлаудың жоспары-кестесін бекітуі, андеррайтерлердің өкілдерінің және эмиссия дайындау кезінде эмитентпен бірге қызмет ететін сыртқы фирмалардың тізімдеріне келісім беруі




Эмиссия проспектісін, оның қосымшаларын қосқанда құжаттардың алғашқы үлгілерін даярлау

10-9

Компания, андеррайтердің компаниядағы жұмысы, жоғарғы басқарушы қызметкерлермен келісімдер туралы мәліметтерді андеррайтерге ұсыну, компаниядағы ситуациялық жағдайларды ашу




Синдикат құрамына андеррайтерлерді алғаш жинақтау, андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің алғашқы үлгілерін жасау




Тіркеу құжаттарының, андеррайтингтік және синтикаттық келісімдердің алғашқы үлгілерін талқылау (эмитенттің жоғарғы басқарушы қызметкерлерінің андеррайтермен, инвестициялық және құқықтық кеңесшілермен, қажет болған ретте аудиторлармен бірлескен талқылауы)

8

Тіркеу құжаттарының екінші үлгісін даярлау




Андеррайтер, менеджермен синдикат құрамының құрылымын қалыптастыру, синдикаттық келісімнің екінші үлгісін даярлау, сатушылар тобын алғаш рәсімдеу




Эмитенттің жоғарғы басқарушы қызметкерлердің, андеррайтер-менеджердің және андеррайтерлер-соменеджерлердің, инвестициялық кеңесшілердің және эмиссияны дайындауға басқа да қатысушылардың бірлесіп мәжіліс өткізуі (тіркеу құжаттарының екінші жобасын талқылау)




Тіркеу құжаттарының көшірмелерін нотариалды куәландыру




Бағалы қағаздардың сертификаттарына тапсырыс беру




Тіркеу құжаттарының соңғы үлгісін даярлау

7-2

Тіркеу құжаттарын директорлар Кеңесінің мақұлдауы және оларды тіркеуші органға жөнелтуі




Андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің, сатушылар тобы құрамының екінші үлгісін даярлау және талқылау, тарату технологиясын өңдеу




Бағалы қағаздар операциясы бойынша салық төлеу




Бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өту актісін растайтын тіркеуші органнан алынған хаттағы тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуге байланысты тіркеуші органмен жұмысы




Андеррайтердің болашағы мол және ірі компаниялармен эмитенттің жоғарғы басқарушы қызметкерлерінің кездесулерін ұйымдастыруы




Эмиссияның құнын бағалауға байланысты алғашқы құжаттарды директорлар Кеңесіне даярлау (андеррайтердің бағалы қағаздың құнын анықтауы)




Эмиссия проспектісін шығару және проспектіні потенциалды, ірі инвесторлар арасында тарату




Эмитенттің бағалы қағаздарды шығаруы туралы хабарлады ақпарат құралдары арқылы жариялауы




Андеррайтердің қатыстыра отырып өткен топпен бағалы қағаздың бағасын екінші рет талқылау




Андеррайтер-менеджердің эмитент басшысымен эмиссия құнын келісуге байланысты кеңесуі




Андеррайтердің қатыстыра отырып өткен топпен бағалы қағаздың бағасын талқылауды тамамдау, әрбір андеррайтерге қатысты және мүшелердің міндеттемесіне айналатын синдикатты - синдикат құрамын, эмиссия порциясын түпкілікті анықтау. Андеррайтингтік және синдикаттық келісімдердің соңғы үлгісін жасау.

1

Сатушылар тобымен келісімнің жасалуы




Андеррайтер-менеджердің компания басшысымен соңғы кеңесі, директорлар Кеңесінің төмендегілерді мақұлдауы:

  • эмиссия құны,

  • андеррайтингтік келісім;

  • кейбір алғашқы инвесторларға бағалы қағаздарды эмитенттің тікелей сататын бағалы қағаздарының көлемі мен шарттары




Ұсынылған күннен бастап бағалы қағаздарды алғаш орналастыру

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ЖАНАМА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ЖАНАМА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстарды топтастырудың бірнеше түрлері белгілі. Мысалы, Б.В.Яцеленконың классификациясында бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберудегі қылмыстар – ақша несие саласында жасалатын қылмыстар тобына, Б.В.Леонтьевтің топтастыруы бойынша мемлекеттік қаржы мен экономикалық қызметтің басқа субъектілеріне әсерін тигізетін қылмыстар тобына, Г.П.Новоселев пен Т.Ю.Погосян бағалы қағаздарды шығаруды теріс пайдаланумен байланысты, жалған ақша мен бағалы қағаздарды, несие есеп картасын немесе басқа да төлем құжаттарын жасау, сату (РФ ҚК 185-187-баптары) жөніндегі қылмыстар, И.В.Шишко болса ақша, бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын шығару мен айналымға жіберу саласындағы қатынастарға қолсұғатын қылмыстар (РФ ҚК 185-187-баптары), Н.И.Афанасьев мемлекеттің және шаруашылық субъектілердің несие-қаржы қызметтерін реттейтін қатынастарға қолсұғатын қылмыстар, ал Б.В.Волженкин ақша мен бағалы қағаздардың айналымының белгіленген тәртібін бұзатын қылмыстар тобына жатқызады.

Б.М.Леонтьев, Г.П.Новоселов, Т.Ю.Погосян, И.В.Шишко, Б.В.Волженкин сынды ғалымдардың зерттеулерінде бағалы қағаздар айналымы саласындағы қылмыстардың жеке топқа бөлінуі өзіндік қызығушылық тудырады. Б.В.Волженкин қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай экономикалық қылмыстарды топтастыруда ақша мен бағалы қағаздардың айналымының белгіленген тәртібін бұзатын қылмыстар деген атаумен арнайы топқа бөлген.

А.М.Яковлев экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды топтастыра отырып, ақша мен бағалы қағаздардың айналымы саласындағы қылмыстарды бөліп қарайды. Ал, Е.И.Кадовик болса, осы бағытты қолдап, ақша мен бағалы қағаздардың айналымы саласындағы қылмыстардың тобына бағалы қағаздарды шығаруды (эмиссия) теріс пайдаланумен байланысты қылмыстар, жалған ақша мен бағалы қағаздарды, жасау, сату, сондай-ақ жалған бағалы қағаздарды пайдаланып жасалынатын алаяқтықты жатқызуды ұсынады. Мұнда қолсұғылушылықтың затына ақша мен бағалы қағаздар жатады. Әрине, аталған пікірмен келісу қиын, себебі бағалы қағаздар нарығындағы, ақша мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу аясында кездесетін қылмыстар мұнымен шектелмейді [1, 119 б.].

Бағалы қағаздар нарығындағы қиянат жасау критерилеріне сәйкес, оларды келесі топтарға бөлсек болады:



  • эмиссиялық қызметке қиянат жасау,

  • бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру процесінде қиянат жасау: брокерлік, дилерлік, бағалы қағаздарды басқару қызметінде, клирингтік, депозитарлық тіркеуші, бағалы қағаздар нарығындағы сауда мекемелерінің қызметінде.

Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында кездесетін қылмыстарды біз екі топқа бөліп қарастыруымызға болады: бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар және бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстар.

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар ҚР ҚК «Экономикалық қызмет саласындағы қатынастар» атты VII тарауына кіреді, оларға мыналар жатады: 202-бап – эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу; 202-1-бап – бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі; 203-бап – бағалы қағаздарды ұсынушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу; 204-бап – бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі; 205-бап – бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу, 206-бап – жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату.

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстарға мыналар жатады:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» атты VII тарауында орналасқан қылмыстар тобындағы: заңсыз кәсіпкерлік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы), жалған кәсіпкерлік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 193-бабы), несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы), монополистік қызмет (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабы), көрінеу жалған жарнама беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабы), банкроттық жағдайындағы заңсыз әрекеттер (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215-бабы), әдейі банкроттық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы), жалған банкроттық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы), заңсыз сыйақы алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабы), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 226-бабы), компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабы).



Меншікке қарсы қылмыстардың қатарындағы: (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы), алаяқтық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 182-бабы).

Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардағы: лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы) және қызметтік жалғандық жасау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 314-бабы).

Жоғарыда аталынған қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш түрлі тарауын қамтиды, атап айтқанда, меншікке қарсы қылмыстар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Үш тарауда да қылмыс объектісінің заты, не қылмыс құралы ретінде қылмыста кездесетін бағалы қағаздың мүліктік, материалдық игілік сипатына тұлғалардың қызығушылығы байланысты.

Барлық қылмыстық әрекеттер қылмыстық заңмен қорғалынатын, ҚР Қылмыстық кодексінде көрініс тапқан қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның қандай да бір мүдделеріне зардап алып келеді. Осы аспектіде бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберу саласындағы қатынасқа қол сұққаны үшін қылмыстық жауаптылық қылмыстық заңды қорғауға бағытталған міндетке айналып отыр.

Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жәбірленушілер санының көптігімен, ірі материалдық зардартардың болуымен байланысты болып отыр.

Бағалы қағаздар нарығын жалпы бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы деп қарауға болады.

Нарықтық экономика және кәсіпкерлік қызметтің дамуы барысында меншікке, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар бағалы қағаздар нарығында кең орын ала бастады. Бағалы қағаздармен жанама да қатысы бар аталған қылмыстар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына зор нұқсан келтіруде. Сәйкесінше, бұл жағдай қылмыстылықпен күресу мақсатында қылмыстық нормаларды зерделеп, оны тез арада жетілдіру міндетін алға тартады. Осы орайда, бағалы қағаздар нарығымен жанама да қатысты қылмытық нормалардың құрамдарына арнайы тоқталсақ.

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың субъективтік жағы да тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақсатпен орындалады.



Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың қатарындағы алаяқтық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы) пен алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтірудің топтық объектісі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 182-бабы) – меншік, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобына біріккен, заңмен қорғалынатын мүддеге қолсұғады. Ал бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың біршамасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, қалғандары экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қатарында.

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың объективті жағы белсенді әрекеттерден тұрады Оларға: алаяқтық (ҚР ҚК 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге талан-тараж белгілерінсіз мүліктік залал келтіру (ҚР ҚК 182-бабы), азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу арқылы кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану (ҚР ҚК 190-бабы – заңсыз кәсіпкерлік), кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру (ҚР ҚК 192-бабы – жалған кәсіпкерлік), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (ҚР ҚК 193-бабы), несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 194-бабы), монополистік қызмет (ҚР ҚК 196-бабы), көрінеу жалған жарнама беру (ҚР ҚК 198-бабы), мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді, не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жою, экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау (ҚР ҚК 215-бабы – банкроттық жағдайындағы заңсыз әрекеттер), ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы (ҚР ҚК 216-бабы - әдейі банкроттық), ірі зиян келтіре отырып, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы (ҚР ҚК 217-бабы – жалған банкроттық), лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметшісінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін қорқытып алумен байланысты болмайтын материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы (ҚР ҚК 224-бабы – заңсыз сыйақы алу), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚР ҚК 226-бабы), компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚР ҚК 227-бабы), сондай-ақ лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы), және қызметтік жалғандық жасау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 314-бабы).

Бағалы қағаздамен жанама байланысты қылмыстарға жалпы шолу жасағаннан соң, ендігі кезекте жекеленген қылмыс құрамдарына құқықтық сипаттама беріп өтсек.


Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қатарындағы бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстардың орны қандай?

  2. Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстарды атаңыз.

  3. Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстарды қалай топтастырамыз?

  4. Экономикалық қызмет саласындағы Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстарды атаңыз.

  5. Меншікке қарсы қылмыстардың қатарындағы бағалы қағаздармен жанама байланысы бар қылмыстар қандай?

  6. Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға ше?

  7. Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың құрамына тоқталыңыз.



2.2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАМЕН ЖАНАМА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.2.1 Бағалы қағаздармен байланысты меншікке қарсы кейбір қылмыстар
Заңға сәйкес, ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта кінәлінің бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа өзге адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз.

Қылмыстық заңда ұрлаудың бірнеше нысанын көрсеткен: ұрлық – 175- бап, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету – 176- бап, тонау – 178-бап, қарақшылық – 179-бап, алаяқтық – 177-бап. Бұл қылмыстардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері, оқшауланған белгілері арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сол себепті ұрлаудың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болады.

Ұрлаудың топтық объектісі – меншік нысандары қатынастарының жиынтығы. Тікелей объектісі – мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйым меншігі. Ұрлаудың заты – адам еңбегі арқылы істелген материалдық бұйымдар, рухани игіліктер, ақша, бағалы заттар, деп көрсетіледі көпшілік қылмыстық құқық оқулықтарда.

Ұрлаудың заты жөніндегі мәселе әлдеқайда күрделі болып отыр. Ол ұрлаудың бар, не жоқтығы, ұрлауды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, ал соңғысын ҚК басқа тарауларындағы қылмыстардан ажырату кезінде маңызды. Сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстардың кез келген заты ұрлаудың заты бола бермейді. Оған екі зат жатады: мүлік жжәне мүлікке құқық.

Б.С.Никофоров мүлік ұғымынан қол сұғылатын зат ретіндегі мүліктік құқықты бөлек қарайды [22, 60-61 б.]. А.Г.Кригер «мүліктік құқықтар» мүлік бола алмайды, себебі мүлік, ол меншіктің материалдық көрінісі. Оның пікірінше, ұрлауға салуда қол сұғылатын зат кез келген зат, табиғи күйдегі емес материалдық әлемнің заты [23, 26-32 б.].

Бұл пікірді барлық ғалымдар қолдамайды. Кейбір авторлар ұрлаудың затына тек қана затты, материалдық құндылықтарды ғана емес, азаматтық құқыққа сүйене отырып, мүліктік құқықтарды да жатқызады. Осы орайда М.М.Исаевтың ойынша, ұрлаудың заты зат күйіндегі мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтар да бола алады [24, 7 б.].

З.А.Вышинский болса, алаяқтықтың заты кез келген зат (мүлік), мүлікке құқық (мүлікке құжат) немесе ... мүліктік сипаттағы пайда, деп, ұрлаудың басқа түрлерінде материалдық құндық мағынасындағы мүлік қана емес, мүлікке құқық та жатады, себебі мемлекеттік және қоғамдық мүлікке мүліктік игіліктер немесе мүлікке құқықты да жатқызады [25, 13-21 б.].

Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал алып келмейді. Сондықтан да, жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалған табиғи байлықарды заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатпайды, олар экологиялық қылмыстарға жатады.

Заң шығарушы формальды түрде бағалы қағаздарды затқа жатқызады. Алайда, шаруашылық қызметке негізделген көпжылдық азаматтық-құқықтық дәстүрлі зерттеулерде бағалы қағаздарды қағаз-құжат нысанында, оның әрбір түрі мүліктік құқықтардың объектісі (қағазға құқық), қағазда бейнеленген несие берушінің борышқорға міндеттемелік-құқықтық талабы ретінде қарайды. Осы орайда, Н.О.Нерсесовтың мынадай пікірі бар, бағалы қағаздар құжаттағы құқықтың нәтижесінде қалыптасады. Қағаз өздігінен емес, ондағы құқықтың көмегімен құнды болып табылады.

Қоғамның дамуы нәтижесінде бағалы қағаз материалдық емес, қағаз түрінде сипат ала бастады. Ол зат есебінде қаралмайтын да болды. Егер қылмыскер бағалы қағазды алып қойса, онда оның қасақана ойы зат ретінде оны иелену емес, бұл қағаз куәландыратын мүліктік құқықтарды иемденуге бағытталады. Бағалы қағаздармен байланысты қылмыстарға құқықтық мінездеме бергенде, оның қылмыс затын зерттегенде өзіндік қиындықтар туындайды. Басқа заттармен салыстырғанда бағалы қағаздың өзіндік ерекшеліктері бар. Құнның эквивалентін құрайтын материалдық зат ретінде мүлікті иемденуге құқық беретін бұл құжат-бағалы қағаз ұрлаудың заты бола алады ма деген орынды сауал туындайды. Бағалы қағазға тек зат ретінде қарасақ, оның шынайы қауіптілігі ескерілмей қалады. Ал, құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетті саралғанда тек қағаз-құжат ретінде қарайды, ал ол қылмыстың шын мәнісінде аталған қылмыстың жасалу себебіне назар аудармайды. Осы пікірді В.Д.Меньшагин мен З.А.Вышинский де қолдайды, олар ұрлаудың затына зат күйіндегі мүлікті қана емес, түрлі бағалы қағаздар немесе болашақта қандай да мүліктік игіліктерді иемдене алатын құжатты да жатқызады [26, 273 б.]. З.А.Вышинский болса мүлікті иемденуге құқық беретін құжатты, сондай-ақ бағалы қағазды да ұрлаудың ерекше затына – «мүлікке құқықты» (мүлікке құжат) жатқызады [149, 21 б.].

И.Ш.Борчашвилидің жалпы редакциялығымен жарияланған ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемеде, ұрлықтың затына мыналарды жатқызбайды: аккредитив, чек, жинақ кітапшасы, гардеробқа тапсырылған киімнің жетоны, сенімхат, квитанция (түбіртек) және т.б. құжаттар мен белгілер. Мәні жағынан бұл құжаттар атаулы немесе ұсынбалы болғандығына қарамастан иеленушінің белгілі бір мүлікке құқығын куәландырса да оларды жоғалтқанда материалдық залал тікелей келе қоймайды, меншік иесі материалдық шығын көрмейді. Бұл тек болашақта ұрлау үшін жағдай жасайды.

Мүлікке құқықты ұрлаудың затына жатқызбаудың себебін «мүліктік құқықтар» мен «мүлікке құқық» ұғымдары арасындағы жікті ажырата алмаумен байланыстырады М.М.Ветошкина [27, 18 б.]. Бұл екі ұғымды затқа байланысты құқық ұқсатып тұр, бірақ та олардың сипаты әрқалай. «Мүліктік құқық» ұғымы – міндеттеме құқығына, ал «мүлікке құқық» заттай құқыққа байланысты айтылады. Заттай құқықта субъекті тиісті мүлікке басқаларды қатыстырмай өзі әсер етсе, ал міндеттеме қатынасында шарт талаптарына сай, мысалы, меншік иесінің мүддесіне өкілетті тұлға да мүлікке әсер ете алады. Ғалымның пайымдауынша, қылмыстық құқық теориясында «мүлікке құқық» ұғымын азаматтық құқықтағы «мүліктік құқықпен» сәйкестендіру, яғни мүлікке құқықты затқа құқықты заттай-құқықтық мағынада емес, міндеттемелік-құқықтық мағынада түсіну қажет. Заңнамада бағалы қағаздар куәландыратын құқықтардың жиынтығын ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартқан дұрыс. Демек, ғалым, ұрлау дегеніміз пайдакүнемдік мақсатта кінәлінің бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа өзге адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюы және айналдыруы, сондай-ақ бөтен мүлікке құқықты иемденуі, деп есептейді.

С.М.Рахметов пен Т.Ә.Бапановтың жалпы редакторлығымен жарияланған ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемесінде қылмыс затын төмендегідей қарастырған: «Азаматтық құқықтар объектiлерiнiң негiзгi түрлерi АК-тің 115-бабында аталған, мұнда олар мүлiктiк және мүлiктiк емес өзiндiк игiлiктер мен құқықтарға бөлiнедi. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның iшiнде шетелдiк валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объективтелген нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және өзге де дараландыру құрамдары, мүлiктiк құқықтың өзi де жатады. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар мен игiлiктерге адамның өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, қадiр-қасиетi, iскерлiк беделi, iзгi атағы, жеке өмiрiне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есiмiне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игiлiктерi мен құқықтары жатады. Шын мәнінде ұрлаудың заты деп ақшаларды, бағалы қағаздарды, басқа да заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.

Зат дегеніміз – кез келген түйсінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз, бүтіннің бөлігі болуы мүмкін».

Егер ҚР АК-не берілген түсінікке сүйенсек, онда жоғарыда көрсетілгендей «зат», «мүліктік құқық», «бағалы қағаздар» және т.б. жалпы мүліктік игіліктер мен құқықтарға жатқызған. Мұнда бағалы қағазды тікелей зат ретінде, не мүліктік құқық ретінде қарастырмаған. Азаматтық құқықтық зерттеу жұмыстарынан жалпы түсінеріміз, бағалы қағаз ең алдыменен мүліктік құқықтарды растайтын құжат болып қалмақ, мысалы, акция дивидентке, облигация – пайызбен есептелген кірісті алуға мүмкіндік береді. Демек, ұрлаудың затын мүліктік игiлiктер мен құқықтар тану орынды.

Зат ретінде құжатты бағалы қағаздарға төмендегідей белгілер тән:

- бағалы қағаз – құжат,

- бағалы қағазды иеленуші мен оны айналымға жіберуші тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастарды және сол бойынша міндеттемелерді (мүліктік құқықтарды) куәландырады;

- заңды құжат белгіленген нысанда жазылады және реквизиттер сақталынады;

- жоғарыдағы мүліктік құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін осы құжатты көрсету керек;

- бағалы қағаз азаматтық құқықтың да объектісі.

Ал зат ретінде қарастырғанда, құжатсыз бағалы қағаздардың жоғарыда аталған белгілері толық болмайды, яғни ол қағаз нысанынды кездеспейді, бағалы қағазды иеленуші мен оны айналымға жіберуші тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастарды және сол бойынша міндеттемелерді (мүліктік құқықтарды) куәландырады; электронды нысанда жазылудың өзіндік талаптары мен реквизиттері сақталынады, мүліктік құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін осы құжатты көрсету мүмкіндігі жоқ, құжатсыз бағалы қағаз азаматтық құқықтың да объектісі бола алады. Демек, ол мүліктік құқықтарды куәландырғандықтан, меншік құқығының объектісі болғандықтан ұрлаудың затына жатады.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың екі түрі, акция және облигация болады. Акцияның бағалы қағаздардың басқа түрлерінен ерекшелігі, ол мүліктік құқықтармен қатар мүліктік емес құқықтарды да куәландырады, акционердің акционерлік қоғамдағы басқаруға қатысу құқығы бар. Осыған орай, М.М.Ветошкина РФ ҚК-не «Акцияны ұрлау» жаңа бап енгізуді ұсынады [27, 135 б.].

Ұсынбалы акцияны ұрлаудың кез келген нысанында акция сертификаты қылмыскердің қолына түскеннен кезден бастап акция куәландыратын құқықтар ұрлаушының иелігіне көшеді. Тек қарақшылық формальды құрамда ғана қылмыс бөтен мүлікке, не бөтен мүліктік құқыққа шабуыл жасаған кезден қылмыс аяқталады. Ұрлаушы сертификатты иемденгеннен бастап оны билей алады, яғни азаматтық құқықтық мәмілелер жасауға, акциядан дивидент алуға, акционерлердің жалпы жиналысына акцияның толық иесі ретінде қатысу мүмкіндігі пайда болады. Ал, ұрлықтың заты ретінде бұл ұсынбалы акция сертификаты оның иесінің қалауымен сақталынған, не оған құқықтары депозиторийде есепке алынған жағдайда сертификат депозиторийден алынған уақыттан қылмыс аяқталады. Егер де қылмыскердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену мүмкіндігі тумай қалса, қылмыс аяқталмай, оқталу болып есептелінді, себебі сертификатты орталықтанған міндетті тәртіппен сақтағанда мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иелену үшін депозиторийде қылмыскер өз атына, не өзгенің атына депо есебін ашып, осы есепке түскеннен бастап құқықтарды иеленгенін растайтын кіріс жазбасы жүргізілуі тиіс.

Депозиторийде құқықтар есепке алынатын және сақталынатын ұсынбалы бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық әрекеттер акция иесімен мәміле жасау, не заңсыз иеленушінің депо есебіне кіріс жазбасын тікелей түзету, не заңға сәйкестендіріп ұсынбалы акцияға құқықтың көшкенін растайтын басқа да құжаттарға түзету енгізу арқылы жүзеге асырылады. Барлық жағдайда да депозиторийдегі кіріс жазбаны кінәлінің, не үшінші бір тұлғаның атына депо есебі бойынша жүргізгеннен бастап бұл ұрлау аяқталады.

Сертификат, есеп және құқықтардың көшуі депозиторийде атқарылатын ұсынбалы акцияға қатысты күш қолданып ұрлауға (тонау мен қарақшылық) болады, бірақ іс-тәжірбиеде нақты нәтижеге жету, яғни барлық формальды әрекеттерді жасай отырып, акцияға құқықтарды иемдену, сондай-ақ өз қалауынша кедергісіз оларды билеу мүмкіндігі аз болып келеді.

Ал атаулы акцияны жасырын ұрлау, тонау және қарақшылық ету мүмкін емес, себебі бұл бағалы қағазда иеленушінің аты-жөні толық көрсетіледі, ал басқа тұлға онымен азаматтық құқықтық қатынасқа өз бетінше түсе алмайды. Қылмыскер дивидент ала алмайды, акционерлер жиналысына да қатыспайды, себебі эмитентке өкілетті тұлғалардың тізімін тізілімді ұстаушы ұсынғаннан кейін ғана ол құқықтар іске асады. Ол үшін бірқатар құжаттарды түзетуі, яғни жалған құжаттарды даярлауы тиіс, ал сертификатты ұрлаған бұл әрекеттері алаяқтыққа дайындыққа айналады.

Атаулы акцияның иесімен мәміле құру, иемденушінің жеке есеп-шотына жалған кіріс жазбасын енгізу немесе жалған көшу нұсқауын пайдалану (передаточное распоряжение) жолымен бағалы қағаздарды ұстушылардың тізілімінде бағалы қағазға құқықтарын есепке алған жағдайда ғана атаулы акциямен алаяқтық әрекеттер жасауға болады. Депозиторийде бағалы қағазды ұрлап кеткен тұлға немесе үшінші тұлғаның депо есебіне кіріс жазбасы енгізілгеннен бастап алаяқтық әрекет аяқталған болып сараланады.



Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 176-бап) жолымен атаулы акцияны ұрлауды көп жағдайда коммерциялық және өзге де ұйымдарда басқару функциясын атқаратын тұлғалар өз қызметтерін пайдаланып жасайды. Олар сенімхатсыз, құрылтай құжаттарының көмегімен барлық материалдық құндылықтармен, акцияны да қоса кез келген мәміленің түрін жүзеге асыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет