12. http:/www.enbek.gov.kz 13. http://www.egov.stat.kz 14. http:/www.salyk.kz 15. http://www.akorda.kz 16. http://lenta.ru Менеджмент дегеніміз – ортақ түпкі мақсаты бар бір ұйымда жұмыс істейтін адамдарды басқару. Бірақ менеджмент – бұл адамдарды, ұйымды басқару ғана емес, оның ерекше формасы, бұл нарық, нарықтық экономика жағдайында, яғни тұрақты өзгерістер, тәуекел жағдайында басқару. Менеджменттің туындау және даму тарихы шамамен жеті мыңжылдыққа жуық уақытты қамтиды. Аталмыш кезеңде бес басқару революциялары орын алып, менеджменттің қоғам өміріндегі орны мен мәнін түбірімен өзгерткен. Менеджмент түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар шеңберінде көпғасырлық дамуға ие болды. - Менеджменттің туындау және даму тарихы шамамен жеті мыңжылдыққа жуық уақытты қамтиды. Аталмыш кезеңде бес басқару революциялары орын алып, менеджменттің қоғам өміріндегі орны мен мәнін түбірімен өзгерткен. Менеджмент түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар шеңберінде көпғасырлық дамуға ие болды.
- Алғашқы басқарушылық революция шамамен жеті мың жыл бұрын орын алды. Аталмыш кезең Көне Шумерде жазба өнерінің пайда болуымен сипатталады. Адамзат өміріндегі осындай үлкен жетістік көптеген өзгерістерге әкелді, оның ішінде сауда операцияларын, іскерлік жазбаны және коммерциялық есеп-айырысуды жүргізген бизнесмен-абыздардың ерекше тобының құрылуына әкелді. Осылайша, алғашқы басқарушылық революция «діни-коммерциялық» революция ретінде сипатталады.
1. Алғашқы басқарушылық революциясы (діни-коммерциялық)
Қандай формада болмасын менеджмент адамдардың топпен жұмыс жасайтын жерлерінде, сонымен қатар адамзат қоғамының үш саласында әрекет етті:
1) саяси – топтарда тәртіпті орнату және сақтау қажеттілігі;
2) экономикалық – ізденіске деген, өндіріске, ресурстарды бөлуге деген қажеттілік;
3) қорғаныс – жаулар мен жабайы аңдардан қорғаныс.
Достарыңызбен бөлісу: |