Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


ХХ ғ. басындағы қазақ жастар ұйымдары мен басылымдар мәселесі



бет30/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Тарих билет

1. ХХ ғ. басындағы қазақ жастар ұйымдары мен басылымдар мәселесі.
Қазақ жастарының ұйымдары - 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының жеңісі Қазақстанда қатарында жұмысшылар, революциялық бағыт ұстанған жастар бөлігі, солдаттар және шаруаларды біріктіретін әртүрлі ұйымдардың пайда болуына әкелді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
1.«Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» (қара жұмыс істейтін жұмысшылар одағы),
2.«Жаркенттегі жұмысшылар одағы»,
3.Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның Мұсылман еңбекшілерінің одағы (Иттифак) болып табылады.
Оқушы жастар өкілдері, ауыл мұғалімдерін және интеллигенцияны біріктіретін 20 шақты ұйымдар мен үйірмелер құрылды, олар:
4.«Жас қазақ» - Ақмолада, жетекшісі С. Сейфуллин;
5.«Жас жүрек» - Спасск зауыты;
6.«Демократиялық оқушы жастар кеңесі» - Омскіде;
7.«Талап» - Петропавлда;
8. «Жанар» - Семейде;
9.«Қазақ жастарының революциялық одағы» - Меркеде Әулие-Ата уезінде, Т. Рысқұлов жетекшілігімен.
10.«Бірлік» (Омбы) т.б. ұйымдар болды.
Бұл ұйымдардың көпшілігі алдына халық арасына газет-журналдар тарату, халықтың сауатын ашуға көмектесу, әйел теңдігі үшін үгіт жүргізу міндеттерін қойды. Большевиктердің басшылығымен жұмыс істеген кейбір ұйымдар («Қазақ жастарының революңиялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялық оқушы жастар кеңесі») ағартушылық мақсаттарымен қатар, үстем таптарға, Уақытша үкіметке қарсы күрес жүргізу сияқты мәселелерді көтерді. Ал, «Жанар», «Талап», «Бірлік» ұйымдары, негізінен, ұлттық бағдарламаларды ұстаныпАлашорда өкіметімен тығыз байланыста жұмыс атқарды.
XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Казақ» газетінің қөзқарасына Ақмолада жарияланған «Tipшiлiк» газеті жақын тұрды.
1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. 1911ж. Сағынкерей Бөкей «Қазақстан» газетін шығара бастады, бұл газетте саяси мақалалардан басқа, қазақ пен ноғай елдерінің халық ауыз әдебиеттері бойынша зерттеулер жарық көрді. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.
Петропавл қаласында 1913ж. қыркүйегінде қазақ және татар екі қос тілдерінде «Есіл даласы» газеті жариялана бастады, бірақ сол жылдың аяғында оған «революциялық ойларды таратқаны үшін» тыйым салынды. бастап 1917ж. аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысов апта сайын «Алаш» газетін бастырып шығарды. Газет социалистік бағытта болса да, оның панисламдық және орыстыққа қарсы көңілі басым болды.
1917ж. Ақпан революциясынан кейін бір қатар әр түрлі жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. Маусымайынан Семейде шығармашылық бағыты жағынан «Айқап» журналына үндес «Сарыарқа апталық басылым шыға бастады, Оралда – қалалық мұсылмандық бюросының органы «Ұран» газеті. Семей қаласында жазда «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті басылып шығатын болды. Ташкентте пантүрктік пен жәдід бағыттағы екі басылым шығарылып тұрды: Мұстафа Шоқай бас редакторы болған «Бiрлiк туы» мен «Жас Алаш».
Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірінің шиеленісуіне байланысты алғашқы марксистік басылымдар пайда болды. Лениндік «Искра», «Вперед», «Пролетарии», «Социал-демократ» және тағы да басқа басылымдар қазақ жұртшылығының саяси-әлеуметтік өмірінің жаңа бағытының жаршысы болды. Ел арасында айқын антиколониалдық көңіл-күйдегі үгіт-қағаздар таратылды. Қазақ интеллигенциясының жоғары саяси белсенділігін «Қазақ» (1907), «Серке» (1907), «Орал» (1907) газеттері көрсетеді. Осы басылымдар Ресейдің орталық аймақтарында 1905-1907 жж. болған көтерілістерге үн қосты.
Бұл кезеңде шыққан газеттердің басты тақырыбы – патшалық көшіп-қону саясаты, қазақ ауылындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, үкіметке бой ұсынбауға шақыру. Қазақ жұртшылығына арналған М.Дулатұлы мақаласының символикалық мәні бар. Онда өздерінің құқықтары үшін күреске шақыру және патшаның зорлау отаршылдық саясаты жайлы сөз қозғалды. Патшалық атқа мінерлердің жасайтын заңсыздықтары мен жұрттың қиын жағдайы жөнінде қазақ еңбешілері атынан жарияланған ашық хаттың айтарлықтай маңызы болды. 1-ші, 2-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы туралы материалдары, қазақ депутаттарының сөз сөйлегендері қазақ халқының саяси мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.
Азаттық қозғалыстардың өсу жылдары қазақ демократиялық пресса дүниеге келді. «Қазақстан» газеті (1911-1913жж.) прогресшіл интеллигенциясының органы. Бұл басылым жалпыдемократиялық және ағартушылық бағытта болды. Газетте Қазақстанның әлеуметтік, экономиялық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері анықталды.Қазақ журналистикасы шежіресінің асулы кезеңі – озық қазақ интеллигенцисының саяси орталығына айналған «Қазақ» газетінің шығуы (1913-1918жж.). Бұл газет қазақ халқының пікірін білдіре тұрып, оның әділетшісі мен саяси майданы деп бағаланды. 1916 жылдағы ұлттық көтеріліс шағында ол бірлік пен ынтымақтыққа жетуге жағдай жасады. Дәл осы газет озық қазақ интеллигенцисының саяси қызметінің ұйымдастырушысы ретінде болды. Сол саяси қызметтің нәтижесінде тәуелсіздік үшін күрестің тактикасы мен стратегиясы жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет