257
үміт ақтар азамат болсын деген игі тілекпен ат қоюға қазақ халқы аса мән
берген. Сәбиге мәнді-мағаналы және тарихи, халыққа,
өңірге сыйлы әйгілі
адамдардың, атақты
ақындар,
шешендер, батырлардың атын қойған.
Бесік. Қазақ халқында бесік ең қасиетті, құтты болып саналады.
Бесікке салу, бесік той – баланы бесікке салу құрметіне арналған дәстүр. Бұл
дәстүр әр отбасы үшін қасиетті болып саналады.
Бесік жыры – жаңа туған сәбидің тәрбиесі бесік жырынан басталады.
Бесікке салынып, тербетіліп, әлдиленген баланың денсаулығының, мінез-
құлқының қалыптасуы да осы бесік жырынан бастау алады. «Ол
баланың
көкірек көзін ашады, жан-дүниесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін
көтереді» [26].
Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр, өйткені өз ұлтына
деген құрметі, сөз өнеріне, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі
есейе келе
баланың бойында осы әже мен ананың айтатын әлдиімен қалыптасады
Қырқынан шығару – бала туғаннан кейін қырық күннен соң өткізіледі
[24,81 б].
Бұл да арнайы өткізілетін маңызды рәсім.
Тұсау кесу – жүруге талпынып жүрген баланың тез жүріп кетуіне
ырымдап жасалатын атаулы рәсім. Арнайы дастархан жайылып, мерекелі түрде
аталып өтеді.
Сүндетке отырғызу – бала 5-7 жасқа келгенде жасалады. Көпшілікпен
той ретінде аталып өтеді. Сүндетке отырған балаға көбінесі ақшалай сыйлық
береді.
Құлақ тесу (ғұрып) – кішкентай қыздың құлағын тесу оны сүндеттеумен
бірдей деген қағида бар
Бәсіре (дәстүр) – сүндетке отырған немес
мектепке барған балаға ата-
әжесі, өз ата-анасы тай атайды. Ол «Бәсіре тай» деп аталады.
Тілашар (дәстүр)– бала жеті жасқа толып мектепке барғанын атап өтетін
отбасылық мереке. Құттықтаулар айтылып, үлкендер бата береді.
Тыйым (дәстүр) – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі құралдарының
бірі – тыйым. Бұл адамның іс-әрекетіне, асқа, үй тұрмысындағы заттарға
қатысты орынсыз қылықтар мен қимылдардан сақтандырып отырған. Мысалы:
жағын таяну (
торығу, қамығу, мұңаю белгісі), табалдырық баспау, үйге
қарай
жүгірмеу (
жаман хабар айтарда жүгіреді), қолын төбесіне қою (
өмірден баз
кешу), асты үрлемеу. Тиымдар – балаларды жаман әдеттерден жирендіру,
жақсылық шақыру үшін үнемі таза ниетте болу мақсатындағы таза халықтық
педагогикалық ұғым. Осы тиымдардың негізінде ел ішінде кең тараған «Қызға
қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» мақалының тәрбиелік мәні зор. Қыз
бала мен ұл баланы алдымен әдептілікке, көргендікке,
мәдениеттілікке
тәрбиелеуде жазылмаған ғибадаттар осы күнге дейін құндылыған жоғалтқан
жоқ.
Ашамайға мінгізу (салт) – «Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін
жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салты болып
табылады. Бала 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп, қамшы
өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген
жуас тайға әсем
258
ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар
алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі- осы ашамайға
мінгізу арқылы көрінеді....» [24,75 б ].
Кей шығармаларда «Қазақта баланы атқа мінгізуді – 3 жастан бастайды.
Оған арнаулы ер-ашамай пайдаланылады» деген дерек келтіріледі. «Бұл жерде
автор ашамай туралы айтып отыр» [27].
Жеті ата (дәстүр) – жеті атасын білмеген жетесіз (мәтел). Өмір
тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және
оны үйреткен. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті
атаға дейін қыз алыспаған. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата тегін білу тектілік
әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған .
Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп
ата. 7. Тек ата. ( Ата-тек жеген сөз осыдан шыққан) [27].
Көгентүп (салт) – қонаққа келген алыс-жуық таныстарының,
туыстарының, жұрағаттарының баласына сый ретінде мал беріледі (
лақ, қозы,
тай, құлын, бұзау). Сөйтіп үй иесі
қонағына деген сыйластығын, құрметін
білдіріп, баласын қуанышқа бөлейді.
Жиен құрық (салт) – қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық
дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни «жиен құрық» алуы
тиіс
2. Отбасын құруға байланысты дәстүр мен ғұрыптар
Құда түсу (дәстүр) – кәмелет жасқа келген, бой жетіп отырған қызы бар
үйге жігіт жақ құда түседі. Келісім алынған жағдайда осы дәстүрге қатысты
неше түрлі жол-жоралығылары, кәделер, ырымдар жасалады [28].
Сыңсу – бұрын ұзатылар қыз ағайындарын аралап сыңсу айтып
қоштасады. Өз босағасынан кетіп бара жатқан қыз балалық дәурені өткен туған
жерімен, жақындарымен осылай қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: