Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»


Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі



бет49/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі. Ауылшаруашылық дақылының өсуі, дамуы және олардың өнімінің жоғары болуы үшін минералдық, органикалық және сидералдық тыңайтқыштардың қандай жағымды әсері бар екені жалпыға мәлім. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративті қабілеттілігін зиянкестердің зақымдануына төзімділігін арттырады, ал кейбір жағдайларда зақымдану қарқынын төмендетеді.
Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері. Топырақ көптеген зиянкестер үшін тіршілік ортасы болып есептеледі. Зиянды жәндіктердің кейбіреулері мысалы, бұзаубас немесе шыртылдақ қоңыздардың личинкалары топырақты тұрақты мекендейді, басқалары, мысалы, көбелектердің көптеген түрлері топырақта қуыршаққа айналады.
Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері. Ерте көктемде егілген егістерде өсімдіктер ерте көктейді және өсу фазаларынан тез өтеді де зиянкестер шығатын мерзімге дейін жақсы түптеніп олардың зақымдануына төзімді болады. Мысалы, бапталған тұқыммен қолайлы мерзімінде ерте егілген жаздық егістер астық шыбындарының личинкаларымен аз зақымданады. Егінді ерте мерзімде егіп, бүрге қоңыздардың, әсіресе зығырдың аса қауіпті зиянкесі зығыр бүргесінің зияндығын едәуір дәрежеде төмендетуге болады..
Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері. Дәнді дақылдардың өнімін жерге төгіліп, ысырап болудан сақтайтын дән ұстағыш тесіктерді қолдана отырып, ерте және қысқа мерзім ішінде жинап алу зиянкестердің төгілген дәннен өніп шыққан өсімдік көмегімен қоректену мүмкіншілігін едәуір азайтады және дән көбелегі, зиянды бақашақ қандала, астық шыбындары сияқты зиянкестердің қоректену мерзімін қысқартады.
Арам шөптермен күресу. Арам шөптер ауылшаруашылық зиянкестерінің көптеген түрлерінің өсіп-өніп көбеюіне мүмкіндік туғызады. Мысалы, ерте көктемде шығатын крестгүлдердің бүрге қоңыздары алғашында крестгүлді арам шөптерде қоректеніп, одан соң турнепс, тарна, шалқам, қырыққабат сияқты крестгүлді дақылдарға көшіп едәуір зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет