Әдістемелік нұсқау: Студенттер «қазақ тілі» пәніннің мақсаты мен міндеттерін жазбаша
және ауызша түрде қарастырады, бағдарлама мен оқулықты талдайды, олардың
салыстырмалы түрде шынайылығы мен маңыздылығы туралы ойланады, ӛз кӛзқарасын
айтады және қорғайды. Оқулықтағы тапсырмалардың күрделілігін, жас ерекшеліктеріне
сәйкестілігін жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды.
Ӛткізу формасы: Венн диаграммасы, ойлан-жұптас-бӛліс, кластер
Бағалау критерийлері:
1. Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері туралы ӛз
ойын тұжырымдайды;
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен білім
беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптарды
анықтайды;
3. БМ қазақ тілі пәнінің мақсат-міндеттерін біледі;
4. Оқу бағдарламаға сәйкес әр сыныпқа арналған сағат санын біледі;
5. Қазақ тілі пәнінің мазмұнын оқулықпен сәйкестендіреді;
6. 1-2 сынып бойынша оқу мақсаттарының жүйесін анықтайды.
№4 Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ тілі пәнінің оқу мақсаттары
Мақсаты: Қазақ тілі пәнінің оқу мақсаттарымен танысу; мазмұнын, құрылымын анықтау.
Тапсырмалар:
Қазақ тілінің лексикалық, тілдік тақырыптарының оқу мақсаттарына талдау жасау
Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу
Әдістемелік нұсқау: Оқулықтағы тапсырмалардың оқу мақсатын талдайды.
Ӛткізу формасы: Венн диаграммасы, ойлан-жұптас-бӛліс, кластер
Бағалау критерийлері:
Оқулықтағы тапсырмалардың оқу мақсаттарын анықтай алады.
№5 Практикалық сабақ тақырыбы: Сӛйлеу дағдыларын дамыту тапсырмалары
Мақсаты: оқушылардың сӛйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс
және нақты жауап беруі, сӛз мағынасын түсінуі, сӛзді жұмсалу орнына және мағынасына
қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сӛйлеу мәдениетін сақтай отырып, ӛзі
туралы айта алуына тапсырмалар дайындауды үйрену
Тапсырмалар:
«Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сӛйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рӛлдік
ойындар) сӛйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде
сӛздік қорды кеңейту мақматында тапсырмалар дайындау.
Сызбалардың кӛмегімен сӛздің дыбыстық құрамын модельдеу
Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |