Тұздар ерітінділерінің проценттік концентрациялары мен тығыздығы
Проценттік
концентрациясы
|
тығыздығы, г/мл
|
|
|
|
1
|
1,005
|
1,019
|
-
|
2
|
1,013
|
1,019
|
1,016
|
4
|
1,027
|
1,040
|
1,034
|
6
|
1,041
|
1,061
|
1,053
|
8
|
1,056
|
1,082
|
1,072
|
10
|
1,071
|
1,103
|
1,092
|
12
|
1,086
|
1,124
|
1,113
|
14
|
1,101
|
1,146
|
1,134
|
16
|
1,116
|
|
1,156
|
18
|
1,132
|
|
1,179
|
20
|
1,148
|
|
1,203
|
22
|
1,164
|
|
1,228
|
№7 зертханалық жұмыс
Электролиттік диссоциация теориясы
Жұмыстың мақсаты: Әлсiз және күштi электролиттердiң қасиетiн зерттеп, олардың алу жолдарымен танысу және иондық теңдiктi жазып үйрену.
Тәжірибелер.аспаптар мен реактивтер: токты түзеткіш, графит электродтар, өлшеуіш колбалар (10мл,100мл), 200мл-лік стакан, сынауықтар мен штатив, резеңке түтіктері, мырыш, хлороформ , ацетон, этанол, , ерітінділер: лакмус, метилоранж, фенолфталейн.
1. Қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінің электрөтізгіштігі. Ерітінділердің электрөткізгіштігін анықтау үшін арнайы аспап қолданады. Ол тұрақгы ток көзінен және графит электродтардан тұрады. Үш стақанға 100 мл-ден күкірт, тұз және сірке қышқылдарын құйып, электродтарды салып электрөткізгіштігін анықтаңдар. Осылай қышқыл, сілті ерітіндісінің электрөткізгіштігін анықтап, диссоциациялану дәреже-лерін салыстырындар.
Нәтижелерін кестеге жазыңдар.
1-кесте
-
Зат
|
Ерітінді концентрациясы
|
Амперметр көрсеткіші
|
|
|
|
2.Тұз ерітінділерінің электрөткізгшітігі. а) 1 н калий хлориді; калий, натрий сульфаты; натрий ацетаты ерітінділерінің электр өткізгіштігін анықтаңдар.
ә) 2 стаканға 2 н сірке кышқылы және аммиак ерітіндісін құйып, әрқайсысының электрөткізгіштігін анықтандар. Содан соң екеуін бір-біріне қосып, алынған ерітіндінің электрөткізгіштігін анықтандар. Жеке тұздың электрөткізгіштігін айырмашылығы қандай? Түсіндіріңдер.
3. Тұздардың диссоциациялануы. а) Мыс (ІІ) хлоридінің ұнтағын алып, түсін байқаңдар. Тұздың бір бөлігін ацетонда, ал екінші бөлігін - суда ерітіңдер. Ерітінді-лердің түстеріне назар аударындар.
ә) Мыс (II) хлоридінің кристалын 2-3 тамшы суда ерітіңдер. Судың бірнеше миллилитрін құйып түсінің өзгеруін назар аударыңдар. Мыс (II) хлоридінің диссоциациясының теңдеуін жазыңдар.
4. Күшті және әлсіз электролиттердің химиялық активтігін салыстырыңдар.а) Бір сынауыққа 1 мл 0,1 н тұз қышқылының, ал екіншісіне 0,1 н сірке кышқылының ерітіндісін құйып, екеуіне мырыштың бірдей түйірін салыңдар. Қьшқылдың қайсысында реакция тез жүреді? Осы құбылысты түсіндіру үшін кестедегі тұз және сірке қышқылының 0,1 н ерітінділерінің диссоциациялану дәрежесін салыстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |