Аспаптық зерттеудің
нәтижелері
1. Іш қуысының шолу рентгенографиясында
кальцинаттар анықталуы мүмкін.
3. УДЗ — бездің үлғаюы, контурының бұдырлануы,
ұлпасының әркелкілігі, Эхо тығыздығы жоғары
(фиброздық) ошақтар, псендокисталар жақсы
анықталады.
Емі; Холод голод и покой
3. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.Диагностикасы.Шұғыл көмек.
Өкпе эмболиясы – өкпедегі артериялардың бітелуінде пайда болатын ауру. Аурудың кең таралған себебі – тромбылар.
Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Тромбылардың көп шоғырланатын жері бөксе-санның немесе жамбас қуысының терең көктамырлары. Бұл терең көктамырдың тромбозы аталады (ТКТ). Осындай тромбының бөлігі ажырап, қан ағымы бойымен өкпеге түсуі мүмкін.
Диагностика Дәрігер науқасты қарап, аурудың симптомдары және тарихы туралы сұрайды. Өкпенің қызметтік жағдайын бағалау үшін келесі тексерулер жүргізіледі: артериалдық қанның газдары Пульсоксиметрия Келесі көрнекілік әдістер тромбының орналасуын анықтауға көмектеседі: Өкпе қуысының шолу рентгенографиясы Кеуде қуысының КТ – ангиографиясы Өкпенің вентиляциялық-перфузиялық сканерленуі өкпенің ангиографиясы. Таға басқа тексерулер: Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы Электрокардиография (ЭКГ) D – димер деңгейін анықтау Аяқтың тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы Эхокардиография (ЭхоКГ)
Емдеу Өкпе эмболиясы шұғыл емдеуді бастауды талап етеді. Аурухана жағдайында емдеу қажет болады: Қанды сұйылту үшін дәрілік препаратта тағайындалады (әрі қарай тромбының түзілуінің алдын алу үшін). Өкпенің артериясының тромбоэмболиясының ауыр, өмірге қауіпті түрде өтуінде емдеуге тромбыны еріту жатады. Бұл – тромболитиялық емдеу. Науқасқа тромбыны еріту үшін дәрілер тағайындалады. Егер ауруханада қалу қажет болмаса, дәрігер үйде қабылдау үшін қанды сұйылтатаын дәрілерді ұсынады: Ішуге таблеткалар немесе инъекциялар тағайындалады. Кейбір препараттарды қабылдауда қажетті мөлшерлемесін таңдау үшін қан талдауын жасау қажет болады. Аталған препараттардың қабылдау ұзақтығы тромбының түзілу себебіне және өлшеміне байланысты. Емдеуші дәрігер бұл препараттарды қабылдау кезіндегі қан кету қаупі туралы айтады. Егер науқас қанды сұйылтатын препараттарды қабылдай алмаса, дәрігер төменгі қуыс көктамырда кава-сүзгіні орнату бойынша операцияны ұсынуы мүмкін. Бұл құрал іштегі басты көктамырда орналастырылады. Ол үлкен тромбылардың өкпенің қантамырларына түсуінің алдын алады. Кейде уақытша сүзгі қою ұсынылады, ол кейіннен алынып тасталынады.
1.Өкпе аускультациясы.Аускультация алгоритмы.Патологиялық дыбыстар.
Жб : Өкпе аускультациясы – өкпедегі негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау.
Аускультация үшін келесідей шарттар қойылады:
1) Аускультациясы жүргізілетін орын жылы болуы қажет
2) Мүмкіншілігіне байланысты науқас тік тұруы қажет;
3) Стетоскоп немесе фонендоскоп денеге жақсы жанасуы керек;
4) Әр тыңдау нүктесінде 2-3 тыныс айналымын тыңдау қажет;
5) Науқас адам ауызымен тыныс алады;
2.Өт ауруы.Диагностика.Симптомдары мен емі.Асқынулары
Жб: Өтке қатысты мынадай ауру түрлері бар: Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.
Холецистит(cholecystіtіs; грек. Chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды
.Клиникасы
Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі:
Ауырсыну
Диспепсиялық
Қабынулық
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі)
Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы.
Емі
Холециститтің жедел түрінде диета сақтап, артық салмақ қоспауға тырысу керек, дене шынықтырумен шұғылданған жөн; ал аурудың созылмалы түріне операция жасалынады. Арнайы санаторийлерде холециститке себеп болған аурулар емделеді.
3.Пиелонефрит. Классификациясы.Диагностикасы мен емі.Гломерунефритпен дифференциалды диагностикасы.
Жб Пиелонефрит — бүйрек түбегінің, тостақшасының, паренхимасының қабыну ауруы, түрлі бактериялардан туындайды, көбінесе, ішек таяқшасынан.
Диагностика Жіті пиелонефритті анықтауда зертханалық әдістер аса маңызды: · Қан талдауы · Қанның жалпы талдауы · Несепті микроорганизмдерге зерттеу және микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Сондай-ақ, диагностика үшін ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, цистоуретрография және басқа зерттеу әдістері жүргізіледі. Несеп шығару жолдарының жағдайын нақтылау үшін бүйректің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізеді.
Емдеу Пиелонефритті емдеу үшін антибиотиктер немесе басқа антибактериалдық препараттар тағайындалады. Емдеуді таңдауда несеп талдауының нәтижелеріне, микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға сүйенеді. Жіті пиелонефриттің созылмалы түрге көшуінің алдын алу үшін антибактериалдық емдеуді 6 апта бойы жалғастырады. Дұрыс емдеуде бір-екі аптадан кейін науқастың жағдайы жақсарады. Алайда, антибактериалдық препараттарды барлық тағайындалған мерзім бойы қабылдау қажет. Пиелонефрит бүйректің немесе несеп бөлу жүйесінің басқа аурулары кезінде дамыған болса, негізгі ауруды емдеу міндетті. Аурудың болжамы Жіті пиелонефритте болжамы көбінесе –оң, дұрыс емдеуде – сауығу. Созылмалы пиелонефритте болжамы – оң бола бермейді, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Билет №13
1.Пневмония.Түрлері..Классификациясы.Диагностика.Симптомдары мен емі.
Жб: 4билеттің 2сұрағы
2.Цистит. .Диагностикасы мен емі.
Жб Цистит (лат. Cyctіtіs; грек. Kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. Циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.
Әдетте ауру микроорганизмдерден туындайды (бактериялық цистит), бірақ ол патогенді микрофлораның қатысуынсыз дами алады (аллергиялық, уытты).
Негізінен цистит қуыққа микроорганизмдердің енуіне байланысты пайда болады. 80-95% жағдайда бұл зәр шығару мүшелерінің жанында орналасқан тік ішекте тұратын ішек таяқшасы. Көбінесе гигиеналық ережелерді елемеу мен дұрыс жууға байланысты бактериялар уретраға енеді. Қабынуды басқа микробтар да тудырады – стафилококктар мен энтерококктар, жыныс мүшелерінің инфекцияларының қоздырғыштары – хламидиоз, трихомонас, Candida саңырауқұлақтары, герпес вирусы.
Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. Циститтің екі түрі ажыратылады.
Емі: режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.
3.Муковисцидоз.Диагностикасы мен емі.
Жб 8билеттің 3 сұрағы
Достарыңызбен бөлісу: |