Дәріс 3. ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: Мультимедианы пайдалану арқылы оқытудың педагогикалық тиімділігін арттыру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары
Мультимедианы пайдалануда оқытудың педагогикалық тиімділігін арттыру
Мультимедиа жəне дəстүрлі оқыту формалары
Мектепте пайдаланылатын мультимедиаресурстары интерфейсін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық қырлары
Субъекті іс-əрекетінің «адам-компьютер-мультимедиа-ресурстар» жүйесіндегі кейбір аспектілерін қарастырамыз. Жасанды интеллект мəселелерінің философиялық жəне психологиялық сұрақтарымен айналысушы, белгілі ресейлік психолог О. К. Тихомиров, адамның іс-əрекетіндегі ЭЕМ- ның орны мен рөлін талдай келе,келесідей тұжырымдаған: «біз үшін ЭЕМ басқа машиналар тəрізді,яғни, адамның қолымен жасалған адам миының органдары. Егер машинаның двигателін қалыптастыру кезеңінде энергияның үлкен шығынын қажет ететін жұмыс жасау барысындағы адам іс-əрекетінің құралдары негізге алынса, онда компьютерлерді дамыту кезеңінде адамның ақыл-ой іс-əрекетін негізге алынды. Ақыл-ой іс-əрекеті өзінің құрылымын сақтайды, бірақ құралдың өзі жаңа болып табылады.
Адам, компьютер жəне мультимедиа ресурстарының ақыл-ой еңбегі саласындағы өзара қатынасын сипаттауда үш негізгі тұжырымды ерекшелейді: орналастыру теориясы, толықтыру теориясы жəне түрлендіру теориясы.
Орналастыру сəйкесінше компьютердің программалық қамтамасыз етілуі пайдаланушыны қандай да бір пəндік саладағы бірқатар нақты есептер топтарының шешілу алгоритімін білуден босатады.
Толықтыру бір есепті адам мен машинаның бірлесіп шешу жағдайында орын алады. Мұнда ЭЕМ алдын ала адамдар шешкен кейбір жеке есептің шешімін өзі орындай алады. Компьютер ақпаратты қайта өңдеудегі адамның мүмкіндіктерін толықтырады, сондай-ақ қайта өңдеудің көлемі мен жылдамдығын арттырады.
түрлендіру теориясы «Адам-компьютер-мультимедиа-ресурс» жүйесіндегі оқушы іс-əрекетінде, жеке ақыл-ой əрекетінде басқа ойлау стилі қалыптасады
Жалпы орта жүйе үшін мультимедиа-ресурстарын құру жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мотивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып табылады.
Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері бар.
Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларды қолдану өз септігін тигізеді.
Сынып-сабақ жүйесінде мультимедиа технологияны қолданудың жақсы жəне жаман жақтары да бар.
Оқытудың алғашқы техникалық құралдары.
Мектепте пайдаланылатын мультимедиа ресурстары интерфейсін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық қырлары
Білім беруші мультимедиалық ресурстарды жобалау барысында түстер мен формаларды қабылдайды.
Білім беру мультимедиа-ресурстарын дайындаушылардың басты назары иллюстрацияны пайдалануға негізделген жəне жүйеленген тəсілге бөлінуі тиіс.
Білім беру мультимедиа-ресурстарын дайындауда кестелерді қажеттілігіне қарай қолдану ұсынылады
Мультимедиа-құралдарына схемалар мен блок-схеманы дайындау
Білім беру мультимедиа-ресурстар интерфейсін қалыптастыруда анимация эффектісін жүзеге асырудың бірнеше тəсілі ұсынылады.
«Бөлшектеу» тəсілі.
«Каширование» тəсілі.
«Кеңістіктегі қозғалыс» типі тəсілі.
Графикалық дизайнның белгілік табиғаты əмбебап.
Дәріс 4: ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ƏДІСТЕРІ
Мақсаты: Оқушыларды мультимедиа ерекшеліктерін меңгеру, мультимедиа құралдарын пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |