Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелілігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
4.Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы. Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Реалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі кезеңде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия т.б. Бұларды осылай жазу және айту әдеби норма түрінде танылады.
Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бірақ онда ғылыми негіз жоқ.
Бас (бірінші) буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал С.Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді.
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, бітеу буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны белгілі. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап келетініне байланысты.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын түсіндіреді (169-б). Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін (сырын), ережесін ұсынбайды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстанған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып, – деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жылдары, «буын жігін оңай, механикалық түрде табуға болады. Ол үшін жазған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз, сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады» деген.
Буын категориясын меңгеру айтарлықтай қиындық туғызбайды, дегенмен қазақ тіліндегі байырғы сөздердің буын құрылысына, олардың салалық қасиеттеріне көңіл аудару өте қажет. Өйткені буын құрылысын жақсы білу – сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз тудыру, сөз өзгерту ерекшеліктерін, әдеби тілдің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларындағы ерекшеліктерді дұрыс меңгеруге себеп болады.
1.Тасымал неге негізделеді?
А)екпін
В)дауыссыз
С)дауысты
Д)буын
Е)үндестік
2. Бес буынды сөзді неше түрлі тасымалдауға болады?
А)5
В)4
С)3
Д)2
Е)6
3. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?
А)тәрбие
В)жәрмеңке
С)бәтеңке
Д)шемішке
Е)күртеше
4.Тасымалданбайтын сөзді табыңыз?
А)аспан
В)жақсы
С)тату
Д)ақын
Е)шешен
5.Қайсысын тасымалдауға болады?
А)бір буынды сөз
В)қысқарған сөз
С)қысқарған өлшем бірліктер
Д)біріккен сөз
Е) бір дыбысты буын
11 дәріс. Интонология. Интонологияның қарастыратын негізгі мәселелері;
Қазақ интонациясының зерттелу жүйесі.
1.Қайсы буын тасымалданбайды?
Достарыңызбен бөлісу: |