Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Дәріс № 3-4. Компьютерлік лингвистика



Pdf көрінісі
бет7/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

 
Дәріс № 3-4. Компьютерлік лингвистика. 
Тіл білімі өз дамуы барысында қоғамдық дамудың ықпалына килігетіні белгілі. 
Бұның бір көрінісі машинамен, яғни компьютерлік, инженерлік лингвистиканың пайда 
болуынан көрінеді. Инженерлік пәнмен тіл білімінің түйісуі табиғи тілді түсіну 
бағдарламасын құру негізінде өрістеп, адам білімінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінде 
ізденіс жасауға талпыныс жасады. Кейін машина мүмкіндігіне терең үңіліп, мұнда табиғи 
тілді машинаның түсініп, қабылдау деңгейі басты назарға алына зерттелді. 
Ақпаратты өңдеу тұрғысынан қарағанда, нерв жүйесінің маңызды компоненті - 
нейрондар. Нейрон электр қуатын жинайтын және беретін жасуша. Адам миы шамамен 
100 миллиард нейроннан тұрады. Ал адам миының әр бөлігінде әр басқа когнитивтік 
қызмет атқарылады. Бір үш фундтық ми әлемдегі барлық компьютерден артық өңдегіш, 
ұйымдастырғыш қабілетке ие. Бірақ кейде қарапайым қол калькуляторы квадрат 
түбірлерді есептеуді адам миынан жақсы орындайды. Жүйке жүйесінің осындай мықты 
және әлсіз тұстарын салыстыра зерттеу - адам танымы табиғатын тану, түсінудегі басты 
мәселе болды. Индивидуальды сана мүмкіндігін жасанды интелектіге пайдаланудың 
когнитивтік лингвистикадағы түпкілікті мақсаты лингвистиканы нақты ғылымдар (точные 
науки) қатарына қосуға тырысумен байланысты анықталады. 
Компьютерлік лингвистика – қолданбалы лингвистиканың бір бөлігі, оның 
мақсаты – ЭЕМ. Банктік ақпаратты өңдеу, машиналық сөздік жасау, мәтінді алгоритмдік 
өңдеу, әртүрлі тілдік процестерді модельмен т.б. байланысты жасанды тілдердің 
лингвистикалық проблемаларын компьютерлендіру арқылы шешу. 
Бұл ғылым салалары өз бастауын математикалық лингвистика мәселелерінің 
көтерілуімен байланысты. Математикалық лингвистика – тіл білімінің математикалық 
әдістермен тілді зерттейтін саласы. Ол 20 ғ. 50 жж. Табиғи және кейбір жасанды тілдердің 
құрылысын сипаттауға және тіл біліміне тән негізгі ұғымдарды анықтауға арналған 
формалды аппарат жасау мақсатында туған. Математикалық лингвистика әдістері мен 
математикалық аппараттың көмегімен тілдің әртүрлі заңдылықтарын ашуға болады. 
Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сөз бөлшектерінің кезектескен тізбектерін 
(«дұрыс мәтіндер») математика тұрғысынан зерттеу Ф.де Соссюрден басталады. 
Математикалық лингвистика синтаксистік құрылымды сипаттау тәсілдерінің теориясы 
және формалды грамматика теориясы деген салаларға бөлінеді. Формалды 
грамматиканың кеңірек қолданылып жүрген түрі – «Туынды грамматика» немесе 
Н.Хомский грамматикасы (АҚШ). 
Компьютер көмегімен аударма жасау мәселесінің қарастырылуы да қазіргі тіл 
білімінде кең қанат жаюда. Машиналық не автомат аударма дербес сала ретінде 
анықтала бастады. Автомат аударма ЭЕМ көмегімен бір тілдегі мәтінде екінші тілге 
аудару. Автомат аударма инженерлік тіл білімі мен қолданбалы ғылымдар саласына 
жатады, тілді табиғи код (шартты белгі) ретінде қарастырып, статистикалық және 
теориялық-ақпараттық әдістерді қолданады. Зерттеу салмағы көбінесе лексикадан 
синтаксис саласына ауысып, семантикалық талдау көмегімен мәтіннің мағына жағына 


көбірек көңіл бөлінеді. Көптеген тілдік мәліметтерді қамтитын кең көлемді машиналық 
сөздіктер жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет