Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт Шевченко қаласы, Баутин поселкесі тәрбиеші Набиханова Гүлнаш Есен қызы «Ақбота» балабақшасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».
Оқу іс әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс»
Мақсаты: ақын туындыларына деген қызығушылықты қалыптастыруға баулу. Қалтырайды, ағарады, қар, кыс, үлбіреген, аққала сөздерінқолдану арқылы сөздік қорларын кеңейту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілі бейнеленген суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: қыс, қар.
Шаттық шеңбері.
Аппақ, аппақ дала
Аппақ ауыл қала
Жапалақтап ақша қар
Жауа берші жауа
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз
Қыстың күні тамаша
-
Балалар шаттық шеңберімізде не туралы айтылды?
Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі оқу іс- әрекетінде ақын Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз:
- Қыста жердің бетін не басады?
- Қардың түсі қандай?
«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу:
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлағыңды тістеген ,
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша – бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Сұрақ- жауап арқылы оқылған өлең шумақтарын әңгімелеуге жетелеу.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып жүгірді
Балаларға мақтадан қар жасату еңбектерін бағалау мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін.
Игереді: қыс мезгілінің ерекшелігін.
Достарыңызбен бөлісу: |