Білім беру ұйымының атауы



Дата17.10.2023
өлшемі17.95 Kb.
#480946
ДИ зама по ХЧ каз


_________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)



КЕЛІСІЛДІ
______________________________
(құжат келісілген орган)

БЕКІТЕМІН

______________________________________
(басшының лауазымы)

_________________/_____________________
(қолы) (Т. А. Ә.)




______________________
(күні)


Басшының әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы



Лауазымдық міндеттері
Өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсету мен тиісті жай-күйін, сондай-ақ жабдықтың (жарықтандыру, жылыту, желдету жүйелерінің және т. б.) ақаусыздығын қамтамасыз етеді. Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен қамту жүйелерін, ауа өткізгіш құбырларды және өзге ғимараттарды) ағымдағы және толық жөндеу жоспары әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметасын құрастыруға қатысады. Үй-жайды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық керек-жарақпен, инженерлік және басқарушылық еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуы мен уақтылы жөнделуін жүзеге асырады. Қызмет көрсетуге, кеңсе тауарларын, қажетті шаруашылық материалды, жабдық пен керек-жарақты алу мен сақтауға шарт жасасады, құрылымдық бөлімдерді олармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың жұмсалуын есепке алады және белгіленген есептілікті дайындайды. Шаруашылық мақсатқа бөлінген материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іссапарға келген тұлғалар мен делегацияны қабылдауды, тіркеу мен тиісті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жұмысына, ғимараттың қасбеттерін, кіреберістерді мерекеге орай көркемдік безендіруге жетекшілік етеді. Өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Табельдік есеке алу, түскі үзіліс кезінде жұмыскерлерді тиімді тамақтандыру, еңбек демалысы мен жұмыс күнінің тәртібін құрастыру бойынша жұмыс істейді. Өрт қауіпсіздігі іс-шараларын орындауды және өрт керек-жарағын күтіп ұстауды қамтамасыз етеді. Байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдық техниканы енгізу бойынша шара қабылдайды. Бөлім жұмыскерлеріне басшылық етеді. Жұмыскерлердің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді.


Білуі керек
Қазақстан Республикасының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның құрылымы мен оның даму келешегін, табельдік есепті жүргізу тәртібін, байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдық техниканы, есеп беру тәртібі мен мерзімін, қол еңбегін механикаландыру құралдарын, жабдықты, жиһазды, керек-жарақты, кеңсе тауарларын сатып алу тәртібі мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу тәртібін, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс пен басқару негіздерін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар
Сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе сәйкес мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым
_____________/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет