ҚОРЫТЫНДЫ
Қылмыстық теорияда бағалы қылмыстар нарығында кездесетін қылмыстар классификацияланбаған. Оларды негізінен екі топқа бөліп қарастыру керек:
- бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар,
- бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстар.
Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың субъективтік жағы да тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақсатпен орындалады.
Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың топтық объектісі – меншік, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобына біріккен, заңмен қорғалынатын мүддеге қолсұғады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, қалғандары экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қатарында.
Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың объективті жағы белсенді әрекеттерден тұрады.
Ұрлықтың затын мүліктік игiлiктер мен құқықтар деп тану орынды болар еді.
Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағында «Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей, не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса» - деп, алдыңғы айтылған мағынаны береді. Сондықтан да «Заңсыз кәсіпкерлік» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағының диспозициясында «кәсіпкерлік қызметтің тиым салған түрлерімен айналысу азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса» деген орынды болады.
Қылмыстық кодекстің 192-1-бабында субъектінің кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз мәмілелер жасауы қарастырылған. Бұл 192 және 192-1 баптардағы екі норма іштей өзара байланысты. Себебі алғашқы нормада субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құрады. Негізгі қылмыстық әрекет коммерциялық ұйым құру болып табылады, ал қылмыстың аяқталуы үшін жоғарыда айтылғандай, заңға қайшы мақсатты көздеген мәмілелерден ірі зардаптар келуі тиіс. Демек, субъектінің коммерциялық ұйым құру әрекеті дербес алғанда қоғамға қауіпті емес. Бұл норманы қылмыстық кодекстен алып тастаған жөн.
Тұлғаларға ақпарат құралдарын пайдаланып жарнамада пайдакүнемдік ниетпен және тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған мәліметтерді таратудың экономикалық бағыттағы келтірген ірі зияннын ескере отырып, қылмыстық құқықтық тиым салудың қажеттігі жоқ деп есептейміз. Бұл әрекет үшін әкімшілік заңнаманың 192-бабында «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы» жауаптылық көзделген, тек аталған норманың екінші тармағына «сол әрекеттер ірі залал алып келсе» дегенді қосып, әкімшілік жазаны күшейткен дұрыс болар еді.
Қызметтiк жалғандық жасаудың (ҚР ҚК 314-бабы) негізіне - ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттарға мыналар жатқызылады: еңбек кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнетақы, қызметтік куәлік, көліктің техникалық төл құжаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сақтандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу процесі табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарау және эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзу, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беруді қамтитындығы айтылған.
Мемлекеттік өкімет органдарынан шықпаған құжаттар аталған құрамға негіз болып табылмайды.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты алсақ, қызметтiк жалғандық жасау мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу барысында да кездеседі. Куәлікке мемлекеттік қызметшінің материалдық не интеллектуалдық жалған деректерді енгізу әрекеті ҚР ҚК 314-бабына сәйкес қызметтік жалғандық жасау деп сараланады.
Бұл әрекетті Қылмыстық кодекстің 203-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіліміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізуден ажырата алу қажет. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі – бағалы қағаздарды ұстаушылардың ресми тiзiмі, ол белгілі бір күнге жасалынады және ол ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін, номиналды құнын және санын теңдестіруге мүмкіндік береді. Бұл қылмыстың субъектісі – тіркеуші. Мұндағы тіркеуші – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып тұр. Ал ҚР ҚК 314-бабына сәйкес қызметтік жалғандық жасау мемлекеттік қызметшіге жүктелген.
«Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу» мен «бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiміне мәліметтер енгізу» ұғымдары бір емес. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу бағалы қағаздарды эмиссиялау процесінде, ал бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiміне мәліметтер енгізу бағалы қағаздардың екінші нарығында іске асады.
Қызметтік жалған құжат жасау - белсенді іс-әрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет тәсілдеріне қарай жалған құжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдық және интеллектуалдық. Материалдық жалған құжат жасаудың мәні - ресми құжаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына қол сұғушылық жолымен, бұзумен жасалады (қол қою, көшірмелеу, мер, штамп және т.б.) немесе оның мәтінін қайта жазу, бұлар қолдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған құжат жасау кезінде де материалдық жалғандық орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны және нысаны бойынша жалған болып табылады.
Интеллектуалдық жалғандық кезінде құжаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сұғушылық нәтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінәлі адам ресми құжатқа формальдық тұрғыдан алғанда жалған екендігінің белгілері болмайтын (құжаттың нысаны емес, мазмұны ғана бұрмаланған) жалған мәліметтер енгізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Комментарий к гражданскому кодексу РК (общ. и особ. ч.).- Алматы: Жеті Жарғы, 2000.- 608 с.
-
Национальная комиссия РК по ценным бумагам, Нац. банк РК, Мин.. финансов РК. «Правила присвоения национальным идентификационных номеров государсвенным ценным бумагам в РК»: Постановление №828 от 15.05.2001г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана. -Алматы: Изд-во дом. Данекер, 2002.- Т5. – С.148-158.
-
Республика Казахстан Закон. №464-1 от 2.08.1999г. «О государственном и гарантированном государством заимствовании и долге» //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг РК. - Алматы: Рынок ценных бумаг, 2001.- Т3. – С.19-224.
-
Қазақстан Республикасының «ҚР Акционерлік қоғам туралы» заңы /Деньги и платежи: Сборник нормативных актов РК. - Алматы: ЮРИСТ, 2000.-С. 16-40.
-
Нац. Комиссия РК по ценным бумагам. «О представлении информации при выпуске отдельных видов производных ценных бумаг»: Пост. №56 от 12 января 2001г. //Юрист-справочная правовая система. Юрист 3.0 Документ Закон РК.
-
Нац. Комиссия по ценным бумагам. Положение «О порядке регистрации выпуска и погащения облигации»: Пост. №196 от 20 декабря 1996г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана.- Алматы: Изд-во дом. Данекер, 2002.- Т5.- С. 357-369.
-
Нац. банк РК. Правила применения чеков на территории РК. Правила проведения операции с документными аккредитивам банками РК //Деньги и платежи: Сборник нормативных актов РК. - Алматы: ЮРИСТ,2000.- С. 86-96.
-
В.Д. Клюева. Экономика и бизнес.- М.,1993.- 254 с.
-
В.Д.Мельников, К.В.Ильясов. Финансы. -Берен, 1993.- 329 с.
-
А.С.Булатова. Экономика: уч. пособ. - М.: Юрист, 1995.- 321 с.
-
Д.В.Лубягина. Гражданско-правовое регулирование вексельного обращения в РК. - Алматы; 2000.- 286 с.
-
Р.А.Мирзалимова. Предупреждение преступлений в сфере выпуска и обращения ценных бумаг: уголовно-правовые и криминологические аспекты: автореф. ...канд. юрид. наук. - Алматы, 2009. - 20 с.
-
Ф.Карагусов. О совершенствовании редакции некоторых статьей Гражданского кодекса РК (общая часть) о ценных бумагах //Предприниматель и право. - Алматы, 2008. - №12 (346) - С. 5-9.
-
Ф.Карагусов. Является ли вексель ценной бумагой? //Панорама.- Алматы, 1996, май – 17. - №19.
-
М.Крылов. Ценные бумаги - вещь документ, или совокупность прав? //Рынок ценных бумаг. -М.,1997.- №5.- С.29.
-
Советский энциклопедический словарь /под ред. А.М.Похорова.- М.,1980. – 1600 с.
-
Нац. Комиссия РК по ценным бумагам. Правила осуществления деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг РК: Пост. №131от 22 августа 1997г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг РК. -Алматы: Рынок ценных бумаг, 2001.- Т4. – С.137-141.
-
Правительства РК. Положение «О центральном депозиторий РК»: Пост. №944 от 29июля 1996г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана. -Алматы: Изд-во дом Данекер, 2002.- Т5. - С.71-78.
-
Правительства РК. Положение «О кастодиальных деятельностях на рынке ценных бумаг РК»: Пост. от 29 июля 1996г. //Сборник нормативно-правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Казахстана.- Алматы: Изд-во дом Данекер, 2002.- Т5. - С.84-87.
-
Т.Н.Маширова. Рынок ценных бумаг: электронный учебник.- Шымкент, 2005.-82 с.
-
А.Тогайбаев. Преступления на рынке ценных бумаг (Нарушение порядка выпуска (эмиссии) ценных бумаг) //Мир закона.- Алматы, 2004, октябрь. - №9. - С.18.
-
Б.С.Никифоров. Борьба с мошеническими посягательствами на социалистическую и личную собственность по советскому праву. - М.: Изд-во АН СССР, 1952. – 233 с.
-
Г.А.Кригер. Отвественность за хищение государственного и общественного имущества по советскому уголовному праву. – М.: Изд-во Московского Университета, 1957. – 235 с.
-
М.М.Исаев. Указы Президиуама Верховного Совета СССР от 4 июня 1947 года. – М., 1948. – 458 с.
-
З.А.Вышинский. Об уголовной ответственности за хищение государственного и общественного имущества.- М,1957.- 366 с.
-
В.Д.Меньшагин, З.А.Вышинский. Советское уголовное право: учебник для юридических школ. - М.: Государственное изд-во юридической литературы, 1950. -356 с.
-
М.М.Ветошкина. Ценные бумаги как предмет хищений: дис... канд. юрид. наук: 12.00.08. – Екатеринбург, 2001.-156 с.
Достарыңызбен бөлісу: |