№21-22 дәрістің тақырыбы: Мәтін, мәтіннің түрлері. Мәтінмен жасалатын жұмыстар
Дәріс мазмұны:
Бастауыш сыныпта мәтіннің үш түрі оқытылады. Мәтіннің мұндай белгілері
оқушылар ұғуға тиіс мына мәселерді: мәтін деген не, ол қалай түзіледі, қандай
заңдылықтарға сүйенеді, мәтінді қалай жүйелі түрде байланыстыруға болады, мәтіннің
түрлері қандай, олардың бір-бірінен басты айырмашылығы неде, олар қалай құрылады
және т.б. жайттарды түгел қамтиды, әрі ӛз жанынан мәтін құрауға дағдыландыруды
мақсат етеді. Жалпы орта білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған Қазақ тілі
бағдарламасына мәтіннің осындай белгілерінің ендірілуі, қазақ тілі оқулықтарында
қатысымдық-сӛйлеу бағыттылығының жүзеге асырылуы функционалды-семантикалық
тұрғыда нақты тілдік бірліктерді оқытуға алғышарт жасады. Онда « мәтінмен жұмыс, бір
жағынан, оқушылардың сӛйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі болса,
екінші жағынан, тілдің лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрлі қыр-
сырларын жан-жақты талдап, жинақтай білуіне, олардың ӛзара бірлікте болатынын
байқауға мүмкіндік береді» делінген.(Бағдарламалар. Қазақ тілі жалпы орта білім беретін
мектептің 2-4 сыныптарына арналған. Алматы: ROND, 2003 ).
Мәтін лингвистикасының қазақ тіл білімінде қарастырылуы тілді оқыту үдерісі үшін
де маңызды екендігі Н.Құрманованың ― ― еңбегінде баса кӛрсетіліп, ғалым қазақ тілін
мектепте оқыту әдістемесінде ―Мәтін‖ туралы түсінік беру, мәтіннің жасалу жолдары мен
ӛзіндік ішкі табиғи заңдылықтарын оқушыларға таныту жолдарының айқындалуын қажет
деп табады. Мәтін туралы түсінік беруде мәтіннің дыбыстан, фонемадан, сӛзден,
лексемадан, морфемадан, сӛйлемнен (жай сӛйлем, құрмалас сӛйлем), абзацтан дербес
түрде келетін ерекшеліктері бар екендігі, сондықтан да мәтінді жеке тану керек екендігі
нақты мысалдармен, талдаудың кӛптеген түрлерімен ұғындырылады. Мәтіннің ӛзіндік
белгілерін жекелеген фактілер арқылы түсіндіріп, сол жеке белгілердің барлығы бірігіп
келіп, біртұтас мағынаны – «мәтін» табиғатын санасында орнықтыратындай күйде
оқытылуы керек. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап
ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар
ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардыц сипатына,
оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты
іріктеледі, Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар
жүргізіледі:
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2. Мәтінге байланысты сӛздік жұмысын жүргізу.
3. Шығарманы оқу.
4. Әңгіменің жоспарын жасау.
5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
6. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Кӛркем шығарма жазушының сӛзі арқылы жасаған кӛркем бейнесі, картинасы
арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті,
табиғат картинасы т. б.) туады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы
оқиғаға ұқсас, балалардың ӛз ӛмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты
тәсілдермен ӛткізіледі. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сӛздік жұмысы. Оқу
сабақтарында сӛздік жұмысына әдейі кезең бӛлінбейді. Алайда сӛздік жұмысы
сабақтың ӛн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сӛздік жұмысын
жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал,
перрон, метро, эскалатор т.с.с. сӛздерді түсіндірмесе, ішінде осы сӛздер кездесетін
мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды. Оқу барысында
түсініксіз сӛздер ғана емес, сондай-ақ сӛз тіркестері де кездеседі (Мысалы, әдісіңе
ақылыңды жолдас ет т. б.). Сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сӛздердің
мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сӛздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезсңде
жүргізіледі: 1) мәтінді оқуға дайындық кезінде; 2) шығарманы оқу барысында; 3) оқып
болғаннан кейін. Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын
ұғынуға
қиындық келтіретін сӛздер түсіндіріледі. Бұл жӛнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы
бір ескеретін жай: шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық
келтіреді-ау деп ойға алған сӛздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіре беру
керек дсгсн ой тумасқа тиіс. Қейбір сӛздердің мағынасы контекске қарай ӛзінен-ӛзі
түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас бұрын кӛп сӛздер мен ұғымдарды
түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі —
шығарманы оқу. Мұнда кӛпшілік
мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, кӛлемі
ұзақ болмаса, оны әуелі ӛзі дауыстап оқып шығады. Осыған
орай, шығарманы
алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бӛліп-бӛліп оқыған дұрыс па деген сұрақ туады.
Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға
тиіс. Егер бӛлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан
шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы.
Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ
тыңдаушылардың кӛкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына
келтіріле, мәнерлеп оқылуға тиіс. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің ӛзі оқиды немесе
оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе
ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін ӛлендер, кӛркем
фразалар мен сӛз ӛрнектері қездесетін шығармаларды мұғалімнің ӛзі оқығаны жӛн.
Мысалы, В. Маяковскийдің К і м болам? ӛлеңін талапқа сай, әсерлі де асқақты үнмен
оқып
беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала
стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға
болады. Ондай материалдарды оку арқылы балалар оқу дағдысына тӛселеді, келе-
келе мәнерлеп оқитын болады.
Ш ы ғ а р м а ғ а ж о с п а р жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын кӛрсететін
уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бӛлімге бӛлу; 2) бӛлімдерге ат қою, оны тәртіптеп жазу.
Оқушылар әңгімені бӛлімдерге бӛлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша
мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең
түсінуге мүмкіндік береді. Бӛлімдерге бӛлу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып
шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме
кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге тапсыруға болады.
Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар. Бұл
жұмыстар, біріншіден, оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса,
екіншіден, балаларды ӛз беттерімен ойланып жұмыс істетуге талаптандырады.
Бастауыш сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстың негізгілері:
а) Шығарманың баяндалу түрін ӛзгертіп әңгімелеу. Мұнда әңгіменің баяндалу
түрі аз-кем ӛзгертіледі. Мысалы, әңгіме I жақпен баяндалған болса, II I жаққа
айналдырып, керісінше де әңгімелеуге болады.
а) Оқылған шығарманың мазмұнын толық ӛзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін
үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас ӛз
бастарынан ӛткен оқиғаны немесе ӛзі қатысқан не кӛрген оқиғалары жӛнінде ӛз
жандарынан әңгіме құрастырып айтады. Жұмыстың бұл түрі де оқылған шығарманың
мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген қезде ғана ұйымдастырылады. Мұндай
жұмыс балаларды ӛз беттерімен ойлануға, ізденуге және шығармадағы жүйені
пайдалана отырып, ӛздіктерінен әңгіме қарастыруға, оны құрастыру барысында талай
сӛздерді еске түсіріп, ішінен қажеттілерін таңдап алуға үйретеді.
б) Оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем ӛзгертіп әңгімелеу. Мұнда
оқушылар оқылған шығарманың аяғын ӛз ойынан шығарып, әрі қарай
жалғастырады немесе ондағы оқиғаның арасына ӛз жанынан әңгіме қосып айтады.
Бірақ мұнда да шығарманың сипатын ескеру керек, ӛйткені кез қелген шығарманы
жалғастырып әкетуге де, сондай-ақ ойға қелген оқиғаны қоса салуға да болмайды.
Шығарманың арасына қосылған әңгіме оның мазмұнымен қабысып қететіндей
болғаны жӛн. Сабақ кезінде сұрақ-жауап арқылы соған бағыттайды. Мысалы, «Бала
батыр» әңгімесінің «Қастандық» бӛлімін оқығанда Болатбек таң сәріден шошқа
қораға келгенде, бұрын бӛлек қамалатын қабандардың мегежіндермен бірге жүргенін
кӛреді. Әңгімедегі оқиғаның барысына қарағанда, мұны қастандықпен торайларды
шайнап, талап, ӛлтіріп тастасын деп, бұрынғы байлардың бірі Ефимнің әдейі істегені
белгілі. Бірақ оның бұл істі қалай жасағаны әңгімеде айтылмаған. Мұны ойдан
шығарып қосуға болады. Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу . Мұғалім қандай да
болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің
ішінен ӛтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың ӛмірге кӛзқарасын, ой-ӛрісін
кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сӛздік қорын байытады.
А.Байтұрсынов бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта
келіп, оның қысқа да дӛл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын
табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын кӛрсетеді. Мақал-
мәтелдер – тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ
болуға үгіттейтін ӛнегелі сӛз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай
белгілі бір қорытынды жасалады. «Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексі,
тәрбие теориясы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған ӛнегелі ӛсиеті. Адамға ӛткен
дәуір – бәрі сабақ. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа
кітап сӛзіндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан» - дейді қазақтың халық
ақыны, ұзақ жыл «Балдырған» журналының бас редакторы болған М.Әлімбаев.
Мәтіндегі ана тілінің қызметі. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі – жаңа
қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің ӛзі оқытатын пән саласындағы
ғылымды жетік білуі – қарапайым да қажетті талап. Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің
пікірі бойынша, «Кубиктерден үй салып ойнаған баланы салынған дайын үй емес, сол
үйді салып шығу әрекеті қызықтырады». Оқу барысында балалар ӛздеріне таныс
сӛздердің шыққанына да, сол таныс сӛздердің ӛз қолдарымен қағазға түскеніне де
қызығып, сабаққа ынталана түседі. Демек, әрбір сабақта оқушылар жаңа сӛздер
үйренеді. Мұндай сӛздерді есепке алып, балалардың сӛздік қорына енгізіп,
қолдануларына жағдай туғызып отыру - мұғалімнің міндеті. Бұл-бір.
Екіншіден, балалардың сӛздік қорын дамытып отыру оқу процесінің барлық
кездеріндегі негізгі мақсаттарының бірі. Әсіресе оқу, грамматика оқулықтарында
берілетін сӛздердің мағыналарын, түрлі суреттерде бейнеленген заттардың,
құбылыстардың, қимылдардың қалай аталатынын оқушыларға ұғындырып, олардың
әңгіме құрауына кӛмектесу- сабақ барысындағы ең маңызды міндет.
Үшіншіден, сабақ сайын кездесетін жаңа сӛздерді оқушыларға түсіндіргенде,
мұғалім бұрыннан таныс, мағыналары жақын не қарама-қарсы мағынадағы сӛздермен
салыстыру арқылы ұғындырады. Біздің ана тіліміздің бір ерекшелігі – сӛздің кӛпшілігінің
астарлы мағына беретіндігі. Сондықтан оқушылар оқу, грамматика сабақтарында
белгілі бір сӛздердің әр түрлі мағынада қолданылуына күн сайын дерлік кездесіп
отырады. Олардың сӛздік қорына жаңадан енген сӛздердің мағыналық түрленуі
балалардың түсінуіне қиындық туғызады. Мұндай сӛздерді де мұғалім есепке алып,
оларды кеңейте түсіндіруді арнаулы жоспармен іске асырады.Біздің тілімізде мол орын
алатын мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, тұрақты тіркестер мен
оралымдар, шешендік, нақыл сӛздер бастауыш сынып оқулықтарында жиі кездеседі.
Мұғалімнің міндеті- осы айтылған бейнелеу құралдарын оқушылар сӛздерінде
күнделікті қолданып отыратындай жағдай жасау.
Сӛйтіп,оқушыларды оқу мен жазуға үйрету, олардың тілдік дыбыстық жүйе
ерекшеліктерін, емлелік және грамматикалық ережелерді меңгерту жұмыстары
олардың тілін дамытуға негізделе отырып жүзеге асырылады. Демек,оқушылар тілінің
ауызша, жазбаша жақсы дамуы- олардың оқу мен жазуға тез үйренуінің, дыбыстық,
емлелік және грамматикалық ережелерді тиянақты, меңгеруінің кепілі. Сондықтан
әрбір сабақ барысында шәкірттердің жаңа сӛздерді меңгеру процесін басқару, әрбір
жаңа сӛзді есепке алып, оның сӛздік қорға ену жолын қадағалап отыру – қазақ тілі
және әдебиеті мұғалімінің негізгі міндеті болып табылады.
«Қазақ тілі» сабақтарын оқытудағы тіл дамытуда « Ана тілі»
сабақтарында оқуға үйрету барысындағы тіл дамыту жұмыстарымен ұштастырып
жүргізгенде ғана, оқушыларға тиянақты білімін беріп, оларда дағды мен іскерлік
қалыптастыруға болады
Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі. Әдеби тіл мен
мәтінді оқыту.Әдеби тіл және стилистика бойынша жүргізілетін жұмыстардың маңызы,
міндеттері, мазмұны. «Дұрыс сӛйлеу», «Жақсы сӛйлеу» ұғымдарының тіл мәдениетіне
жататындығы. Оқушылардың сӛзіндегі тілдік қателер мен кемшіліктерді есепке алу,
жіктеу. Әдеби тіл мен мәтінді оқытуға арналған жаттығу жұмыстары, оны жүргізудің
әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдеби тіл нормасы дегеніміз не?
2. Мәтінмен жұмыс түрлерін атаңыз?
3. Әдеби тілдің тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және
оларды дамытудағы маңызы қандай?
4. Әдеби тілдің стильдік тармақтарын атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |